Газ және газоконденсат кен орындарын




НазваниеГаз және газоконденсат кен орындарын
страница6/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/med1_33.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6-тарау. Газды және газоконденсат ұңғаларын пайдалану


1-параграф. Газды және газоконденсаттық ұңғыларды пайдаланудың жағдайы мен тәсілдері


258. Газды және газоконденсаттың ұңғылардың пайдалану тәсілдерін бірқатар геология-техникалық тәсілдер және фактілермен анықтайды.

Оған жататындар:

1) қат қысымының көлемі және ұңғылардың жұмыс дебиті;

2) газдың физикалық-химиялық және тауарлық сипаттамасы (буға айналғыш ылғалдың, конденсаттың, күкіртқышқылы, көмірқышқылы, органикалық қышқылдар және тағы басқаларының сандары);

3) өнімді қаттың коллектор-таужынысының сипаттамасы (цементтелмеген, нашар цементтелген, қалың және тағы басқалары);

4) ұңғы бағанасының термодинамикалық жұмыс жағдайы және бағанада гидраттың пайда болу жағдайы;

5) бір ұңғымен пайдаланылатын қаттар саны және өнімді горизонттарды ашу жағдайы;

6) өндірістік өңдеу және газды тұтынушыларға жеткізу үшін қат қысымын көтеруді пайдалану жағдайы;

7) ұңғылардың ГВК (немесе РНК) қатынасы бойынша орналасады.

259. Осы аталған жағдайлар және факторларға байланысты газды және газоконденсатты ұңғыларды пайдаланудың келесі тәсілдерін қолдануға болады:

1) фонтан құбыры бойынша пайдалану (пакерсіз немесе құбырдың сыртын пакерсіздендіру);

2) екі немесе бірнеше өнімді қаттарды фонтан құбырлары және пакерлер арқылы бірге және жеке пайдалану.

260. Пайдаланылатын колонналарға фонтан құбырларын жібермей қуаты шамалы (10-15 м ), төменгі қат қысымы (90-60 кг/см2) және гидрокоррозиялық компоненттері жоқ, дөңес және дөңеске қосылған бөлігі бар жоғарғы дебитті ұңғыларда конденсаттың сұйығы толық шығатын газ ұңғыларын пайдалануға болады.

261. Фонтан құбырларын түсіру:

1) газда болатын қатты қоспалар және агрессивті компоненттері бар эксплуатациялық бағанасы коррозиядан және эрозиядан сақтау;

2) ұңғы забойынан жоғарыға сұйықтарды және механикалық қоспаларды шығару, сөйтіп, оның өнімділігін жақсарту;

3) кездесетін қиындықта ұңғыны басқаратын жағдай тудыру;

4) ортақ бағана арқылы бірнеше өнімді горизонттарды бірмезгілде және бөлек пайдалану пакердің көмегімен бөлінген (фонтан құбыры және сақина кеңістігі бойынша).

262. Газда агрессивті компоненттер болған кезде (күкіртқышқылы, көмірқышқылы, органикалық қышқылдар және тағы басқалары) және қатты жоғары қысым болып, эксплуатациялық бағананың іріп-шіру мүмкіндігі сақталғанда, газ және газоконденсат ұңғыларын пайдалану фонтан құбырлары бойынша жүзеге асады.

263. Нақты жағдайларға байланысты құбырдың сыртқы жақ кеңістігі пакерлердің көмегімен оқшаулануы мүмкін және тұнбасы болмайтын немесе оқшауланбайтын және бейтарап сұйық жайылатын.

264. Оқшауланбаған құбырлар арасындағы антикоррозиялық ингибаторларды жіберуге болатын эксплуатациялық бағаналардың герметикасы болған жағдайда, фонтан құбыры бойынша ұңғыларды пайдалануға болады.

265. Фонтан құбырлары диаметріне байланысы анықталады:

1) ұңғылардың ең көп жұмыс дебиті күтілгенде;

2) оқпанда барынша болатын қысымның өзгеруі;

3) фонтан құбырларында қажетті шапшаңдықтарды алу (фонтан құбырының башмагындағы шапшаңдық 5-10 м/с болуы керек), ұңғылар забойынан сұйық және қатты қосындыларды шығаруды қамтамасыз ететін;

4) пайдаланылатын колонналардың (оқпандардың диаметрі тұрған ұңғыларда);

5) газда агрессивті компоненттердің болуы немесе жоқтығы.

266. Газ және газоконденсат ұңғалары забойынан сұйық және механикалық қоспаларды жою үшін плунжерлі лифтіні қолдану ұсынылады. Забойдағы суды құрғату үшін басқа да әдістерді қолдануға болады – кезеңдік пайдалану, көпіретін сұйықтарды пайдалану және коллекторды автоматпен үрлеуді пайдалану және тағы басқалары.

267. Құмның үнемі шығуы жағдайында құбыр сыртындағы кеңістік пен фонтан құбырларын бір мезгілде пайдалануға болмайды.

268. Ұңғыларды қысқа мерзімді зерттеу: нақты жағдайға байланысты газ және газоконденсат ұңғыларын жоғарыда келтірілген кез келген әдіспен жүргізу рұқсат етіледі.

269. Фонтан құбырлары (пакермен) бойынша бір ұңғының бірнеше горизонттарын бірмезгілде және жеке пайдалану құбыр сыртындағы кеңістікте құбыраралақ кеңістікте өндірілген газда агрессивті компоненттердің болмауы, интенсивті коррозияны тудыратын және фонтан құбырларын ұстап тұру мүмкіндігінің жоқтығында жүзеге асуы қажет.

270. Фонтан арматурасы ұңғы сағасындағы температуралар және газ қысымын өлшеуді пайдаланудың қай әдісінде болмасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ұңғылардың жұмыс істеп тұрған кезінде оған тереңдік приборларын түсіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.


2-параграф. Газ және газоконденсат ұңғыларында технологиялық

жұмыс режимін белгілеу


271. Әр ұңғы геологиялық және технологиялық жағдайларға сәйкес ұңғының қалыпты жұмыс режимін қамтамасыз ететін оңтайлы жұмыс режимін белгілеу керек.

272. Ұңғылардың бастапқы технологиялық жұмыс режимін, стационарлық сүзгі режимінің әдісі бойынша өткізілетін, осы ұңғыларды сынау нәтижесі бойынша және бұдан бұрынғы тәжірибелерді пайдаланудың нәтижелері бойынша, сондай-ақ, шоғырдың геологиялық-кәсіптік ескертуімен анықталады.

273. Ұңғылардың технологиялық жұмыс режимі және күнделікті жұмыс дебиті келесі негізгі факторларды есептеумен белгіленеді:

1) құмның шығуы, ұңғыларды зерттеу үрдісінде белгіленетін сол қаттың забой төңірегіндегі аумақтық бұзылуына және жерасты мен жерүсті жабдықтарының іріп-шіруіне әкелуі тиіс;

2) ұңғылар забойын су басу қаупі;

3) ұңғылардың құрылымы және техникалық жағдайы;

4) газды ұңғылардың, судың конденсациясын көміртегілерді және оларды жоғарғыға шығару жағдайын есептегендегі температуралық режимі;

5) технологиялық режим ұңғының оқпанында гидраттың пайда болмауын қамтамасыз етуі керек;

6) жағдайға қарай газ және газоконденсатты жинау мен тасымалдау, ұңғы саласындағы жұмыс қысымын қамтамасыз ету.

274. Жеке ұңғылар бойынша технологиялық жұмыс режимі мүмкіндігінше оңтайлы газ дебитін алуды және кен орындарын (шоғырлар) қазудың тиімді жағдайын, қазба байлықтары мен техника қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі керек.

275. Кен орындарының (шоғырлар) нақты жағдайына байланысты уақыттың белгілі кезеңінде келесі технологиялық режим тағайындалады:

1) қысым градиентінің тұрақты режимі-өнімді коллектордың бүліну мүмкіндігіне байланысты тағайындалады. Бұл режимді тұрақты депрессия режимімен ауыстыруға болады, алайда әрбір нақты жағдайда, бұл ауыстыруды дәлелдеу керек;

2) қаттың забой төңірегіндегі аумақта газды сүзгіден өткізудің тұрақты шапшаңдық режимі-бұл да өнімді коллектордың бұзылуы мүмкін жағдайда, сондай-ақ, қаттың забой төңірегіндегі аумағын сазды ерітіндіден тазарту;

3) тұрақты депрессия режимі - суланудың конустары мен тілдерінің пайда болу қаупі;

4) ұңғы басындағы тұрақты қысым режимі-штурсіз ұңғы жұмысы кезінде немесе табиғи газды алғашқы өңдеу алдындағы белгілі бір қысымды ұстап тұру үшін орнату;

5) қандай бір шектеудің болмауынан бағананың өткізу мүмкіндігін санамағандағы дебиттің тұрақты режимі уақытша болып саналады, өйткені уақыт өте бұл дебиттің мөлшері азаяды.

276. Ұңғы жұмысының технологиялық режимі күнделікті пайдалану және ұңғыны зерттеу деректері нәтижесінің негізінде тоқсан сайын жасалынады және акционерлік қоғам оны бекітеді. Дебиті тәулігіне 1 млн. м3 және одан жоғары ұңғы жұмысының режимін Ұлттық компания бекітеді.

277. Ұңғы жұмысының реттелуі:

1) топтық жинау пункттеріндегі әр ұңғы үшін немесе ұңғы сағасына орнатылатын штуцерлермен;

2) газ жинау жүйесіндегі газдың қарсы қысымымен.

278. Ұңғы режимін ауыстырған соң, жаңа технологиялық режимнің көрсеткіш жұмысын орнату керек, онда анықталады:

1) ұңғылар дебиті;

2) забой қысымы (жұмыс депрессиясы);

3) буфердегі, құбыр сыртындағы кеңістікте, колонналар арасындағы кеңістікте, штуцерге дейін және штуцерден кейінгі қысым мен температура;

4) сұйық (конденсат, су) және қатты қоспалар саны.

279. Барлық көрсеткіштер, сондай-ақ, ұңғылардың жұмыс режиміндегі қандай бір өзгерістер, қолда бар формаларға тиісті тіркеледі және құжатталынады.

280. Белгіленген ұңғылар жұмыс режимінің бұзылған жағдайында газ өндіруші ұйымның басшылығы оны қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қолданады.

281. Торапты газ құбырына газ беруді реттеу жүзеге асады:

1) ұңғылардың біраз бөлігін ажырату немесе оларды реттеумен;

2) штуцерлердің көмегімен жеке, арнаулы бөлінген ұңғылардың жұмыс режимінің өзгеруі; бұл ұңғылар бойынша технологиялық режимнің өзгеруін геологиялық қызметі қатаң шектейді.

282. Ұңғы дебитінің күнделікті реттеуін ұңғы жұмыс режимінің өзгергені жөнінде кәсіпшілік диспетчерінің нұсқауы журналға міндетті түрде жазуды оператор жүргізеді.

283. Тағайындалған режим бұзылған жағдайда қиындық тудыратын ұңғылар бойынша, режимді реттеуге рұқсат етілмейді.

284. Газы мол қат немесе жалпы объект бойынша газды күнделікті жинау көлемі бекітілген қазу жобасына тиісті белгіленуі керек.

285. Пайдаланылатын ұңғылар бойынша газды жинау нормасын (технологиялық режим) кәсіпшілік тоқсан сайын қаттар бойынша белгіленген газ жинау негізінде жасайды.

286. Қаттар және объектілер бойынша күнделікті газ жинау жоспарын тоқсан сайын бір рет қазу жобасына сәйкес және пайдаланылатын ұңғылар бойынша (технологиялық режим) газ жинау нормасын бекіткен өндіруші кәсіпшіліктер жасайды.

3-параграф. Ұңғылардың жер үсті және жерасты жабдықтары, оған қойылатын талаптар және осы жабдықтарға қызмет көрсету


287. Газ ұңғыларының жерүсті жабдықтарына сағадан топтық жинау пункті немесе газ жинағыш коллекторлар жатады:

1) фонтан арматурасы (шырша)

2) ұзындығы әртүрлі және әртүрлі диаметрлі шлейфтер (сүйреткі) топтық пункт пен ұңғы дебитінің орналасуына байланысты;

3) реттелетін немесе қарапайым штуцер;

4) тиісті қысым мен жібергіш мүмкіндігі бар сепаратор, әр ұңғыға жеке немесе бірнеше ұңғыларға ортақ;

5) газды тасымалдау, төмен қысымды қаттар үшінгі эжекторлар, оларды жоғары қысымды газбен араластыру есебінен;

6) жабдықтар жиынтығы (метанольді күбіше, ДЭГ-тің қалпына келтіретін бағанасы, мөлшерлі сорғыш, ұңғылар салаларындағы газды жылыту пеші) шлейфтердегі, сепараторлар мен эжекторлардағы гидраттармен күресу үшін.

288. Газоконденсат ұңғыларының жерүсті жабдықтарына жатады:

1) фонтан арматурасы (шырша);

2) шлейф;

3) конденсатты жинау үшін сыйымдылығы бар жоғары қысымды сепаратор;

4) «құбыр ішіндегі құбыр» нобайдағы жылуалмастырғыштар;

5) реттелетін немесе қарапайым штуцер;

6) қысым және жіберу мүмкіндігі бар төмен температуралы сепаратор;

7) жылу алмастырғышта да және реттелетін штуцерлерде, сондай-ақ, төменгі температуралы сепараторда пайда болатын гидраттармен күрес үшін жабдықтар жиынтығы (мөлшерлі сорғыш, диэтиленгликоль сыйымдылығы, (одан әрі-ДЭГ ), ДЭГ пешін қайта салу, ДЭГ және конденсат тұндырғыш-бөлгіштері, салқындататын жылу алмастырғыштар және ДЭГ-ті жылытқыштар).

289. Топтық жинау пункттеріндегі (сепараторлар, штуцерлер, жылуалмастырғыштар, конденсатжинағыштар және тағы басқалары) газ және газоконденсат ұңғыларының жерүсті жабдықтары газ өндіру жөніндегі оператордың жиі қадағалауында болады, оператор олардың ақаусыз және қалыпты жұмыс істеуін ұқыппен бақылайды. Әсіресе, газ құрамында коорозиялық элементтері болатын (күкіртқышқылы және көмірқышқылы) ұңғылардың фланецтік (ернемек), бұранды, дәнекерлікпен жалғастыруына және қатыру арматурасына ерекше көңіл бөлінеді.

290. Ұңғылардың кейбір жеке бөлшектері немесе жабдықтар түйіндерінің ақаулары болса, онда анықталған ақауларды жөндеу үшін шұғыл шаралар қолдану немесе ақауы бар бөлшектер мен жабдықтар түйіндерін алмастыру қажет.

291. Ұңғылар немесе жинау пункттерінде орнатылған жабдықтарды (жаңасын да және пайдаланып тұрғандары да) алдын-ала оның пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін қазанбақылау ережелеріне тиісті баспақтау (опрессовка) қажет.

292. Газ және газоконденсат ұңғыларының фонтанды және қатыру арматуралары келесі негізгі талаптарға сай келеді:

1) қатыру элементін көп ретте ашып-жапқан кездегі герметикасы;

2) бір адамның күшімен қатыру элементінің толық ашылып-жабылу мүмкіндігі;

3) газқұбырына газ беруді тоқтатпай-ақ нығыздайтын сальниктерді ауыстыру мүмкіндігі;

4) статикалық сағалық қысымның екіреттік запасына есептелінеді.

293. Топтық жинау пункттерінде қажет жағдайда қашықтықтан басқаратын, ал кейбір жағдайларда телебасқару қатыру арматурасы қолданылады.

294. Газ құрамында коррозиялық компоненттері бар ұңғыларды пайдалану үшін коррозияға қарсы тұра алатын материалдан жасалған арнаулы қатыру арматурасы қолданылады.

295. Пайдалану алаңдарындағы ұңғылар үшін фонтан арматурасын таңдағанда оның беріктігі ұңғылар сағасындағы барынша күтілген қысымға және фонтан арматурасын беру техникалық жағдайларда көрсетілген қысымдағы беріктілік пен герметикаға сай келуі тиіс.

296. Жаңа газды алаң үшін (барлау ұңғылары), егер өте дәл мәліметтері болса, ұңғылар сағасындағы есептелінген қысым гидростатикалық қысымға тең ретінде плюс 25 % қабылданады.

297. Ұңғаның фонтандық арматурасын типтік сұлбаның (схема) бойынша бекітілген қалыппен таңдау және орнату керек.

298. Мерзімінен бұрын тозуды болдырмау, сондай-ақ, қысымды жоғарылатуды төмендету үшін өту ысырмаларды кесіп өтетін (крандар) және «шырша» бөлшектері (шарғылар, тройниктер, крестовиктер, буферлер) фонтан құбырларының қимасынан кем болмайтын қимасы болады.

Ескерту: бұл тармақша салалық қысым 200 см2/кг асатын ұңғыларға тарамайды.

299. Газ және газоконденсат ұңғыларының жерасты жабдықтарына жататындар: газды забойда жинақталған сұйықты шығару ретінде қолданылатын фонтан құбырлары, ұңғы забойларын сұйықтардан тазарту үшін қолданылатын сифон түтіктері, өнімді горизонттарды ажырату үшін қолданылатын забой штуцерлері, пакерлер немесе газ құрамында болатын коррозия компоненттерінен пайдаланылатын колонналарды оқшаулау үшін, фонтан құбырларында орнатылған сақтандыратын қақпақшылар және шлейфтердің бұзып өтуінен болған фонтандардың ашылуын немесе фонтан арматурасынын коррозиялық бұзылудан және плунжер қондырғыларының ұшатын қақпақшаларын ескерту үшін белгіленген.

300. Фонтан жәнек сифон құбырларының башмактарын орнату тереңдіктері пайдаланылатын ұңғылардың ерекшеліктерімен және коллекторлардың орнықтығымен анықталады. Фонтан құбырларын іліп кету қаупі болмағанда, оларды сүзгінің төменгі тесігіне дейін тіпті бұған жағдай болса, мүмкін зумпқа жіберуге болады (шахта түбінде су жиналатын шұңқыр) да (колоннаның бұзылуы немесе майысуы, тығыны жоқ болса).

301. Фонтан және сифон құбырларының бұранды жалғаныстары мерзімінен бұрын тозуынан сақтау үшін, сондай-ақ, олардың герметикасын нығайту үшін, арнайы майлайтын майды пайдалану қажет.


4-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарындағы пайдаланылатын, байқайтын және пьезометрикалық ұңғылардың жұмысын тез (оперативті) басқару


302. Газ және газоконденсат кен орындарындағы кәсіпшілік қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі пайдаланылатын, байқайтын және пьезометрикалық ұңғылардың жұмысын тез сондай-ақ, шоғырларды (объектілер) технологиялық пайдалану процестерін байқау, пайдаланылатын ұңғалардың технологиялық режимін бақылау, басқару және өзгерту жөнінде дер кезінде шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

303. Пайдаланылатын ұңғыларды тез тікелей бақылауына жатады:

1) пайдаланылатын ұңғылардың қор жағдайын бақылау;

2) жұмыс уақыты кезінде және ұңғылар дебитінің, сағалар қысымы мен температуралардың өзгеруін бақылау.

304. Пайдаланылатын ұңғылар бойынша судың, құмның, конденсаттың (мұнай жиегінде болған жағдайда, мұнайдың да) шығуын үнемі бақылап отыру керек. Сепаратордан шыққан конденсаттың және судың үлгісін кезең сайын талдауға тапсыру қажет. Өлшеу кезеңі (талдау) және оған қоятын талап геологиялық-пайдаланудың нақты жағдайына байланысты анықталады, бірақ, тоқсан сайын бір реттен кем болмауы керек.

305. Күнделікті тез бақылаумен бірге ұңғыларды үздіксіз зерттеу бірге жүргізілуі қажет.

306. Өзінің маңызына қарай өндірістік пайдалану кезінде газ және газоконденсат ұңғылары күнделікті, бақылаушы және арнаулы болып бөлінеді және ол келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

1) күнделікті зерттеу технологиялық жұмыс режимін орнатуды және қат забой төңірегінің аумақтық және ұңғылардың параметрлерін тексеруді мақсат етеді;

2) зерттеуді бақылау қажеттілік бойынша жүргізіледі және күнделікті зерттеулердің мәліметтер дәлдігін тексеруді мақсат етеді;

3) арнаулы зерттеулер, өнімділік сапасына әсер ететін жеке факторларды сонымен бірге ұңғыларды және бүтіндей шоғырларды пайдалану жағдайын анықтайды.

307. Байқайтын және арнаулы зерттеулерді өткізгенде, коллектордың бүліну және жер үстіне құмның үйілу қаупі болғанда, сондай-ақ, забой төңірегіндегі аумақта сұйық заттың шыққан жағдайында, шығарылған механикалық қоспалар мен сұйықтардың сандары бойынша және олардың шығу жағдайына байланысты өкілді деректерді алу үшін егжей-тегжейлі, мүмкіндігінше ұзақ зерттеулер қажет.

308. Ұңғыларды әртүрлі режимдерде зерттегенде артық газдың зая кетуін болдырмау үшін, газды газқұбырлары арқылы жіберу қажет.

309. Сыналатын ұңғы әлі газқұбырына қосылмағанда атмосфераға газды шығаруға болады немесе газжинайтын желілерде қысым дебиттерінің және депрессиялардың қажетті диапазонын алуға мүмкіндік бермесе.

310. Пьезометрикалық ұңғылар бойынша забойдың сапасыз жағдайын анықтағанда жуу және өнімді интервалды қосымша перфорациядан (теспелеу) өткізу қажет.

311. Байқайтын және пьезометрикалық ұңғылар бойынша бақылау өлшеуішін тоқсанына бір реттен кем болмайтын уақытта үнемі өткізу қажет. Жедел бақылау үшін байқайтын әр ұңғы бойынша «уақыт-қысым» және «таңдап алу-қысым» графикасын жүргізу керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Газ және газоконденсат кен орындарын icon«Бекітемін» «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедра меңгерушісі Жабағиев А. М
«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісімен оқырмандар конференциясын өткізу туралы келісу
Газ және газоконденсат кен орындарын iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Газ және газоконденсат кен орындарын iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Газ және газоконденсат кен орындарын icon050706 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»
Техногендік жерсілкінулері” пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «050706 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мемлекеттік...
Газ және газоконденсат кен орындарын iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Газ және газоконденсат кен орындарын iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Жыныстарының және жер бетінің жылжу процесін, тұрақтылығын зерттеуге байланысты құрастырылған. Олар жарықшақтардың кеңістік бағыты...
Газ және газоконденсат кен орындарын iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

Газ және газоконденсат кен орындарын iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау
Тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы, геофизика, маркшейдер ісі және жер қойнауының геометриясы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница