Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish700863_8281.doc
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 02.05.12ж. №7614 тіркелген



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

kazak_gerb_4


Национальный Банк

Республики Казахстан

________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 26 наурыз № 126





Алматы қ.


г. Алматы




Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы






«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы
    25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

1, 1-1, 1-2, 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi бағалы қағаздар ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгiлi бір күнге осы ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы;

2) бағалы қағаздар ұстаушының жеке шоты бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын, тiзiлiмдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмiлелердi тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

3) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотыэмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

4) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйелерiндегi мәлiметтердiң жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;

5) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

6) операциялық күн – тiркеушi бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тiркеудi және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;

7) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотыинвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;

8) ортақ өкiлдiң жеке шоты тiзiлiмдер жүйесiндегi ортақ меншікке қатысушылардың ортақ өкiлiне ашылған, меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесiлi бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

9) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

10) тiзiлiмдер жүйесiндегi операция тiзiлiмдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тiзiлiмдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тiркеушiнiң iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;

11) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

12) ішкі бақылау – тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы шынайы есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақтауына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тәні тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы.

1-1. Тiркеушi iшкi бақылауды тiркеушiнің басқару органы бекіткен, мыналар:

1) iшкi бақылау объектісі;

2) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын талаптар;

3) тiркеушiнің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жүзеге асыратын iшкi бақылау рәсімдері, оларды жүргізудің мерзімдері мен тәртібі;

4) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерінің тiркеушiнің органдарын iшкi бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етуінің тәртібі және мерзімдері айқындалатын өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

1-2. Тiркеушiнің басқару органы ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

Ішкі аудит қызметінің қызметі мәселелері бойынша тiркеушiнің басқару органы бекіткен ішкі құжаттарында мыналар:

  1. ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;

  2. ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;

  3. ішкі аудит объектісі;

  4. ішкі аудит қызметінің тексерістерді жүргізу ауқымы мен жиілігі;

  5. ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;

  6. ішкі аудит қызметінің тіркеушінің басқару органына тексерістердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну мерзімдері мен нысандары айқындалады.

1-3. Тіркеушінің ішкі бақылауды және (немесе) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлері ішкі бақылаудың және (немесе) ішкі аудиттің объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.»;

1-4-тармақ алып тасталсын;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тiркеушiнiң тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент және бағалы қағаздарды ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өндеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.»;

4-1-тармақ алып тасталсын;

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тiзiлiмдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:

1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;

2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;

3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;

4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға берген осы Ереженің 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттардың көшiрмелерi;

5) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарттарының көшiрмелерi оларға енгiзiлген барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бірге;

6) тiзiлiмдер жүйесінде операциялар жүргiзiлген өзге құжаттар;

7) эмитенттен (бұрынғы тiркеушiден) тiркеушi алған және тiркеушi шарттың қолданылу кезеңінде эмитентке жіберген құжаттар;

8) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды , исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептерді бекіту туралы хабарламаларының көшiрмелерi;

9) операцияларды тіркеу журналы;

10) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;

11) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;

12) сенімхаттарды есепке алу журналы;

13) жiберiлетін құжаттарды тіркеу журналы;

14) мұрағатты жүргізу журналы;

15) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткiзу актiлері.

6. Тiзiлiмдер жүйесінде мынадай:

1) эмитент туралы, оның iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы және эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы;

2) инвестициялық пай қорының атауы туралы;

3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмiрлерi, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкiлдерi туралы;

4) жеке шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық сәйкестендіру нөмiрi туралы;

5) тiзiлiмдер жүйесінде жүргiзiлетін операциялар және оларды жүргізу негiздерi туралы;

6) тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы;

7) тiркеушi бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығын орындаған жағдайда мәмiленiң сомасы туралы;

8) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы мәліметтер қамтылады.»;

8-1-тармақ алып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөнiндегi шартты (бұдан әрі – шарт) жасау кезінде эмитент ұсынған құжаттар негiзiнде тiркеушi тiзiлiмдер жүйесіне эмитент туралы мәлiметтердi енгiзедi және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.

Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тiркеушi инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады:

1) жарғының көшiрмесi;

2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;

3) пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

4) инвестициялық пай қоры ережелерiнiң көшiрмесi;

5) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

6) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкiлдерiнiң нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi мен заңды тұлға мөрiнiң бедерлемесi бар, мынадай мәліметтер:

тiркеушiнiң атауы;

инвестициялық пай қорының атауы;

құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;

басқарушы компания өкiлiнiң тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;

осы құжатта бар қол қою үлгiлерi тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде мiндеттi болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар;

8) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкiлдерiнiң нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi мен заңды тұлға мөрiнiң бедерлемесi бар, мынадай мәліметтер:

тiркеушiнiң атауы;

инвестициялық пай қорының атауы;

басқарушы компанияның атауы;

инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;

кастодиан өкiлiнiң тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;

осы құжатта бар қол қою үлгiлерi тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде мiндеттi болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Осы Ереженің 12 және 13-тармақтарының талаптары мынадай жағдайда:

1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда бағалы қағаздар иегерiне - тіркелген тұлғаға осы номиналды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар есепке алынған номиналды ұстау жүйесінде орталық депозитарийдің жеке шот ашу бұйрығы және оның клиенті номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негiзiнде жеке шот ашу кезінде;

2) тiркеушiнің соттың атқару парағын орындауы мақсатында тіркелген тұлғаға жеке шот ашу кезінде қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тiзiлiмдер жүйесін жүргізу»;

24-1 және 24-2-тармақтар алып тасталсын;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Жеке шоттар бойынша операцияларға мыналар:

1) жеке шот ашу;

2) тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе  инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәлiметтердi өзгерту;

3) бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);

4) эмитенттің орналастырылған акциялары (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санының ұлғаюы туралы жазбаларды енгізу;

5) бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және ауыртпалық салуды алып тастау;

6) бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;

7) сенiмгерлiк басқарушы туралы жазбаны енгізу және сенiмгерлiк басқарушы туралы жазбаны алып тастау;

8) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);

9) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

10) эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

11) эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын жою;

12) жеке шотты жабу жатады.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер қамтылады:

1) бұйрықтың нөмiрi және тіркелген күні;

2) бағалы қағаздар эмитентiнiң атауы;

3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;

4) тіркелген тұлғаның жеке шотының нөмiрi;

5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмiрi;

6) орналастырылған акциялар санының ұлғаюына байланысты жүргізілген операцияның пропорциясы (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде);

7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;

8) орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға арналған нұсқау;

9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.

Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкiлеттi тұлғасы қол қояды және эмитенттің мөрімен куәландырылады.»;

34-1 және 34-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«34-1. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесiлi, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 
6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын банктердің акцияларын есептен шығару
және осы акцияларды уәкiлеттi органның шотына есепке жазу операциялары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3576 тіркелген) қаулысының
6-тармағында айқындалған тәртіпте қабылданған қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының шешiмi негiзiнде тiркеледi.

34-2. Тіркеуші эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент уәкілетті органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшірмесін және мынадай құжаттардың бірінің:

1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің;

2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспарының;

3) егер эмитент дәрменсіз борышкер болса, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған реабилитациялау жоспарының көшірмесін ұсынған кезде жүргізеді.

Тіркеуші эмитенттің тіркелген тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу және жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан есептен шығару мен оларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен эмитенттің бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргізеді.

Тіркеуші эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерді оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды осы Ережелердің 12 және
13-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашылған жеке шоттарға есепке жазу жолымен эмитенттің ақшалай міндеттемелерді айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргізеді.

Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған бұл туралы хабарламаны және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.

Тіркеуші олардың айырбасталуына байланысты сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазылған облигацияларды облигациялардың шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесі негізінде жояды.»;

мынадай мазмұндағы 34-4-тармақпен толықтырылсын:

«34-4. Тіркеуші эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент ұсынған бір түрдегі орналастырылған акцияларды басқа түрдегі акцияларға айырбастау туралы эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі және эмитенттің орналастырылған акцияларды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негізінде:

  1. айырбасталуы тиіс акцияларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу;

  2. орналастырылған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды акциялары айырбасталуы тиіс тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған бұл туралы хабарламаны, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулардың, уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулардың назарға алынғанына байланысты берілген акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы хабарламасының көшірмелерін және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту операциясын тiркеушi эмитенттің берген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмелерi мен уәкiлеттi органның эмитентке берген, жарияланған акциялардың санын ұлғайту орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту есебінен жүргізілгендігіне сілтеме жасалған ілеспе хат, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару жолымен акцияларды эмитенттің тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.

Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған ілеспе хатты, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.»;

мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

«39-1. Тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның және пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығында осы Ережелердің 28-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.»;

мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

«40-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
47-1-бабының 3-тармағында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы  Қазақстан Республикасының Заңы 42-7-бабының 3-тармағында және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 53-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған кезде тіркеуші қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны тіркелген тұлғаның жеке шотына енгізу туралы бұйрығы негізінде осы қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын жүргiзедi.

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда тіркеуші сенімгерлік басқарушының бұйрығы және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы
31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы
20 маусымдағы  Қазақстан Республикасы
Заңының 36-1-бабында және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банктік не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде осы акцияларды олардың меншік иесі болған тіркелген тұлғаның жеке шотынан есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке жазу операциясын жүргiзедi.

Тіркеуші сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операциясын сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тұлғаның жеке шотынан алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргiзедi.»;

46-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46-1. Тiркеушi бұйрықтарының нысаны мен мазмұны осы Ереженің
6, 7-қосымшаларына сәйкес айқындалады.»;

51-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51-1. Мәмiленi тiзiлiмдер жүйесінде тіркеу уақыты тiркеушiнiң Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген iс-әрекеттердi жүзеге асыру уақыты болып табылады.»;

52-1-тармақ алып тасталсын;

53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53-1. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда тiркеушi бұйрықты алған күннен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде бұйрықтың орындалуы туралы есепті жібереді.»;

54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«54. Тiркеушi бұйрықты алған сәттен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай жағдайларда:

1) қол қою үлгiлерiнiң бұйрықтағы нотариат куәландырған қол қою үлгiлерiне сәйкес келмеген;

2) операция жасау бұйрығын алған күннен бастап екі күнтiзбелiк күн iшiнде қарсы бұйрық берілмеген;

3) бұйрықтардың деректемелері осы Ережеде белгіленген деректемелерге немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес келмеген;

4) жеке шотта бағалы қағаздардың қажетті саны болмаған;

5) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргізу жүйесінің деректеріне қарай мәміле жасау нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда клиент мәмiленiң тiркелуi үшін белгіленген мерзімде уәкілетті органның iрi қатысушы мәртебесін иеленуге келiсiмiн растайтын құжатты ұсынбаған;

7) тиісті мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмi болған;

8) бұйрықта көрсетілген жеке шот оқшауланған;

9) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған;

10) тiркеушiнiң iшкi құжатында көзделген өзге жағдайларда оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресiмдейдi.

Бұйрықты орындаудан бас тартуға тiркеушiнiң iшкi құжатына сәйкес тiзiлiмдер жүйесін жүргiзетiн тiркеушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тiркеушiнің және уәкiлеттi органның өзара iс-қимыл тәртiбi»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тiркеушiнiң құжат айналымы. Тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттар мен электрондық деректерді сақтау. Тiркеушi клиенттерiнiң
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың ақпанда тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы №185 Қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
«Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқарушының) есеп...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Н тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Фрагмент документа: 'Ќазаќстан Республикасында банктерді мѕжбџрлеп тарату ережесін бекіту туралы' Ќазаќстан Республикасы Ќаржы нарыѓын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница