Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009




НазваниеЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
страница3/9
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/191_kuvatov_a.j._ulttikh_oyindardin_kmegimen_jastard
1   2   3   4   5   6   7   8   9




6.5 «Айгөлек»



Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.

Ойын ережесі: кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізден саған кім керек? – десе,

екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізге мұнда Бекбай керек.

Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.

6.6 «Ақсерек-көксерек»



Халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін «Ақсерек-көксерек» деп атайды. Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.

Ойын ережесі: ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді. Әр топтағы жастар 20-30 адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады. Екі топтың да қатарының оң жақ басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі: - «ақсерек – көксерек, бізден сізге кім керек» – дейді. Екінші топ басқарушы: - «сізден бізге бәленше керек»,- деп кез келген бір ойыншының атын атап шақырады. Шақырылған ойыншының мақсаты сол, тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынмен ұстасып тұрған екі қолды үзіп өтуі (қай жерде, қай қолды барып үзеді – еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

6.7 «Мәлке-тотай»



«Айгөлектің» үшінші түрі осылай аталады. Бұл ойынды да жастар ерте кезден-ақ сүйіп ойнап келген. Өйткені, әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде «мәлке-тотай» ойыны да басталып кетеді.

Ойын ережесі: жастардың түгел жиналып болғанан кейін өзара келісімдері бойынша тең болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары арақашықтығы 20-30 адымдай жердегі өздері белгілеген көмбелеріне барады. Әр топтың өз ойыншылары бір қатарға тұрып, бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап тұрады.

Екінші жақтың ойыншылары бәрі бірден шулап: “мәлке-тотай” дейді. Бірінші жақ «кімді қалай» дегенде, екінші жақ «жаман-жаман пәленшені қалай» – деп атын айтады. Аты аталған Бектай қолып қусырып, аналарға қарсы жүгіріп, өзіне ұнаған баланы алып келуге қам қылып қатты соғады. Соққанда қолып үзіп кетсе жеңген ер бенде болып қолы үзілген екеудің бірін өзіне апарып қосады. Егер үзе алмай қалса, жеңілген ер бенде болып, өзі сол жаққа қосылады.

Енді «мәлке-тотай»-ды бірінші жақ айтып, екінші жақ қол ұстасып тұрады. Сөйтіп жоғарыдағы жолмен бір жағы таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы бала басын тырнап немесе үш ауыз өлең, не күлдіргі сөз айтып құтылады. Содан соң балалар тағы да екі топқа бөлініп, ойынды басынан қайта бастайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconКӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconМҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconДахно З. Н., Тлеуленова Г. Т., Сапенова Д. К. ҚҰрылыс үрдістерінің технологиясы құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
Оқу құралы дәрісте берілген материалдарды терең игеру үшін арналған. Тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін мысалдар келтірілген
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconЭкономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы Павлодар
...
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconМәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы А.Қ. Тұрышев МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің Әдеби тілге қатысы оқу әдістемелік құралы 1 Бөлім Павлодар Кереку 2009
Абай атындағы Қазақ Ұпу-нің жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және Қр бғм республикалық оқу-әдістемелік...
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconБ.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар
А. А. Ақышев – философия ғылымының кандидаты, профессор, «Тарих және құқық» факультеттің деканы
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconМемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау ретінде сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтарының...
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті А.Қ. Тұрышев МӘШҺҮр жүсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку 2009
Ш. Т. Жұмаділова – Павлодар облысының білім беру басқармасы, Тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың...
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 iconАзақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған
Лттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009 icon050301 «Заңгер» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы (Жалпы бөлім) Павлодар Кереку
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі баспадан шығаруға ұсынған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница