Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




НазваниеӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
страница8/8
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.15 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/0802/t9_132.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

20. Радиоактивтік заттарды пайдалану


270. Радиоактивтік заттар мен иондық сәулелену көздерін алу, есепке алу, сақтау, тасымалдау және олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасы әділет министрлігі 2003 жылғы 1 наурызда бекіткен Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отыра жүргізіледі.

271. Радиоактивтік препараттарды белгілеу тәсілдері мен тәртібі алдын ала әзірленіп, технологиялық регламентпен бекітеді.

272. Радиоактивтік изотоптарды іріктеу және белгілеу жөндеу кезінде салынған заттардың белсенділігі нормадан аспайтындай қызмет уақыты мен белгілеу орнын ескере отырып жүргізіледі.

Радиоактивтік изотоптың жартылай ыдырау мерзімі өткенге дейін белгілеу орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда арнайы қорғаныс шаралары мен құралдары (қорғаныс экрандары, препараттарды шығару манипуляторлары мен тағы басқалары) қолданылады.

273. Радиоактивтік препараттарды белгілеу орындарынан сыртқы радиоактивтік сәулелердің барлық ықтимал әдістері тиісті мөлшер өлшегіш аспаптармен бақыланады.

274. Жұмыс орындарындағы радиация деңгейі рұқсат берілген норма шегінде болады.

275. Радиоактивтік изотоптардың жұмыс орындарында болуына және сақталуына жол берілмейді.


21. Отқа төзімді заттарды сақтау және жеткізу


276. Отқа төзімді бұйымдар мен материалдар (пештер мен ожауларды жөндеуге арналған кірпіш, сифондық керек-жарақ, ожауларға арналған стақандар, бекіткіштерге арналған тығындар, шиберлік бекітпелер, магнезит және доломит) арнайы жабық қоймаларда сақталады.

Ашық алаңдарда отқа төзімді заттарды тек қана контейнерлерде сақтауға жол беріледі.

277. Отқа төзімді заттарды қоймада түсіру және оларды цех ғимаратына және жөндеу орындарына жеткізу механизацияланады.

278. Отқа төзімді заттарды цехтарда ағымдағы шығындар үшін жинау отқа төзімді заттарды пайдалану орындарына жақын орналасқан арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

279. Отқа төзімді заттар мен құю алаңдарының жабдықтарын жинауға жол берілмейді.

280. Отқа төзімді заттарды жинау тегіс алаңдарда жүргізіледі. Қатарлардың биіктігі 1,5 м аспауы қажет, олардың арасындағы ені кемінде 1 м болады.

Отқа төзімді заттары бар контейнерлері екі қатардан аспайтындай етіп жиналады.

Сифондық керек-жарақ арнайы стеллаждарда сақталады.

281. Отқа төзімді заттарды мартен пешінің жұмыс алаңында сақтауға қандай да бір пештердің кезекті жөндеуге арналған қажеттіліктен аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

Отқа төзімді заттарды алмалы-салмалы құрылғыларға жақын сақтауға жол берілмейді.

Ожауларды, науаларды және пештердің қақпақтарын жөндеуге арналған отқа төзімді заттарды тұйық аралықтардағы жұмыс алаңдарында сақтауға жол беріледі.

282. Отқа төзімді заттарды 1-2 жөндеу қажеттілігінен аспайтын мөлшерде конверторлық цехта сақтауға жол беріледі.

283. Кірпішті автотиеуіштермен орнын ауыстыру кезінде кірпіш пакеттері астарға, ал дара кірпіш ашалы қарпығыштарды өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұғырықтарға төселеді.

Автотиеуіштердің цехтың ішіндегі қозғалысы кезіндегі жылдамдығы 4 км/сағ аспайды.

Отқа төзімді заттарды төсеу жүргізушіге орын ауыстыру жолының көрінуі қамтамасыз етіледі.


22. Сауытқорамдарды майлауға арналған материалдарды сақтау


284. Шайыр сақтау және шайыр қайнату аумағына шайыр қайнату процесіне қатысы жоқ тұлғалардың кіруіне жол берілмейді.

Шайыр сақтау және шайыр қайнату аумағында «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» деген жазуы бар ескерту плакаттар ілінеді.

Төгілген шайыр дереу жиналады.

285. Шайырды түсіру бекетінде шайырларды теміржол цистерналарында қыздыруға арналған бу жеткізгіштері мен цистернаға баратын алмалы-салмалы өткелі бар алаңы болады.

286. Шайыр қайнату және майлау материалдарын сақтау ғимараттары жанбайтын материалдан салынады. Осы ғимараттарда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды.

287. Шайыр қайнату және майлау материалдарын сақтау ғимараттарының жылу беру жүйесі су және бу арқылы жүргізіледі.

288. Майлау материалдарын сақтауға және шайыр қайнатуға арналған бактар (сыйымдылықтар) тарту құбырларымен және байқау люктерімен жабдықталады. Бактардың үстінгі люктері оларға оқыс ұшқындардың түсуін болдырмас үшін жабық болады.

289. Шайыр қайнату бактары мен шайыр өткізгіштер отқа төзімді материалдармен жылудан оқшауланады. Бактардағы (сыйымдылықтардағы) мазуттарды қыздыру үшін бу иіртүтіктер қолданылады.

290. Бактарды қайнатуға арналған шайырлармен толтыру механизацияланады. Шайырларды пайдалану орындарына беру құбырөткізгіштер бойынша жүргізіледі.

291. Бактарды (сыйымдылықтарды) тазалау және байқау үшін қарау люктері мен бактардың ішкі қабырғалары қапсырмалармен жабдықталады.

292. Майлау материалдарына арналған бактарды (сыйымдылықтарды) және шайыр қайнатуға арналған бактарды қарау жылына кемінде бір рет, ал байқау люктері мен шайыр қайнатуға арналған бактардың тарту құбырларын қарау және тазалау күн сайын жүргізіледі.

293. Мазут немесе шайырлардың бактарына жұмысшылар бактарды құбырөткізгіштерден өшіргеннен, босатылғаннан, буландырғаннан, желдетілгеннен және олардағы ауаның құрамында зиянды заттардың болуын талдағаннан кейін қол жеткізулері мүмкін.

Жұмысшылар бактарда болған жағдайда барлық люктер ашық болады.

Егер люктерді ашу кезінде бактарды желдету қамтамасыз етілмесе, онда жасанды желдету қолданылады.

Қызмет көрсетуші тұлға жұмыс істеген кезде бактың ішінде жарық беру үшін жарылысқа қауіпсіз шамдар қолданылады. Шамдарды қосу және өшіру бактың сыртынан жүзеге асырылады.


23. Шлак аулалары, термосоққы әдісімен шлакты алғаш өңдеу бөлімшесі, шлактарды түйіршектеу


294. Шлак аулалары:

1) қайта жарақталатын шлак аулалары қызметтік және тұрмыстық бөлмелерден алшақ аумақтарда, сондай-ақ тротуарлар мен өту жолдарында орналастырылады;

2) шлактасығыштың лафеті ожауды аударғанға дейін оның аударылып кетуін болдырмайтын бұйыммен бекітіледі;

3) теміржол бойымен шлак ауласында ені кемінде 1 м еркін өткел болады;

4) шлак ауласына кіретін жерде шлак ауласындағы жұмыс үшін жауапты тұлға қосатын жасыл және қызыл түсті шамдары бар жарық дабылы орнатылады;

5) шлау ауласындағы теміржол көлігі қозғалысының жылдамдығы

4 км/сағ аспайды;

6) шлактасығыштар автотіркемемен және белгілі бір шекке жеткен кезде ожау аударғышын тоқтататын шектегішпен жабдықталады;

7) шлактасығыштарды шлак аударғыш фронтына орнатқаннан кейін локомотив шлак ауласынан алынады;

8) шлак ожауларын аударғаннан кейін суытылған шлак қыртысы басылып, сондай-ақ шлак шұңқырында ылғалдың болмауын тексеріледі;

9) шлак ожауларын аудару алдында қатты дыбыс белгілері беріледі, бұдан кейін барлық жұмысшылар тасаланып, ал кран қауіпсіз орынға шығарылады;

10) сұйық шлакты шлак шұңқырына құю біркелкі ағыспен жүргізіледі.

Екі қатар тұрған ожауды бір мезгілде аударуға жол берілмейді;

11) шлак шұңқырларының қабырғалары ыстыққа төзімді бетондардан және жасалуы және металл тақтамен қапталған болады;

12) шлак ожауларын аударғышпен басқару қашықтықтан жүргізіледі және басқару бекетінен жүргізіледі;

13) шлак ожауларының аударғыштарын басқару бекеттері жанбайтын материалдардан жасалады. Аударғыштарға арналған ожаулар басқару бекетінен 10 м жақын емес орналасады. Пульттердің байқау жіктері оларға шлак шашырандысының түсуінен қорғалады;

14) электр кабельдерінің аудару құрылғыларының жетегімен қосындысы штепсел қосқыш жалғастырғышымен жүзеге асырылады. Кабельдің ұшын ашық қысқышқа немесе ұяшықтарға қосуға жол берілмейді;

15) суық және қоңыр салқын маусымда жұмысшылардың демалуы және жылынуы үшін шлак ауласында жылу беру бөлмесі болады.

295. Термосоққы әдісімен шлакты алғаш өңдеу бөлімшесі:

1) шлакты алғаш өңдеу бөлімшесіне (бұдан әрі-ШАӨБ) осы Талаптың 294 тармағы 2), 3), 5) 7), 10)-15) тармақшалары қолданылады. Шлак ауласында шлакты алғаш өңдеумен байланысты (әзірлеумен) жұмыстарды жүргізу кезінде осы Талаптың 295 тармақтары қолданылады;

2) шлак алғаш барлық жағынан өңдеу бөлімшесі көліктің кіруі үшін ойықтардан басқасы қоршалған болады. Қоршаулардың құрылымы мен биіктігі бөлімшеден шлактың лақтырындысын болдырмайды.

Шлакты алғаш өңдеу бөлімшесінен қызметтік және тұрмыстық бөлімшелерге дейінгі, тротуарлар мен өту жолдарының қауіпсіз қашықтығы кемінде 50 м болады және жобада анықталады;

3) шлакты ағызу және құю үшін кемінде екі секция болады. Шлак құю және оның әзірлемесі кезекпен жүргізіледі. Бір мезгілде бір секцияда шлакты ағызуға және құюға жол берілмейді;

4) шлак траншеялары технологиялық және беткі суларды бөлу үшін дренаж жүйесімен жабдықталады және оларға жердегі сулардың өтуінен қорғалады.

Шлак траншеяларындағы дренаждың жұмыс қабілеті аталған сулардың толық бөлінуін қамтамасыз етеді және мерзім сайын технологиялық регламентпен белгіленген мерзімде тексеріледі;

5) сумен салқындату жүйесінің шашыранды құрылғысының құрылымы шлак бетіне судың біркелкі шашырауын қамтамасыз етеді. Шлак құйылмаған жерлерді сумен суаруға жол берілмейді;

6) сұйық және қатып қалған шлагы бар ожаулардың аударғыштары шлак алаңының әр түрлі аймағында жүргізіледі;

7) шлакты алғаш өңдеу бөлімшесі жарық және жақсы естілетін дыбыс дабылдағышымен жабдықталады. Дабылдағыш шлак құйған барлық уақыт бойы қосылып тұрады;

8) шлак тостағандарын аудару үшін қашықтықтан басқарылатын және шлакты жылу сәулесінен қорғағышы бар, ашық ауада жұмыс істеуге арналған аралық крандарын пайдалануға жол беріледі;

9) шлак құюды басқару бекетінің байқау жіктері ыстыққа төзімді әйнекпен шыныланады;

10) шлак ожауларын шлак құю орындарында тасымалдау және аудару үшін автошлактасығыштарды пайдалану кезінде автошлактасығыштың шлак траншеясына құлауын болдырмайтын арнайы тұрақты қоршаулар (тіреулер) қарастырылады;

11) ШАӨБ пайдаланылатын автошлактасығыштардың құрылымында шлак тасымалдау және ағызу кезінде оның жүргізушінің кабинасына түсуін болдырмайтын құрылғы қарастырылады;

12) шлак ожауларын аудару алдында траншеядағы дымқыл орындарға судың толықтай булану үшін ыстық шлак төгіледі. Шлакты ылғал бетке төгуге жол берілмейді;

13) ожаудағы шлак қабаттарын басу механизацияланады. Қабаттарды қолмен басуға жол берілмейді;

14) шлакты ағызу және салқындату тәртібі, сондай-ақ шлак ожауларын тасымалдауға және аударуға арналған автошлактасығыштарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары технологиялық регламентте қарастырылады;

15) шлак ожауларынан төсеніштер мен шлак гарнисажын қағымдау механизацияланады;

16) шлакты экскаватормен, жүкшілермен, бульдозермен немесе басқа да машиналармен және тетіктермен дайындауға және тиеуге шлак ағызу орнынан кемінде 50 м қашықтықта рұқсат беріледі. Егер осы қашықтық 50 м кем болса, онда шлак құю жұмыстары тоқтатылып, қызмет көрсетуші тұлға арнайы бөлмеде болады;

17) шлак құю орнынан будың түсіне немесе қолайсыз ауа-райы жағдайларына байланысты бөлімшеде (траншеяда) көру мүмкіндігі бірден төмендеген жағдайда қосымша жарықтандыру іске қосылады. Егер бұдан кейін де жарық әлсіз болса, онда шлак құю жұмыстары тоқтатылады;

18) шлак ожаулары мен шлак салғыштарды әк еріткішпен бүрку үшін температура кемінде 200°С ыстық күйде болады.

296. Шлактарды түйіршектеу:

1) болат балқыту өндірісіндегі шлакты түйіршектеуді сумен, ығыстырылған ауамен немесе сумен және ығыстырылған ауамен бір мезгілде жүзеге асыруға болады;

2) түйіршіктеу қондырғыларының жұмыс режимі мен негізгі технологиялық өлшемдер (су мен ауаның қысымы және шығыны, түйіршіктеу бассейнінің тереңдігі және тағы басқалары) жобада анықталады және жобалау ұйымының келісімімен ғана өзгертіледі;

3) ғимараттың ішінде орнатылған түйіршіктеу қондырғылары буды толық жоюды қамтамасыз ететін аспирациялық жүйелермен жабдықталады;

4) кез келген түйіршіктеу, су беру, сығылған ауа немесе су мен сығылған ауа тәсілі кезінде шлак ожауларын аудару шлак құю орнынан кемінде 10 м қашықтықта орналасқан түйіршіктеу қондырғысының басқару пультінен қашықтықтан басқарылады.

Түйіршіктеу қондырғыларының пульттері отқа төзімді және бу мен шлак шашырандысынан қорғалған болады;

5) шлакты түйіршіктеу кезінде түйіршіктеу қондырғыларына қызмет көрсетумен байланысы жоқ тұлғалардың болуына және жүк көтергіш крандарды қондырғыға жақын қоюға, сондай-ақ маневрленген теміржол жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді;

6) түйіршіктеу алдында ожаудағы шлак қабатын тесу механизацияланады;

7) түйіршіктелген шлакты тасымалдауға арналған теміржол жолдары су ағынын және төгілген шлактың қайтадан түйіршіктеу бассейніне немесе осы жолдардың бойында орналасқан ағынды орларға өтуін қамтамасыз ететін тартпалармен жабдықталады;

8) грейферлік шлак жинау крандары олардың қозғалысы кезінде белгі беруге арналған автоматты құрылғылармен жабдықталады;

9) түйіршіктеу бассейндері түйіршіктелген шлактың канализацияға түсу мүмкіндігін болдырмайтын бұйымдармен жарақталады;

10) құрамында металы бар шлакты түйіршіктеуге рұқсат етілмейді.

Түйіршіктеу үшін шлактың жарамдылығын маман анықтайды;

11) шлак құюды бастау туралы қызмет көрсетушіге ескерту үшін түйіршіктеу қондырғысы жарық, дыбыс дабылдағышымен жабдықталады;

12) түйіршіктеу қондырғысымен жұмыс істейтін тұлғалардың демалуы және жылынуы үшін тиісті бөлмелер беріледі.


24. Агрегаттар мен жабдықтарды алдын ала байқау және жөндеу


297. Жалпы талаптар:

1) жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету Комитеттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері бекіткен технологиялық жабдықты техникалық пайдаланудың салалық ережесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған жалпы қауіпсіздік ережесінің талаптары міндетті болып табылады.

Болат құю цехтарының агрегаттары мен жабдықтары кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кестелерда қарастырылған мерзімде байқалып жөнделеді.

Негізгі агрегаттар күрделі жөндеуден кейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелердегі өкілінің қатысуымен техникалық басшысы тағайындаған комиссиясы оларды қабылдағаннан кейін ғана пайдалануға беріледі. Жабдықты қабылдау актпен ресімделеді.

Болат құю цехтарындғы негізгі металлургия жабдығын күрделі жөндеу мерзімін ауыстыруға бекітілген жөндеу кестесіндегі инстанция рұқсаты, оны одан қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындысы бар жабдықтың техникалық куәландыру актісі болған жағдайда жол беріледі.

Осы талаптан ауытқушылықтары бар агрегаттар мен жабдықтарды пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

Қолданыстағы болат құю цехтарында орындалатын жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстары қауіптілігі жоғары жұмыстарға жатады және рұқсат наряды бойынша жүргізіледі;

2) болат құю цехтарында сырғалы жүйелерді, рұқсат нарядтарды пайдалана отырып немесе жұмысты ұйымдастыру жобасын ресімдей отыра, жөндеу жұмыстары жүргізілетін объектілер мен жабдықтардың тізбесі құрылады.

Жұмысты ұйымдастыру жобаларында жөндеу жұмыстарына жауапты тұлғалар, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын орындау тәртібі мен реті және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар көрсетіледі.

3) сырғалы жүйеде іске қосу жұмыстарын жүргізу және тетіктерді қарау жүргізіледі;

4) пештер мен конверторларды жөндеу алдында қажетті жерлерге қауіпсіз өткелдер орнатылады;

5) тіреуіштермен қоршалмаған алаңдар мен жабындардағы жұмысшылар өтетін люктер ілмекті қақпақтармен жабылады;

6) жөндеу жүргізу кезінде құрылымдарды, жабдықтарды, бөлшектерді, құрылыс материалдары мен тағы басқаларын көтеру және орындарын ауыстыру механизацияланады және олардың түсуін болдырмайтын әдіспен жүргізіледі.

Жүктерді көтеру үшін тіреуіш ретінде газ өткізгіштер мен олардың тасығыш бағандарын пайдалануға жол берілмейді;

7) пештердің металл құрылымдарын монтаждау және демонтаждау кезінде оларды сыртта және тұрақсыз күйде қалдыруға рұқсат етілмейді.

Демонтаждалатын құрылымдар мен жабдықтар қажетті өткелдерді сақтай отырып берік төселеді;

8) құрал-саймандар мен ұсақ бөлшектерді тасымалдау үшін жоғарыда жұмыс істеген жағдайда жұмысшылар арнайы сөмкені пайдаланады.

9) цехтарда қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды сақтау үшін жүк көтергіш тетіктермен және өту жолдарымен жабдықталған қоймалар қарастырылады;

10) пештердің түтін жолдарының, конверторлардың, миксерлердің жай-күйін тексеру осы агрегаттардың кезекті жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде жүргізіледі;

11) болат балқыту пештері, конверторлар мен миксерлері футерлерінің сыну реті технологиялық регламентпен анықталады;

12) болат құю пештері, конверторлар мен миксерлер жөндеуден кейін кептіріледі және қыздырылады. Оларды кептіру және қыздыру технологиялық регламентке және кестеге сәйкес жүргізіледі.

Кептіру режимін бақылау бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен жүзеге асырылады;

13) жөнделетін пештерді, конверторларды және миксерлерді ішкі жарықтандыру үшін кернеуі 12 Вольттан аспайтын тасымал шамдарды пайдалануға жол беріледі.

298. Электр пештерін жөндеу:

1) жеңіл жөндеуді бастар алдында пеш өшіріліп, қоректендіргіш шағын электр станциясында электр сызбасы әзірленеді.

Электроұстағыштар нығыз бекітіледі;

2) жөндеу жүргізілетін пештің маңы қоршалады. Пеш пен жұмыс алаңы арасындағы ойықтар жабылып қоршалады;

3) пештердің футерлерін ауыстыру және жинау жұмыстары механизацияланады;

4) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пештің кейбір бөліктеріне қауіпсіз қол жеткізу үшін олардың құлап түсуін болдырмайтын бұйымдармен жарақталған жеңіл металл баспалдақтар пайдаланылады;

5) электродтарды көтеру тетігінің контржүктері астында жұмысшылардың болуы қажет болған жағдайда контржүктер олардың төмен түсуін болдырмайтындай етіп бекітіледі;

6) жеңіл жөндеу кезінде пештің төбесі алыну немесе жұмысшылардың төбенің астында болуына жол бермейтін қоршау орнатылады.

299. Конверторларды жөндеу:

1) футерлерді жөндеу үшін конверторларды тоқтату оның жұмыс қабаты тозып, арматуралық қабат пайда болған кезде жүргізіледі;

2) конвертор футерінің сүймендері механизацияланады;

3) конвертор футерлерін жөндеу алдында газжүргіштің (қазандықтың) көтергіш бөлігінің үстінгі беті төседерден тазаланады;

4) газжүргіштің (қазандықтың) көтергіш бөлігін төсемдерден тазарту бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі;

5) газжүргіш конверторын жөндеу кезінде оның мойнына жұмысшыларды газжүргіштен жүретін газдың түсуінен қорғау үшін жабындар орнатылады;

6) конвертор футерін салу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі;

7) конверторлардың футерлерін жөндеу кезінде жағдайларға байланысты тарту немесе сору желдеткіші орнатылады;

8) конверторларды кептіру олар тігінен орналасқан кезде жүргізіледі;

9) түптерін ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде конвертордың жұмыс алаңындағы ойықтардағы барлық басқа жұмыстар тоқтатылады;

10) түптерді алып салу және орнату үшін арнайы домкрат арбалар қолданылады;

11) әуе кемесінің қақпағын бөлу және жеткізу үшін механизацияланған бұйым орнатылады;

12) жаңа фурмалардың жарылмауы үшін олардың түбін бекіту эластикалық жалғамалар арқылы жүргізіледі;

13) футерленген массамен түптерді жалғауға арналған стенд түптерді орнату ұяшықтарымен және тығыздағыштарды қыздыруға арналған тасымал мойынмен жабдықталады;

14) түптерді жалғау механизацияланады;

15) түптерді күйдіру жану өнімдерін атмосфераға шығаратын арнайы пештерде жүргізіледі. Түптерді күйдіру кезіндегі пештердің есіктері герметкалық түрде жабылады;

16) фурма түсірілген кезде конверторда жұмыс істеуге рұқсат наряды болған жағдайда және оттегі өткізгіш өшірілген кезде ғана жол беріледі.

300. Болат құю және шойын тасығыш ожауларды жөндеу:

1) ожауларды жөндеу арнайы бөлінген орындарда, алаңдармен және сүйеніші бар баспалдақтармен жабдықталған стендтерде немесе биіктігі кемінде 0,8 м ернеулермен жабдықталған жөндеу шұңқырларында жүргізіледі.

Шұңқырлардың қабырғалары мен ожаудың аралығы алаңдармен жабылады; осы мақсатта шұңқырлардың ернеулеріне төселетін тақталарды қолдануға рұқсат етілмейді;

2) жөндеу алдында скрап, «тазаланбаған қалдықтар» мен қоқыстар ожаудан шығарылады. Олардан тазарту механизацияланады және ожаулар салқындатылғаннан кейін жүргізіледі.

Футерлеуді толықтай ауыстырмаған кезде ожауларды салқындатуды жылдамдату үшін желдеткіштің көмегімен олардың ауа ағынын үрлеуге жол беріледі;

3) ожауларды тек стендтарға орнатуға жол беріледі, ожауларды түптеріне немесе қырынан қоюға жол берілмейді;

4) футерлеуді өзгерту немесе оларды ожаулардан алу механизацияланады;

5) ожауды жөндеу үшін кірпішті беру механизацияланады. Қораптағы немесе қауғадағы кірпішті беру кезінде жұмысшылар алдын ала ожаудан шығарылады;

6) тек ақаусыз қаптамасы, шетмойындары мен көмкергіші бар ожауларды футерлеуге рұқсат етіледі.

Жөндеу жүргізілетін ожауларды футерлеу осы Талаптың 196 тармағы 4) тармақшасын сақтай отыра жүргізіледі;

7) сыйымдылығы 40 тоннадан астам ожауларды жөндеу кезінде механизациялаған көтергіш үстелдер қолданылады.

Кейбір жағдайларда ожауларды жөндеуді қармақ баулардан бастап жүргізуге жол беріледі;

8) футерлеуді ожауға салу кезінде қысқы уақытта қыздырылатын ауа беріледі.

Сыйымдылығы шағын (10 тоннаға дейін) ожаулардың футерлеуін салу кезінде инфрақызыл сәулелендіргіштерді қолдануға рұқсат етіледі;

9) жөндеуден кейін ожаулар төсемнің барлық қалыңдығы бойынша мұқият кептіріледі.

Ожауларды кептіру газ шығу қауіпі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру талаптарына сәйкес соратын құрылғылармен жабдықталған арнайы орындарда кокс немесе табиғи газбен немесе мазутпен жүргізіледі.

Кептіру ұзақтығы және оның аяқталуының сыртқы белгілері технологиялық регламентпен белгіленеді. Кептіру кезінде газдың жануы бақыланады.

Футерлеуді толық ауыстыру кезінде ожауларды салқындату оларға су құю арқылы жүргізіледі;

10) ожауларды тек стендтарға орнату керек, ожауларды түбіне немесе қырынан қоюға жол берілмейді.


25. Санитарлық талаптар


301. Болат балқыту цехтарының санитарлық-тұрмыстық бөлмелерін жобалау және салу ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес болады.

302. Болат балқыту цехтарының бас ғимараттары санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес орнатылған тұрмыстық бөлмелердің өткелдерімен қосылады.

303. Жуынатын орындар электр қондырғыларын орнату талабына сәйкес жарықтандырылады.

304. Газдың жуынатын бөлмелерге, киіну бөлмесіне және ауыз суды, су, бу жеткізуді өңдеу бекеттері мен аталған құрылғылардың канализациялары дербес болады.

305. Болат балқыту цехтарында жұмыс істейтіндердің ауыз су қабылдау тәртібі санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

306. Барлық бөлімшелерде алғашқы (дәрігерге дейінгі) жедел жәрдем көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен таңу материалдары бар сөмке болады. Дәрі-дәрмектердің болуын және олардың жинағын қадағалауды цехтың және денсаулық сақтау бекетінің басшылығы жүзеге асырады.


____________________

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға,...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconДомна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Талап домна цехтарын (пештерін) жобалау құрылысына, қайта құруға, пайдалануға, оларға қажетті құрал-жабдықтарды жобалауға және дайындауға...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconБу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconҚауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1 тармақшасына сәйкес,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница