«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ




Название«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ
страница1/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.49 Mb.
ТипКодекс
источникhttp://www.samruk-energy.kz/docs/kaz/2.doc
  1   2   3   4   5


«Самұрық» холдингінің

2007 жылдың 12 қарашасындағы

№ 165-П Бұйрығына арналған қосымша


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІ


Астана қ., 2007 жыл



МАЗМҰНЫ:




КІРІСПЕ..............................................................................................................................

3

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ..........................................................................................

5

1-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАЛАРЫ..........................................

5




1. АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАР...................................................

5




2. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ ҚҰЖАТТАРЫ............................................................

10




3. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ.................

10

2-ТАРАУ. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІСТІ ТӘЖІРИБЕСІ......................................................................................................................

11




1. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ.............................................................................

11




2. БАСҚАРМА..................................................................................................

17




3. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК; КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ............................................

18

3-ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК........................................

19




1. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ................

20




2. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ...........................................

21




3. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.......................................

22




4. ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ...........................................................................

22




5. ЖАСАЛУЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТЫЛҒАН МӘМІЛЕЛЕР.....

22




6. ЕЛЕУЛІ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР.................................................

22




7. ҚОҒАМДЫ ТАРАТУ....................................................................................

23

4-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯ ЕТУ ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫЛЫҚ...............................

23




1. АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯ ЕТУ САЯСАТЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ................

23




2. ІШКІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ.....................................................................

24




3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП.....................................................................................

24




4. ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ....................................................

25




5. СЫРТҚЫ АУДИТ.........................................................................................

25

5-ТАРАУ. ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҚОҒАМДАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ..............................................

26

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

26



КІРІСПЕ


1. Осы құжатта «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамның (әрі қарай - Қоғам) Корпоративтік басқару кодексі (әрі қарай - Кодекс) жазылған.

2. Осы Кодекстің мақсаттары болып Қоғамды корпоративтік басқаруды жетілдіру мен жүйелендіру, Қоғамды басқарудың үлкен айқындылығын қамтамасыз ету және Қоғамның тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға дайын екендігін растау табылады.

Қоғамды басқару, Қоғамның құндылығын және акционерлерге арналған басқа да пайларды арттыру мақсатында, жауапкершілік жеткілікті деңгейде атқарылуы тиіс.

Ақпаратты жария ету, айқындылық, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің тиімді жұмысы тиісті түрде қамтамасыз етілуі қажет.

3. Кодекс Қоғамның ішіндегі және нарықтың басқа да қатысушыларымен қарым-қатынастарда іскерлік этиканың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін өз қызметі барысында Қоғаммен басшылыққа алынатын ережелер мен кепілдімелердің жинағы болып табылады.

4. Кодекс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстанда дамып келе жатқан корпоративтік мінез-құлық тәжірибесін, этикалық нормаларды, капиталдардың дамуының ағымдағы кезеңінде олардың нарығында компания қызметінің қажеттіліктері мен талаптарын және халықаралық тәжірибеде мойындалған корпоративтік басқарудың қағидаларын ескере отырып, жасалған.

5. Қоғам өз қызметінде Кодекстің ережелерін сақтауы тиіс. Бұл орайда Кодекстің ережелерінен ауытқу Қоғамның жеке ерекшеліктерін, оның көлемін, даму сатысын, сондай-ақ олардың алдында тұрған тәуекелдер мен мәселелердің сипатын ескере отырып, белгілі бір жағдайларда ақталуы мүмкін. Тиісті жағдайларды мұқият талдап алғаннан кейін және Директорлар кеңесі мен Акционерлер талқылауынан кейін ғана, Кодекс ережелерінен ауытқуға жол беріледі.

6. Қоғам корпоративтік басқару тәжірибесі статикалық сипатқа ие емес екендігін растайды. Директорлар кеңесі қолданыстағы Заңдардың, кепілдемелердің және қазақстандық және шетелдік компанияларға қатысты корпоративтік басқаруда қолданылатын ең жақсы тәжірибе тұрғысынан, қажет болған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының қарауына ұсыныстар жасай отырып, Кодекстік талаптарын ұдайы қайта қарап отырады.

7. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері Қоғаммен жасалған тиісті шарттардың негізінде осы Кодекспен қарастырылған міндеттемелерді өздеріне қабылдайды және Қоғамда және оның еншілес, тәуелді ұйымдарымен қарым-қатынастарда оның ережелерін сақтауға міндеттенеді.

8. Кодексте келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:


Директор/лар

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі/лері

Акционерлер

Қоғамның акционерлері

Мүдделі тұлға

Құқықтарының жүзеге асырылуы Қоғамның қызметімен байланысты және Заңдармен қарастырылған тұлға

Заңдар

Белгіленген тәртіпте қабылданған, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жиынтығы

Кодекс

Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі

Комитет/тер

Директорлар кеңесінің комитеті/тері

Аудит жөніндегі комитет

Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті

Сыйақылар жөніндегі комитеті

Директорлар кеңесінің Сыйақылар жөніндегі комитеті

Тағайындаулар жөніндегі комитет

Директорлар кеңесінің Тағайындаулар жөніндегі комитеті

Корпоративтік хатшы

Директорлар кеңесінің хатшысы – Корпоративтік хатшы

Корпоративтік қақтығыс

Төмендегілер арасындағы қарама-қайшылық немесе дау-дамай:

1) Қоғамның акционерлері мен органдары, немесе

2) ішкі аудит жұмыскерлері/мүшелері Қоғамның органдары, немесе

3) Акционерлердің мүдделеріне және Қоғамның қызметіне теріс ықпал ететін, Қоғамды корпоративтік басқару мәселелері бойынша Қоғамның мүдделі тұлғалары және Қоғам органы

Тәуелсіз директорлар

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және Жарғыға сәйкес тәуелсіз ретінде белгіленген директорлар

Акционерлердің жалпы жиналысы

Қоғамның жоғарғы органы

Басқарма

Қоғамның басқару органы

Директорлар кеңесі

Қоғамның атқарушы органы

Елеулі корпоративтік оқиға

Қоғам арқылы жасалуы нәтижесінде Қоғам қызметінің түбегейлі өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін оқиғалар мен мәмілелердің қатары

Жарғы

Қоғамның жарғысы



9. Қолданылатын, бірақ осы Кодекспен анықтамасы берілмеген терминдер Заңдарда, Жарғыда ұсынылатын мағынасында қолданылады.


ҚОҒАМ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ


10. Қоғамның миссиясы төмендегілерден тұрады:

- энергетикалық активтерді тиімді басқаруды ұйымдастыру;

- қолда бар активтерді жаңғырту, жаңалау және кеңейту бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ энергетикалық салада жаңа активтердің құрылысын салу.

11. Қоғам өз қызметін экономиканың энергетикалық саласында атқарады. Осы Кодексті бекіту күнінде Қоғам бүкіл Қазақстан Республикасында қызмет етеді.


1-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІ


1. АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚАҒИДАЛАР


12. Корпоративтік басқару Қоғам қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын білдіреді және оған Акционерлердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Қоғамның басқа да органдарының және Акционерлердің мүддесі үшін Мүдделі тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастар кіреді.

13. Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және оның капитал тартудағы шығындарын азайту құралы ретінде қарайды. Қоғам корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасындағы заңның жоғары болуын қамтамасыз етуге өзінің қосқан үлесі және оның қазіргі заманғы экономика мен жалпы қоғамдағы орнын айқындайтын фактор ретінде қарастырады.

14. Қоғамды корпоративтік басқару әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, айқындылық, кәсібилік және құзыреттілік қағидалары негізінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғамның қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді білдіреді және Қоғам қызметінің сәтті болуына, соның ішінде оның құндылығының өсуіне, қаржылық тұрақтылықты және табыстылықты ұстауға ықпал етеді.

15. Осы тармақта жазылған Корпоративтік басқару принциптері Қоғамды басқарумен байланысты туындайтын қарым-қатынастардағы сенімділікті қалыптастыруға бағытталған және Кодекстің кейінгі бөлімдерінде қолданылған барлық ережелер мен кепілдемелердің негізі болып табылады.

Осы Кодекстің негізгі принциптері:

Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принципі;

Қоғаммен, Директорлар кеңесімен және Басқармамен тиімді басқару принципі;

Қоғам қызметінің өз еркіндігі принципі;

Қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялаудың айқындылығы мен объективтілігі принциптері;

заңдылық пен этика принциптері;

тиімді дивидендтік саясат принциптері;

тиімді кадр саясаты принциптері;

қоршаған ортаны қорғау принципі;

корпоративтік қақтығыстарды және мүдделер қақтығыстарын реттеу саясаты;

жауапкершілік принципі болып табылады.

16. Қоғамның корпоративтік басқару құрылымы Заңдарға және Қоғам органдары арасында міндеттерді нақты бөлуге сәйкес болуы тиіс.

17. Кодексте жазылған корпоративтік басқару принциптерін ұстану, Қоғам қызметін объективтік талдауды жүргізу және тиісті кепілдемені алу, аналитиктерден, кеңес берушілерден және қажет болған жағдайда рейтингтік агенттіктерден бағалар алу үшін тиімді қадам жасауға ықпал етуі тиіс.


1.1. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ПРИНЦИПТЕРІ


18. Қоғамдағы корпоративтік басқару Акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен құрметтеу принципіне негізделген және Қоғам қызметінің тиімді болуына, соның ішінде оның активтерінің өсуіне, қаржылық тұрақтылықты және табыстылықты ұстауға ықпал етеді.

19. Акционерлердің Заңдармен және Жарғымен қарастырылған құқықтары бар.

20. Корпоративтік басқару Акционерлерге Қоғамды басқаруға қатысумен байланысты өз құқықтарын жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Қоғамның органдары Заңдардың және Жарғының нормаларын бұзатын әрекеттер жасағанда, Акционерлердің, Заңдармен қарастырылған тәртіпте, өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы үшін мемлекеттік органдарға шағымдануға құқығы бар.

21. Қоғам мен Акционерлер арасында ақпарат алмасудың тәртібі Заңдармен, Жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.

  1   2   3   4   5

Похожие:

«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының 2011-2015 жылдарға арналған кадр саясаты астана қ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының 2010-2020 жылдарға арналған Кадр стратегиясына сәйкес әзірленіп,...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2010 жылы өткен корпоративтік шараларының күнтізбесі
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Богатырь Көмір» жшс-ға иелік етуші «Forum Muider B. V.» компаниясының 50 пайыз акциясын сатып алуымен...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже
Директорлар кеңесімен, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқармасымен, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарымен...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ iconДиректорлар Кеңесінің шешімімен
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ iconСамұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25
Осы Жарғы Қазақстан Республикасының (бұдан әрі «ҚР») заңнамасына сәйкес жасалынған, «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница