Конкурсын өткізу туралы




Скачать 116.8 Kb.
НазваниеКонкурсын өткізу туралы
Дата конвертации08.02.2016
Размер116.8 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://kz.music-college.kz/storage/konkursy/32progr_kz.doc


2011 жылғы 2 наурыз

75


32-ші Республикалық орындаушылар

конкурсын өткізу туралы


Білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды, олардың шығармашылық өсуін анықтау және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. 32-ші Республикалық орындаушылар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс):

1) Астана қаласында «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекеменің базасында 2011 жылғы 28-31 наурыз аралығында «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша;

2) Алматы қаласында «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның базасында 2010 жылғы 28-31 наурыз аралығында «Ән айту», «Музыка теориясы» мамандықтары бойынша өткізілсін.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі-Ұйымдастыру комитеті) құрамы;

2) Конкурс бағдарламасы бекітілсін.

3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) Конкурстың қазылар алқасының құрамын 2011 жылғы 15 наурызға дейін бекітуге ұсынсын.

4.  Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) Конкурсты өткізуге байланысты қаражаттарды 010 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарын, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу» бағдарламасы шеңберінде бөлуді қамтамасыз етсін.

5. Облыстық білім басқармалары басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары Ұйымдастыру комитетіне 2011 жылғы 10 наурызға дейін 1-тармақта көрсетілген мамандықтар бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтініштер берсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.




Министр Б. Жұмағұлов




Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы « 2 » наурыз

75 бұйрығымен бекітілген

32-ші Республикалық орындаушылар

конкурсын ұйымдастыру комитетінің құрамы





Сарыбеков

Махметғали Нұрғалиұлы


Бөрібеков 

Қадырбек Қозыбайұлы


Үмбеталиева 

Дина Абзалқызы


Дәулетова

Ғалия Ноғайқызы


Ахметжанов Нұрболат

Қыдырұлы


Қасыманова Толқын

Шолпанқұлқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі, төраға;


Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры, төрағаның орынбасары;


Техникалық және кәсіптік білім департаментінің мемлекеттік тапсырыс және орта білімнен кейінгі басқарманың сарапшысы, хатшы;


Техникалық және кәсіптік білім департаментінің мемлекеттік тапсырыс және орта білімнен кейінгі басқармасының бастығы;


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті музыка өнері басқармасының бастығы;


Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің ағымдағы білім беру бағдарламаларын жоспарлау және орындау басқармасының бастығы;




Мұсақожаева 

Айман Қожабекқызы

«Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің ректоры;





Қалиева

Ая Жәкенқызы


Кашенова Рауза

Әбутәліпқызы


Мажитов Ұлықбек

Қалметұлы


«П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК-нің директоры;


Петропавл қаласындағы «Музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат өнер колледжі кешені» директоры;


«Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжі» МКК-нің директоры.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы « 2 » наурыз

75 бұйрығымен бекітілген


32-ші республикалық орындаушылар

конкурсының бағдарламасы


«Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрады өнері»

мамандығы


2011 жыл


Фортепиано

1 тур


1. И. С. Бах «Жақсы қарқынды клавиш», 1-2 том, Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша), немесе Д. Шостакович - Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша)

2. Классикалық сонатаның 1 бөлімі (сонаталық allegro), В. А. Моцарт, И. Гайдн, Л. Бетховен.

3. Екі этюд - Ф. Шопен, Ф. Лист, С. Рахманинов, А. Скрябин, К. Дебюсси, Н.Паганини - Ф.Лист, С. Прокофьев.

4. Қазақстан композиторларының шығармасы.


2 тур


1. ХІХ ғасырдағы батыс еуропалық немесе орыс композиторының кең жайылған хасшеберлік шығармасы (пьеса, соната, циклдар бөлімі, вариациялар, балладалар, рапсодиялар және т. б.).

2. ХХ ғасырдағы кең жайылған хасшеберлік шығармасы (сонатаның бөлімі, фантазиялар, вариациялар, пьесалар және т. б.) - С. Рахманинов, С. Прокофьев, М. Равель, К. Дебюсси, А. Скрябин, Д. Шостакович және т.б.

2 - турдың орындау уақыты 30-35 минуттан аспауы тиіс.


3 тур


1. Концерт - 1-ші немесе 2-ші - 3-ші бөлімі.


*Конкурсқа қатысушы қазылар алқасы талабынша орындалатын шығармалардың ноталарын ұсынуы тиіс


Скрипка

1 тур


1. Төменде аталған этюдтардың бірін орындау :

Р. Крейцер: № 28, 30, 33, 35, 37, 42 этюдтар;

П. Роде: Этюдтар (қатысушының таңдауымен);

Ш. Данкля: Каприсы № 3, 5, 7, 11, 13;

Г. Венявский - Капристар (қатысушының таңдауымен);

Н. Паганини - Капристар (қатысушының таңдауымен);

2. И. С. Бах - Скрипкада соло орындау үшін Алты соната және партиталар.

Конкурсант қатар тұрған екі бөлімді орындауы тиіс.

Бұған бөлек орындалатын ре - минор партитасынан Чакона және Ми мажор партитасынан прелюдия, сонымен бірге толығымен орындалатын екі менуэт, Бурре мен Жига қосылмайды.

3. Конкурсқа қатысушылардың таңдауы бойынша: В.А.Моцарт - № 3, 4, 5 концерттерінен 1 бөлім (каденциясымен).


2 тур


1. Екі бөлімді ескілікті соната:

А. Верачини, Г. Гендель, Ф. Джеминиани, Ф. Корелли, П. Локателли,

А. Вивальди, Д. Тартини, Ж. Леклер, Д. Скарлатти

2. Хасшеберлік пьеса:

А. Вьетан, Н. Паганини, П. Сарасате, Г. Венявский, Б. Барток, К. Сен - Санс, М. Равель, Э. Изаи, К. Шимановский, П. Чайковский, Е. Цимбалист,

В. Витали, Н. А. Римский - Корсаков және тағы басқалар.

3. Қазақстан Республикасы композиторларының пьесасы.


3 тур


1. А. Вьетан № 1, 2, 4, 5. Н. Паганини, В. Венявский, Ф. Мендельсон,

С. Прокофьев, А. Хачатурян, М. Брух, А. Глазунов, К. Сен - Санс, Ғ. Жұбанова, А. Дворжак, Э. Лало, К. Гольдмарк, Г. Конюс және т.б. концерттерінің бірі (1-ші немесе 2-ші - 3-ші бөлімдері орындалады).


Альт

1 тур


1. Г.Телеман қиялдарынан 1, немесе виолончельге арналған И. С. Бахтың сюиталарынан 2 бөлім (альт солоға үшін аударылған), немесе И. С. Бахтың скрипка солоға жазылған сонаталарынан және партиталарынан 2 бөлім

2. Каприс: Ф. Мазас, Б.Компаньоли, Ф. Хофмайстер, И. Палашко, Р.Крейцер, П.Роде

3. 2 бөлімді ескілікті соната: Г. Телеман, Г. Гендель, Ф. Э. Бах, П.Нардини, И.С.Баха, А.Вивальди және т.б.

4. Қазақстан композиторларының пьесасы.


2 тур


1. 1 немесе 2, 3 бөлімді камералық соната (А.Козловский, С. Хицунов, Ф.Шуберт, М.Глинка, Л.Степанов, Д.Мийо, Ф.Мендельсон, З.Ткач және тағы басқалар).

2. Хасшеберлік пьеса: Ф. Шуберт- «Пчелка», Н. Римский - Корсаков- «Полет шмеля», «Пляска скоморохов», А. Бородин «Пляска девушек», С. Цинцадзе «Хоруми».

3 тур


1. И.Х. Бах, Г. Гендель, К. Цельтер, А. Ролл, А. Вивальди (В.Борисовский), И. Хандошкин, №2 Б. Зейдман, Д. Энеску, (концерттік пьеса), Я. Стамиц, Д.Давид, С.Форсайт концерттерінің 1 немесе 2 - 3 бөлімдері.


Виолончель

1 тур


1. И. С. Бах - № 1-ші, 2-ші, 3-ші сюиталарынын жига және прелюдия

2. Этюдтер:Д. Поппер,Ю. Дотцауэр, Ж.Дюпор.

3. Қазақстан композиторларының әр түрлі сипаттағы екі пьесасы:

К. Күмісбеков - Поэма, Л. Хамиди - Романс, А. Жұбанов - Романс, Жез киік, К.Қожамьяров - Элегия, А. Затаевич - Желтый поток, Ғ. Жұбанова - Концерттік күй, Б. Жұманиязов - Концерттік күй және басқалар.


2 тур


1. Ескілікті сонаталардың бірі:

Г.Эккльс, Ж.Барьер, Д.Ж.Саммартини, Л.Боккерини (№ 1, 3), Ж.Б. Бреваль, К.Тессарини,Ф. Франкер, Дж. Валентини және басқалар.

2. Хасшеберлік пьеса:

Д.Поппер - Тарантелла, Прялка, А.Вержбилович - Этюд, Ж.Б.Сенайе - Аллегро спиритуозо, К.Сен - Санс - Аллегро аппассианато, А.Айвазян - Концерттік этюд, Л.Боккерини - Рондо, М.де Фалья - Жалын биі, К.Давыдов - у фонтана және басқалар.

3 тур


1. Концерт - 1 немесе 2 - 3 бөлімі:

Л.Боккерини, И. Гайдн (үлкен және кіші), К.Сен - Санс, Э.Лало, С. Прокофьев (концертино), Д. Кабалевский (№1), К.Давыдов (№1, 2, 3, 4), П. Чайковский (Рококо тақырыбына вариациялар) және басқалар.


Контрабас

1 тур


1. Келесі мектеп және этюдтер жинақтарынан екі әр түрлі сипатты этюдтер:А.Михно,Ф.Симандл, Дж. Боттезини, В.Хоменко, А.Милушкин және басқалар.

2. Г.Ф.Гендель, Б.Марчелло, Г.Эккльс, А. Эввелуа, А. Ариости, А.Галлиар, А. Вивальди және басқалар сонаталарының бірінен - 1-ші - 2-ші немесе 3-ші-4-ші бөлімдер.


2 тур


1. Хасшеберлік пьесалардың бірінен: И. Димитриеску - Шаруа биі, Дж. Боттезини - Тарантелла, Прекрасная мельничиха, Сомнамбула, С.Кусевицкий- Вальс-миниатюра, Р.Раф - Тарантелла, К. Сен - Санс - Аллегро аппассионато, Н.Паганини-Моисей, Р.Глиэр-Тарантелла және басқалар.

2. Қазақстан композиторының пьесасы.


3 тур


1. С.Кусевицкий, Я.Ванхаль, Ф.Симандл, Д. Драгонетти, Г.Ф.Гендель, А. Капуцци, Дж. Боттезини, К.Диттерсдорф, В.А. Моцарттың концерттерінің бірінен 1-ші немесе 2-ші және 3-ші бөлімдер.


0407000 «Ән салу» мамандығы бойынша :

(сопрано, меццо сопрано, тенор, баритон, бас).


1 тур


  1. XYII – XYIII ғасыр композиторларының ескілікті ариясы.

  2. Қазақстан композиторлары операларынан ария.

3. ХІХ ғасырдағы орыс композиторының романсы.


2 тур


1.Орыс немесе шетелдік композиторлары операларынан ария.

2. Шетелдік композиторлардың романсы.

3. Қазақстандық композитордың романсы


3 тур


1. Шетелдік композиторларының операларынан ария.

2. Халық әні (конкурсқа қатысушының таңдауы бойынша).

1 және 2 турда орындалған шығармалар 3 турда қайталанбайды.


0406000 «Музыка теориясы»


Музыкалық әдебиет

1 тур

Концертке кіріспе сөз.

Үлгілі тематикасы:

  1. Қазақ халық орындаушылары: әншілер және күйшілер.

  2. Кәсіби музыкасының жанрлары: симфония, концерт, вокалдық және аспаптық миниатюралардың сипаттамасы.

  3. Монографиялық тақырыптар: Құрманғазы, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е. Рахмадиев, В.А. Моцарт, Дж. Верди, К. Дебюсси, М. Глинка, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков.

1 тур екі бөлімнен тұрады:

  1. Концертке кіріспе сөзді жазбаша рәсімдеу (90мин.);

викторина;

  1. Қатысушылыардың кезек бойынша жазылған кіріспе сөзімен ауызша сөйлеуі (5-7 минут).

Ескертпе: қатысушылар ауызша сөйлеу алдында кіріспе сөзді жазбаша рәсімдеген барлық жұмыстар қазылар алқасына тапсырылады. Әрбір қатысушының сөз сөйлеу барысында қалған қатысушылар басқа бөлмеде болуы тиісті.

Бағалау белгісі: турдың әр бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.


Жазба жұмысы:

  1. Баяндаудың толықтығы

  2. Баяндаудың логикасы

  3. Баяндаудың стилі

Ауызша сөйлеу:

  1. Сөйлеу мәдениеті

  2. Сөйлеу техникасы

  3. Әртістігі


2 тур

Викторина

Материалдың көлемі:

3 курс:

а) қазақ музыка әдебиеті – толық көлемде;

б) әлем музыка әдебиеті – 5 семестр көлемінде:

И.С.Бах, И.Гайдн, В-А. Моцарт, Л.Бетховен, Ф.Шуберт, Р.Шуман, М.Глинка, Ф.Шопен, Ф.Лист, Р.Вагнер, Дж.Верди, Ж.Бизе, А.Бородин, М.Мусоргский, Н. Римский-Корсаков, П.Чайковский, А.Дворжак, К.Дебюсси, А.Скрябин, С.Рахманинов

4 курс:

а) қазақ музыка әдебиеті – толық көлемде;

б) әлем музыка әдебиеті – 7 семестр көлемінде:

3 курстың толық көлеміне Г.Малер, И.Стравинский, К.Орф, Д.Гершвин қосылады.


Нөмірлердің саны - 20. Бір нөмірді тыңдау уақыты 1 минут, нөмірді рәсімдеу-1минут.Шығармалардың дыбысталуы оригиналда болуы тиіс, тек қана оқу бағдарламасы бойынша; музыкалық материалдың зор көлемін есепке алып тақырыптар экспозициялық баяндауда берілуі тиіс. Музыкалық викторина нөмірлерінің саны бағдарлама бөлімдері көлемінің талабына сай және оқылған материалмен пропорциялық арақатынаста болуы тиісті.

3-4 курстарының викториналары 20 нөмірден құрастырылады:

ҚМӘ - 8 номір, толық көлем (халық және профессионалдық музыка)

ӘМӘ - 12 нөмір;

* «ХХ ғасыр музыкасы» қосымшасын қараңыз

Бағалау белгісі:

2 тур 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Жауаптың толықтығы бағаланады: тауып шешілген нөмірлерінің саны,

композитор, шығарма, әрекет, бөлім, тоналдығы


3 тур


Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау

Екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім Коллоквиум (әңгіме түрінде 10 сұраққа ауызша жауап беру).

Сұрақтар мазмұны бойынша тең болуы керек және алдын ала даярлықты талап етпейтін қысқа да нақтылы сұрақты болжайды. Коллоквиум сұрақтары келесі аспектілергі бағытталған:

  1. Дәуір және стилдер өкілдері: антик әлемі, орта ғасыр, кайта өркендеу, барокко, классицизм, романтизм, импрессионизм, экспрессионизм, веризм, неоклассицизм, символизм, неофольклоризм, конструктивизм;

  2. Жанрлар: пассакалия, ноктюрн, серенада, прелюдия, баллада, ескілікті сюита, оратория, романс, кантата, месса, симфониялық поэма, қазақ эпосы, күй, қазақ халық ән жанрлары, орыс халақ ән жанрлары;

  3. Орындаушылар: пианистер, дирижерлер, вокалистер, скрипкашылар, домбырашылар;

  4. Әр түрлі ел композиторлары: Италия, Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Польша, Ресей, Қазақстан, Ұлыбритания, Чехия, Венгрия, Америка, Испания. Музыкалық шығармалардың әдебиеттік деректері.

2 бөлім 100-ден кем емес үлгілер көлемдегі оқушының тізімі бойынша музыкалық тақырыптарды орындау. Тізімге бағдарламаның барлық бөлімдерінен әр түрлі жанрлы шығармалар еңгізілуі тиісті. Қатысушы 10 тақырыпты орындауы тиіс.

Бағалау белгісі:

Турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Коллоквиум мына параметрлермен өлшемденеді:

  1. Материалды толық білуі;

  2. Сөйлеу мәдениеті.

Музыкалық тақырыптарды орындау келесі параметрлермен бағаланады:

  1. Орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);

  2. Орындаудың музыкалық сезімталдығы.

«Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша максималдық баллдың қосындысы 60-қа тең.

Қосымша

«ХХ ғасыр музыкасы»


  1. Г. Малер Симфония №2, 1 бөлімі

  2. Р. Штраус «Тиль Уленшпигель»

  3. А.Берг Оркестр мен скрипкаға арналған концерт, 1 бөлімі

  4. К. Орф «Кармина Бурана», 1 бөлімі

  5. А.Онеггер «Пасифик 231»

  6. А. Шенберг «Айлы Пьеро»

  7. М. де Фалья «Испания бақтарындағы түн»

  8. Б.Барток «Челеста, сокпалы және ішекті аспаптарға арналған музыка»

  9. Дж. Гершвин «Блюз стилдегі рапсодия»

  10. И. Стравинский «Қасиетті көктем»



Похожие:

Конкурсын өткізу туралы iconКонкурс өткізу туралы шешім қабылдайды
Ереже «Қазақ тілі мен әдебиет кабинеттерінің жабдықталуы бойынша байқау» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі...
Конкурсын өткізу туралы iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурсын өткізу туралы iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын...
Конкурсын өткізу туралы iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді...
Конкурсын өткізу туралы icon2011-2012 оқу жылындағы тәрбие жұмысы
«Отбасы және мектеп» атты жалпы ата-аналармен әңгіме өткізу. Сіз қандай ата-анасыз? Сауалнама өткізу
Конкурсын өткізу туралы iconКонкурсын жыл сайын өткізудің ережелері
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының
Конкурсын өткізу туралы iconТақырыбы: “Өнімді өткізу және тарату” Орындаған: Тексерген
Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын....
Конкурсын өткізу туралы iconЖамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
...
Конкурсын өткізу туралы icon2. ҰБт-ны ұйымдастыру және өткізу
Осы нұсқаулық Ұбт-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды
Конкурсын өткізу туралы iconҚазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Республикасы халқының Тілдері күні мерекесінің аясында өткізілетін онкүндіктің ашылуына орай бақ өкілдерімен брифинг өткізу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница