Скачать 40.54 Kb.
|
Биржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар. Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас хат, аудан әкімінің 29 хаттамалық тапсырмалары, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 4 шешімі мен Зайсан ауданының әкімінің 2 өкімі мен 12 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 2 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына және дала өрттеріне қарсы 2011 жылға іс-шаралар жоспары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды. Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 143 қатынас-хат жолданса, 42 өкім мен 1 шешім шығарылды. Біржан ауылдық округ әкімінің ауылды дамытудағы 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы және 2011- 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілді. 2011 жылдың I - ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына 26 өтініштер тіркелді және өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілді. Ауылдық округ әкімінің 12 әкімдік мәжілісі өткізіліп, хаттамалары толтырылды. 10 219 теңгенің 137 нотариаттық іс-әрекеттері атқарылды. 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары бойынша іс – шаралар жоспары жасалып, 2 ақпараттық хабардар топтары құрылды және ауылдық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 жарқын іс» акциясы бойынша жалпы құны 3 365 000 теңге болатын іс-шаралар бекітіліп, есептік кезеңге дейін 515 000 теңгенің жұмыстары атқарылды. Округте халықтың күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақты ұстау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі мен 11 шаруа қожалықтары арасында құны 1 210 000 теңгені құрайтын екіжақты серіктестік меморандумдарына қол қойылды. Жартыжылдық мерзімде шаруа қожалықтары жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер 310 000 теңгенің демеушілік, қайырымдылық көмектерін көрсетсе, «Нұр Сервис Зайсан» ЖШС директоры Ербол Келгенбаев өз қаражатымен Біржан ауылына бақшалық су үшін құны 200 000 теңгені құрайтын өзеннен су соратын насос сатып алып берді. Жобалық құны 508 000 теңгені құраған Ақарал ауылының Орталық көшесін жарықтандыру жұмыстары атқарылды. 1. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша: Ауылдық округі 2010 жылы 1640 га егістік алқабы игерсе, 2011 жылы егістік көлемі – 1785 га құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 145 га артық. Мұның ішінде: - 360 га бидай, 130 га арпа, 10 га тары, 91 га картоп, 680 га күнбағыс, 10 га бақша өнімдері, 24 га көкөніс және 330/150 га көпжылдық шөп. 2011 жылдың 01 шілдесіне округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының санағы жүргізілді, санақ қортындысы бойынша: ірі-қара – 6209 бас, қой-ешкі – 9813 бас, жылқы – 1183 бас және құстар 1489 басты құрап, өткен 2010 жылғы 01 шілдемен салыстырғанда ірі-қара 11 %-ға қой-ешкі 15 %-ға өссе, жылқы 4 %-ға және құстар 10 %-ға азайды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша 2011 жылғы 6 айлық қортындыға сай 257 тонна ет, 1803 тонна сүт, 56 000 дана жұмыртқа өндірілді. Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар атқарылды. Ірі-қараны сібір жарасы, пастереллез, қарасанға, қой-ешкіні - сібір жарасы, қара сүйелге, ал жылқыларды сібір жарасы, САП - қа (маңқа) және үй құстарын жоғары зардапты құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары жүргізілді. 2. Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек және 18-жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысын алған жанұялар туралы мәліметтер: 2011 жылғы 6 ай көлемінде: 4 жанұядағы – 17 адамға берілген атаулы көмек - 134 500 теңге, 39 жанұядағы - 120 балаға төленген жәрдемақы - 951 100 теңге. 3. Салық төлемдері бойынша: 2011 жылғы 6 ай көлемінде бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері - жеке тұлғалардың жер салығы 76 084 теңге - мүлік салығы 23 167 теңге - көлік салығы 150 000 теңге - біржолғы алым 8500 теңге 4. Спорт саласы бойынша: 2011 жылғы 8 наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» және 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелеріне орай волейболдан ауыл біріншілігі, сондай-ақ арқан тарту, гир көтеру, стол теннисі және армреслингтен жарыстар өткізілді. Ал 9мамыр «Ұлы Жеңіске - 66 жыл» мерекесіне орай мини футболдан ауыларалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстар жеңімпаздар ауылдық округ әкімі мен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды. 1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Спорт денсаулық кепілі» атты балалар арасында эстафеталық ойындар өткізілді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық ойындардан Аудан әкімінің жүлдесі үшін өткізілген жарыстарда ауылдық округ әкімі аппаратының командасы жүлделі III орынды иеленді. 5. Мәдени көпшілік жұмыстар: Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді. 8 наурыз күні Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында «Алтын анам», Біржан ауылында «Әке – асқар тау» атты мерекелік шаралар өткізілді. Ауылдық округ әкімінің және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілерінің тарапынан көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды. 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды. 1 Мамыр «Қазақстан халықтарының ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 66 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. 1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары мен қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар табыс етілді. |