Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 147.05 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
Дата конвертации08.02.2016
Размер147.05 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish193698_8499.doc


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

_______________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 24 ақпан № 58





Алматы қ.


г. Алматы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 11.04.12ж. №7555 тіркелген



Қаржы құралдарымен мәмілелер

бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы






«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

  2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

№ 58 қаулысымен

бекітілген


Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша

клиринг қызметін жүзеге асыру

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер


Осы Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін айқындайды.

1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) есеп айырысу ұйымы – орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын өзге ұйым;

2) клиринг – сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде олардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;

3) клиринг ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі лицензиясына ие ұйым және орталық депозитарий;

4) клиринг ұйымының қағидалары – клиринг ұйымының клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен өзара қарым-қатынасының тәртібін айқындайтын клиринг ұйымының ішкі құжаттары;

5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар – клиринг ұйымымен клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасаған және:

брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыру лицензиясына ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

екінші деңгейдегі банк;

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылатын сауда-саттыққа қатысушы;

6) таза позиция (нетто-позиция) – осы қаржы құралдарымен мәмілелер нәтижесінде туындаған сауда-саттыққа клирингтік қатысушының және (немесе) оның клиенттерінің талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу нәтижесінде айқындалатын, қаржы құралдарымен мәмілелердің әрбір сериясы бойынша сауда-саттыққа клирингтік қатысушының позициясы;

7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.

2. Клиринг ұйымының ұйымдық құрылымы негізгі функциялары мыналар болып табылатын бөлімшені қамтиды:

1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;

2) ақпаратты өңдеу мен тарату;

3) клиринг ұйымының қызметін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету;

4) клиринг ұйымының тәуекелдерін басқару;

5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының қағидаларына сәйкестігінің мониторингі;

6) ішкі аудит және бақылау.

3. Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін клиринг қызметімен қоса атқаратын сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе депозитарлық қызметті клиринг қызметімен қоса атқаратын орталық депозитарий:

1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі шеңберіндегі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық құрылымында жекелеген бөлімшенің (бөлімшелердің);

2) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыратын бөлімшенің (бөлімшелердің) жеке үй-жайларының, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелердің есепке алу және құжат айналымы жүйелерінен бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыратын бөлімшеге (бөлімшелерге) және осы бөлімшенің қызметкерлеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының немесе орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелерінің функциялары жүктелмейді.

4. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін клиринг қызметімен қоса атқарған жағдайда осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелердің ұқсас функцияларды жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының бөлімшелерімен қоса атқаруына жол беріледі.

Орталық депозитарий депозитарлық қызметті клиринг қызметімен қоса атқарған жағдайда осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелердің ұқсас функцияларды жүзеге асыратын орталық депозитарий бөлімшелерімен қоса атқаруына жол беріледі.


2. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар


5. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар мәртебесін алу үшін:

1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін алу күнінде және осы күннің алдындағы үш ай ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтау;

2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық тұрақтылығы және арнайы клиринг (кепіл) қорларын қалыптастыруға қатысу бөлігінде клиринг ұйымының қағидаларын сақтау;

3) екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін – орталық депозитарийде жеке және ағымдағы шоттардың болуы;

4) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) кастодиандық қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие екінші деңгейдегі банк үшін – орталық депозитарийде жеке шоттың және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және (немесе) орталық депозитарийде корреспонденттік шоттардың болуы;

5) шетел валютасымен сауда-саттыққа қатысуға жіберілген екінші деңгейдегі банктер (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) үшін – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және (немесе) орталық депозитарийде корреспонденттік шоттардың болуы жөніндегі талаптарды орындау қажет.

6. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар:

1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажет өз қызметі туралы ақпаратты клиринг ұйымына клиринг ұйымының қағидаларында көзделген көлемде, тәртіппен және мерзімдерде береді;

2) клиринг ұйымының қағидаларында көзделген тәртіппен клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлейді.

7. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушы клиринг ұйымын:

1) уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға, оның басшы қызметкерлеріне және ірі акционерлеріне қатысты қабылдаған санкциялары және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары;

2) соттар, анықтау және тергеу органдары немесе атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер мен атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға және (немесе) оның клиенттеріне тиесілі мүлікке салған тыйым туралы хабардар етеді.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген оқиғалар туралы хабарлама клиринг ұйымына осындай оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі.

8. Екінші деңгейдегі банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге берілген және (немесе) брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның (бұдан әрі – лицензия) қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесінің қолданылуын тоқтата тұруға немесе одан айыруға негіз болады.

9. Клиринг ұйымы уәкілетті органды барлық сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесінің берілу, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту және тоқтату жағдайлары туралы осындай жағдай басталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

10. Уәкілетті орган клиринг ұйымын тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттыққа клирингтік қатысушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабардар етеді.

Клиринг ұйымы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап қызмет көрсетпейді.


3. Клирингті жүзеге асыру


11. Клиринг ұйымы осы клиринг ұйымы клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мәмілелер бойынша ақпарат жинауды, өңдеуді және сақтауды, алшақтықтар болған жағдайда немесе осы Қағидаларда және клиринг ұйымының қағидаларында айқындалған тәртіппен мәміле бойынша дефолтты реттеу рәсімін жүзеге асыру кезінде мәміле тараптарының деректемелерін өзгерту қажет болған жағдайда оны салыстырып тексеру мен түзетуді жүзеге асырады.

Клиринг ұйымы жасалған мәмілелер бойынша ақпарат жинау және оны салыстырып тексеру мақсатында есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен ақпарат алмасу туралы шарт жасасады.

12. Клиринг ұйымы клиринг қызметіне байланысты ақпарат пен құжаттарды сақтауды және осындай ақпаратты күн сайын резервтік көшіріп алуды жүзеге асырады.

Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуға тиіс және клиринг ұйымының резервтік техникалық орталығында жаңартылған резервтік көшірмелерімен ауыстырылғанына дейін сақталады.

13. Клиринг ұйымы резервтік техникалық орталықтың дереу жандандыруға үнемі дайын болуын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) клиринг қызметіне байланысты, негізгі ақпаратпен бірдей ақпараттың резервтік көшірмелерін қамтиды;

2) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру барысында пайдаланылатын клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің көшірмесін қамтиды;

3) клиринг ұйымы тұрған жерден кемінде жиырма бес шақырым жерде орналасады;

4) клиринг ұйымының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;

5) клиринг ұйымының орналасқан жері бойынша клирингті жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда осы жағдай туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей клирингті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

14. Клиринг ұйымының орталық депозитарийдің немесе қор биржасының резервтік орталығын пайдалануына жол беріледі.

15. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасында клирингті жүзеге асыру мақсатында клиринг ұйымы жасалған мәмілелер параметрлерінің сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде және (немесе) тауар биржасында шынайы есепке алынуын қамтамасыз етеді.

16. Орталық депозитарий бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысу ұйымы болып табылады.

17. Клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін есептейді және мынадай тәсілдердің бірімен:

1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың басқа мәмілелері бойынша талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу жүргізбей-ақ әрбір жеке мәміле негізінде олардың сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде немесе тауар биржасында тіркелу кезектілігі тәртібімен нақты уақыт режимінде;

2) аяқталғанынан кейін сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу жүзеге асырылатын және клиринг сессиясы өткізілгеннен кейін олардың таза позициялары айқындалатын сауда сессиясының қорытындылары бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүргізу бұйрығын беру жолымен есеп айырысу ұйымына тапсырады.

18. Осы Қағидалардың 17-тармағы олардың жасалу күнінде «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерге қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүргізу бұйрығын есеп айырысу ұйымына тапсыру сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сай жүзеге асырылады.

19. Есеп айырысу ұйымы алынған бұйрықтар негізінде есеп айырысуларды (төлемдерді) жүзеге асырады және бұл туралы клиринг ұйымына хабарлайды.

20. Клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымынан қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүргізу туралы мәліметтерді алғаннан кейін клиринг ұйымының қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар үшін клиринг қызметінің нәтижелері бойынша есеп жасайды.


4. Клиринг ұйымының қызметі туралы ақпаратты жария ету


21. Клиринг ұйымы бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрамайтын ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде тұрақты негізде жариялау (орналастыру) жолымен барлық мүдделі тұлғаларға өз қызметі туралы ақпаратты жария етуді және көрсетілген ақпаратпен танысуға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

22. Клиринг ұйымының интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:

1) клиринг ұйымы туралы жалпы ақпаратты (клиринг ұйымы органдарының құрамы, клиринг ұйымының басшы қызметкерлерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, клиринг ұйымының орналасқан жері, байланыс телефондары);

2) клиринг ұйымының құрылтай құжаттарын;

3) клиринг ұйымының қағидаларын;

4) аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілікті қоса алғанда, клиринг ұйымының жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті;

5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушының атауын, оған берілген лицензияның күні мен нөмірін, сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін беру (қолданылуын тоқтата тұру, айыру) күнін, сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесінің қолданылуын тоқтата тұру (айыру) негізін көрсете отырып, сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар туралы ақпаратты;

6) нарықтарды, қаржы құралдарының түрлерін және (немесе) клиринг ұйымы қызмет көрсетуге қабылдаған мәмілелерді (сауда-саттық тәсілдерін) көрсете отырып, клиринг ұйымы қызмет көрсететін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және (немесе) тауар биржаларының атауын;

7) есеп айырысу ұйымдарының атауын;

8) бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және клиринг ұйымының қағидаларына сәйкес жария етілуге тиіс ақпаратты жария ету қамтамасыз етіледі.

23. Клиринг ұйымы тізбесі осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған ақпаратпен танысуға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.


5. Клиринг ұйымының қағидалары


24. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді, клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.

25. Уәкілетті орган клиринг ұйымының қағидаларын, сондай-ақ оларға барлық өзгерістер мен толықтыруларды келісуге алынған күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарайды.

26. Клиринг ұйымының қағидалары уәкілетті органмен келісілгенінен кейін күшіне енеді.

27. Клиринг ұйымының қағидаларында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі айқындалады және онда:

1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық тұрақтылығына қолдау көрсету міндетін көрсете отырып, оларға қойылатын талаптар;

2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін беру (қолданылуын тоқтата тұру, айыру) тәртібі мен талаптары;

3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін клиринг ұйымы беретін сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қызметі туралы ақпарат тізбесі, сондай-ақ осы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері;

4) клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа иелік ету тәртібі;

5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының мониторингі тәртібі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкестігі;

6) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың арнайы клиринг (кепілдік берілген) қорларын қалыптастыруға қатысу тәртібі, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі;

7) клиринг ұйымының резерв қорын құру тәртібі;

8) жасалған мәмілелер бойынша ақпарат жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған жағдайда оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібі;

9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлерін есепке алу мен растау тәртібі;

10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібі;

11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібі, талаптары мен тәсілдері;

12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша есептерді беру тәртібі;

13) есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша ақпаратты дайындау және тапсыру тәртібі;

14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттың, клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын ақпарат алмасу туралы шарттың үлгілік нысандары;

15) клиринг ұйымының орталық қарсы агенттің функцияларын орындау тәртібі;

16) айқындалуы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы
2 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 77-2-бабында белгіленген клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін қажет өзге де ережелер айқындалатын ережелер қамтылады.

28. Осы Қағидалардың 27-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына кіргізіледі.

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница