Ережесін бекіту туралы




НазваниеЕрежесін бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish339571_7203.doc
  1   2   3   4




БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ








Алматы қ.


г. Алматы


2011 жылғы «__» _____ ___


Банктерді ерікті тарату

ережесін бекіту туралы





Қазақстан Республикасында банктерді ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса берілген Банктерді ерікті тарату ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 60 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4688 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитеті

Төраға Б.Т. Берсебаев

2011 жылғы «___» _________ _____________________

(қолы, күні, елтаңбалық мөр)


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы ___ _________

№ ____ қаулысымен бекітілді


Банктерді ерікті тарату ережесі


Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясы жұмысының, ерікті таратылатын банктің кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктерін, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту тәртібін, тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін қамтамасыз ету талаптарын, сондай-ақ қолма-қол ақшаны тарату комиссиясының ағымдағы шотына тапсыру мерзімдерін (бұдан әрі – кассалық тәртіп) айқындайды.

Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшелігі осы банктер мен олардың құрылтай құжаттарын құру туралы халықаралық шарттарда (келісімдерде) белгіленеді.

Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.


1-тарау. Банкті ерікті тарату үдерісінің басталуы


1. Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерікті таратуға рұқсатын алған кезден бастап осының алдында берілген лицензияларының түпнұсқаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы рұқсат күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қайтарады.

2. Ерікті тарату үдерісінің басталуы банктің тарату комиссиясының құрылған күні болып есептеледі.

3. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы банктің тарату комиссиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкті, оның ішінде банктің филиалдары мен өкілдіктерін ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей құрады.

Банктің тарату комиссиясының құрамын өзгерту банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

4. Банктің тарату комиссиясы құрылған күннен бастап банкті тарату үдерісі аяқталғанға дейін:

1) ерікті таратылатын банк акционерлері жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері, оның ішінде банктің мүлкіне иелік ету және міндеттемелерін өтеу, сондай-ақ осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, банкті басқару бойынша олардың құқықтары тоқтатылады;

2) таратылатын банктің атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер егер де оны банктің тарату комиссиясының төрағасы не төраға осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заңды күшке ие болады;

3) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

4) банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар банктің тарату комиссиясы төрағасының атына ғана ұсынылады да, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылады;

5) таратылатын банктің мүлкіне шара қолдану туралы сұрату жасауға барлық заңнамалық түрде белгіленген шектеулер алынып тасталады.




2-тарау. Тарату комиссиясы


5. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап оған таратылатын банктің істерін және мүлкін басқару бойынша барлық өкілеттіктер беріледі.

Тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау үшін, соның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде өз бетінше іс-әрекет жасайды.

Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

6. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды, оның қызметінің жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес дербес жауап береді.

Банктің тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындаған орынбасар атқарады.

7. Банктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, олардың таратылуын банктің тарату комиссиясының жергілікті жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) жүргізеді.

8. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төрағаның бұйрығымен тағайындалатын оның басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басшылық жасайды.

Бөлімше басшысы өз қызметін оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы мен бөлімше тарату комиссиясы төрағасының алдында есеп береді.

Бөлімше басшысы бөлімше қызметіне және банктің филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

9. Еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда, тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында белгіленеді.

Жұмысқа қабылдау банктің тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

Жұмысқа тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе ақылы қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекіткен әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

10. Тарату комиссиясының төрағасы оралымды басқаруды жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысына және бөлімшелердің қызметіне бақылау жасайды.

11. Тарату комиссиясы банкті тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Жұмыс жоспары жарты жылдықтарға бөліне отырып, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде және кейіннен жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынылады.

Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға жарты жылдықтың нәтижелері бойынша ұсынады.

12. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.

13. Банк акционерлері банктің тарату комиссиясының құрамына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 88-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі.

14. Тарату комиссиясы:

1) тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық әділет органының ресми баспа басылымдарында кредиторлардың шағым-талаптарын (өтініштерін) ұсыну тәртібін, мерзімдерін және банк кредиторларының шағым-талаптары (өтініштері) қабылданатын мекенжайды міндетті түрде көрсете отырып, банктің ерікті таратылатындығы туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;

2) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мүліктің және онымен жасалатын мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ бағалы қағаздарды тіркеушілерге және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына банкті ерікті тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған банктің мүлкін иеліктен шығару мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ таратылатын банк кепіл ұстаушысы болып табылатын мүліктен ауыртпалық алуға тыйым салады;

3) салық органдарына банкті ерікті тарату туралы ақпарат береді;

4) тағайындалған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде таратылатын банктің банк шоттары бар банктерге қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;

5) банк басшылығынан банктің құқықтарын белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, ақпараттың электронды тасымалдауыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілерді жасай отырып, таратылатын банктің бланкілерін және барлық басқа да құжаттарын тез арада талап етеді;

6) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде банктің мүлкін қабылдайды;

7)  кассаға дереу ревизия жүргізеді, осы Ереженің 54-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын банктің ағымдағы шоттарына аударады;

8) банктің тарату комиссиясының тағайындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде банктің корреспонденттік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын банктің теңгемен және/немесе шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалдарына банктің атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымды тұлғалардың қол қою үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімінің көшірмесін, акционерлердің жалпы жиналысының банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімін банктің клиенттері қарауы үшін көрнекі жерге орналастырады;

11) тарату комиссиясы құрылған күнгі электрондық түрдегі қолда бар бухгалтерлік құжаттаманы басып шығаруды жүзеге асырады.

Мұндай құжаттама электрондық түрде жоқ болған жағдайда, көрсетілген күнге қағаз тасымалдауыштағы құжаттама негізге алынады;

12) банктің толық материалдық жауапкершілік алатын тұлғаларының, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің электрондық жүйесіне және қаржылық пен өзге де есептілікті өңдеуге рұқсаты бар тұлғалардың аясын анықтайды;

13) таратылатын банктің істері мен құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қабылдағаннан кейін банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;

14) бағдарламалық қамтамасыз етудің және ақпаратты электрондық тасымалдауыштардың, сондай-ақ банктің басқа да ақпараттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

15) банк басшыларын, қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

16) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің қажетті мөлшерін жалдайды;

17) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын белгілейді және оны талдамалық есеп деректерімен салыстырып тексереді;

18) банктің әрбір кредиторына банктің ерікті таратылып отырғандығы туралы жазбаша хабар береді;

19) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қолда бар деректемелерді және жазбаша хабарлама берудің мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, акт жасайды;

20) таратылатын банк кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды банктің бекітілген аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

21) банкті таратудың барлық кезеңі ішінде банктің құжаттары мен мүлкінің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Респбанк дебиторларынан берешекті алу шараларын қабылдайды;

23) жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде банкті тарату өндірісінің барысы туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;

24) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіздігі фактісі белгілі болған жағдайда, банкті банкрот деп тану туралы сотқа өтініш береді;

25) тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оларды банк акционерлерінің жалпы жиналысына бекіту үшін ұсынады;

26) банкті тарату аяқталған кезде құжаттарды белгіленген тәртіпте мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді;

27) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Таратылатын банктің теңгедегі және қажет болған жағдайда шетел валютасындағы ағымдағы шоты оның бас офисі орналасқан жердегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалында ашылады.
  1   2   3   4

Похожие:

Ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Ережесін бекіту туралы iconБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Ережесін бекіту туралы iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
Ережесін бекіту туралы icon«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25 тармақшасына сәйкес
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ережесін бекіту туралы iconҚредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚа басқармасының 2010. 29. 03. №50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа...
Ережесін бекіту туралы iconПсихологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру...
Ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница