Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы




НазваниеСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish196788_5941.doc
  1   2   3   4
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату

ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысы

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1769 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 1769 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2710 тіркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте № 170-171 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Мұқашева A.M.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары F.H. Өзбековке жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев







 

Келісілдi

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi

Төраға

15.05.2006

____________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Келісілдi

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат

министрлігінің

Ақпарат және мұрағаттар комитеті

Төраға

23.05.2006

____________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

№ 77 қаулысымен бекітілген

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын

мәжбүрлеп тарату туралы

Ереже

 

Осы Ереже сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша (бұдан әрі - мәжбүрлеп тарату) тарату тәртібін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының (бұдан әрі - тарату комиссиясы) жұмысына қойылатын талаптарды, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызмет ерекшеліктерін айқындайды.

 

 

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

2. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) барынша төмен баға - бұдан төмен бағамен лоттың сатыла алмайтындығы туралы баға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен бола алмайтын баға;

3) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары құрамынан құрылып отырған орган;

4) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған, кредиторлардың талаптарын көрсететін құжат;

5) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есепті бланктер және бағалы заттар;

6) лот - сату үшін бөлінбейтін бірліктерге бөлініп, аукционға шығарылған мүлік;

7) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелер бойынша талаптар туындап отырған тұлға;

9) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың соңғы бағасы;

10) сату объектісі - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бірлік ретінде немесе бірнеше бірліктермен бір лотқа шоғырландырып, өзге мүлік ретінде шығарған мүлкі;

11) сатушы - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;

12) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

13) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін мейлінше жоғары баға ұсынған қатысушы;

14) сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы (аукционшы) - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе сауда-саттықты өткізу жөнінде тарату комиссиясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;

15) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

16) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшін қатысушылардың бірі барынша жоғары баға берген сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдісі;

17) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен лот үшін қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін төмендей беретін сауда-саттық әдісі;

18) тарату комиссиясы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату рәсімдерін жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттікті тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы уәкілетті орган шешім қабылдаған жағдайда тағайындалатын (босатылатын) орган;

19) тарату комиссиясының шығыстары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

20) тарату, конкурстық масса - таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге арналған активтері;

21) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен, тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

22) тарату шығыстарының бекітілген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиісті уақыт кезеңіне арналған смета;

23) тарату шығыстары сметасы - белгілі бір уақыт кезеңіндегі тарату комиссиясы болжалдап отырған шығындарды көрсететін құжат;

24) тарату өндірісі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтаушы және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуші заңды тұлға ретіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату рәсімі;

25) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

26) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі - құндық бағасы бар және таратылып отырған, конкурстық массаға енгізілген мүліктік қажеттілік пен құқықтар жиынтығы;

27) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан лицензияны қайтарып алу туралы шешім күшіне енген күннен бастап және уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінің сақталуын қамтамасыз ететін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын орган;

28) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылған жағдайда тарату осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымын мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібi

 

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күні мәжбүрлеп тарату процесінің басы болып саналады.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күнінен бастап және тарату өндірісі аяқталғанға дейін:

1) акционерлердің жалпы жиналысының, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады;

3) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру төлемдері жөніндегі міндеттемелерден басқа таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі біткен болып есептеледі;

4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүддені) есептеу тоқтатылады;

5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алу жөніндегі өтінішке заңнамамен белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптары бар сотта қаралатын даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап, тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының атына берілуі мүмкін және осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады;

8) таратылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға береді.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын - кепілдік берілген сақтандыру төлемдері жүйесінің қатысушысын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қор (бұдан әрі - Қор) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіп бойынша мәжбүрлеп таратылатын ұйымның міндетті сақтандыру шарты бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік берілген өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін өзіне міндеттеме алады.

Сақтандыру ұйымын - кепілдік берілген сақтандыру төлемдері жүйесінің қатысушысын мәжбүрлеп тарату туралы күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының атына сақтандыру ұйымына - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушыларының тізбесін жібереді.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен ғана жасалады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

 

 

3-тарау.

Тарату комиссиясы

 

8. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.

Тарату комиссиясы уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) он күндік мерзімде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.

9. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан іс-қимыл жасайды және оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес әрекет етеді.

10. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына уәкілетті органға ұсынылған өтініш негізінде Қордың өкілі кіре алады.

11. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасар орындайды.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

13. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлімше басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басшылық жасайды.

Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және тұтас алғанда бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

14. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне және филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға жауап береді.

15. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясына тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келісім-шартта) айқындалады.

16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметiне жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлiмшелерi мен олардың басшыларының қызметiне бақылау жасайды.

Тарату комиссиясының төрағасы осы Ереженің 107-тармағына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату ісі бойынша дербес шешім  қабылдайды.

17. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімшелерінің басшылары мен мүшелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтіру, өкілеттікті теріс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берілген жөнсіздіктері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауап береді.

Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын теріс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға мәлімдеуі тиіс.

18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар жүргізеді:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде талап қою тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өз талап-шағымдарын өтініштерін) қоюына құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кешіктірмей жариялайды. Таратылып отырған сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болған жағдайда жарияланып отырған ақпаратта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандыру ұйымдары туралы (осындай ұйымдар тізбесін көрсете отырып) мәліметтер, мәжбүрлеп таратылып отырған сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы кредитормен басқа сақтандыру ұйымының мәжбүрлеп таратылып отырған сақтандыру ұйымымен бұрын жасаған шартының өтпеген қолданылу мерзіміне Қордың кепілдік берген міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпарат болуы тиіс;

2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалған мәмілені тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ бағалы қағаздар тіркеушілерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін басыбайлы беру жөніндегі мәмілені тіркеуге тыйым салуды, сондай-ақ кепіл ұстаушы болып табылатын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінен ауыртпалықты алып тастауға тыйым салуды белгілейді;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату бойынша міндеттердің тарату комиссиясына жүктелгенін растайтын құжатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларынан, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) қабылдау-өткізу туралы акт жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етеді;

5) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерінің) бланктерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақшаның қалдығын қабылдап алады;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына тез арада түгендеу жүргізеді, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттарына есептейді;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажеттілігіне қарай шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттері үшін көрнекі жерге орналастырады;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыстан шығарады;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді;

11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін анықтайды;

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату мақсаттарына сәйкес активтерін басқарады;

13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жасаған сақтандыру шарттары бойынша оның міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдайды;

14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сотта талап қояды және мүддесін білдіреді;

15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуін және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді;

16) толық материалдық жауап беретін адамдар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа да есебін жасаудың электронды жүйесіне кіре алатын адамдарды белгілейді;

17) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері белгіленген заңнамалық тәртіппен қабылданған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалады;

18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату процесі басталған күнге электронды түрдегі есепке алу - бухгалтерлік ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;

19) Қордың атына сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы - таратылып отырған сақтандыру ұйымымен жасалған міндетті сақтандыру шарты заңды күшіне енуіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәліметтерді дереу жібереді;

20) кредиторлар тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдау есебінің деректерімен салыстырады;

21) ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 241 Қаулысымен алып тасталды

22) ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 241 Қаулысымен алып тасталды

23) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлардың талап ету тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

24) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін келісім-шарт бойынша қажетті қызметкерлерді жалдайды;

25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі бойына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

26) жарты жылда бір рет мерзімдік баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат жариялайды;

27) уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді ұсынады;

28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату туралы есебін, тарату балансын жасайды және оларды келісу yшін уәкілетті органға жібереді;

29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді;

30) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да өкілеттіктер мен міндеттерге ие болады.

19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясы және оның бөлімшелері тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажеттілігіне қарай шетел валютасында ашылады.

20. Уәкілетті орган белгілеген мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктеріндегі өз қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер орындалған жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

 

 

  1   2   3   4

Похожие:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың ақпанда тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconБанктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №54 Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы icon2011 жылғы 26 тамыздағы №94
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница