"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы




Название"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы
страница1/8
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://bzav266.ucoz.org/sanitar_lyk_erezhe_sadikter_bojynsha.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6048 болып енгiзiлдi


Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқыұтық актiлерi Бюллетенi, 2010 жылғы N 3; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенi, 2011 жылғы N 1


      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 7-бабының 5) тармақшасына, 145-бабының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. «Мектепке дейiнгi ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi № 571 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2464 болып тiркелген, «Ресми газет» газетiнде 2003 жылғы 4 қазанда № 40(145) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.А. Бiртановқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрiнiң
2010 жылғы 13 қаңтардағы   
№ 13 бұйрығымен бекiтiлген 

«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерi (бұдан әрi – санитариялық ережелер) бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын жобалауға, құрылысына, реконстукциялауға, жер учаскесiне, ғимаратқа, үй-жайларды күтiп ұстауға, жөндеуге және пайдалануға енгiзуге, жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режимiне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, сумен жабдықтауға және кәрiзге, медициналық көмек көрсетуге және гигиеналық тәрбиеге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      2. Осы санитариялық ережелер қызметi барлық типтегi және түрдегi мектепке дейiнгi ұйымдарды пайдаланумен және күтiп-ұстаумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналады.
      3. Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер пайдаланылды:
      1) бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдары - Қазақстан Республикасының заңдарына, мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттары негiзiнде әзiрленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес тәрбие-бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтердi көрсететiн жеке және заңды тұлғалар;
      2) бiлiм берудiң жалпы типтегi мектепке дейiнгi ұйымдары – сыйымдылығы 4-тен бастап 12-ге дейiн топ болатын, ережеге сай өзiнiң тәрбиеленушiлерiнiң тұрақты контингентiне педагогикалық және медициналық қызмет көрсететiн және жеке тұрған ғимаратта орналасатын мектепке дейiнгi ұйымдар;
      3) шағын мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейiнгi, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлi тұрғын үйде, сондай-ақ құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналасатын мектепке дейiнгi ұйымдар;
      4) топтық бөлiк бiр топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы;
      5) топтың жинақталуы топтағы балалардың нормаланатын саны;
      6) күн тәртiбi балаларға арналған белгiленген күн тәртiбi;
      7) таңертеңгi сүзгi - инфекциялық аурулардың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;
      8) дене тәрбиесi - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабiлетiн дамытуға бағытталған қызмет саласы;
      9) тиiмдi тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас нормаларын ескере отырып, баланстанған тамақтандыру;
      10) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамның сапасын бағалау;
      11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;
      12) инсоляция - үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясын нормалайтын көрсеткiш;
      13) табиғи жарықтандыру коэффициентi (бұдан әрi - ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандыруды нормалайтын көрсеткiш;
      14) климаттық аймақ – климаттық белгiлерi (температура, ылғалдылық) бойынша бөлiнетiн аумақ
      15) септик – ағынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камерадан тұратын көлденең типтегi жер астындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс;
      16) дезинфекциялау құралдары – қоршаған орта объектiлерiнде инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою үшiн қолданылатын химиялық заттар.

2. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын орналастыруға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдары (бұдан әрi – ББМДҰ) магистральдi көшелерден, коммуналдық және өнеркәсiптiк ұйымдардан алыстатылған елдi мекендердiң тұрғын аймағында: оңашаланған жер учаскелерiнде, жеке үй иелiгiнде, үш қабаттан жоғары емес құрылған-жапсарлас үй-жайда, сондай-ақ көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабаттарында орналастырылады.
      Салынған немесе реконструкцияланған ББМДҰ-ын пайдалануға енгiзуге, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған ББМДҰ-ның қызметiне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде рұқсат етiледi.
      5. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның жер учаскелерiнде мыналар көзделедi: топтық алаң аймағы, жалпы дене шынықтыру алаңы, шаруашылық аймағы.
      6. ББМДҰ-ның ойын алаңдарының көлемдерi бiр орынға кемiнде 6 м2 қабылданады.
      ББМДҰ-ның топтық бөлiктерiнiң үй-жайлары ауданы мен балалардың жас ерекшелiгiн есепке ала отырып, топтардың жинақталуы осы ережелерге 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.
      Әртүрлi жастағы (аралас) топтардың контингентiн iрiктеуде ұйымның ондағы әрбiр жастағы топтың анатомиялық-физиологиялық ерекшелiктерiне барынша сәйкес келетiн күн тәртiбi мүмкiндiгiн есепке алуы тиiс.
      Аз жиынды ББМДҰ-нда топтарды топтастыру кезiнде мыналар:
      аралас (сәби, мектепке дейiнгi) жастағы балалардың екi аралас тобы;
      аралас жастағы балалардың екi аралас тобы және бiр дайындық тобы тиiмдi болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      7. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның үй жаны аумағында алаңы кемiнде 60 м2 болатын жеке жер учаскесi болады.
      8. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында орналастырылатын ББМДҰ-ның тұрғын үйдiң кiреберiсiмен бiрiктiрiлмеген жеке кiру есiгi болуы тиiс.
      9. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның үй жаны аумағында ББМДҰ-нан 50 метрден аспайтын қашықтықта және ББМДҰ ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе көп пәтерлi тұрғын үйден кемiнде 10 метр қашықтықта (жеке иелiктегi үйлер үшiн кемiнде 5 метр) тек ойын алаңын көздеуге жол берiледi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      10. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның ойын алаңдарында ғимараттағы топтық бөлiктерге сәйкес келетiн үй-жайдан шығу есiгiмен ыңғайлы байланыс болады. Сәби жастағы балаларға арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есiгiне тiкелей жақын орналасады.
      11. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сәйкес, сенiмдi және берiк орнатылады. Жабдықтың бетi шығыңқысыз және кедiр-бұдырсыз, шығыңқы бұрандасыз, суға төзiмдi және оңай тазалануы тиiс.
      12. Әрбiр ойын алаңында көлеңке бастырма орнатылады. Көлеңке бастырманың еденi жылу өткiзгiш материалдардан (ағаш және басқа да материалдар) дайындалады.
      13. Ойын алаңдарының жабыны сәби жастағы балалар үшiн шөптен, мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн шөптен және тығыздалған топырақтан болады.
      14. Мектепке дейiнгi топтар үшiн ортақ жидек-бақшасын жоспарлауға жол берiледi.
      15. Дене шынықтыру алаңы мыналарды:
      қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақты;
      гимнастикалық жабдық және спорт жабдығы бар аймақты;
      жүгiретiн жолды;
      секiру шұқырын;
      кедергi жолдарды қамтиды.
      ББМДҰ-да көлемi кемiнде 250 метр2 дене шынықтыру алаңы жабдықталады.
      Қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақтың бетi – шөптен, қалған барлық аймақтар – қатты немесе құм себiлген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болады. Тротуар плитаны қолдануға жол берiледi.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      16. Оқшауланған шаруашылық алаңы ас блогына және кiр жуатын орынға жақын орналасады, қатты жабыны (асфальт, бетон) және өз алдына бөлек көлiк кiретiн жолы болады. Аумақтағы шаруашылық алаңға кiретiн жол топтық алаңдарға қатынайтын жаяу жүргiншiлер жолдарымен қиылыспайды.
      Шаруашылық алаңда көлемi кемiнде 30 м2 болатын көкөнiс сақтау қоймасын орналастыруға жол берiледi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      17. Қақпағы бар металл қоқыссалғыштар шаруашылық аймақта бетондалған немесе асфальтталған алаңда орналастырылады.
      Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның қоқысын жинау үшiн тұрғын үйдiң ортақ қоқыссалғышын немесе контейнерлердi пайдалануға жол берiледi.
      18. Оңашаланған учаскелерде орналастырылатын ББМДҰ-ның жер учаскесiнде кемiнде 1,6 м биiктiкте қоршауы болады.

3. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарының ғимаратына және
үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      19. Ғимаратта және учаскеде топтарды әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлардан барынша оқшаулау принципi сақталады.
      20. Ғимаратқа сырттан кiретiн есiкте кеңдiгi кемiнде 1,6 метр екi қабатты тамбур көзделедi. Кiру есiктерiнiң бiреуiнiң сыртқы есiгi iшке қарай ашылады.
      Әйнегi бар есiктер орнатуға жол берiлмейдi.
      21. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның негiзгi және қосымша үй-жайларының құрамы мен алаңы осы санитариялық ережелерге 2-қосымшаға сәйкес қабылдануы керек. 2003 жылғы шiлдеге дейiн салынған және реконстукцияланған жалпы типтегi ББМДҰ-ның үй-жайларына қолданымайды.
      Сәби жастағы балалар үшiн топтық бөлiктер әрбiр топқа жеке кiру есiгi бар бiрiншi қабатқа ерекшелiкпен орналастырылады.
      Үш қабатты ғимараттардың үшiншi қабатында ересек (4 жастан бастап) жас тобындағы балалардың топтық бөлiктерi, залдар және жұмысқа арналған өзге де арнайы үй-жайлар, қызметтiк-тұрмыстық және рекреациялық үй-жайлар орналастырылады.
      Бiрiншi топтағы жас балаларды қабылдау бөлмесiнде ата-аналардың шешiнуiне және баласын тамақтандыруға арналған орын бөлiнедi.
      22. Шағын ББМДҰ-ында (шағын орталық): шешiнетiн орын холл түрiнде бiрге көзделедi. Санитариялық тораптарда әрбiр 10 балаға бiр унитаз және бiр раковина жабдықталады. Бiр үй-жайда ойын және жатын бөлмелерiн бiрiктiруге жол берiледi.
      23. ББМДҰ-да ауданы кемiнде 80 м2 болатын музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал қарастырылады.
      Шағын ББМДҰ-да:
      - музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал көздеуге жол берiлмейдi;
      - қауiпсiздiк шаралары сақталған жағдайда музыка және гимнастика сабақтарын ойын бөлмесiнде жүргiзуге жол берiледi.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      24. ББМД-ында цокольдық қабаттарда қосымша үй-жайларды орналастыруға жол берiледi.
      25. Ойын, топтық және жатын үй-жайларда табиғи тiке немесе бұрыштық желдету қамтамасыз етiледi.
      26. Фрамугалар мен желдеткiштер әрбiр үй-жайдың терезелерiнде көзделедi және жылдың барлық мезгiлiнде пайдаланылады.
      27. Баспалдақтардың биiктiгi 1,2 метр қоршауы болады. Тұтқалар ересек адамдар үшiн 0,85 метр, балалар үшiн 0,5 метр биiктiкте орналасады. Баспалдақтар қоршауының тiгiнен орнатылған элементтерiнiң саңылауы 0,1 метрден аспайтын болады, оларды көлденең орнатуға жол берiлмейдi.
      28. Негiзгi үй-жайларды санитариялық-техникалық жабдықтармен жабдықтау осы санитариялық ережелерге 3-қосымшаға сәйкес болады.
      29. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      30. Медициналық бөлме сыйымдылығына қарамастан ББМДҰ-ы үшiн бөлiнедi.
      Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, құрастырылған–жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын медициналық блоктың, ББМДҰ-дың үй-жайлар жиыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органымен келiседi.
      31. Медициналық пункттiң үй-жайлар құрамында изолятор (изолятор палатасы өту жолында орналаспаған) және дезинфекциялық құралдарды дайындауға арналған үй-жай көзделедi.
      32. Жалпы типтегi ББМДҰ-ның ас блогы құрамына мыналар кiредi: ас дайындау және жуу асүйi, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлiктерге арналған қойма және көкөнiстерге арналған қойма. Жуу, ас дайындау және бөлшектеу бөлмелерi асүйден арақабырғалықпен бөлiнедi немесе қолданылу мақсаты бойынша аймақпен анықталады.
      33. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде орналастырылатын ас блогының, ББМДҰ-ның үй-жайлар жиыны ББМДҰ-ның қуаттылығына байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органмен келiседi.
      34. Шағын ББМДҰ-да (шағын орталық) ас дайындауға аймақтауды сақтау кезiнде (шикiзатты дайындау, әзiрлеу, тарату) жұмыс iстеп тұрған асүйдiң алаңында жол берiледi. Тамақ өнiмдерiне арналған қоймалар болмаған кезде сатып алу бiр аптадан асырмай жүзеге асырылады.
      35. Көкөнiстердi және құрғақ өнiмдердi сақтауға арналған қоймалар асүйден оқшауланады.
      36. Кiр жуу және үтiктеу үй-жайлары аралас көзделедi. Кiр жуу кезiнде лас және таза төсек әбзелдерiнiң ағымы сақталады. Топтық бөлiктер мен ас блогы үй-жайларына қарама-қарсы кiр жуу бөлмесiне кiру есiгiн орнатуға жол берiлмейдi.
      Шағын ББМДҰ-ның (шағын орталық) төсек әбзелдерiн арнайы кiр жуу орындарында жууды ұйымдастыруға жол берiледi.
      37. ББМДҰ-ның қабырғалары мен едендерi тегiс болуы көзделедi және ылғалды тәсiлмен жинауға мүмкiндiк беретiн әрленуi болады.
      Топтық бөлiктердiң негiзгi үй-жайларының, музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелердiң қабырғаларының бетiнде ашық түстерiнiң күңгiрт фактурасы және жуу мен дезинфекциялауға төзiмдi болады. Ас блогы үй-жайының, кiр жуу бөлмесiнiң, үтiктеу және дәретхана бөлмелерiнiң қабырғалары 1,8 м биiктiкте глазурленген плитамен әрленуi керек.
      38. Топтық, ойын, жатын үй-жайларының, медициналық блоктың, дәлiздiң жылуды төмен өткiзетiн жабыны (паркет, тақтайша, жылытылған негiзде линолеум) болады.
      Ас блогының, кiр жуу, үтiктеу және дәретхана бөлмелерiнiң едендерiне керамикалық плита төселедi.

4. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарындағы табиғи және
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы icon«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
...
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы icon"Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconКодексінің 6-тармағының 2 тармақшасына
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы icon«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Н тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі...
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconБірінші бөлік. Еуразиялық экономикалық одақты құру
Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconБалаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекiту туралы

\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк...
\"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар\" санитариялық ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының
Мемлекеттiк санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау нысандарының тiзiмiн тiркеу журналы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница