Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған




НазваниеОсы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған
страница7/17
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.02 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/Magniy.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

7 параграф . Бақылау - өлшеу аспаптары, автоматизация құралдары



262. Технологиялық процестерді бақылау, реттеу және басқару аспабы операторлық ғимаратта орнатылған щитте орналастырылады.

263. Операторлық ғимараттарда телефон және өндірістік қатты сөйлейтін байланыс, инженерлік-техникалық қызметкерлермен байланыстыратын ұялы телефон байланысы болады.

264. Технологиялық процестерді автоматтандыру сызбалары автоматиканың жекелеген құралдарының немесе олардың дұрыс жұмыс істемеуі авария болуына себеп болмайтындай етіп жасалады.

265. Өндірісті автоматтандыру авариялық, алдын алу және технологиялық сигнализацияны және технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізуді және қондырғыларды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ететін блокировкалауды қарастырады.

266. Радиоактивті шағылысуы бар аспаптарды пайдалану өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына және радиоизотопты аспаптарды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іске асырылады.

267. Автоматты қорғаныс аспаптарының бақыланатын параметрлердің қалыпты жағдайында тұйықталған шығыс тізбегі немесе тұйықталған контактілері болады. Аспаптардың контактілері параметрлер ауытқулары кезінде ажыратылады.

268. Айналмалы тоқтың 42 В артық немесе тұрақты токтың 110 В артық кернеулігі көзінен жұмыс істейтін тікелей қызу құрылғыларында балқу параметрлері және электр параметрлерін өлшеу галваникалық байламы бар қайта түрлендіргішпен өлшеу арқылы іске асырылады.

269. Электр сызбалары қорғаныс аспабының жұмысынан кейін автоматты іске қосылу мүмкіндігін болдырмайды.

270. Тікелей қыздыру құрылғылары үшін қолданылатын электр қоректендіру сызбалары мен автоматизация құралдары тарату трансформаторлары арқылы іске асырылады.

271. Автоматизация жүйесінің сымдарының трассасын 2,5 м кем емес биіктікте электролиз цехының бойына салынады.

Трассаларды салу қорғаныс трубаларында немесе жәшіктерде іске асырылады.

272. Сөндірілген серияларда оның «қатуына» дейін жүргізілетін аспаптар мен бақылау тізбектерін жөндеу жұмыстары Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес орындалады.

273. Газдалған өндірістік агрегаттар (айналмалы пештер, қабат қайнату пештері, хлораторлар және тағы басқа) газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талабына сәйкес қауіпсіздіктің автоматты құралдарымен жабдықталады.

274. Өлшеуіш қайта түрлендіргіштер ғимараттары 26-тармақтың талаптарын қанағаттандырады.


8 параграф. Шаңды ұстап қалу және газдан тазарту



275. Шаң ұстап қалатын агрегаттар, газ жүретін орындар, ұсталған шаңдар мен бөлшектерді шығаруға арналған құрылғылар мен олардың қосылулары герметикалы.

Герметикалығы технологиялық регламентпен анықталған мерзімде тексеріледі.

276. Шаң ұстаушыдан шаңның шығуына және жиналуына жол берілмейді.

277. Адамдардың болуымен байланысты шаң ұстаушыларды жөндеу, тексеру және тазарту келесі талаптарды сақтай отырып, наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі:

1) шаң ұстағыш орнатылған агрегатты тоқтату және шаң ұстағышты кіру және шығу жағынан бітегіштерді қолдана отырып сөндіру;

2) шаң ұстағыштардан шаңның толық шығуын және оны 40° С артық температурада суыту;

3) барлық білтелерді, люктерді, лазалар мен тағы басқа шаң ұстағышты желдету және оның ішінен газдарды (газдың толық шығарылуы шаңұстағыш ішінде таңдап алынған ауа сынамасын алып талдау арқылы тексеріледі) шығару мақсатында ашу;

4) жарықтандыру үшін жарылыс қауіпсіз жағдайында кернеулігі 12 В артық емес жарық шамдарын қолдану;

5) аппараттарды жөндеу және ревизиялаумен айналысатын жұмыскерлерді шаң мен газдан қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

6) жұмыстар 3 адамнан кем емес бригадамен жүргізіледі.

278. Сүзгіштер жең ұштарының камералары монтаждаудан немесе оның күрделі жөнделуден кейін оның герметикалығына тексеріледі.

279. Жең ұшы сүзгіштері құрылғыларын іске қосу алдында:

1) барлық механизмдерді қарап, оның дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі;

2) сүзгіштердің, лазалардың және құрылғылардың басқа да элементтерін бекітілу мықтылығы мен жең ұштарының жағдайы тексеріледі;

3) қима клапандарының жабық және ашық жағдайда дұрыс орналасуы және газ құбырларында бітеу құралдарының жабылуы тексеріледі;

280. Жең ұшы сүзгіштерінің жұмысы кезінде бункерден шаңдардың түсірілуі жүйелі жүргізіледі. Бункерде шаңның жиналып қалуына жол берілмейді.

281. Cілку механизмдерін жүріп тұрғанда және ревизиялауға және жең ұштарын оның жұмыс істеу кезінде тексеруге болмайды.

282. Жарылыс қауіптілігі бар шаңдарды ұстауға арналған циклондар жарылыс клапандарымен жабдықталған.

283. Шаңнан және газдан тазарту бункерлері жүйесін тазарту технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

284. Газдан тазарту қондырғылары скрубберлер, циркуляциялық бактар, газ құбырлары және тағы басқа гуммирленген немесе қышқылдарға төзімді материалдармен футерленген немесе тот басуға төзімді материалдардан жасалған.

285. Агрессивті газдарды тасымалдауға арналған түтін сорғыштар, агрессивті ерітінділерді қайта айдауға арналған сорғылар тот басуға төзімді материалдардан жасалған.

286. Скруберлік құрылғы ғимаратында скрубердің жұмыс істеуі кезінде қиылысқан - тартқыш желдеткіш жұмыс істейді және жұмыс аумағындағы ауадағы хлор мен басқа да зиянды заттарды бақылау іске асырылады.

287. Скруберлік құрылғылардың желдеткіш резерві болады. Жұмыс істеуші желдеткіш істен шыққан уақытта резервтегі желдеткіш іске қосылады.

288. Скруберлер тамыш ұстағыштармен жабдықталады.

289. Газ жүретін орындардың конструкциясы оларды шаңнан тазарту кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Газ жүретін орындарды ревизиялауға арналған лазалардың жұмыс алаңдары болады.

290. Жер асты газдары жүретін орындар газ өткізбейтін болады, ал пештің көмейіне құм немесе басқа да құрғақ және қалыңдығы 200 мм кем емес, тығыз жылу оқшаулаушы материалдар салынады. Пеш көмейіне күл себуге болмайды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Похожие:

Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconТалап жүк көтергіш машиналар мен механизмдер жобалау, жөндеу, қайта құру және пайдаланумен айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандарға арналған
Требования промышленной безопасности к устройству и безопасной эксплуатации грузоподъемных кранов
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconПедагогикалық Қызметкерлердің ҚЫСҚа мерзімді біліктілікті арттыру курсының ОӘк дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Осы Талаптар біліктілікті арттыру курстарының ОӘК дайындау мен рәсімдеуге қойылатын бірыңғай амал тұрғысынан келуді қамтамасыз ету...
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconМемлекеттiк мекемелер мен қазыналык кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардын жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары
Г, бас энергетик басшылар лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған icon1. Жалпы талаптар
Осы генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі...
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconӨндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы
Р Үкіметінің 2014. 20. 03. №250 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр ред.қара)
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconЖүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі
Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға,...
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconПедагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан...
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған iconАқтау қалалық білім бөлімі мм «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» 2013 жылға арналған жұмыс жоспары Ақтау қалалық білім бөлімінің
Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім беретін мекемелерде 2245 педагог қызметкерлер еңбек етеді, оның ішінде 1812 жоғары білімді...
Осы Талаптар айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған icon1 іas халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты
Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница