«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде




Скачать 83.37 Kb.
Название«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде
Дата конвертации08.02.2016
Размер83.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish661909_7017.doc
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»
екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы шілдеде жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» тоқсан сайынғы зерттеулерінің нәтижелері бойынша кредит нарығының біртіндеп қалпына келуі байқалады, бұл ретте банк секторында клиенттік базаны өсіру бойынша бәсекелестік деңгейінің одан әрі өсуі байқалады, нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер кредиттеу жағдайларын қайта қарайды, ұсынылатын өнімдер құрылымын жетілдіреді және клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалауға барынша жеке көзқарасы байқалады. Несие портфелі сапасын аздап қалпына келтіру жалғасып отыр, бұл ретте оның жақсаруын банктер салық заңнамасының жұмсаруымен және проблемалық кредиттер қорын құрумен байланыстырады.


Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуі аясында корпоративтік сектор тарапынан банктердің кәсіпорындарды кредиттеуге жеке көзқарасы байқалады, бұл кредиттік өнімдер ұсынысының сапалы өсуіне ықпал етеді (1-диаграмма1).

2
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі


011 жылғы 2-тоқсанның нәтижелері бойынша банктердің 79%-ы сұраныстың ұлғаюын және барлық респонденттердің 18%-ы сұраныстың өзгермейтіндігін көрсетті. Респонденттердің кредиттеу объектілері және мақсаттары бойынша қаржыландыруды бағалауы қысқа мерзімді заемдардың кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға және нақты борыштарын қайта құрылымдауға барынша қажет екендігін көрсетіп отыр, осы уақытта негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған сұраныс аздаған қарқынмен ұлғайып отыр. (2-диаграмма2).




Сонымен бірге, банктер мұқият жүргізілген қаржылық талдауды және корпоративтік клиенттердің әлеуетті тәуекелдерді бағалауын ескере отырып, корпоративтік секторды кредиттеу мерзімдерін бірте-бірте ұлғайтуды белгілейді, бұл клиенттердің кредиттік мәдениетін көтеруге және кредиттік ресурстарды, оның ішінде негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға және кәсіпорындарды түрлендіруге пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Банктерге жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша кредиттік ресурстарға неғұрлым көп сұраныс салалық бөлікте сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар тарапынан сақталуда. Сондай-ақ банктердің тарапынан кредиттерге ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тарапынан, олардың ағымдағы жылы дәнді дақылдардың жоғары өнімділігіне оң болжамдарын ескере отырып, сұраныстың ұлғайғанын белгілейді.

2011 жылғы 3-тоқсанда заемшылар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсу үрдісі сақталды. Банктердің 82%-ға жуығы сұраныстың өсуін болжайды және респонденттердің 15%-ы ғана оның бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.

2
3-диаграмма. Заемдар валютасының олар бойынша мерзімдер бөлігінде өзгеруі


.
Ұлттық валюта теңгедегі кредиттерге қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныстың негізгі өсу үрдісі сақталды (3-диаграмма).

3. Банктер, тұтастай алғанда кредит саясатының айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайтынын күтуде – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 80%-дан сәл ғана асатыны ұстанады, банктердің небәрі 11%-ы аз ғана жұмсартуды күтеді (4- диаграмма).

Клиенттерді тартуға банктік бәсеке күшейген жағдайда жаңа кредиттік өнімдер әзірленуде. Солардың біріне депозит кепілдігіне берілетін кредит жатқызылады, оларды банктердің көбі пайдалануда. Банк үшін депозит кепілдігіне кредит беру неғұрлым сенімді болып табылады, себебі заем шарты бойынша міндеттемелер сақталмаған жағдайда банктің борышкердің депозиттік шотынан ақша қаражатын есептен шығаруға құқығы болады.

«
4-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі


Бизнестің жол картасы 2020», Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама мен шағын және орта бизнесті дамытудың басқа да бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдау, сондай-ақ қаржыландыру банктер арқылы жүзеге асырылатын басым жобаларға тікелей қаражат бөлу кәсіпкерлер тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың ұлғаюына оң әсер етті, сондай-ақ заемшылардың барынша транспарентті болуын ынталандырады. Осылайша, мемлекеттің экономиканың нақты секторын қолдау жөніндегі қызметі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын барынша тез қалпына келтіруге, сондай-ақ несие портфелі сапасының жақсаруына және банктердің кредиттік қызметінің жандануына себепші болды.


Корпоративтік секторы, атап айтқанда шағын және орташа бизнес тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне, сондай-ақ банктердің оларды кредиттеуде мүдделілігіне қарамастан банктер үшін бірінші кезекте несиелік портфельдің сапалы өсуін қамтамасыз ету болып қалуда. Банктер бұрынғыдай клиенттерді таңдауға өте сақтықпен қарайды, өйткені кредиттеу нарығында сапалы заемшылардың тапшылығы проблемасы әлі де өзекті болып қалуда. Заемшыларды таңдаған кезде жақсы кредиттік тарихтың болуы және клиенттің рентабельділігінің оң көрсеткіштері банк үшін ең маңызды аспектісі болып табылады. Жаңа бизнесті ашуға арналған кредиттер бойынша тәуекелдерді барынша азайту мақсатында банктер пайыздық ставкаларды айтарлықтай көтереді және қаржыландыру мерзімін қысқартады, бұл қаржыландырудың осы түрін тартымсыз және қымбатты етеді.

Корпоративтік секторды кредиттеу сегментінде бар үрдістерді ескере отырып, сапалы заемшыларды тарту бойынша банктер арасында бәсекелестіктің сақталуы оларды келешекте де пайыздық ставкаларды төмендетуге, заемшыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды қоса алғанда кредиттеу шарттарын жақсартуға мәжбүр етеді деп күтілуде.


II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1
5-диаграмма. Ипотекалық кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі


. Халықтың тұтынушылық батылдылығының өсуі мен кредиттеудің жекелеген өнімдері бойынша талаптардың жақсаруы нәтижесінде тұтынушылық кредиттерге сұраныстың елеулі өсуі және ипотекалық өнімдер бойынша біраз жандануы байқалады.


2
6-диаграмма. Тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өзгеруі


011 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша банктердің 47%-ы кредиттеудің ипотекалық өнімдеріне сұраныстың өсуін атап өтті, банктердің 46%-ға жуығы сұраныс бұрынғы деңгейде қалды деп көрсетті (5-диаграмма). Сондай-ақ халық тарапынан тұтынушылық кредиттерге сұраныстың елеулі өсуі байқалады, банктердің 90%-ы сұраныстың өсуін атап өтті, алдыңғы тоқсанда осы көрсеткіш бар-жоғы 63%-ды ғана құрады (6-диаграмма). Дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда төмен тұтынушылық белсенділіктің сақталуын ескере отырып, банктер пайыздық және комиссиялық ставкаларды төмендетуді, кредиттеу мерзімдерін ұзартуды, кепілдік қамтамасыз етуді қайта қарауды, сондай-ақ қолданыстағы кредиттік өнімдерді кредит бойынша пайыздық ставканы заемшының немесе оның жұмыс берушісінің сапасына байланысты етіп түрлендіруді қоса алғанда, кредиттердің талаптарын жұмсарту арқылы клиенттерді тарту және ұстап қалу бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда респонденттердің 72%-ы тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өсуін, респонденттердің 43%-ы – ипотека бойынша өсуін күтуде.


2
7-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)


. 2011 жылғы 2-тоқсанда респонденттердің 37% ғана тұтынушылық заемдар бойынша және 20%-ға жуық банктер ипотекалық заемдар бойынша кредит саясатын жұмсартты (7 және 8 диаграммалар).
Сондай-ақ банктердің 78% тұтынушылық кредитті, 47%-ы ипотекалық кредитті беру ниетінің өскендігі туралы мәлімдеді.

Б
8-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


анктердің кредит саясатының аздап жұмсарғанына қарамастан, тұтастай алғанда банктер заемшыларды таңдауға сақтықпен қарауды жалғастыруда. Банктер клиенттердің төлем қабілетін және кредит қабілетін барынша мұқият тексереді, нарықта кірісін растамай кредиттер беру шектелген. Сонымен қатар банктер халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейінің көтерілгендігін атап өтуде, мұны клиенттердің кредиттеу талаптарын және өздерінің төлем қабілеттілігін анағұрлым мұқият бағалауы растайды. Тұтынушылық кредиттеу шеңберінде пәтерлерді жөндеу, демалысқа, тұрмыстық және электрондық техникаға ақы төлеу, салтанатты кештерді өткізу анағұрлым кең тараған мақсаттар болып табылады.

Ипотекалық кредиттеу нарығында бұдан әрі қозғалыс байқалды, ол халық тарапынан кейінге қалдырылған сұранысты іске асыруға байланысты және халық тарапынан жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстық күйзелісті еңсеруге байланысты тұрғын үйді сатып алу үшін қолайлы кезең деп бағаланады. Бұл ретте банктер кредиттеудің анағұрлым икемді талаптарын ұсына отырып, төлем қабілеттілігін алдын ала бағалауды қоса, клиенттің төлем қабілеттілігін ескере отырып ипотекалық кредиттеу талаптарын қайта қарайды.

3. 2011 жылғы 3-тоқсанда банктердің негізгі бөлігі (70%) жылжымайтын мүлік бағасының өсуін және ал респонденттердің 30%-ы ғана жылжымайтын мүлік бағасының өзгермейтіндігін жоспарлап отыр (9-диаграмма).

2
9-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының өзгеруін күту


011 жылғы 3-тоқсанда кредиттеу нарығында бәсекелестіктің бұдан әрі күшеюі күтілуде. Банктер бөлшек кредит нарығындағы ұсыныстар кредиттеудің баға (банктің кредит бойынша пайыздық ставкасы және маржасы) және баға емес (пайыздық ставкамен байланысты емес кредитті өтеу мерзімі, кепіл талаптары бойынша шарттар, комиссиялар) талаптарын жақсарту есебінен өседі деп болжап отыр.


  1. Тәуекелдер картасы


1. 2011 жылғы 2-ші тоқсанның қорытындылары бойынша банктердің кредиттік портфелінің сапасын ақырындап қалпына келтіру жалғасын тауып отыр, бұл ретте, тұтастай алғанда, несие портфеліне қысым көрсететін проблемалы кредиттердің жоғары үлесі әлі де болса сақталып отыр. Банктердің шамамен 35%-ы несие портфелі сапасының біртіндеп жақсаруын күтуде, респонденттердің шамамен 51%-ы сапа өзгеріссіз қалады деп болжалдаса, 13%-ы ғана несие портфелінің сапасы біршама нашарлады деп санайды.

Проблемалы заемдармен жұмыс істеу кезінде ең көп қолданылатын шаралар кредиттің жалпы мерзімін ұзарту және төлем кестесін өзгерту, мерзімі өткен берешекті өтеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну, айыппұл санкцияларын қолданбау, банк алдындағы борышын қайта қаржыландыру, оның ішінде заемшының басқа банкке өтініш жасауы арқылы қайта қаржыландыру болып қалып отыр. Бұл ретте, көптеген банктердің кредиттік портфелінің сапасын бұдан былай қалпына келтіру несие портфелінің сапасын жақсарту бойынша қосымша мүмкіндіктерді және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған заемшылармен жұмыс бойынша жаңа құралдарды көздейтін салық заңнамасына күтілетін жеңілдіктермен және проблемалы кредиттер қорын құрумен байланыстырылып отыр.

2. 2011 жылғы 2-ші тоқсанда банктер үшін негізгі тәуекел кредиттік тәуекел болды. Осы тәуекелдің өсуін банктердің 24%-ы атап өтті (8%-ы оның төмендегенін білдірді).


10-диаграмма. Банктердің кредиттік тәуекелді қабылдауы3




3. Банктер үшін қосымша қаржыландыруды тартудың маңызды көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, қазіргі акционерлер есебінен капиталды арттыру және алынған пайданы қайта инвестициялау болып қалып отыр.

3-тоқсанда банктер депозиттік базаны кеңейту және төлемге қабілетті заемшыларды тарту бойынша белсенді жұмыстарын жалғастырады, сондай-ақ жұмыс істемейтін заемдарды қайта құрылымдау жұмысы, үмітсіз заемшылармен талап-арыздық жұмыс жалғасын табатын болады.



1 Мұнда және бұдан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгеруі түрінде берілген, ол осы немесе өзге өлшемнің ұлғаюын/жұмсаруын атап өткен % респонденттердің және осы немесе өзге өлшемнің төмендеуін/қатаюын атап өткен % респонденттердің айырмасы ретінде есептеледі. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың өзгеруі және сұраныстың күтулері берілген.

2 Сұраныс және ұсыныс факторларына қатысты әрбір фактор бойынша тағайындалған рангтердің орташа мәні есептеледі.


3 Нәтиже сол немесе өзге де өлшемдердің ұлғаюын/азаюын атап өткен респонденттердің % айырмасы ретінде есептелетін есептерді таза пайыздық өзгерту түрінде есептеледі. Осы жағдайда диаграммада ұлғаю немесе азаю жағына кредиттік тәуекелдің өзгеруі ұсынылды.

Похожие:

«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде iconЕкінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» бойынша екінші деңгейдегі 33 банкке зерттеу жүргізілді
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы шілде
Бұл ретте қорландыру ресурстары үшін жоғары бәсекелестік, тәуекелдің жоғары деңгейінде кредит операцияларының шектеулі кірістілігі...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір
Валюталық заемдарға сұраныстың анағұрлым маңызды төмендеуін Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының негізгі операторлары болып...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан
Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы ақпан
Осы үрдіс активтер бойынша алғашқы бестікті құрайтын, активтердің 78% тиесілі болатын және кредиттеудің осы сегменттерінде көшбасшы...
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір

«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы сәуір
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде icon1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қаңтар
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница