Конкурстық негізде




Скачать 90.67 Kb.
НазваниеКонкурстық негізде
Дата конвертации08.02.2016
Размер90.67 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://www.akimvko.gov.kz/assets/kz/files/right1a.doc
Шығыс Қазақстан Облысы мемлекеттік қызметшілеріне,

мемлекеттік органдарының басшыларына

және олардың кадрлармен жұмыс

қызметтеріне мәлімет үшін


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптары туралы жадынама


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптар.


I. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы


  1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар келесі талаптарға сәйкес болу тиіс:




    • Қазақстан Республикасының азаматы болу;

    • егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмау;

    • қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс;

    • мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.




  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқығы:




    • мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады;

    • мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін;

    • мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен алынбаған әкiмшiлiк немесе тәртіптiк жазасы болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi;

    • өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды;

    • мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi;

    • осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

(Ескерту: басқа талаптарды Заңның 12-13 бабында қараныз)


3. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер


Мемлекеттiк қызметшiнiң:

  • өкiлдi органдардың депутаты болуға;

  • педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

  • кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

  • үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;

  • өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

  • ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

  • лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

(Ескерту: басқа шектеулерді Заңның 10 бабында қараныз)



  1. Мемлекеттiк қызметке келесі адамдарды қабылдауға болмайды:




    • белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған; 

    • сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

  • бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

  • өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

  • жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

  • мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

  • мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

  • мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдар.


Ескерту:

«Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметін тоқтатуға негіз болып табылады».

(Заңының 26 бабының 4-1 тармағы)


5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негіздемелер:


  • олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;

  • тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

  • еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

  • мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

  • осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

  • меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

  • соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;

  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;

  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтатуы;

  • осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк 
    әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

  • аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.



II. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы


  1. Заңның негізгі талаптары:




    • мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға не осындай мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк лауазым атқаруға үмiткер адамдар, осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды; 

    • аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi және жеке бас ісінде сақталады;

    • мемлекеттiк лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар салық органына табыстары туралы және мүлік туралы мәлiмдеме табыс етеді;

    • мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын салық органына табыстары мен мүлік туралы мәлiмдемелер берiп отырады; мәлiмдемелердi тапсырғандығы туралы салық органынан анықтамалары жеке бас істерде сақталады;

    • жоғарыда аталған адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады;

    • педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады;

    • лауазымды және мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдар (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) қызметке кiрiскеннен кейiнгi бiр айдың iшiнде өздерiне тиесiлi, пайдаланылуы табыс табуға жеткiзетiн мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы мiндеттердi атқару кезеңiне сенiмдi басқаруға беруге мiндеттi, бұған сол адамдарға заңды түрде тиесiлi ақша, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiк қосылмайды;

    • мүлікті сенімді басқаруға беру нотариалды түрде расталады арнайы келісім-шарт арқылы іске асырылады; келесім-шартың көшірмесі кадр қызметке беріледі және жеке бас ісінде сақталады (ҚР Азаматтық Кодексінің 118 бабына сәйкес сенімді білдіру арқылы басқару құқығы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады).




  1. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне

тәртіптік жаза қолдау ережесі және мерзімдері:


  • мемлекеттік органнның қызметшітеріс қылық жасаған жағдайда, қызметші жазбаша түрде түсініктеме береді. Егер қызметші өз түсініктемесінде өзінің теріс қылығын мойындаса, мемлекеттік органның бастығы қызметтік тексеру өткізбей, тәртіптік жаза қолдануға құқығы бар (ескерту, сөгіс, қатан сөгіс). Егер қызметші өз түсініктемесінде өзінің теріс қылығын мойындамаса, бастықтың бұйрығымен қызметтік тексеру өткізу қажет болады;

  • жазбаша ескерту тәртіптік жазаға жатпайды;

  • тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды;

  • мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды;

  • қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза 13-1 баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде қолданылуы мүмкiн;

  • тәртіптік жазаны қолдану мүмкін емес:

    • уақытша еңбекке жарамсыз кезінде;

    • қызметшінің іс-сапарда немесе демалыста болу кезінде;

  • егерде әкімшілікке теріс қылық уақытша еңбекке жарамсыз, демалыс, іс-сапар мерзімде намесе атаған мерзімге дейін болғаны белгілі болса, тәртіптік жаза қолдану бір айлық мерзімінің барысы тоқтатыла турады.




  1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау.




  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады; 

(ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 17 бабы)


  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру, - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.

(ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 334-1 бабы)


Ескерту:


  1. Басқа талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарында қара: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан iрi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (ҚР 07.12.2009ж. № 222-IV Заңы 10 және 12 тармақшалары); «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдар мен оған теңестiрiлген адамдардың құқықтық жағдайы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» (ҚР № 226- IV Заңы)

  2. Осы жадынама ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің ШҚО бойынша басқармасы бөлімдерінің және тәртіптік кеңес хатшылығының облыстық мемлекеттік органдарындағы тексерулердің қорытындысын және қаралған тәртіптік істерді талдау негізінде жасалған.

Похожие:

Конкурстық негізде iconСу объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру
«Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Конкурстық негізде icon«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру»
«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
Конкурстық негізде iconСу объектілерін конкурстық негізде оқшауланған
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы
Конкурстық негізде iconКонкурстық құжаттамаға
Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни...
Конкурстық негізде iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық негізде iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Конкурстық негізде iconЛекция Семинар
Табиғи ортаның тазалығы қоғамның дамуының басты шарты. А талған үйлесімділікке табиғат қорғау мен пайдалануды ғылыми негізде басқару...
Конкурстық негізде iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық негізде iconКонкурстық іріктеу
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы бос қызмет орындарына байқау жариялайды
Конкурстық негізде iconНазарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушыларды конкурстық іріктеуге арналған тест тапсырмалары
Сұраулы сөйлем жасайтын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшаларының жазылуын көрсетіңіз
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница