КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011




НазваниеКӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011
страница1/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.39 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/1105_alenova_n._m_kasiporinnin_investiciyalikh_khizm
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы


Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы-экономика факультеті


Экономика және менеджмент кафедрасы


КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы


Павлодар

Кереку

2011

УДК 330.322 (07)

ББК 65.290-56 я 7

К 26


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

э. ғ. к., доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушiсi С. К. Кунязова

э. ғ. к., доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының меңгерушiсi Г. Р. Байтаева

э. ғ. к., доцент, Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика» кафедрасының меңгерушiсi З. А. Арынова


Құрастырушы: Н. М. А ленова

К 26 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі : экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / құраст. Н. М. Аленова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 94 б.


«Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» пәннің оқу-әдiстемелiк кешеннiң жинағы осы оқу курсын толық меңгеруi үшiн барлық оқу-әдiстемелiк материалының компоненттерін қамтиды.

Оқу-әдістемелік құрал экономика мамандықтарының студенттеріне арналған.


УДК 330.322 (07)

ББК 65.290-56 я 7


© Аленова Н. М., 2011

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011


Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Мазмұны





Кіріспе ..............................................................................................3

1

Сыртқы оқу нысанының студенттеріне арналған силлабус........4

2

Тәжірибелік сабағына арналған әдістемелік нұсқау …….........20

3

Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқау...................................36

4

Дәріс материалы............................................................................39

5

Өзіндік жұмыстарға арналған материалдар…………………....67

5.1

Дәрістерге дайындалуға арналған тапсырма..............................67

5.2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалуға арналған тапсырма........71

5.3

5.4

Оқу материалын өзіндік оқуға арналған тапсырма ……...........79

Бақылау шараларына дайындалу.................................................84

5.5

Қорытыңды бақылауға арналған сұрақтар ………………………..........88

6

Білім алушылырдың оқу жетістіктерін бақылау мен

бағалау бойынша материалдар.....................................................89

6.1

Сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстарға

арналған әдістемелік нұсқау ……………………........................89




Әдебиеттер ....................................................................................93



Кіріспе


Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл инвестициялар салымы және инвестициялық ағымдардың тиімді жолдарын іске асырудағы әр түрлі әдіс – тәсілдер мен іс-шаралардың жиынтығы. Сонымен қатар негізгі қорларды құру мен іске асыру капитал салымдар нысанында болады.

Инвестициялау (инвестициялық процесс)бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процес барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.

«Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» экономистер мен менеджерлердi дайындауда міндетті бөлiгi болуы керек.

Ұсынылып отырған жинақ силлабус негізінде сырттай оқитын студенттерге тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқау, өздік жұмыстарына арнайы тапсырмалар, бақылау мен бағалауға арналған материал және сырттай оқитын студенттерге бақылау тапсырмаларына әдістемелік түсініктер мен қорытынды сынаққа сұрақтар берілген.

Оқу әдістемелік кешен келесі материалды қамтамасыз етеді: инвестиция мен инвестициялық қызмет мәнін зерттеу; инвестициялық менеджмент мақсаттары мен міндеттерін зерттеу; инвестициялық қызметі мемлекеттік реттеу негіздерімен таныстыру; инвестициялық нарықтың әрекет ету мәні мен механизмін зерттеу; инвестициялық жобаларды басқару әдістемесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық инвестициялары негіздерімен таныстыру; халықаралық инвестициялық ынтымақтастық рөлін айқындау.

Тәжірибелік бөлімінде өткен теориалық білімдерін пайдаланып өздік жұмыстарын орындау, соны мен қатар тәжірибе мен теорияны тоғыстыратын семинар, іс ойындар, нақты жағдайлар әдісі бойынша өткізетін тапсырмалар кіргізілген.

Бұның бәрі теориялық білімдерін әрі қарай жетілдіріп, білім сапасының денгейін көтерүге мүмкіндік жасайды.

Автор бұл «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі» пәннін оқу әдістемелік кешеннің жинағы университеттің оқу-әдістемелік базасының дамуына үлес қосатындығына үміттенуде.


1 Сыртқы оқу нысанының студенттеріне арналған силлабус


1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні Аленова Нуржанат Мухтаровна, аға оқытушы

Экономика және менеджмент кафедрасы А корпусында (Ломов көш.64), 419 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны 67-36-43.


1.2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

СӨЖ


бақылау түрлері

бар-лығы

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

студия-лық

жеке

бар

лы

ғы

ОСӨЖ

5В050600«Экономика»

сыртқы ЖКБ, ОКБ негізінде, т.ж. 2010

4,5

3

18

12

6










117

18

емтихан


1.3 Пәннің мақсаты және міндеттері

Курстың мақсаты – болашақ мамандарға кәсіпорынның инвестициялық қызметінің салсында теориялық білім және тәжірибелі дағды беру.

Курстың негізгі міндеті - инвестиция мен инвестициялық қызмет мәнін зерттеу; инвестициялық менеджмент мақсаттары мен міндеттерін зерттеу; нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығын қарастыру; инвестициялық қызметі мемлекеттік реттеу негіздерімен таныстыру; инвестициялық нарықтың әрекет ету мәні мен механизмін зерттеу; кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы түсінігімен таныстыру; инвестиция тиімділігін бағалау тәсілдерін зерттеу; инвестициялық жобаларды басқару әдістемесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық инвестициялары негіздерімен таныстыру.


1.4 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Студент пәнді оқып бітірген соң білуге қажет:

- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде;

- инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасын;

- кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясын;

- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын;

- кәсіпорынның нақты инвестициялауын өткізу нысандары мен ерекшеліктерін.

Студент пәнді оқып бітірген соң істей білу қажет:

- инвестициялардың экономикалық тиімділігін есептеу тәсілдерін;

- инвестициялық жобалардың техника-экономикалық түсініктемесін және бизнес-жоспарлау тәсілдерін;

- экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешумен байланысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар кешенін.


1.5 Пререквизиттер:

- микроэкономика;

- макроэкономика;

- экономикалық теория;

- дүниежүзілік экономика;

- халықаралық экономикалық қатынастар;

- статистиканың жалпы теориясы;

- экономика-математикалық әдістер;

- информатика мен есептеу техникасының негіздері.


1.6 Постреквизиттер:

- кәсіпкерлік;

- өндірісті ұйымдастыру;

- ЕАМҰ;

- фирмаішілік жоспарлау.


1.7 Тақырыптық жоспар

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс.

практикалық (сем)

зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1 Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні

2

1

-

-

-

11

2 Инвестициялық менеджменттің міндеті және мәні

1

1

-

-

-

11

3 Нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығы

1

1

-

-

-

11

4 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

1

1

-

-

-

11

5 Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі

1

1

-

-

-

11

6 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру

1

1

-

-

-

11

7 Инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері

1




-

-

-

11

8 Инвестициялық жобаларды басқару

1




-

-

-

11

9 Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару

1




-

-

-

11

10 Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары

1




-

-

-

11

11 Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық

1




-

-

-

6

Барлығы

12

6










117


1.8 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, пмпи, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconЭкономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы Павлодар
...
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың титул парағы
В050600 «Экономика» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі»
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconМҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconДахно З. Н., Тлеуленова Г. Т., Сапенова Д. К. ҚҰрылыс үрдістерінің технологиясы құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
Оқу құралы дәрісте берілген материалдарды терең игеру үшін арналған. Тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін мысалдар келтірілген
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 icon050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку
...
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 icon050301 «Заңгер» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы (Жалпы бөлім) Павлодар Кереку
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі баспадан шығаруға ұсынған
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconМәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы А.Қ. Тұрышев МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің Әдеби тілге қатысы оқу әдістемелік құралы 1 Бөлім Павлодар Кереку 2009
Абай атындағы Қазақ Ұпу-нің жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және Қр бғм республикалық оқу-әдістемелік...
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011 icon5В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған
В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған өндірістік практиканы өту жөніндегі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница