Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16




НазваниеИсточник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16
страница3/44
Дата конвертации08.02.2016
Размер4.35 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazenergy.com/images/stories/Pravovaia_baza/TS/codex_project_kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
радиациялық бақылау жүргізу;

12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың кеден органдарына іс-сапарларға жіберілген өкіл­дерімен бірлесіп (көліктік және санитариялық-ка­рантиндік бақылауды қоспағанда) көліктік, санита­риялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері

1. Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағынының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып уәкілетті орган белгілейді.

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.

3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.

4. Кеден органдарына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға беріледі.

21-бап. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар

Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.

22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

2. Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.

3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге тиіс.

4-тарау. Кеден органдарының өкілеттігі

23-бап. Кеден органдарының құқықтары

Кеден органдары:

1) өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;

2) мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;

3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;

7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;

8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;

10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;

11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдарымен бірлескен бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

 

24-бап. Кеден органдарының міндеттері

1. Кеден органдары:

1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;

3) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;

4) тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;

6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;

7) өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;

8) кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

9) бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны осы Кодексте белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;

11) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;

12) мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

15) өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

16) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

17) өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;

18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;

20) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;

21) кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;

22) кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;

23) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға;

24) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алын­ған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тура­лы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәлі­меттерді табыс етуге міндетті.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

25-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың міндеттілігі

1. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.

2. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі жасайтын басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

26-бап. Кеден ісі саласындағы ақпаратқа қатынас

1. Кеден органдарына басқа мемлекеттік органдар, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылар табыс еткен мәліметтер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден саласында ғана пайдаланылады.

2. Мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын, оның ішінде тәуекелдерді бағалауға және басқаруға қатысты және сол кезде пайда­ланылатын мәліметті, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

3. Кеден органдары ресми сұрату бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдарына:

1) құқық қорғау органдарына - кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды заң бойынша қудалау мақсатында;

2) соттарға - олардың талап етуі бойынша;

3) жедел-іздестіру қызметінің субъектілеріне - уәкілетті орган мен тиісті жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің бірлескен актілерімен белгіленетін тәртіппен олардың іс жүргізуіндегі материалдар бойынша;

3-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – заңсыз жолмен алынған кірістерді заң­дас­тыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы­ландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Рес­публикасының заңнамасына сәйкес;

4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес табыс етеді.

4. Кеден органдары мәліметтерді басқа мемлекеттердің кеден немесе құқық қорғау органдарына және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес табыс етеді.

5. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздері алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

3-Бөлім. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен,

сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де

қызметке қатысушылармен өзара қатынастары

5-тарау. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен,

сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де

қызметке қатысушылармен өзара қатынастары

27-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

1. Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен дербес және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілерінің негізінде немесе көрсетілген органдармен келісе отырып жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-cанита­риялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

3. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты іс-әрекеттердің үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.

 

 

28-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимылы

1. Қазақстан Республикасында кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

2. Уәкілетті орган сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғаларды Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға тартуына құқығы бар.

3. Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар осы Кодекстің
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Похожие:

Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф, 19. 09. 2011 15: 10: 09

Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф, 21. 04. 2011 12: 32: 36
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан...
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф-www
Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер 2-тарау. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф, 06. 02. 2012 15: 21: 12
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық...
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconГражданский кодекс кыргызской республики
Параграф Общие положения о ренте и пожизненном содержании Параграф Постоянная рента
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф www
«процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызы», «пайыз»,...
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф, 23. 08. 2012 15: 09: 20
«одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан...
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconЗа каждого приемного ребенка семьи в Удмуртии получат 1243 рублей. Источник: «Сусанин»
Супругам-изуверам больше не позволят усыновить детей. Источник: «Российская газета»
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф, 22. 05. 2012 13: 49: 24
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді...
Источник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16 iconИсточник: ис параграф, 27. 07. 2012 17: 05: 40
Р заңымен (бұр ред.қара); 2009. 17. 07. №188-iv қр заңымен (бұр ред.қара); 2011. 10. 01. №383-iv қр заңымен (бұр ред.қара); 2011....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница