2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы




Название2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
страница2/8
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://akimzyrian.gov.kz/kz/files/agro2.doc
1   2   3   4   5   6   7   8


Кестеден соңғы үш жыл ішінде ұн және макарон өнімдерінің,рафинадталмаған өсімдік майының өндірісінің төмендеу тенденциясы байқалады. Сондай-ақ ет, сары май, ірімшік пен сүзбе және сыра өндірісінің өсуі байқалады.

Азық – түлік өнімдерін өндіру, сусындарды қоса алғанда, 78 кәсіпорындар мен өндірістер жұмыс істейтін 11 бағытты қамтиды.

Ауданның азық – түлік өнімдерін өндірудегі жетекші кәсіпорындары мыналар: шұжық өнімдерін өндіру бойынша «Зыряновские колбасы» ЖШС, «Хорс» ш/қ, сүт өндіру бойынша «Зыряновский молкомбинат» ЖШС (құрылтайшысы «Восток- молоко») және «Большенарым май зауыты» ЖШС, сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру бойынша «Зырян – Қайнар» ЖШС.

Сала бойынша 2009 жылы1027,5 млн.теңгеге тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден 2,1 есе артық.

Азық – түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінде, негізінен, жабдықталған үй-жайларда орналасқан, бұрын пайдалануда болған, ескірген өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған шағын кәсіпорындар саны көп.


Тамақ өнімдерінің, сусындарды қоса алғандағы нақты көлемі мен өндірісі индексінің 2007 – 2009 жылдардағы өзгеру динамикасы

4 кесте

Көрсеткіштер/жылдар

2007

2008

2009

Тауар өнімдері, млн.теңге

482,8

1047,3

1027,5

Нақты көлем индексі,%

143,1

77,4

82,6


Тағам және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі проблема өндірістік үрдістер механизациясы мен автоматизациясы деңгейінің төмендігі болып табылады, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және халықаралық стандарттарға өтуге мүмкіндік бермейді.

Кәсіпорындармен және мемлекеттік органдармен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұн мәселелеріндегі негізгі міндеттерді орындау мақсатында 2009 жылы мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты және отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша жүйелі жұмыстар басталды.


Ауданда Шығыс Қазақстан облысының басқа аудандарымен қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімдерін жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау бойынша маркетингтік жұмыстар жүргізіледі. Ауданның ірі және орта кәсіпорындарының арасында жүргізілетін ай сайынғы мониторингке сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық мазмұн үлесі ағымдағы жылдың 1 қазанында 86,9 % құрады.

Тағам өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардағы жергілікті тауар өндірушілердің тағам өнімдерінің қазақстандық мазмұн үлесі артып келеді. Тағам өнімдері сатылып алынған 15 жабдықтаушының ішінде 14-і ауданның жабдықтаушылары.

Мемлекеттік сатып алуда жергілікті тауар өндірушілердің үлесін арттыру жұмыстары жүргізіледі, оның нәтижесінде өндіріс көлемі артып, жұмыс орындары сақталады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға қатысады. 2010 жылдың 9 айында мемлекеттік мекемелермен ШКС-нен мемлекеттік сатып алу көлемі 232193,0 мың теңгені құрады (833413,3 мың теңгелік мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінен 27,9 %).

Апта сайын «демалыс күні» жәрмеңкесі өткізіледі. 2010 жылдың басынан бастап 44 жәрмеңке өткізілді, онда 26,0 млн.теңгенің өнімі сатылды. Жәрмеңкелерге ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысады. Тауарларды сатуға арналған орындар тегін беріледі.

Жыл басынан бастап Зырян ауданының кәсіпкерлері қазақстандық мазмұнды дамытуға бағытталған 12 ісшараға қатысты, оның нәтижесінде Зырян қаласының сауда нүктелеріне өнеркәсіптік кәсіпорын өнімдерін жеткізуге ниет шарты жасалынды. Аудан әкімдігі мен Корея Республикасының өкілі арасында туризмді, марал өсіру мен дәрілік препараттарды өндіруді дамыту саласына қаржы салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандумның мақсаты Зырян ауданындағы инвестициялық жобаларды Корея Республикасының инвесторларын қатыстыра отырып іске асыру болып табылады. Меморандумды жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында мыналар жоспарлануда: аудан аумағында панталық өнімдерді шикізат түрінде сақтауға арналған тоңазытқыш қоймасын ашу. Дәрілік шөптер, адамтамыр өсіретін плантация ұйымдастырып, адамтамыр, панты мен дәрілік шөптердің негізінде дәрілік препараттар мен тағамдық қоспалар жасау, жаңа жұмыс орындарын құру және қызметкерлерді оқыту.

Корея Республикасының фармакология компаниялары өкілдерімен туризмді, марал өсіру мен дәрілік препараттарды өндіруді дамыту саласына қаржы тарту мәселесі жөніндегі 4 меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде аудан кәсіпкерлерінің «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК мен «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ басшыларымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңейтілген аппараттық кеңесінің 01.02.2010 жылғы № 1/445 хаттамасын орындауға сәйкес, қазақстандық мазмұнды дамыту, экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға және шығарылатын өнімдердің энергия жұмсағыштығын төмендетуге шара қолдану мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ауданның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулері өтті.

Ауданның 8 кәсіпорны Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының IV форумының аясында екі мемлекет Басышыларының қатысуымен, 2010 жылдың қыркүйегінде Өскемен қаласында өткізілген «Облыс кәсіпорындарының дамуының индустриалдық – инновациялық мүмкіндіктері» көрмесіне қатысты.

2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі төмендегідей:

  • 2939,0 млн.теңгеге тауар сатылып алынды, соның ішінде қазақстандық тауар 2287,7 млн.теңгеге, қазақстандық тауар үлесі 77,8 % құрады;

  • 45,0 млн.теңгеге жұмыстар орындалды, оның ішінде қазақстандық жабдықтаушыларда 37,5 млн.теңге сомаға, қазақстандық жұмыстардың үлесі 83,2 % құрады.

  • 117,2 млн.теңгеге қызметтер көрсетілді, қазақстандық жабдықтаушыларда 117,0 млн.теңгеге, қазақстандық өызметтердің үлесі 99,8 % құрады.

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы мен әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуіне байланысты халықаралық нормалар мен ережелерге көшу қажет. Серебрянск қаласындағы «Белуха» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Фаворит» ЖШС, «СЗНП» ЖШС, «Колор» ЖШС кәсіпорындары сапа менеджменті жүйесіне, соның ішінде СТ-КZ сертификатына енгізілді.

2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына аудан бойынша әр түрлі көздерден қаржыландырылатын 4 жоба қосылды: «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК мыс сульфаты менкатодты мыс ерітінділерін алу, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ «Меллерс» қаптау желісі учаскесінің құрылысы және құрылғыларды жөндеу, картоп крахмалын өндіру («Плюс» ЖШС), жел генераторларының негізінде жергілікті жылу жүйелеріне арналған жылу стансаларын құру («Зырян жылу энергетика компаниясы» ЖШС). Бағдарламаға қосылған барлық жобалар 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта іске асырылды.

2007 жылы 2 цех іске қосылды: шағын наубайхана, тұшпара дайындау цехы, «Востокпроммонтаж» ЖШС металл құрылғыларды, құбырларды, стандартты емес құрылғылар дайындау цехы іске қосылды, 93 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік қызметтің 58 нысаны іске қосылды, соның ішінде 44 сауда нысаны, 79 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2008 жылы шағын және орта бизнестің 10 кәсіпорны инвестициялық жобаларды іске асыруға кірісті. 2008 жылы шағын бизнестің 32 нысаны, соның ішінде 22 сауда нысаны, ауылдық жерде 6 нысан пайдалануға енгізілді, 147 жұмыс орны құрылды. «Фаворит» ЖШС фанер, жиһаз қаңқаларын өндіру цехы іске қосылды, 60 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2009 жылдың басынан бастап 7 инвестициялық жоба жүзеге асты: Прибрежный кентінде 2 цех пайдалануға берілді, Березовский совхозында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды, 2009 жылдың сәуірінде мектеп жиһазын жасау цехы жұмысын бастап, ЖК А.Денебаевтың гранула (төменгі қысымды полиэтилен) өндіруге арналған шикізутты өңдеу цехы ашылған (шикізаттың болмауынан цех уақытша жұмыс істемейді). «Востокпроммонтаж» ЖШС кірпіш зауытында кірпіш өндіру цехы іске қосылды, 2010 жылы 120,0 мың дана кірпіш шығарылды. «Белуха» АҚ су негіздегі лак-бояу өнімдерін өндіру бойынша эксперименттік цех іске қосылды, 50 жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлік қызметтің 25 нысаны, соның ішінде 16 сауда нысаны іске қосылды, 109 жұмыс орны ашылды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің қарауына Зырян ауданы бойынша 15 жоба ұсынылды.

2010 жылы 2 цех қолданысқа енгізілді: сүтті қайта өңдеу бойынша «Үлкен нарын сүт зауыты» ЖШС, шыны жиһаз дайындау бойынша цех «SL Compani» ЖШС, жаңа 21 жұмыс орыны құрылды. 5 сауда нысаны қолданысқа енгізілді, 2 сауда нысанына қайта құру жұмыстары атқарылды, 19 жұмыс орыны құрылды. Барлығы 40 жұмыс орыны құрылды.

Электр энергиясын, газ бен суды тасымалдау және өндіру бойынша өнідіріс негіздері болып Зырян қаласының «Теплоцентраль» МК, «Серербрянск қ. Теплоцентраль» КМК, «Промтепло» ЖШС, «Бухтарма Теплоэнерго» ЖШС, «Водоканал» МК, Серебрянск қ. су арнасы» КМК.

Электр энергиясы Серебрянск қ. маңында орналасқан «Казцинк» ЖШС Бұқтырма гидроэлектр кешенімен өндіріледі, жылу энергиясы Зырян және Серебрянск қ. ТЭЦ өндіріледі.

Ауданымызда электр энергиясын сатумен «Шығысэнерготрейд» ЖШС, ал таратумен – «ШҚ АЭК» АҚ айналысады.Ауданымыздың барлық елді мекендері электр энергиясымен қамтылған.


Электр энергиясын, газ бен су тарату және өндіру саласында өнімнің маңызды түрлерін өндіру дианмикасы

5 кесте

р/с

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

Облыстық көлемінің үлесі, %

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Электр энергиясы

млн. кВт.сағ

2723,9

2612,7

2354,9

33

2

Жылу энергиясы

тыс. Гкал

623,6

665,4

682,9

6

3

Табиғи су

млн.куб.м

26,1

24,3

20,9

9



2009 жылы электр энергиясын, газ бен су өндіру саласымен 5,9 млн. тенге соммасына тауар қнімі өндірілді, ал физикалық көлемінің индексі 95,9% құрады.

Жыл сайын электр энергиясының жетіспеушілігі байқалып отырады, электр энергиясын қымбат сатып алу артуда, бұл тарифтерді қалыптастыруға жағымсыз әсерін тигізеді.

Ауданының коммуналыдқ кәсіпорындарының – «Серебрянск қаласының жылу орталығы» МК, «Серебрянск қаласының су орталығы» МК, «Жылу орталығы» МК, «Су арнасы» МК жұмыстарының шығыны көп. Шығын соммасы 2007 жылы 138,2 млн тенгені, 2008 жылы – 90,2 млн тенгені, 2009 жылы – 78,2 млн. тенгені құрады. Электр энергиясына, жанар-жағар майларға,материалдарға бағаның өсуі тарифтерден көп алда, сондықтан шығынның орнын толтыруды қамтамасыз етпейді. Табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмысын, кәсіпорындардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін коммуналыдқ кәсіпорындардың қызметтер тарифі жыл сайын өсуде.

Аталған кәсіпорындардың қызметтерін тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда, осылайша ағымдағы жылы:

«Жылу орталығы» МК 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және қамтамасыз ету бойынша қызметтерге жаңа тариф енгізілді. Зырян қаласыныі «Жылу орталығы» МК 2010-2011 жылу беру маусымдарына қатты отынмен айлық қорымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, 4427,0 мың тенге ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен.

Жол картасы жобасын жүзеге асыру шеңберінде қаражат бөлінді:

- Зырян қ. Жылумен қамту жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына республика бюджетінен 53360 млн тенге соммасында, жергілікті бюджет есебінен 26640 млн тенге,

- Зырян қ. квартал ішілік жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 16694 млн тенге соммасында, жергілікті бюджеттен 8334 млн тенге

- Зырян қ. кәрздік носос тсанцияларының ағымдағы жөндеу үшін республикалық бюджеттен 16323 млн тенге соммасында, жергілікті бюджеттен 8149 млн тенге

- Зырян қ. шаруашылық-фекалдық құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 16141 млн тенге, жергілікті бюджеттен 8059 млн тенге,

- Серебрянск қ. су қайтару жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына рсепубликалық бюджеттен 10569 млн тенге соммасында, жергілікті бюджеттен 5177 млн. тенге

SWOT-саланың даму жағдайының талдауы

Басым жақтары

  1. Өз шикізат базасының бар болуы;

  2. Аралық салалар тарапынан бірінші кезекті ішкі сұраныстың бар болуы;

Әлсіз жақтары

  1. пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу бойынша геологиялық зерттеу жұмыстарына мемлекет қаражаттарын жеткіліксіз тарту;

  2. экспорт үшін же ішкі тұтыну үшін де өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерінің тар номенклатурасыен байқалатын өнеркісп өнідірісінң әлсіз дифференциясы;

  3. еңбек өнімділігігінң төмен деңгейі;

  4. білікті кадрлар тапшылығы;

  5. техникалық жабдықтардың жылдам тозуы (70% дейін), негізгі қордың баяу жаңалануы;

  6. кәсіпорын айналым қаражатының және өндірістерді жаңалау жәнеқайта жабдықтау үшін қорының жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері

  1. Темір өнімдерін, ғылыми негізделген, функционалық материалдар, арнайы қосындылар өндіру көлемін арттыру;

  2. Ресей және Белорусь мемлекеттерімен томожня одағына енуіне орай нарықтың кеңейуі, бұл шикізат пен жабдықтарды экспрттау және импортқа шығарды жеңілдетеді.

Қатерлер

1.Ауданының бір үлкен кәсіпорынға тәуелділігі, Малеевск кен орынының қорларын пайдалану Зырян ТКБК кәсіпорының ары қарай жұмысы үшін мәселелер тудырады;

2. Зырян тау кен байыту комбинатында өдірістің құлдырауы немесе тоқтауы;

3. тау кен байыту кешенінде және басқа да ұқсас өнідірістерде жұмыс істейтін халық бөлігінің жұмыстан босауы (2745 адам), жұмыссыздықтың өсуі.

4.шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы

2.2.1.2. Агроөнеркәсіп кешені.

Аудан экономикасының дамуында агроөнеркәсіп кешені маңызды роль атқарады, бұнда жоғары экономикалық потенциал негізделген. Оның дамуы шешуші деңгейде ауданының азық-түлікпен қамтылу қауіпсіздігін анықтайды.

Өз мамандануы бойынша ауданымыздың ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы дамыған өсімдік шаруашылығымен белгіленген. Ауыл шаруашылығының валдық өнімдерінің құрылымында мал шаруашылығы 29 % құрайды.

Аудан мал шаруашылығының ерекшелігі көпсалалығы болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайлар мен шаруашылық қызметтерге орай ауданымызда сүт және ет шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал шаруашылығы, ара шаруашылығы дамыған.

Саллар бойынша аса дамыған болып қой шаруашылығы табылады, соңғы үш жыл ішінде аталған мал түрінің өсуі 13% құрады. Шошқа шаруашылығында өсім тұрақты емес, жыл сайын мал басының артуы мен кемуі кезектесіп отырады, бұл жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне тәуелді.

Ауданының өсімдік шаруашылығның үлесі ауыл шарушалыық өндірісі өнімдерінің валдық көлемінің 71 % құрайды.Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру 2 жер игеру аймағында іске асырылады.

Сала негізінен жер өңдеу саласын жүргізеді, бұнда бидай, дәнді дақылдар өндірісі кең тарлаған.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдарының құрылымында соңғы 3 жыл ішінде негізгі үлесті дінді-дақылдар (58,3%), мен майлы дақылдар (25,2%) құрайды, соның ішінде егсітік алаңдарының құрылымында дәнді-дақылдар алаңы 78,2 % алып жатыр. Қалған үлесін жем-шөп (9,1%), картоп (2,5%) және көкеніс бақша дақылдары (1,4%) құрайды.

2007 жылдан 2009 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдерінің валдық көлемі 4522 ден 7101 млн. тенгее артты, немесе 1,6 есеге. 2007-2009 жылдардағы физикалық даму индексі кестеде келітірліген.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconТарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Ы бөлімі мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconӨскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconПриозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ала бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен (мал шаруашылығын дамытумен) 62 шаруашылық оның ішінде 59 жеке қосалқы шаруашылығы, 2 шаруа...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon2013-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджетік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат
Зырян ауданының бюджеті «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13/2-v шешіміне өзгерістер...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconАуыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті дамыту
Аңдатпа: Бұл мақалада агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconЗайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница