2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы
страница1/30
Дата конвертации06.02.2016
Размер3.39 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economy.kz/blog/ATIRAU1.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30





2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ










Атырау - 2010


ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ


АДИ – Адамның даму индексі

АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек

АӨК – Агроөнеркәсіптік кешен

ӘКК – Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорация

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЗТКЖ – Ғылыми-зертеушілік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ЕАҰ – Емдеу - алдын-алу ұйымдары

ЕЭА – Еркін экономикалық аймақ

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ- Жалпы өңірлік өнім

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

НКИ – Нақты көлем индексі

КМК - Коммуналық мемлекеттік кәсіпорын

МТБ – Материалды-техникалық база

МАӘК – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

МО – Мемлекеттік орган

ММ – Мемлекеттік мекеме

МЖС – Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік

ОАА – Орталық аудандық аурухана

СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі

СУА – Селолық учаскелік аурухана

СНС – Селолық несиелік серіктестік

СЕМ – Селолық елді мекен

ТжКБ – Техникалық және кәсіби білім беру

ТКШ – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар

ХТТ – Халық тұтынатын тауарлар

ШОБ – Шағын және орта бизнес


МАЗМҰНЫ


2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау 18



1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы

Әзірлеме үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Облыс аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары 510,4 адам. 2009 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1969 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) көлемі бойынша ІІ орынды және жан басына шаққанда ЖӨӨ көрсеткіші бойынша І орынды тұрақты иеленуде. Өндірістің негізгі салалары болып мұнай өндіру және балық өнеркәсібі, құрылыс материалдарының индустриясы табылады.

Бағыттар

  • Өңірдің экономикасын дамыту;

  • Әлеуметтік саланы дамыту;

  • Инфрақұрылым кешенін дамыту;

  • Аумақтық құрылымды (кеңістіктің) дамыту;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

Бағдарламаның мақсаттары

  • Өңдеу саласының дамуын қамтамасыз ететін өңірді бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру, жоғары қосылған құнымен дайын өнімнің сыртқы нарыққа экспортқа жылжыту, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасау.

  • Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және үдемелі инновациялық индустрияландыру.

  • Агро-өнеркәсіптік кешені мен балық аулау саласын дамыту мен тұрақтандыру.

  • Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету. Энергетикалық, инженерлік, көліктік, газбен қамтушы, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлесімді дамуын қамтамасыз ету.

  • Болашағы бар және өмір сүру үшін қолайлы аумақтардағы тиімді қоныстануды қамтамасыз етумен тұрғындардың шоғырлануы есебімен оңтайлы орналастыру жүйесін және аумақ құрылымын қалыптастыру.

  • Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, елді мекендер аумағындағы санитарлық және эстетикалық жағдайды жақсарту.

  • Мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарын дамыту.

  • Атырау облысы тұрғындарының денсаулығын нығайту.

  • Сапалы білім алу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

  • Сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну және жұмыспен қамту өнімділігіне жәрдемдесу.

  • Қазақстандық отансүйгіштікті нығайту және ұлт бірлігін қамтамасыз ету.

  • Азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау арқылы мемлекеттілікті нығайту.

  • Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

  • Мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту.

  • Көшелер мен басқа да қоғамдық жерлерде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

  • Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және тұрақтандыру.

  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желілерін дамыту және орманның ұдайы өсімін, қорғауын, күзетін қамтамасыз ету.

  • Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарын дамыту, норма шығармашылық сапасын арттыру мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту.

  • Гендерлік теңдікті нығайту




Міндеттер

  • Ұлттық экономиканы тұрақты дамыту үшін көмірсутегі шикізатын өндіру және терең қайта өңдеу.

  • Экономиканың өңдеуші салаларын дамыту.

  • Құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар индустриясын дамыту.

  • Егін шаруашылығы даму көрсеткіштерінің тұрақты өсімі.

  • Асыл тұқымды және жоғарғы өнімді малды дамыту.

  • Ауыл шаруашылық өнімдерді ұқсатудың жалпы көлемін арттыру.

  • Өңірге инвестицияларды, озық технологиялар мен адам ресурстарын тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

  • Халықтың денсаулығын сақтау мәселелеріндегі сектораралық өзара іс-қимылды күшейту.

  • Облыстың денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін бұдан әрі дамыту.

  • Мектепке дейінгі ұйымдар желісін көбейту және көрсетілетін мектепке дейінгі тәрбиенің ұсынатын қызметтерінің сапасын жақсарту.

  • 12-жылдық оқыту үлгісін енгізу және орта білім берудің ұлттық стандарттарын жаңарту.

  • Кадрларды дайындаудың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

  • Педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру.

  • Әлеуметтік жетімділіктің алдын алу және жетім балаларға және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін жанұялық жайғастыруды жылжыту.

  • Жұмыс орындарын сақтау және көбейту.

  • Еңбек ресурстарының кәсіби даярлық жүйесін жетілдіру.

  • Атаулы әлеуметтік көмектің уақтылы, сапалы тағайындалуын жақсарту және қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  • Мемлекеттік арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну.

  • Елдің даму Стратегияларын іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту.

  • Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту.

  • Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  • Қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды және биологиялық әртүрлілікті сақтау.

  • Атырау облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын орналастырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру.

  • Тұрғындарды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

  • Облыс әкімі мен мәслихат аппараты жұмысының тиімділігін және нәтижелігін көтеру.

  • Әйелдердің саяси және экономикалық ілгерлеуін қамтамасыз ету.

  • Бюджеттің орындалу сапасын арттыру.

  • Облыс және оның аймақтары экономикасының сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру.

  • Нәтижеге бағытталған, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезеңдеп енгізу.

  • Қоғамдық тәртіпті күшейту және азаматтардың тиісті өмір қауіпсіздігін, денсаулық, құқықтары мен бостандықтарын қолдау.

  • Қылмыстылықта қарсы әрекет жасауда құрамдас бөлігін алдын алуды арттыру.

Іске асыру кезеңдері


1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған шараларды іске асыру және облысты әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған негіз қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар

  • 2015 жылға ЖӨӨ өсімі 2009 жылдың деңгейіне қарағанда нақты тұлғалауда 37,9% - ды құрайды.

  • 2015 жылға өнеркәсіп өнімінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 148%;

  • 2015 жылға кен өндіру өнеркәсібінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 139%;

  • 2015 жылға өңдеу өнеркәсібінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 263%;

  • Өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5% -дан кем емес деңгейге дейін арттыру;

  • 2015 жылға өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес арттыру;

  • 2015 жылы құрылыс индустриясы өнімінің НКИ – 204%;

  • 2015 жылға отандық құрылыс материалдарымен қамту деңгейі – 80%;

  • 2015 жылға машина жасау өнімінің НКИ 2009 жылға қарағанда 3,3 есе;

  • ЖӨӨ-ң энергия жұмсағыштығын 10% - дан кем емес төмендету;

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың тауарларды сатып алудағы қазақстандық құрам үлесі – 65%,

  • Мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың жұмыс және қызметтерді сатып алуда қазақстандық құрам үлесі - 91,3 %;

  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10 %-ға дейін;

  • 2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 1500 млрд.теңге (2009 жылы – 1083,2 млрд.теңге);

  • 2015 жылы облыстың ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі – 11%, (2009 жылы – 7%);

  • 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда – 123,6%;

  • 2015 жылы АӨК еңбек өнімділігін 2009 жылға қарағанда – 1,2 есе;

  • 2015 жылға етті қайта өңдеу көлемінің 10%-ға және сүт 13%-ға дейін арттыру;

  • 2015 жылға ылғал жинақтаушы технологиялар арқылы өсірілетін көкөніс-бақша дақылдары алаңдарын 1,06 мың.га дейін арттыру;

  • Ауыл шаруашылығы құралдарымен шығарылатын мал шаруашылығы өнімінің жалпы өндіріс көлемінен меншікті салмағы: ет-13%, сүт-10%, жұмыртқа-40%;

  • 2015 жылға дайын және консервіленген балық өнімін 35 мың тоннаға дейін көбейту;

  • 2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту– 90%;

  • 2015 жылы 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын оқушылар үлесі – 30,6%;

  • 2015 жылы ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін жанұялық жайғастыру үлесі – 12,2 %;

  • 2015 жылы оқуды аяқтауының 1-жылында мемлекеттік тапсырыс арқылы оқыған ТжКБ оқу орындарының түлектерінің жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналастырылған үлесі– 85%;

  • 2015 жылы күтілетін халықтың өмір сүру ұзақтығы 69 жасты құрайды;

  • Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 6,8 – ге дейін төмендейді;

  • 2015 жылы ана өлімі 100 000 жаңа туғанға шаққанда 38,8 – ге дейін төмендейді;

  • 2015 жылы сәби өлімі 1000 тірі туылғанға шаққанда 13,2 – ге дейін төмендейді;

  • 2015 жылы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштерінің 100 мың тұрғынға шаққанда 96,8 дейін, туберкулезден өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 10,2 –ге дейін төмендеуі;

  • 2015 жылы қан айналымы ауруларынан өлімнің көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққанда 236,1 дейін төмендеуі;

  • Ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін беруде қолданатын, соның ішінде ауылдық жерлерде дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігін арттыру;

  • Халық арасында темекі тартуды 17,9%-ға дейін, нашақорлықты 0,16%-ға дейін, ішімдік пайдалануды 12,0%-ға дейін төмендету;

  • 2015 жылы жалпы тәжірибелік дәрігерлермен АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің 30%-ға дейін өсуі;

  • Дәрігерді және медициналық ұйымды еркін түрде таңдау жүйесін енгізу, кепілді ақысыз медициналық көмек алу шеңберінде тұрғылықты жеріне қарамастан емделушілерге медициналық көмекті алуға бірдей жағдай жасау;

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 25% дейін;

  • 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі – 5,5%-ға дейін төмендету;

  • 2015 жылы тұрғындардың жалпы санынан күнкөрістің ең аз табысты тұрғындарының үлесі - 9,2%;

  • 2015 жылы қосымша әлеуметтік көмекпен қамтылған аз қамсыздандырылған азаматтардың үлесі 24% құрайды;

  • 2015 жылға 630 шақырым облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар көлік жолын жаңғырту және күрделі жөндеу;

  • 2015 жылға жүк айналымының көлемі 45135,2 млн.тонна шақырымға дейін, жолаушылар айналымы көлемін 714,2 млн.п шақырымға дейін көбейту;

  • 2015 жылға тұтынушылардың жалпы санынан 85%-ы коммуналдық қызметтер сапасымен қанағаттандырылған болады;

  • 2015 жылға табиғи газбен қамту 100%-ды құрайды;

  • 2015 жылы сырттан әкелінетін суды пайдаланатын тұрғындардың үлесі – 11,9%;

  • 2015 жылға экономиканың қажеттігін қанағаттандыратын энергияны меншікті көздерден өндіру 100% құрайды;

  • 2015 жылға энергияны тұтынудың жалпы көлемінде энергияның балама көздерін пайдалану үлесі 1,45% - дан астам болады;

  • 2015 жылы халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен қанағаттандырылуы – 80%;

  • Депутаттардың мәслихат ұсынатын қызметтермен қанағаттануы – 100%;

  • Қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің және жергілікті нормашығармашылық актілердің ҚР қолданыстағы заңнамаларына 100%-дық сәйкестігі

  • 2015 жылы шешім қабылдау деңгейіндегі биліктегі әйелдер үлесі – 27%;

  • Полицияға облыс тұрғындары сенімінің болжамды деңгейі (50%-дан төмен емес)

Қаржыландыру көлемдері және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, қарыз қаражаты.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – млн. теңге

2012 жыл – млн. теңге

2013 жыл – млн. теңге

2014 жыл – млн. теңге

2015 жыл – млн. теңге

Барлығы: млн. теңге.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1 Өңір жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Географиялық жағдай

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған. 1992 жылға дейін Гурьев облысы деп аталды.

Атырау облысы негізінен Каспий маңы кең ойпатының шегінде орналасқан. Облыс аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағының жалпы алаңының 4,35 %-ы).

Облыс шекарасының ұзындығы: жалпы 1 949,46 шақырым, оның ішінде Астрахан облысымен – 449,61 шақырым, Батыс Қазақстан облысымен – 626,05 шақырым, Ақтөбе облысымен – 524,39 шақырым, Маңғыстау облысымен – 349,38 шақырым.

2010 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі: 2 қала (1 облыстық, 1 аудандық маңызы бар) 6 кент, 7 аудан (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет) құрамындағы 170 село (ауыл) және Атырау қалалық әкімшілігі.

Облыс тұрғындары 2010 жылдың 1 қаңтарына – 510,4 мың адамды (ҚР Ұлттық халық санағы деректері бойынша) құрады. Қала тұрғындарының саны 239 мың адамды (47%), селолық – 271,4 мың адамды (53%) құрады. Облыс бойынша тұрғындардың тығыздығы орташа есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне шаққанда) 4,3 адам.

Атырау облысы шөл аймағына жатқызылады (мемлекеттік жер жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының деректеріне сәйкес). Аймақ бедері – толқын тәріздес жазықтық, ол Каспий теңізі жағалауынан елеусіз көтеріледі. Каспий маңы ойпатының айтарлықтай бөлігін қырқалы, шағыл құмдар алып жатыр (Нарын, Тайсойған, Қарақұм). Облыстың солтүстік-шығысын Жайық маңы қайраң үстіртінің сілемдері елеусіз бөлігін алып жатыр.

Атырау облысының климаты – ұзақ ыстық және құрғақ жазы мен қысқа, жиі жылымықты желді қысы және қары аз, жауын-шашыны аз және тұрақсыз болып келетін шұғыл континенттік және аса қуаңшыл. Жауын-шашынның жылдық орташа көлемі 150 мм (50-ден - 300 мм аралығында құбылады). Желдің жылдық орташа жылдамдығы - 5.5-7 м/сек. Ауаның орташа ылғалдығы жазда 37%-дан, қыста – 80-84 %-дан аспайды. Жылына түсетін жауын-шашынның көлемі – 150 мм-ден 190 мм-ге дейін. Қаңтар айындағы орташа температура – 8-11 С, шілдеде +24 +25 С.

Облыс аумағының жартысын сортаң және сор жабындар, сондай-ақ құмдар алып жатыр. Негізінен шөлейт өсімдікті сұр топырақ басым. Өзендер жағалауларында теректі және талды тоғайлар кездеседі.

Облыс аумағынан 19 өзен мен арна ағады. Облыс аумағын басып өтетін ірі өзендер Жайық (жалпы ұзындығы 2428 шақырым, Қазақстан аумағында 1082 шақырым), Жем (712 шақырым), Сағыз (511 шақырым), Ойыл (800 шақырым) болып табылады. Облыстың ірі (тұзды) көлі – Индер (110,5 шаршы шақырым).

Ресурстық әлеует

Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52,7 млн.тонна деп бағаланды); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс құмы (41,2 млн.текше м), гипс (21,0 млрд.тонна); ас тұзы (687,0 млн.тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа (12,0 млн.текше м), әктас (1,9 млн.текше.м); бор (95,2 млн.тонна); бешофит (50,0 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн.текше метрді құрайды.

Халықаралық салыстырулар жүргізу үшін қабылданған өңірдің даму көрсеткіштері (адам әлеуетінің даму индексі).

Атырау облысында 2004 жылдан 2009 жылға дейін адам дамуы деңгейінің оң беталыстары байқалады. Өңірдегі адам әлеуетінің дамуын бағалау үшін ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мыналарды қолданады: халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша есептелген адам дамуының индексі (АДИ), тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланатын кіріс бойынша есептелген АДИ, халықтың кедейлік индексі.

Талдау көрсеткендей, күтілген өмір сүру ұзақтығы 2004 жылғы 65,3 – тен, 2009 жылы 67,1 –ге жоғарлаған, зерделенген кезең ішіндегі халықтың сауаттылық индексі 32 пайыздан 31-ге төмендеген, АДИ 0,077 пунктке өскен. Облыс әлеуетін ескерсек, бұл өте аз.


Өңірдің экологиялық мәселелері.


Атырау облысында мұнай өндіру кәсіпшілігін пайдалану барысында атмосфераға қатты бөлшектер, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, азот тотығы және көмірсутегі оксидтері бөлінеді.

Көмірсутекті шикізатты өндіру мен қайта өңдеуді қарқынды арттыру жағдайында облыстың қоршаған ортаға теріс әсерін тигізуде.

Облыстың негізгі шешілмеген мәселелері: атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы, биологиялық әртүрлілікті сақтау болып қалуда.

Қазіргі уақытқа дейін сыртқы су ресурстарының көлемі мен сапасына облыстың тәуелділігі сақталады. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының аумағынан келетін суды пайдалану мәселесі шиеленісуде.

Атмосфералық ауаны қорғау

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, қоршаған ортаға әсер ететін жетекші факторладың бірі болып қалады.

Атырау облысында атмосфералық ауаның жағдайына барынша зиянды әсерді мұнай газ секторы мен энерго-коммуналдық шаруашылықтарының кәсіпорындарынан шығатын ластағыш заттар тигізеді.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының (42 ірі) атмосфераға шығарындылары жылына жүз мыңға жуық тоннаны құрайды, олардың 80-85% мұнай газ секторының кәсіпорындарынан келеді. Сондықтан, атмосфераның ластануы мұнай мен газды өндіру және оларды өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың қызметіне тәуелді.

2009 жылы ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарылу көлемі 151,94 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдағыдан 4,8% жоғары.

Бұл жағдайда ластағыш заттардың атмосфераға меншікті жалпы шығарылуы әрбір тұрғынға есептегенде 292 кг құрайды, бұл бір тұрғынға шаққанда 226 кг құрайтын республикалық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

2015 жылға облыстың атмосфералық бассейніне ластағыш заттардың шығарылуы «Теңізшевройл» ЖШС үшінші буынды зауыттары, НКОК компаниясының «Болашақ» зауыты, «АМӨЗ» ЖШС бензол және хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешендер, мұнай химиялық кешен сияқты ірі объектілерді іске қосуға байланысты 2 есеге артылуы күтілуде.

Автокөлік құралдары санының қарқынды өсуіне байланысты ауаның автокөлікпен ластану көлемдері аса қауіпті болып барады. Аталған мәселе автокөліктің ауа бассейнінің ластануындағы үлесі жалпы қалалық шығарындылардан 50% - ға жетіп асатын, облыс орталығы үшін барынша өзекті болып табылады.

Ауа бассейнінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін 2015 жылға ластағыш заттардың жалпы шығарындыларын 6,6% немесе 2009 жылғы көлемнен 10 мың тоннаға төмендету қажет.

Су ресурстарын қорғау.

Жер үсті су көздеріне ақаба сулардың төгілуіне тыйым салуына байланысты Атырау облысының басты су жолы – Жайық өзеніне тек нормативті-таза сулар ғана төгілуде, облыста осы жұмыстарды жүргізетін үш кәсіпорын бар: «Атырау Су Арнасы» КМК және екі Жайық-Атырау бекіре балық өсіретін зауыт.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықтардан шығатын төгінділердің 80%-ы Атырау қаласында, Жылыой ауданы Құлсары қаласы мен Индер ауданында орналасқан булану алаңдарына тасымалданады.

2009 жылы облыс бойынша ақаба сулардағы ластағыш заттардың нақты мөлшері 95,7 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштерден 3 мың тоннадан жоғары.

Бүгінгі таңда облыстың барлық аудан орталықтарында кәріз-тазарту қондырғылары жоқ, ал бар жүйелер тозған, бұл қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді.

Жер үсті сулары.

Атырау облысы үшін су ресурстарының тапшылығы жылдан жылға сезілуде.

Батыс аймағы Ресей Федерациясының су шаруашылығы саясатына, өңірге оның аумағынан облыстың шаруашылығы үшін аса маңызды Жайық және Қиғаш сияқты су күрелерінің ағуына байланысты тәуелді болғандықтан, жағдай бұдан әрі шиеленісуде.

2009 жылы Жайық өзенінің ағыны 5,3 млрд. м3 құраған немесе бұл қажетті көпжылдық мөлшерден (11 млрд.м3) екі есеге кем. Сондай-ақ, 2010 жылы өзен өз арнасынан шыққан жоқ.

Нәтижесінде Жайықтың табиғи ортасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, өзен таязданып, ластанып, судың сапасы нашарлап, жайылма ормандары құрып барады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада су ағынын анықтайтын гидробекеттер жоқ, бұл Қиғаш өзенінің жоғарғы жағынан келетін судың мөлшерін анықтауды қиындатуда.

Алайда, қолда бар деректер бойынша орташа көпжылдық ағын мөлшері 13 млрд.м, құрайды, ал 2009 жылы 9-10 млрд.м. жуық немесе 70% құраған. 2010 жылы да ұқсас жағдай болды.

Облыстың сумен қамту көздері болып табылатын жер үсті суларының сапасы «Атыраугидрометцентр» ЕМК -мен бақыланады. Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластану индексінің (СЛИ) көлемімен бағаланады, бұл көрсеткіш су сапасының өзгеру динамикасын анықтау мен салыстыру үшін пайдаланылады. Талдаудан көріп отырғандай, СЛИ көлемі бойынша Жайық өзені суының сапасы тұрақты емес.

Егер 2005-2006 ж.ж. Жайық өзені «таза» деп жіктеліп, 2 сынып сапасына жатқызылған болса, 2007 жылы өзен суының сапасы 3 сынып сапасына («орташа ластанған») жатқызылды.

Бұл жағдай көбіне Ресей Федерациясының, сонымен қатар Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумақтарындағы уақ өзендерінің жер беті ағындарымен бірге келген ластануына байланысты.

Бұдан әрі, 2008, 2009 және 2010 жылдары СЛИ тиісінше 0,49, 0,55 және 0,78 құраған, гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша «таза» деп сипатталған, бірақ СЛИ көлемі нашарлау жағына өсуде.

Қиғаш өзені суының сапасы ластану индексінің шамасы 2008, 2009 және 2010 жылдары тиісінше 0,51, 0,65 және 0,91 құраған, гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша «таза» деп сипатталған, бірақ СЛИ көлемі нашарлау жағына өсуде.

Қазіргі таңда Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутекті шикізаттардың кең көлемде игерілуіне байланысты теңіздің флорасы мен фаунасына және экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.

Сонымен қатар, су басып кеткен апатты жағдайда тұрған мұнай ұңғымаларынан мұнайдың ағу қаупі болғандықтан, жағдай бұдан әрі қиындауда. Бүгінгі таңда осындай ұңғымалардың саны өңірде мыңнан астам және олар теңіздің ластануының күрделі себептерінің бірі болып табылады.

Мұнайдың төгілуіне қарекет ету Солтүстік-Каспий экологиялық базасының құрылысын салу мәселесі ерекше өткір болып тұр. Жоспарланып отырған база бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілулерін жоюға арналған, ал Қашаған кен орны күкіртсутегінің жоғары мөлшері мен қабат қысымы кен орнының маңында ірі ауқымды апаттарды жоюға арналған қосымша базаның болуын талап етеді.

Жер үсті сулары облыстың су тұтыну жалпы балансындағы орны көп емес, бұл олардың шектеліп таралуымен немесе облыстың бірқатар аудандарында қажетті сапалы сулардың болмауымен негізделеді. Ең су жетіспейтін Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индер аудандары. Барынша жақсы жағдайдағы Қызылқоға ауданы.

Облыс аумағында шаруашылық-ауызсу маңызы бар 5 топты су тоғаны бар – Қоянды, Миялы, Мұқыр, Тайсойған және Қарабау.

2009 жылы облыс аумағында Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор елді мекендерін шаруашылық-ауызсумен қамту үшін Кереген-Сағыз жер асты суларының пайда болған жерлерінен су құбыры салынған.

Облыстың жалпы су тұтыну балансында жер асты суларын тұтыну бар болғаны 5,6 % құрайды, Атырау облысының жер асты суларымен қамтылу және пайдалану карталарының деректеріне сәйкес 2015 жылға осы көрсеткішті 6% - ға дейін жеткізу қажет.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы.

Экологиялық басым бағыттарының бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу болып табылады.

2009 жылы облыста 154,7 мың тонна қалдық жиналған, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтар – 132,6 мың тонна, тұрмыстық – 22,1 мың тонна. Облыстың бір тұрғынының үлесіне орташа есеппен жиналған өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың 297 кг жуығы келеді.

Өңір тұрғындарының тұрмыс деңгейінің өсуіне байланысты коммуналдық қалдықтардың пайда болу көлемінің өсуі де байқалады, ауыл халқының бірталай бөлігінің жұмыс іздеп қалаға көшіп, жұмыс күшінің миграциялануы нәтижесінде негізінде облыс орталығында білінуде.

Облыстың барлық елді мекендерінде, әсіресе Атырау және Құлсары қалаларында өсіп жатқан тұрмыстық қалдықтар көлемін сақтау және қайта өңдеу мәселесі шиеленісіп тұр. Сонымен қатар көптеген полигондар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін жерлерді пайдалану нормативтік өлшемдерге сәйкес келмейді.

Қалдықтарды жинау мен шығару бойынша жеткілікті инфрақұрылымның болмауы елді мекендерде кездейсоқ қоқыс тастайтын орындардың пайда болу себептерінің бірі болып табылады.

Коммуналдық қалдықтардың негізгі бөлігі фракцияларға бөлусіз ашық қоқыс тастайтын жерлерге шығарылып, үйіледі, бұл топырақтың, жер үсті және жер асты суларының, атмосфералық ауаның ластану себептері болып табылады.

Қазіргі уақытта Атырау қаласында жұмыс істеп тұрған полигонның проблемасын шешетін қатты-тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының құрылысы аяқталуда.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен «Атырау облысының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы» әзірленуде. Осы бағдарламамен 2011-2015 жылдары облыстың 7 аудан орталықтарында ҚТҚ полигоны мен қоқысты сұрыптау кешені құрылыстарын салу қарастырылған.

Осы бағдарламаны іске асыру, сонымен қатар табиғат пайдаланушыларының қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға бағытталған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды орындауы 2015 жылға олардың пайда болу көлемінен кәдеге жаратылуын 8% - ға қамтамасыз етуі тиіс.

Ормандарды қорғау, сақтау, өсіру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту.

Атырау облысының мемлекеттік орман қоры 52449 гектарға тең, бұл облыстың барлық аумағынан 0,4% - ын ғана құрайды. Орман жамылғысының алаңы одан да аз – 14952 гектар немесе жалпы алаңнан 28,5%.

Өңірдің орман қоры негізінен Жайық өзенінің жағалауында, Қиғаш өзені атырауының аралшықтарында орналасқан.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары Атырау облысында өсімдік жамылғысының адамның қызметі әсерінен қатты өзгергенін көрсетті. Облыс көлемінде бұзылмаған аумақтар аз, оларға Жайық және Еділ атырауларында Каспий теңізі жағалауындағы қамысты қопалар учаскелерін және салындыларын жатқызуға болады. Аздап бұзылған өсімдік жамылғысының учаскелері айтарлықтай көлемді алады, олардың біршамасы көпжылдық сораңдар немесе жусандылармен бірге аралас бірлестіктермен пайда болған аласа тегіс жазықтарда орын алған. Адамның белсенді қызмет ету аумақтары, елді мекендердің (Атырау-Астрахан трассасы) жерлері, қалалардың (Атырау), өзен бойы (Жайық), мұнай кәсіпшіліктерінің айналасы орташа бұзылған аумақтарға жатады.

Орманның ерекше санитарлық-гигиеналық маңызын ескере отырып, орманмен алқапты 2015 жылға облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы алаңынан 29% - ға дейін өсіру қажет.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

Облыстың экожүйелері биологиялық әртүрлілігінің бірегейлігімен ерекшеленеді.

Биоәртүрліліктің нақты жойылуының негізгі себебі мекендеу орындарының жойылуы мен бұзылуы, ормандардың бұзылу, топырақтың эрозияға ұшырауы, трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізінің ластануы болып табылады.

Қазақстан Республикасының биоәртүрлілігін сақтау үшін 1994 жылы Биоәртүрлілік бойынша Конвенция және биоәртүрлілікті сақтау мен үйлестіріп пайдалану жөніндегі іс-әрекет ету жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №124 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясына сәйкес биоәртүрлілік пен табиғи ортаны сақтау, қалпына келтірудің барынша тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және олардың алаңдарын әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, ел аумағының 10%-на дейінінен кем емес кеңейту болып табылады.

Бүгінгі таңда облыстың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) алаңы 856,5 мың гектар немесе барлық аумақтың 7,2% құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық балансын сақтау үшін жеткіліксіз.

Биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында 2008 жылы облыстық бюджет есебінен «Атырау облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын орналастыру және дамыту схемасы» (бұдан әрі – «Схема») жасақталды.

Осы кестенің негізінде 2009 жылы «Балбұлақ» және «Тасшағыл» жергілікті маңызы бар мемлекеттік кешенді-табиғи қаумалдары табиғи-ғылыми негіздемелері әзірленді, осылардың құрылуы ЕҚТА алаңдарының 9,7% кеңеюін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жасақталған схемаға сәйкес облыстың Индер ауданының аумағында «Индер табиғи бағын» құру жоспарлануда, бұл ЕҚТА алаңын облыстың барлық аумағынан 10% - ынан астам кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жануарлар әлемі.

Облыс аумағында 300 астам жер бетіндегі омыртқасыздар түрлері мекендейді, соның ішінде 200 жәндік түрлері, оның 20 түрі сирек кездесетіндер.

Қос мекенділердің екі түрі кездеседі – жасыл құрбақа мен көлбақа. Бауырымен жорғалаушылар фаунасының негізін 10 түрі құрайды: орта азиялық тасбақа, шиқылдақ және сұр геккондар, дала ешкемері, сызық кесіртке, құмды айдахар және басқалары.

Облыс аумағында 280 астам құстардың түрі мекендейді, олардың 15 жыртқыштар (қара кезқұйрық, дала ақсарысы, қырғи, дала бүркіті және басқалары). Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құстардың көптеген түрі маусымдық ұшу кезінде кездеседі: қызғылт және бұйра бірқазан, кіші ақ қарқара, қара ләйлек, жалбағай, қоқиқаз, қызыл жемсауды қарашақаз, кіші аққу, лашын, қортық бүркіт, балықшы және т.б.; ұя салғанда кездесетіндер: ақбас үйрек, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, сары қарқара, сұңқылдақ-аққу, дала бүркіті.

Сүтқоректілердің 40 астам түрлері кездеседі. Басым көпшілігі ұсақ кеміргіштер. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 5 түрі енгізілген: жұпар тышқан, ала жертеир, еуропалық қаракүзен, шұбар күзен. Шаруашылық-құнды түрлеріне: ор қоян, құмқоян, ондатр, су сұр тышқан, кіші балпақ, сары тышқан, жанат тәрізді ит, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, қабан.

Облыс фаунасында ерекше орын алатын құнды кәсіптік жануарлар – киіктер. Облыс бойынша екі популяцияның миграциялау жолдары өтеді: Үстірт (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары, Өзбекістан) және Еділ-Жайық (Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының аумағы, Ресей).

Соңғы он жылдықта киіктер басының саны күрт азайып кетті.

Каспий теңізінде, бірегей ішкі су қоймасында, аса бағалы құнды балық түрлерінің қорларымен, тегі әртүрлі 100 астам балық түрлері мен формалары мекендейді. Жайық өзені мен оның атырауында 42 балық түрлері мекендейді. Олардың ішінде жыртқыш түрлері ақсерке, шоқыр, қаракөз, ақтабан, шабақтар, планктон қоректілер–килька, майшабақтар. Бекіре тұқымдас балықтардан шоқырлар жиі кездеседі. Қазіргі уақытта бағалы бекіре тұқымдас балық қорлары күрт азайып барады.

Радиациялық жағдай.

Атырау облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің деректері бойынша жалпы облыс бойынша радиациялық жағдай норма шегінде және 7-14 мкр/сағ. құрайды. Сонымен бірге күрделі проблемалардың бірі Азғыр полигоны қызметін бағалау мен оның салдарын жою болып қалады.

«Азғыр» полигоны Құрманғазы ауданында орналасқан, алаңы батыстан шығысқа шамамен 20 км. және оңтүстіктен солтүстікке 15 км. құрайды. ҚР Ұлттық орталығы ядролық физика институтымен жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, аумақтың топырағындағы плутоний-239-240, стронций-90, америций-241, цезий-137 сияқты радиация мөлшерін құрайтын негізгі элементтер, ғаламдық түсу деңгейінен аспайды деген шешім жасалды.

Алайда, полигонның халық денсаулығына әсер ету салдары мен себепті байланыстарды анықтау үшін «Азғыр полигонының қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсер етуіне кешенді радиоэкологиялық, эколого-экономикалық, медициналық зерттеулер», сонымен қатар технологиялық алаңшалардың қасындағы карст шұңқырларын жою жұмыстарын жүргізу қажет.

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба
Бағдарламасы 2011 жылдың 27 қаңтарында №36-2 мәслихат шешімімен бекітілді. Бағдарламаға 2011 жылғы 20 желтоқсанда №43-8 және 2013...
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница