Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне




Скачать 27.54 Kb.
НазваниеҚала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне
Дата конвертации08.02.2016
Размер27.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.maslihataktobe.kz/wp-content/2010/03/Решение-№-263-каз..doc


Қала әкімі А.Б. Мұхамбетовтің өзіне

жүктелген қызметтер мен міндеттерді

орындауы жөніндегі есебі туралы


Ақтөбе қаласы әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебін тындап және талқылап, Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясы қала әкімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33 бабына сәйкес өңірдің одан әрі әлеуметтік - экономикалық дамуына, тұрғындардың әл - ауқатын арттыруға, қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жоспарлы және оңды жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсетеді.

Мемлекеттік индустриалды - инновациялық даму бағдарламасын орындауда, Ақтөбе қаласында 10 инвестициялық жоба табысты іске асырылуда, оның 6 - уы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталды, бұл, қосымша 875 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа мыңжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы басымды міндет болып табылады.

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша түсім жоспары 104% орындалды.

Әлеуметтік - экономикалық даму талдауы қала дамуының экономикалық көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді, соның ішінде өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіптегі өнім көлемі 14,4% және ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,4% өскені байқалады. Сонымен бірге, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5% құрайды, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі деңгейден төмен. Қалада «Жол картасы» бағдарламасы аясында 2637 жаңа жұмыс орнының ашылуына байланысты жұмыссыздық азайды.

Негізгі азық - түлік түрлері бағаларының тұрақтануы мақсатында апта сайын қалалық ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 - жылдық мерекесі қарсаңында жергілікті атқарушы органдары соғыс ардагерлеріне жаңа пәтерлер берді, соғысқа қатысушылар мен еңбек ардагерлерінің үйлері және батырлар атындағы көшелер толық жөнделді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6, 7 баптарына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығының 1 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қала әкімі А.Б.Мұхамбетовтың өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы туралы есебі еске алынсын.

2. Қала әкіміне ұсынылсын:

1) Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында экономика қарқынын одан әрі арттыру жұмысын жалғастыру;

2) Мемлекеттік жеделдетілген индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды пайдалануға беру жұмысын бақылау;

3) салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша жоспарлы төлемдердің динамикасын сақтау;

4) қала және оның аумағын көркейту, санитарлық тазалау мен көгалдандыру, соның ішінде «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» Республикалық жастар марафон - эстафетасы аясында жұмысты жалғастыру;

5) «Бизнес Жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау;

6) негізгі азық - түліктер бағаларын тұрақтандыру жұмысының белсенділігін арттыру;

7) «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруда мектепке дейінгі мекемелер жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты күшейту;

8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі бөлген қаржыларды үнемі орынды пайдалану және 100 пайыз игерілуіне қол жеткізу.


Ақтөбе қалалық мәслихатының Ақтөбе қалалық

сессия төрағасы мәслихатының хатшысы

К. Цхай С. Шынтасова










Похожие:

Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconІшкі саясат бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары
Оған аудан әкімі Серік Зинабекұлы арнайы қатысып, қала тұрғындарын жаңа 2012 жылмен құттықтады. Қала мөлтек аудандарындағы сырғанақтарды...
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconІІ. Аудан әкімі жанындағы кеңестер
Аудан әкімінің орынбасарларымен және аудан әкімі аппаратының басшысымен кеңестер
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconНұрлыкент округі әкімнің және әкімі аппаратының қызметін ақпараттық –сараптамалық, ұйымдастырушылық–құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету. Көрінуі
«Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconҚала-ауыл: 2001 және 2010 жылдағы әлеуметтік дәлелдердің призма арқылы салыстырма талдау кезеңі
Шиеленіс арқылы көптеген жаңа байланыстар Қазақстан қоғамында қалыптасқан келеді, бұлар бәрі негізгі әлеуметтік ұжым денгейіне бұрылады,...
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconҚарасаз ауылдық округі әкімінің және әкімі аппаратының қызметін ақпараттық –сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету. Көрінуі
«Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconОблыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
Е. Е. Ыбыраев, Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы А. Б. Шөпшекбаев,...
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconОңтүстік Қазақстан облысының әкімі, оның орынбасарлары және облыс әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді
Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Жарлықтарымен,...
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне icon2013 жылы қала әкімінің қала, ауылдық округтер мен кенттердің тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Победы, 18 көшесі бойынша орындықтардың орнын ауыстыру туралы мәселені шешу (Иванова Тамара Николаевна – сол жақ жағалау тұрғыны,...
Қала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне iconАлматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қала құрылысы кадастры» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
«Алматы қала құрылысы кадастры» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 050010, Алматы қ-сы, Төле би к-сі, 27-үй (Достық даңғылының қиылысы)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница