Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
страница1/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish824911_7912.doc
  1   2   3   4   5




ҚРӘМ № 4237 24.05.2006ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ



Алматы қаласы

2006 жылғы 25 наурыз

№ 79


Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы


өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА № 155 28.05.2007ж.

2.ҚҚА № 4 26.01.2009ж.


Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережені бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 69 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы” 2004 жылғы 15-наурыздағы № 69 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 тіркелген).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Мұқашева А.М.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға А. Дунаев



Келісілді:

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Төраға:

Ә.Ғ. Сәйденов


___________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Келісілді:

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті

Төраға:

Н.М. Нұрғазин


___________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)








Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысымен бекітілген



Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату туралы

Ереже


Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорын соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп тарату, соның ішінде банкроттық негіз бойынша (бұдан әрі – мәжбүрлеп тарату) тарату тәртібін, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының (бұдан әрі –тарату комиссиясы) жұмысына қойылатын талаптарды, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызмет ерекшеліктерін айқындайды.


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

2. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) барынша төмен баға – лот бұдан төмен бағамен сатыла алмайтын баға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен бола алмайтын баға;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

3-1) көзделмеген шығыстар – мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;

4) кредиторлар комитеті – кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлары құрамынан құрылып отырған орган;

5) кредиторлардың талап ету тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған, кредиторлардың талап етулерін көрсететін құжат;

6) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есепті бланктер және құнды заттар;

7) лот - сату үшін бөлінбейтін бірліктерге бөлініп, аукционға шығарылған мүлік;

8) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және жарты жылда бір реттен кем шығарылмайтын газет, журнал, альманах, бюллетень, оның қосымшасы;

9) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың соңғы бағасы;

10) сату объектісі - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының сауда-саттыққа жеке (дербес) бірлік ретінде немесе бірнеше бірліктермен бір лотқа шоғырландырып, өзге мүлік ретінде шығарған мүлкі;

11) сатушы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы;

12) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

13) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

14) сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы (аукционшы) - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы немесе сауда-саттықты өткізу жөнінде тарату комиссиясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;

15) сауда-саттыққа қатысушы – сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

16) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшін қатысушылардың бірі барынша жоғары баға берген сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдісі;

17) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен лот үшін қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін төмендей беретін сауда-саттық әдісі;

18) тарату комиссиясы - жинақтаушы зейнетақы қорының тарату рәсімдерін жүргізу барысында жинақтаушы зейнетақы қорының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы уәкілетті орган шешім қабылдаған жағдайда тағайындалатын (босатылатын) орган;

19) тарату комиссиясының шығыстары - жинақтаушы зейнетақы қорының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрі – тарату шығыстары);

20) тарату, конкурстық масса - жинақтаушы зейнетақы қорының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге арналған таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының активтері;

21) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен, тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

22) тарату шығыстарының бекітілген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен келісе отырып бекіткен немесе кредиторлар комитетімен бекіткен, тиісті уақыт кезеңіне арналған смета;

23) тарату шығыстарының сметасы - белгілі бір уақыт кезеңіндегі тарату комиссиясы болжалдап отырған шығындарды көрсететін құжат;

24) тарату өндірісі - жинақтаушы зейнетақы қорының істерін аяқтаушы және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуші заңды тұлға ретіндегі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату рәсімі;

25) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры - сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры;

26) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгізілген мүліктік игіліктер пен құқықтар жиынтығы;

27) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап және уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңде жинақтаушы зейнетақы қоры мүлкінің сақталуын қамтамасыз ететін және жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын орган;

28) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3. Жинақтаушы зейнетақы қоры банкрот деп танылған жағдайда оның таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


2-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібі


4. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күні мәжбүрлеп тарату процесінің басталуы болып табылады. 

5. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күнінен бастап және тарату өндірісі аяқталғанға дейін: 

1) акционерлердің жалпы жиналысының, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының басқа органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады; 

2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады; 

3) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға береді.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен ғана жасалады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп трату жөнінде сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау жөніндегі шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын әділет органының мемлекеттік тіркеуіне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.


3-тарау. Тарату комиссиясы


7. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.

 Тарату комиссиясы уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) он жұмыс күні ішінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру (осындай бар болса) құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын және жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын және мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс. 

Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.

8. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан іс-әрекет жасайды және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауда тәуелсіз.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылға бөлу арқылы бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беріледі. Бұдан әрі, тарату комиссиясы жұмыс Жоспарын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей береді.

9. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясының мүшелерінің санынан төраға тағайындайтын орынбасар орындайды. 

10. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда, оларды жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады. 

11. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлімше басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басшылық жасайды. 

Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді. 

12. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және жинақтаушы зейнетақы қорының филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға жауап береді.

13. Тарату комиссиясы мүшесінің, тарату комиссиясы бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келісім-шартта) айқындалады. Жұмысқа тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе қызметті өтелмелі көрсету шартында айқындалады.

14. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметіне шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметіне бақылау жасайды.

Тарату комиссиясының төрағасы осы Ережеге сәйкес кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне кіретін мәселелерді қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату ісінің мәселелері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, тарату ісінің барысында туындайтын мәселелерді шешумен байланысты шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және басқа құжаттарға қол қояды.

15. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімшелерінің басшылары мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорын тарату барысында жинақтаушы зейнетақы қорына зиян келтіру, өкілеттікті теріс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берілген жөнсіздіктері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауап береді. 

Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын теріс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға мәлімдеуі тиіс.

16. Тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді: 

1) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде талап қою тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өз талап-шағымдарын (өтініштерін) қоюына құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кешіктірмей жариялайды;

2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалған мәмілені тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ осы жинақтаушы зейнетақы қорының бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысын жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамайтын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін басыбайлы беру жөніндегі мәмілені тіркеуге тыйым салуды, сондай-ақ кепіл ұстаушы болып табылатын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкінен ауыртпалықты алып тастауға тыйым салуды белгілейді;

2-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы салық органдарына хабарлайды;

3) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату бойынша міндеттердің тарату комиссиясына жүктелгенін растайтын құжатты жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады; 

4) жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларынан, не жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінен (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысынан) қабылдау-өткізу туралы акт жасай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етеді; 

5) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін қабылдайды; 

6) жинақтаушы зейнетақы қорының кассасына тез арада түгендеу жүргізеді, Ереженің 51-тармағымен көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына есептейді; 

7) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының банктік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының теңгемен және қажет болғанда шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады; 

8) жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды жинақтаушы зейнетақы қорының клиенттері (кредиторлары) үшін көрнекі жерге орналастырады; 

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес басшы қызметкерлерді, қажет болғанда өзге қызметкерлерді де жұмыстан босатады;

10) жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді; 

11) жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін анықтайды; 

12) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату мақсаттарына сәйкес активтерін басқарады;

13) жинақтаушы зейнетақы қорының атынан сотта талап қояды және мүддесін білдіреді; 

14) жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтамасыз етуін және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді; 

15) толық материалдық жауап беретін адамдар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық және басқа да есебін жасаудың электронды жүйесіне кіре алатын адамдарды белгілейді және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шартты жасайды

16) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істері белгіленген заңнамалық тәртіппен қабылданған соң жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалады;

17) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату процесі басталған күнге электронды түрдегі есепке алу-бухгалтерлік ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады; 

18) кредиторлар тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдау есебінің деректерімен салыстырады; 

19) АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН; 

20) АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН; 

21) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды жинақтаушы зейнетақы қорының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлардың талап ету тізіліміне сәйкес қанағаттандырады; 

22) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттарын, қызметті өтелмелі көрсету шарттары бойынша тұлғаларды жұмысқа қабылдайды;

23) жинақтаушы зейнетақы қорын таратудың барлық кезеңі бойына жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды; 

24) жарты жылда бір рет мерзімді баспасөз басылымдарында жинақтаушы зейнетақы қорындағы тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат жариялайды;

25) уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді ұсынады; 

26) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату туралы есебін, тарату балансын жасайды және оларды келісу үшін уәкілетті органға жібереді; 

27) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді; 

28) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да құқықтарға мен міндеттерге ие болады.

17. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоты оның бас офисі тұрған жерде екінші деңгейдегі банкте ашылады. 

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының осы Ереже бойынша көзделген касса лимитінен басқа, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің ағымдағы шотына есептеледі. 

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегі жоқ заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы талаптарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылғаннан кейін түскен ақшаны қайтаруды жүзеге асырады.

17-1. Тарату комиссиясының бөлімшелері ағымдағы шоттарын теңгеде және қажет болғанда шетел валютасында өзінің екінші деңгейдегі банкінің тұрған жері бойынша мына мақсаттарда ашады:

1) касса қалдығының лимитін белгілейтін осы Ереженің 51-тармағын сақтау;

2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің тарату комиссиясының тарату комиссиясы бөлімшелерінің кассасын осы Ережеге сәйкес шығыстарды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша төлемеу тәртібімен ақшаны аударым жасау арқылы толықтыру;

3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің ағымдағы шотына ақшаны аудару;

Жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының (өкілдіктерінің) тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының екінші деңгейдегі банктегі ашылған ағымдағы шоттарын жабады.

18. Уәкілетті орган белгілеген мерзімде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер орындалған жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады. 

  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconБасқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы
...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconРеттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №223 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі Агенттік) Қаулы етеді
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница