Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




Скачать 106.6 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Дата конвертации08.02.2016
Размер106.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/68/68/publish68-681340698..doc


ҚРӘМ № 5495 19.01.2009ж. тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195



Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде


өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 61 27.03.2009ж.

1.ҚҚА № 244 30.11.2009ж.


«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 83-бабына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары болып мыналар табылады:

1) жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы;

2) басқару органы – директорлар кеңесі;

3) атқарушы органы – басқарма;

4) сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген өзге органдар.

2. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листингтік комиссия) құрылады.
3. Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.

4. Листингтік комиссияның құрамына мыналар кіреді:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі;

2) листинг, делистинг немесе қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілген бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін қор биржасының атқарушы органының мүшесі;

3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңымен айқындалған қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілі кіреді.
5. Листингтік комиссияның құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

6. Директорлар кеңесі листингтік комиссияның төрағасын листингтік комиссияның мүшелері арасынан сайлайды.

Листингтік комиссиясының төрағасы мыналар:

  1. қор биржасының атқарушы органының мүшелері;

  2. уәкілетті органның өкілдері;
3) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілдері болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері сайланбайды.
7. Листингтік комиссияның отырысы осы қаулының 4-тармығында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның (-дардың) өкілін (-дерін) қоса алғанда, листингтік комиссияның мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі отырыста қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Листингтік комиссияның отырысына бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының (бұдан әрі – қаржы кеңесшісі) ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсететін ұймының өкілдері шақырылуы мүмкін.

8. Листингтік комиссияның шешімі листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі оны қабылдауға дауыс берсе, ол қабылданады.

Листингтік комиссияның отырыстарына мыналар:

1) листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру жөніндегі мәселесі қаралатын бағалы қағаз эмитентінің қызметкерлері немесе қаржы кеңесшісінің, осы эмитентке қызмет көрсететін маркет-мейкердің немесе андеррайтердің қызметкерлері;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері қатыспайды.
9. Листингтік комиссия қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.

10. Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:

1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;

2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;

3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялар.

11. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына мыналар кіреді:

1) уәкілетті органның өкілі;

2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;

3) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері;

5) АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңымен айқындалған қор биржасының эмитенттер аудиті жөніндегі комитетінің құрамына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілі кіреді.

Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның мәжілістеріне қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіптік білімі бар сарапшылар шақырылады.
12. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
13. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің төрағасын директорлар кеңесі осы комитет мүшелерінің арасынан сайлайды.

14. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

15. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қызмет тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.

15-1. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу бойынша инвестициялық шешім қабылдау үшін қор биржасы құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.

15-2. Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:

1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;

2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын қор биржасы бөлімшесінің басшысы;

3) қор биржасының өзге қызметкерлері.

15-3. Инвестициялық комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

15-4. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

16. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:

1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;

2) ақпаратты өндеу және тарату;

3) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін программалық қамтамасыз ету;

4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін техникалық қамтамасыз ету;

5) тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және оларға мониторинг жүргізу;

6) ішкі аудит және бақылау.

17. Қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:

1) бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі;

2) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша қызметті жүзеге асыру.

18. Қоса беріліп отырған Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

19. Агенттік Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі» 2004 жылғы 12 маусымдағы №152 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3045 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 16, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.

20. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

21. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ұйымдастырушылық құрылымдарын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

22. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

23. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

24. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.


Төрайым Е. Бахмутова


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 

2008 жылғы 28 қарашадағы №195 қаулысымен бекітілді


Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі


Осы Ереже «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің қызмет тәртібін белгілейді.

1. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі - қадағалау бөлімшесі) негізгі функциялары болып мыналар табылады:

1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

2) жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздар рыногында манипуляция жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз болатын, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау (бұдан әрі - күмәнді);

3) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляция жасау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетіне (бұдан әрі – сараптама комитеті) күмәнді мәмілелер туралы мәліметтерді беру;

4) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге функциялар.

2. Қор биржасының қадағалау бөлімшесін басшы басқарады және қор биржасының атқарушы органының мүшесі оған жетекшілік етеді.

3. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері күмәнді мәмілелерді анықтағанда есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:

1) оның негізінде бағалы қағаздармен мәміле күмәнділердің санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;

2) күмәнды мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;

3) өзара байланысты күмәнды мәмілелер тобының құрамына жататын күмәнды мәміле үшін - мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;

4) күмәнды мәміле бағалы қағаздар рыногында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа мәліметтер;

5) күмәнды мәмілені жасауға болжамды себебі және бағалы қағазға нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстардың ара қатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындары келтірілген талдау бөлігі;

6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;

7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;

8) қор биржасының директорлар кеңесінің сараптама комитетіне есепті жібергені туралы қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының атқарушы органы мүшесінің қарары.

4. Күмәнды мәміле туралы есеп осы мәмілені жасаған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.







Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница