Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы




Скачать 307.03 Kb.
НазваниеАуыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер307.03 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.agro.vko.gov.kz/kz/files/crediting1_14.doc
  1   2   3

№ исх: ск-443,1, 5/6526 от: 24.04.2012 1:00:00

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ




ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ


КАЗАХСТАН


2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 2012 года




данасы экз. №


Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша

сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы


«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



№ исх: ск-443,1, 5/6526 от: 24.04.2012 1:00:00

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің

2012 жылғы « » __________ № қаулысымен 

бекітілген


Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша

сыйақы ставкасын субсидиялау

қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және қарыз алушылардың кредиттер (лизинг) бойынша сыйақыны төлеуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге 2012 жылға арналған 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен субсидиялар беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

2) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;

3) қарыз алушы – меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға;

4) кредит (лизинг) – қаржы институты қарыз алушыға кредиттік келісім негізінде ұсынатын ақша сомасы (лизинг нысанасы);

5) кредиттік келісім – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз (қаржы лизингі) шарты;

6) сыйақы ставкасы – қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері.


2. Субсидиялар берілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін

(қайта өңдейтін) кіші салалар және шығындардың түрлері


3. Қаржылық қолдау көрсету мақсатында субсидиялар республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай басым бағыттар бойынша беріледі:

1) «А» тобы:

жемістерді, жидектерді, көкөністерді қайта өңдеумен және жеміс-көкөніс консервілерін өндірумен;

құс етін, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын өндірумен;

балықты және балық өнімдерін қайта өңдеумен;

сүтті қайта өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен;

майлы дақылдарды қайта өңдеумен және май-тоң май өнімдерін өндірумен;

етті қайта өңдеумен және ет өнімдерін өндірумен;

ақ қант өндірумен;

жүгеріні қайта өңдеумен айналысатын қарыз алушылар;

2) «Б» тобы:

былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен;

жармаларды өндірумен айналысатын қарыз алушылар.

4. Субсидиялар:

1) мыналарға:

бастапқы және өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін ауыл шаруашылығы шикізатын, дайын өнім өндіруге қажетті қосалқы шикізат пен материалдар сатып алуға;

жанар-жағар май материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, машиналарын, сорғы станцияларын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, жем-шөп, ветеринариялық препараттарды және маусымдық жұмыстарды жүргізуге арналған басқа материалдық ресурстарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы малдарының төлдерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда);

ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техниканы, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда);

дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрлі қозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған кредиттер бойынша;

2) мыналарға:

ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін жарақтандыруға қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда);

дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрліқозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған лизинг бойынша;

3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген кредиттерді (лизингті) қайта қаржыландыруға алынған кредиттер (лизинг) бойынша «А» және «Б» топтарының қарыз алушылары шығындардың бір бөлігін өтеуге байланысты шығыстық міндеттемелерді орындаған кезде берілед.


3. Субсидияларды беру шарттары


5. Қаржы институттары меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен берген кредиттер (лизинг) субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақы ставкасы қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасынан асуы, бірақ жылдық 14%-дан (он төрт пайыздан) артық болмауы тиіс. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттер (лизинг) сомасы ұлттық валютада бір қарыз алушыға 3000000000 (үш миллиард) теңгеден аспауға тиіс.

Шетелдік валютадағы кредиттер (лизинг) сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит беретін күнгі қолданыстағы ресми бағамына сәйкес ұлттық валютада жоғарыда көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс.

Субсидиялауға жататын кредиттік лимит сомасы 2012 жылдың ішінде мерзімінен бұрын немесе уақтылы өтелген кредиттерге (лизингке) де қолданылады.

6. Субсидиялау мерзімі 12 (он екі) айды құрайды.

Бұл ретте қолданыстағы кредит (лизинг) бойынша субсидиялау бойынша есеп беру мерзімі өткен жылғы субсидияларды игеру аяқталған сәттен немесе 2012 жылғы 1 қаңтардан басталады.

Қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (лизинг) бойынша субсидиялар қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептеледі.

7. Республикалық бюджеттен субсидиялар мынадай мөлшерлерде беріледі:

1) «А» тобының қарыз алушылары алған кредиттер (лизинг) бойынша қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының 100 пайызы мөлшерінде;

2) «Б» тобының қарыз алушылары алған кредиттер (лизинг) бойынша қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының 60 пайызы мөлшерінде.

8. Басқа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялар алатын қарыз алушылардың кредиттері (лизингі), сондай-ақ арнайы аккредитивтік қызмет көрсету бойынша кредиттер субсидиялауға жатпайды.


4. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды

бөлу жөніндегі комиссияның құрылуы


9. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелері мен хатшысы бар қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөнінде комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссияның құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссияның құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді, бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс.

Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

10. Комиссияның отырысы 2012 жылғы мамыр айының төртінші бейсенбісінде өтеді.

2012 жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның қайталама отырысы 2012 жылғы тамыз және қазан айларының бірінші сейсенбісінде өтеді.


5. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша

сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен

қаражат беру тәртібі


11. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

1) қаржы институттарын айқындау (осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда қосымша айқындау жүргізіледі);

2) 2012 жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарының өтінім беруі;

3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу.

12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша қарыз алушыларға республикалық бюджеттен берілетін субсидиялардың көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

W1 = 0,8W + 0,2W,

мұнда:

W1 бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі, теңге;

W – А тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге;

W– Б тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге.

13. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мөлшерлерге сәйкес, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес айқындалған топ ішіндегі кезектілік тәртібімен қарыз алушыларға субсидиялар бөледі.

Қаржы институттары ұсынған өтінімдерге сәйкес бір топ ішінде субсидияларға деген барлық қажеттілік қанағаттандырылған және онда бөлінбеген қаражат қалдығы түзілген жағдайда комиссия аталған қаражат қалдығын басқа топтың қарыз алушыларына бөледі.

Егер бірінші айқындау қорытындылары бойынша бөлінбеген қаражаттың қалдығы түзілсе, онда комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша субсидиялар көлемін мынадай формула бойынша айқындайды:

Wо = 0,8Wоа + 0,2Wоб,

мұнда:

Wо бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, теңге;

Wоа – А тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге;

Wоб – Б тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге.

Егер қалған қаражат осы немесе басқа топтағы субсидияларға деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, онда комиссия қалған қаражатты бір топ ішінде тең үлестермен кредит (лизинг) бойынша сыйақы сомасына тікелей пропорционалды түрдес дербес бөледі.


6. Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарын

айқындау


14. Айқындауға қатысуға ниет білдірген қаржы институттары бюджеттік бағдарлама әкімшісіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа);

15. Қаржы институттары осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды мөрленген конвертте ұсынады, онда:

1) қаржы институтының толық атауы және мекенжайы;

2) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайы: 010000, Астана қ., Кенесары көшесі, 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, 1402 кабинет;

3) мынадай:

«039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бағдарламасы бойынша қаржы институттарын айқындау»;

«Қаржы институттарын айқындау жүргізілгенге дейін ашылмасын» деген сөздер көрсетіледі.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – қаржы институттарын айқындау жүргізілетін күні 12 сағат 00 минутқа дейін.

16. Комиссия хатшысы айқындауға қатысуға арналған қаржы институттарының құжаттарын нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс арнайы журналда тіркейді.

Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде қаржы институттарын айқындауды жүзеге асырады және айқындау жүргізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындаудан өткен қаржы институттарының тізбесін қалыптастырады.

Қаржы институты айқындаудан өткендігі туралы комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда 2012 жыл ішінде қосымша айқындау талап етілмейді.

  1   2   3

Похожие:

Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы icon«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
Жыл сайын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconҚаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconҚарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру»
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін...
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconТұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница