Скачать 80.39 Kb.
|
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы «___» ақпандағы № __ қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары 1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 2-тармағының 3-1) және 8) тармақшаларына және 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі мен мерзімін айқындайды. 2. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметті қаржы құралдарының атауы мен санын, сондай-ақ осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы сомасына осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің пайыздық қатынасын көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 3. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметті жариялау үшін кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын және (немесе) осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің интернет-ресурсын пайдаланады. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы деректерді жариялау үшін пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қағидаларына енгізеді. 4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау үшін пайдаланатын интернет-ресурсының сервері өткізгіштік қабілеті 20 Mbit/sec кем емес болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желісіне қосылады. Интернет желісіне қосылу үшін деректерді беру жылдамдығы 128 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желісі пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын іске қосу уақыты парақты графикамен және басқа элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан көп болмйды. Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру күні мен уақыты көрсетіледі. 5. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде жарияланады. 6. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметтердегі деректер тиісті есепті күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша ұлттық валюта – теңгеде көрсетіледі. 7. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі ақпаратты, осындай мәліметтерді жариялау үшін пайдаланған бұқаралық ақпарат құралдарын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмейтін мерзімде растайтын құжаттардың қосымшаларымен, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді. 8. Жинақтаушы зейнетақы қоры және оның басшы қызметкерлері зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы анық мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялауды, сондай-ақ осы ақпаратты уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларының 1-қосымшасы «____» «____________________» 20__ жылғы жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан ____________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) __________________________ инвестициялық портфелінің құрылымы (инвестициялық портфелдің түрі)
Ескертулер: 1 – қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде, кері репо операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті және т.б.) көрсетіледі; 2 – бағасы белгіленетін қаржы құралының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралының Ұлттық сәйкестендіру коды (ҰСК), Халықаралық сәйкестендіру коды (International Securities Identification Number – ISIN) не банк депозитін ашуға шарттың нөмірі көрсетіледі; 3 – номиниирленген қаржы құралының «Валюталар мен қорларды белгілеу кодтары» 07 ИСО 4217-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі; 4 – борыштық бағалы қағаздардың бағалы қағаздың рейтингтік бағасы, эмитент (банк) акцияларының (банк салымының) рейтингі не қарсы әріптестің туынды қаржы құралының рейтингі, сондай-ақ рейтингтік бағаны берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік баға болған жағдайда есепке соңғы берілген рейтингтік баға алынады; 5 – шығарылымның (мәміленің/шарттың) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың (кері репо операциясы/банк салымы/ туынды қаржы құралы) «кк.аа.жжжж» форматта өтеу (жабу) күні көрсетіледі; үлестік және өзге мерзімсіз бағалы қағаздар үшін осы баған толтырылмайды; 6 – қаржы құралдарының саны дана түрінде көрсетіледі; 7 – есептелген сыйақыны есептегенде, қаржы құралдарының құнсыздануын есепке ала отырып, есепті күндегі олардың ағымдағы жиынтық сомасы мың теңгемен көрсетіледі; 8 – зейнетақы активтер есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелінің (орташа немесе консервативті) ағымдағы құнының қаржы құралының үлес салмағы пайызбен, үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі; 9 – зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан қаржы құралының үлес салмағы пайызбен, үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі; 10 – қаржы құралдарымен жасалатын мәміленің мәнін нақтылайтын қаржы құралдары туралы қосымша ақпарат көрсетіледі (мәселен, бағалы қағаз кері репо операциясы нәтижесінде алынған болса, осы бағанда тиісті белгі жасалады). |
![]() | Национальный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан | ![]() | Национальный Банк Республики Казахстан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу... |
![]() | Национальный Банк Республики Казахстан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу... | ![]() | Национальный Банк Республики Казахстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы |
![]() | Национальный Банк Республики Казахстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді | ![]() | Национальный Банк Республики Казахстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді |
![]() | Национальный Банк Республики Казахстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді | ![]() | Денежно-кредитная политика Национального Банка рк Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный... |
![]() | Национальный Банк Республики Казахстан ... | ![]() | Национальный Банк Республики Казахстан Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы |