Д. Э. Әшімханова, Ж. С. Батталова, Г. М. Досанова, О. В. Калдыбаева, А. Н. Родионов, т б




НазваниеД. Э. Әшімханова, Ж. С. Батталова, Г. М. Досанова, О. В. Калдыбаева, А. Н. Родионов, т б
Дата конвертации08.02.2016
Размер39.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://fsn.enu.kz/images/stories/buk.aleumet.doc
Еуразия университеті элиталық университет болу үшін қажетті барлық талаптарға жауап береді.

Мәні мен рухы еуразиялық болып табылатын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті жоғары сапалы мамандарды даярлайтынына сенемін және үміттенемін.

Нұрсұлтан Назарбаев


ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР - 2012!


Қазақстанның алдыңғы қатарлы классикалық университеті, болашақтың университеті, жастар мен дарындылардың университеті, елордамыз Астана мен еліміздің және еуразия кеңістігінің интеллектуалды және рухани, ғылыми және мәдени орталығы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қош келдіңіз!

Әлеуметтану кафедрасы Университеттің он екі факультетінің ішінде белді орынға ие Әлеуметтік ғылымдар факультеті құрамында. Кафедрада әлеуметтану ғылымдарының докторлары, профессорлар А.Т. Забирова, Т.Ж. Қалдыбаева, шетелдік шақырылған профессорлар, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ж. Смағамбет, әлеуметтану ғылымдарының кандидаттары Р.С. Салықжанов, Ю.В. Кучинская, С.Б. Тағаева, PhD докторлары Д.Э. Әшімханова, Ж.С. Батталова, Г.М. Досанова, О.В. Калдыбаева, А.Н. Родионов, т.б. оқытушылар ұстаздық етеді.

Кафедра 5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша қазақ және орыс тілдерінде маман даярлауды жүзеге асырып, мемлекеттік үлгідегі - «Жоғары білім туралы диплом» - сертификатталған құжат береді. Бакалавриатта оқу мерзімі – 4 жыл.

Ғылыми жұмысқа ынталы студенттер әлеуметтану кафедрасының негізінде магистратура мен докторантурада білімдерін жалғастыра алады (оқу мерзім магистратурада – 2 жыл, докторантурада (PhD) – 3 жыл және шетелдерде тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар (АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Венгрия, Түркия, Ресей және т.б. елдердің белгілі университеттері).

Университеттің іргелі білім беру дәстүрлерін сақтай отырып, әлеуметтану кафедрасы тек ғылыми-зерттеу, педагогикалық бағытта ғана емес, сонымен қатар қолданбалы зерттеу жүргізу дағдылары қалыптасқан мамандарды даярлайды. Оқу орнынан кейін Сіз:


* мемлекеттік, жергілікті және корпорациялық басқару саласының қызметкері;


* министрліктердің, ведомстволардың, ірі өндіріс орындары мен ұйымдарының әлеуметтанулық құрылымдарының қызметкері;


* жалпы білім беру және кәсіби білім беру мекемелерінде әлеуметтанушы және оқытушы;


* әлеуметтанулық зерттеу орталықтарының құрылтайшысы мен қызметкері;


* мемлекеттік, кәсіпкерлік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың стратегиялық болжау және жоспарлау бөлімдерінің қызметкері ретінде қызмет атқара аласыз.

Әлеуметтану кафедрасы білім берудің халықаралық стандарттарына сай білім береді. Университет жоғары білікті мамандарды даярлау жөнінде ортақ келісім-шарт жасасқан белгілі шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара студенттермен алмасу процесін іске асырады.

Сондай-ақ, студенттердің әскери кафедрада білім алып, офицер атағын алу мүмкіндігі бар.

Кафедра «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистратурада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Ресейдің Халықтар Достастығы университеті арасында қосдипломдық оқу бағдарламасын енгізуде.

Компьютерлік сыныпта жұмыс істеу, әдебиеттерге бай кітапхана, жайлы студенттік үйлерді, жабдықталған спорт кешендері мен жаттығу залдарын, асхана және Интернетті кең пайдалана алу мүмкіндіктері бар.

ҰБТ бойынша тапсырылатын 5-ші пән Жалпы тарих, ал университет шифры- 013


Сонымен, егер Сіз


* еліміздің белгілі ғалым-әлеуметтанушыларынан іргелі, терең білім алғыңыз келсе;

* жоғары білікті маман болып, басқа мемлекеттерде де мойындалатын дипломға ие болып, мәртебелі мамандық – әлеуметтанушы болуды армандасаңыз;

* елордамыздың рухани және мәдени өмірімен, әлем өркениетінің жетістіктерімен танысқыңыз келсе;

* еліміздің дамуына өзіндік үлесіңізді қосқыңыз келсе, онда әлеуметтану кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы Сізді университет қабырғасында күтеді


Байланыс телефондары:


Қазақстан Республикасы, 010008

Астана қаласы, Янушкевич көшесі 6,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

«Әлеуметтік ғылымдар» факультеті ғимараты,

112 каб, «Әлеуметтану кафедрасы»,

телефондар (8-7172) 49-16-67


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі


Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия Ұлттық университеті


Әлеуметтік ғылымдар факультеті


ӘЛЕУМЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ


ТАЛАПКЕР-2012





Астана – 2012


Начало формы

Конец формы

Похожие:

Д. Э. Әшімханова, Ж. С. Батталова, Г. М. Досанова, О. В. Калдыбаева, А. Н. Родионов, т б iconД. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан
Калдыбаева Тыныштык Жумадиловна: Библиогр указ. / Вкгту им. Д. Серикбаева. Науч б-ка. – Усть-Каменогорск, 2008. – 11 с
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница