Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы




Скачать 96.86 Kb.
НазваниеАбай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
Дата конвертации08.02.2016
Размер96.86 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://abay.vko.gov.kz/files/rep-2007-4-1-1-kz.doc
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық

даму көрсеткіштері туралы.


  1. ӨНЕРКӘСІП


2007 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 47922,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 139,2 пайыз.

Үстіміздегі жылдың 12 айы ішінде «ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 18289,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 183,8 % құрайды.

Қосалқы кәсіпорын 12 айда 27779,0 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 132,3 % болды.


  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Аудан бойынша биылғы жылдың 12 айында ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 589 шаруа қожалығы және 4500 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 9371 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113,1%), сүт – 17992 тонна (былтырғы жылмен 105,0%), жұмыртқа – 919 мың дана (102,6%).

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 238575 бас болды немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6,6% өсті, мүйізді ірі қара 35962 бас немесе 5,5%, жылқы 12393 бас немесе 3,4% өсті.

Ауданда қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 9 шаруашылық: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мағжан», «Ұлан», «Дәурен», «Жанабай», «Қарашоқы», «Айтуған» және кейіннен «Қабанбай», «Нұрсұлтан» шаруа қожалықтары айналысып келеді. Бұлардың иелігінде 30123 бас қазақтың қылшық жүнді асыл тұқымды қой малы өсіріледі. Осы малдардың 9014 басы элита класына, 13330 басы І класқа жатқызылды. Мемлекеттік тапсырыс уақытымен орындалып отыр. Бүгінгі күні 330 тонна мемлекеттік тапсырыс бойынша толығымен орындалып, 27720,0 мың тенге субсидия алынды. Сондай-ақ, «Ильяс и К» шаруа қожалығы жылқы малын асылдандыру бағытында ашылды. Болашақта МІҚ малдарын асылдандыру жоспарлануда. «Шалипан» шаруа қожалығы Коростылевское асыл тұқымды шаруа қожалығынан 293 бас қазақтың ақ бас сиырын сатып алды. Бордақылау мәртебесін алуға құжаттарын дайындау үстінде. Жаңа типтегі мал қораларын салып, келесі жылы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу жоспарланып отыр.

Ауылдық округтерде қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу мақсатында ауылдардан арнайы ғимараттар бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда Медеу, Көкбай ауылдарында мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 5 пункт бар. Болашақта қосымша тағы 4 пункт ашылады.

Аудан бойынша: «Қасқабұлақ» ЖШС-гі негізінде машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарымен, ауыл тұрғындарымен келісім шартқа отырып, тапсырыс бойынша қызмет көрсетуде.

Қарауыл ауылында да машина-трактор жөндеу шеберханасы МТС «Дерикар» ЖШС-гі негізінде ашылып, халыққа қызмет жасауда. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлердің халыққа техникалық қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. Олар халыққа аппаратура жөндеу, сваркалық жұмыс, токарлық жұмыс, шөп дайындап тасымалдау жұмыстары, қысқы отынмен қамтамасыз ету, т.б. қызмет түрлерін көрсетуде.

«Қарғалы» шаруа қожалығы негізінде жұмыс істеп отырған қымыз цехы күніне 250 литр жоғары сапалы қымыз өндіріп, аудан көлемінде, Семей қаласының дүкендерінде литрі 120 теңгеден саудалануда.

2006 жылдан бастап «Шыңғыстау несие» серіктестігі 31 шаруа қожалығы негізінде жарғылық қоры 13 337 000 теңге болып құрылып, әділет басқармасына тіркелген. Қазіргі уақытта несие желісі ашылып, Аграрлық несие коорпорациясымен 53 348 000 теңгеге 5 жылға №458 келісім шартқа отырды. Үстіміздегі жылы 27 шаруа қожалығының бизнес-жоспары қорғалып, 51948,0 мың теңге тиісті несиелері шаруа қожалықтарының есеп шотына аударылды.

2006 жылы “Ауылшаруашылығын қаржылай қорғау” АҚ арқылы ауданның 55 тұрғындарына 6,5 млн. теңге несие берілсе, 2007 жылы несие көлемі көбейіп, 65 адамға 10790,0 мың теңге несие берілді.

Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны






Малдың басы



Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны








  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.


Жасалған сараптама бойынша 2007 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында аудандық көлікпен 17300 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 13%ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

2007 жылдың 12 айында 55 мың жолаушы тасымалданған, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15% артық. Жолаушы тасымалдаудың негізгі бөлігі жеке меншік иелерінің үлесіне тиеді.

Ауданда бүгінгі күні 2118 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 233 телефон нүктесі мекемелер мен кәсіпорындардікі, 1885 жеке тұрғындар. Осы жылдың 12 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 28076,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 21,6%-ға артығымен орындалды.


  1. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.


Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2007-2008 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында аудандық топ құрылды, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына нысандарды жылу мерзіміне дайындау үшін нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде:

  • 13 білім нысандарын, оның ішінде 11 орта мектеп, 1 балабақша, 1 спорт мектебі;

  • 14 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 8-ЖДА, 5-ФП;

- аудан бойынша 11 жылу қазандығын дайындау тапсырылды.

Қысқа отын дайындау аудан бойынша: 24644 тонна көмір түсуі қажет, оның ішінде:

  • халық – 15500 тонна;

  • бюджеттік мекемелерге – 3444 тонна;

  • басқа мекемелерге - 5700 тонна.

Ауданда жылдан жылға шаруа қожалықтары өз күштерімен тұрғын үй мен мал қораларын салуда. Ауылдық округтерде шағын дүкендер, тұрғын үйлер, жанар-жағар май құю станциялары және наубайханалар салынуда.

Сонымен қатар жәке кәсіпкерлерге тұрғын үй құрылысы, мал қораларын, жанар-жағар май құю станцияларын, шағын дүкен, наубайхана ғимараттарын салу үшін үнемі құрылыс нысандарына рұхсат қағаздары жасалынып отырады. .

Орда елді мекенінде шағын комплектілі мектеп құрылысы аяқталып, 2007-2008 оқу жылына пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Шәкәрім атындағы орта мектебі қайта кәсіптік-техникалық мектепке жабдықталып, қосымша құрылыстар жасау жұмыстары қолға алынуда.

Ауыз су бағдарламасы негізінде Көкбай, Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтерінде су құбыры жүйелерінің құрылысын салу үшін сметалық құжаттары дайындалып, келесі жылы жөндеу жұмыстары басталмақшы.


5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ


1 қаңтар 2008 жылға ауданымызда 887 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 30124,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1591 адам жұмыс жасайды. Салалар бойынша: 2007 жылдың 12 айында 589 шаруа қожалығы тіркеліп, 1333 адам жұмыс атқарды және 11008,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 102 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 9068,0 мың теңге. 171 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 4039,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 11 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 187 адам жұмыс жасайды. бұлардан түскен салық көлемі 6128,0 мың теңге. Ауданымызда шағын кәсіпкерліктің негізгі салалары: сауда-саттық, нан өнімдерін шығару, дәмханалар, жолаушы тасымалдау, шаштараз қызметтері болып табылады.


  1. БАҒАЛАР


Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. 2007 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұнның және ұннан жасалатын басқа да тағамдардың бағасы көтеріліп кетті. Еттің бағасы 400-450 теңгені құрайды. Май, сүт, басқа да тағамдардың, ұннан жасалатын тамақтардың бағалары, сондай-ақ жеміс-жидектердің, бақша өнімдерінің бағалары да күннен күнге өсіп келеді. Жанар-жағар майға келетін болсақ, оның бағасы да тұрақсыз, өсу тенденциясы қалыптасуда.

Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты болып отырады.

Тағамдардың бағасы


Р\с

Тағамның атауы

өлшем бірлігі


бағалары


2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

12 айы

1

Нан

Дана

35

35

35

45

2

Ұн

Кг

37

39

39

64

3

Шәй

қорап

120

120

120

250

4

Сүт

Литр

30

30

30

80

5

Ет

Кг

300

400

370

450

6

Қант

Кг

85

85

85

110

7

сары май

Кг

300

300

350

400

8

өсімдік майы

Литр

130

130

135

300

9

Картоп

Кг

35

35

35

70

10

Пияз

Кг

35

35

55

60


7. БЮДЖЕТ


2007 жылдың 12 айында жергілікті бюджетке (субвенция мен ағымдағы трансфертпен қоса) 638324,3 мың теңге түсу керек болса, орындалысы 637685,1 мың теңге болды немесе 99,9 %. Жергілікті бюджетке түсетін кірістің жоспары 12 айда 105306,0 мың теңгеге бекітіліп, 107211,0 мың теңге болып орындалды немесе 102,0 пайыз. 12 айдың қорытындысы бойынша салықтың көп мөлшері әлеуметтік салықтан түсіп, 59437,0 мың теңгені құрады, яғни осы салықтың түрінен жоспар 100 пайызға орындалды.



  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА


2007 жылдың 12 айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 107 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. 75 адам жұмысқа орналасқан. 01.01.2008 жылға жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызды құрайды. 212 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 29 адам оқуға жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылы осы уақытта 1,4 пайыз болды.

Аудан бойынша зейнеткерлер:

а) Жасына байланысты зейнеткерлер - 2430 адам,

б) Мүгедектер - 568 адам,

в) Асыраушысынан айырылғандар - 251 адам,

г) Әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 13 адам,

д) Ұлы Отан соғысына қатысушылар - 14 адам.

2007 жылдың 12 айында аудан бойынша 140 отбасына және 484 отбасы мүшелеріне 7260,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 47 жанұяға 575,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 2194 балаға есептеліп, 23282,0 мың теңге төленді.


Жұмыссыздық деңгейі





  1. БІЛІМ


Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 3127 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 класс, 165 класс комплектісі болып отыр. Кластар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.

Абай ауданы мектептерінде 546 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 417, арнаулы орта – 118, орта білімді–11. Жоғары санатты 14 разряд – 29, 1 санатты /13 разряд/ – 135, 2 санатты /12 разряд/ - 155, Санатсыз /6-11 разрядты/ – 227.

Мектептердің барлығы да арнаулы типтік жобадағы ғимараттарға орналасқан. Биылғы оқу жылында Орда ауылында 120 балалық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріледі, Кеңгірбай би ауылында кәсіптік-техникалық училищенің филиалы ашылды.

Мектептерді компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі жылдан жылға жақсаруда. Олар лингафон, физика, химия, мультимедиялық кабинеттерімен жабдықталуда. 1997 жылы 150 балаға 1 компьютер болса, қазір 15 балаға 1 компьютерден келеді.

Биылғы 2006-2007 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінен ҰБТ-ке 175 оқушы қатысты. ҰБТ өткізу шығындарына республикалық бюджеттен 418000 теңге, жергілікті бюджеттен 200000 теңге қаржы бөлінді.

ҰБТ қорытындысы әрбір мектептегі білім сапасын айқындап берді.

2007 жылы 227 мектеп бітіруші болса, оның 77%-і – 175 оқушы Семей қаласындағы тест орталығында ҰБТден өтіп, 52 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырды.

ҰБТ-дің қорытындысы бойынша орташа балл 61,3 болды. 4 оқушы «Алтын белгі» белгісімен, 2 оқушы үздік аттестатпен бітірді.

  • 4-49 балл аралығында – 53 оқушы

  • 50-59 балл аралығында – 45 оқушы

  • 60-70 балл аралығында – 31 оқушы

  • 71-89 балл аралығында – 29 оқушы

  • 90-100 балл аралығында – 7 оқушы

  • 101-110 балл аралығында – 6 оқушы

  • 111-120 балл аралығында – 4 оқушы

Бұл көрсеткіш жылдағы көрсеткіштен жоғары. Орташа балл 2005 жылы – 52,9 болса, 2006 жылы – 58,9 болған, биыл – 61,3.


  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


Ауданда 1 орталық аурухана мен 8 ЖДА, 3 ФП және 2 ФП медициналық ғимаратсыз жұмыс атқарып отыр.

Орталық емханаға құны 15 мың доллар тұратын жаңа рентген аппараты берілді. Осы рентген аппаратын құру мақсатында рентген бөлмесі күрделі жөндеуден өткізілді.

Барлық жанұялық-дәрігерлік амбулаторияларға портативті ИВЛ аппараты, хирургиялық жабдықтар, электронды салмақ өлшегіштер, бактериоцидтік лампалар және басқа да қажетті құралдар алынды.

Ауданда санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау бағдарламасын реформалау тұрғындарды ФГ тексеруі мәселелерімен тығыз байланысты. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың басты міндеті.


11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС


Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 43 қылмыс тіркеліп, 84,4 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 2 іс тіркеліп, 66,7 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, 81,8 пайыз ашылды.


12. ДЕМОГРАФИЯ


Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштерге келетін болсақ, ауданда халық санының азаюы байқалады. 2007 жылдың 12 айында туған бала саны – 190, қайтыс болғандар саны – 107 адам, табиғи өсім 83 адам. 1 жасқа дейінгі бала өлімі – 2. Аудан бойынша келген адамдар саны – 192 адам, ал кеткені - 596 адам. Көші-қон сальдосы - 404 адам. Аудан бойынша 01.01.2008 жылға халық саны – 16766 адам.

Похожие:

Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconӘлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (кестелер)
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconАудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы
Аудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі...
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconШу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі

Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconАтқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады
Бородулиха ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница