Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы




Скачать 352.2 Kb.
НазваниеЗайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы
страница1/2
Дата конвертации08.02.2016
Размер352.2 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zaysan.vko.gov.kz/kz/files/program_13.doc
  1   2



Зайсан аудандық мәслихатының

2008 жылғы 11 шілдедегі № 7-4

шешімімен бекітілген.


ЗАЙСАН АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ 2008-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


ЗАЙСАН ҚАЛАСЫ

2008 жыл


Зайсан ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы

күрестің 2008-2010 жылдарға арналған

БАҒДАРЛАМАСЫ


  1. Бағдарламаның паспорты

Атауы:

Зайсан ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).

Әзірлеуге негіз болған:

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №753 қаулысымен бекітілген «2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» 4-бөлім, облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/43-ІV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әзрленді.

Негізгі әзірлеуші:

Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі

Мақсаты мен міндеттері

қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың сапалық деңгейін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің толықмасштабтылығы мен тиімділігін жетілдіру, ұйымдасқан және жасөспірімдер қылмысымен, нашақорлық пен есірткі бизнесімен, заңсыз көші-қонмен күресті күшейту;

азаматтардың құқықтық, еркіндік және заңдық мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету;

құқық бұзушылықтардың мақсатты әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;

қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескерту жүйесін жетілдіру;

қылмысқа қарсы күресте азаматтардың қызығушылығын арттыру;

қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;

ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету, террорлық пен діни экстремизмді, заңсыз көші-қонды анықтау бойынша құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;

құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз ету;

қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

құқық қорғау органдарының кадр жұмысын жетілдіру;

қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық.

Іске асыру мерзімдері:

2008-2010 жылдар

Қаржыландыру

көздері

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да көздер.

Күтілетін нәтиже

құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдар әрекеттерін үйлестіруді күшейту;

құқыққа қарсы қол сұғушылықтан азаматтардың қорғалу сезімдерін қалыптастыру;

ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы күресті, террорлық пен діни экстремизмді, заңсыз көші-қонды анықтауға әрекет етуді күшейту;

тұрғындардың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту, тұрғындардың құқықтық санасының деңгейін, оның құқық қорғау органдарына және толығымен мемлекетке деген сенімдерін арттыру.


2.Кіріспе

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №753 қаулысымен бекітілген «2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» 4-бөлім, облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/43-ІV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің бұрындары қолданылған облыстық және аудандық бағдарламаларына қатысты басымдық қағидаларды сақтаумен, Зайсан ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.


3. Құқықтық тәртіп пен заңдылық жағдайына талдау


Тіркелген қылмыстардың көбейу себебі үстіміздегі жылы жасырын қылмыстарды айқындау бағытындағы шаралар өз нәтижесін беріп, латенттік қылмыстар ашылу көрсеткіші жоғарылады.

Атап айтқанда 2007 жылдың осы мерзіміммен салыстырғанда барлық қылмыстар 15,1 пайызға өсуіне жол берілді. Соның ішінде аса ауыр қылмыстар 1-ден 2-ге немесе 100 пайызға, ұрлық 20-дан 31-ге 55,5 пайызға, мал ұрлығы 0-ден 4-ке, пәтер ұрлығы 4-тен 5-ке өсіп отыр.

Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны 2-ден 0-ге, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 6-дан 5-ке, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 1-ден 0-ге дейін азайды.

Сонымен қатар тонау 2-ден 1-ге, қарақшылық 1-ден 0-ге азайды.

Статистикалық мәліметтерді талдау 2006-2008 жылдар үшін тіркелген қылмыстардың жалпы санының төмендегенін куәландырады. Зайсан ауданы бойынша егер 2006 жылы 5 ай көлемінде 95 қылмыс тіркелсе, 2008 жылдың осы мерзімінде 84 тіркеліп отыр.

Жалпы аудан көлемінде криминогендік жағдай тұрақты болып қалуда, оған жақсы қалыптасқан экономикалық, қоғамдық саяси жағдайлармен қылмыстың алдын алудағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері әсерін тигізіп отыр. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан аудан бойынша 5 ай көлемінде 6 ашылмыған қылмыс тіркелген.

Есіркінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында үстіміздегі жылы 1 қылмыс және 2 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып өткен жылы тәркіленген есірткі затының мөлшері 73,25 гр болса үстіміздегі жылы 171,24 гр.

Заңсыз көші-қон арналарын жабу бағытында нақты шаралар атқарылып аудан көлемінде 2007 жылдың 5 айында 9 адам ҚР аумағынан аластатылса 2008 жылдың 5 айында 21 азамат аластатылды.

Бүгінгі күні ауданда кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар алаңдатуда. Алайда бұл бағытта мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, профилактикалық шаралар атқарылуда.

Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын бұзу, құқық қорғау жүйесінің мәтебесіне нұсқан келтіретін жене мемлекетке деген азаматтардың сенімін жоққа шығаратын қылмыстардың алдын алу бағытындағы шаралар бақылауға алынған. Сонымен қатар азаматтардың арыз шағымдарын 100 пайыз тіркеуден өткізу бағытында арнайы шаралар өткізілуде.

Қалыптасып жатқан криминогендік жағдайды ескере отырып, адандық ішкі істер бөлімімен басқада құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топтарға, есірткі бизнесіне, сыбайлас жемқорлыққа, заңсыз көші-қонға, терроризмге аса назар аудара отырып, қылмыстың барлық түрлеріне және заңдардың бұзушылқтарына қарсы күресті жалғастыру керек.


4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың сапалық деңгейін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің толық масштабтылығы мен тиімділігін жетілдіру, ұйымдасқан және жасөспірімдер қылмысымен, нашақорлық пен есірткі бизнесімен, заңсыз көші-қонмен күресті күшейту.

Бағдарламаның міндеттері:

азаматтардың құқықтық, еркіндік және заңдық мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету;

құқық бұзушылықтардың мақсатты әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;

қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескерту жүйесін жетілдіру;

қылмысқа қарсы күресте азаматтардың қызығушылығын арттыру,

қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;

ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету, террорлық пен діни экстремизмді, заңсыз көші-қонды анықтау бойынша құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;

құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз ету;

қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

құқық қоғау органдарының кадр жұмысын жетілдіру;

қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық.


5.Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiктерi

5.1. Азаматтардың құқықтық, еркіндік және заңдық мүдделерін қорғау. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты нығайту.


Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылық тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жасалған дене зорлығы, тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану ғана түсіндіріледі. Бірақ азаматтың өміріне, денсаулығына, азаматтардың мүлкіне жасалған кез-келген қол сұғушылық - бұл да конституциялық құқықты бұзушылық. Қылмыстың кез-келген фактісі бойынша оны ашу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін барынша күш-жігер жұмсау керек.

Жедел және тергеу бөлімшелеріне тән қылмысты жасыру жүйелерін мемлекет тарапынан азаматтардың құқығын қорғауды бұзып қана қоймай, құқық қорғау органдарына деген теріс көзқарастың туындауына ықпал етеді.

Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайтуға және ең алдымен қылмысты жасыру, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін бұзу фактілерін жоюға бағытталған ашық және қағидатты саясатты жүргізуді жалғастыру.

Құқық қорғау органдарының қызметі саласындағы демократизмді, ізгілікті бағалау негізінде жеке адамның құқықтарын шынайы қамтамасыз ету алынуы тиіс. Тәжірибеде негізсіз жауапкершілікке тартудан және соттаудан заңды түрде бекітілген іс жүргізу кепілдіктерінің басымдығын қамтамасыз ету және заң нормаларын сақтаудан кез-келген бас тартуға жол бермеу.

Мемлекет міндеттерінің бірі болып табылатын және құқық қорғау органдары, соттар, жергілікті басқару органдары үшін басымдық міндет ретінде, белгіленген азаматтардың құқықтарын қорғау өзара байланысқан шаралар кешенін іске асыруды талап етеді.



 


5.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық тәртібін нығайту


5.2.1. Әлеуметтік-құқықтық алдын алу

Қазіргі заман жағдайларында нарық экономикасын дамыту, мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландыру жағдайларында қылмыстың алдын алу әдеттегідей өзекті мәселе болып отыр. Қылмыстық жазалаудың шараларын қолдану қылмысқа қарсы күресу үшін жеткіліксіз екені анық және құқық тәртібінің проблемаларын тек полиция саласында ғана қарауға болмайды. Сондықтан да құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қызметінде және басқа мемлекеттік органдарда, сондай – ақ құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметінде басым бағыттардың бірі болу керек.

Бұрын тиімді іс-әрекет еткен, жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін өткен жылдары өздерін ақтаған ерікті жасақтарды, кәсіпорындар мен оқу орындарында, тұрғылықты жері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңестері, полицияға жәрдемдесу жасақтарының және т.б. белгілі шектерде қайта дамыту керек.

Адамдардың лайықты ісінің болмауы және бос уақытты мақсатсыз өткізуі қазіргі уақыттағы жалпы қылмыс себептерінің бірі болып табылады. Ол барып белгілі бір айналысатын ісі жоқ және қылмыстық көңіл күйдегі адамдардың мәдениетке қарсы топтар мен бірлестіктер ұйымдастыруына әкеліп соғады. Жергілікті атқарушы органдардың халықты, әсіресе жастарды еңбекпен қамтуы, оларды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруы, кәсіби даярлықты өткізу мен оған үйретуі осы саладағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Көптеген криминогендік проблемаларды шешу үшін елімізде елеулі материалдық қолдауы бар, қылмыстың алдын алудың жаңа әлеуметтік - экономикалық негіздегі жалпы жүйесін құру қажеттігі туындады.

Учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметтер, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге арналған арнайы мекемелер, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтары және басқалары сияқты профилактикалық құрылымдар айтарлықтай материалдық-техникалық нығайтуды қажет етеді.

Техникалық қадағалау және байланыс жүйелерін патрульдеу кезінде едәуір икемді көлік құралдарын және қызметтік жануарларды белсенді пайдалануды талап етеді.

5.2.2. Кәмелетке толмағандар мен жастардың арасындағы қадағалаусыздық

пен құқық бұзушылықтардың алдын алу


Облыстағы криминогендік ахуалдың болашақтағы даму динамикасының перспективасы бүгінгі таңда жасөспірімдермен және жастармен қолданылып жатқан тәрбиелік-құқықтық шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты болғандықтан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Жоғарғы және орта оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желісін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететін неғұрлым перспективті бағыт болып табылады.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметі де кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етеді.

Оқу орындары аумақтарында оқушылар жасайтын қылмыстар санының көбеюі соңғы жылдардың сипаттық ерекшелігі болды. Жалпы білім беретін оқу орындарында мектептерге бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік пролиция инспекторларын енгізу тәжірибесін одан әрі тарату осы пролблеманы шешу жолдарының бірі болып табылады. Алдын алу жұмыстарының аса белсенділігі үшін осы лауазымға тәжірибелі педагог – адамдар қабылдану керек.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, осы жас тобындағы қылмысты ескертуді қамтамасыз ету, олардың заңды, әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар жалпы барлық қоғамның күш-жігері қажет.

Жас азаматтардың көкейтесті проблемалары жұмыссыздық болып қалуда. Осы мақсатта жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту, бос орындар туралы ақпараттар алмасу үшін жағдайлар жасайтын бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, еңбек рыногындағы сұранысты анықтау, жұмыссыз жастар мен әлеуметтік жұмыс берушілер арасындағы байланысқа ықпал ету қажет.

Жасөспірімдер мен жастар қылмысының проблемаларын шешу басымдықтарының бірден бір маңыздысы, спорт залдарын кеңейту жолымен спортпен айналысуға жасөспірімдер мен жастарды тартуды одан әрі жалғастыру, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету керек.


5.2.3. Алкогольдік ішімдікті пайдалануды қысқарту, маскүнемдіктің және рецидивтік қылмыстың алдын алу


Ұлттың және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін кеңінен тараған маңызды әлеуметтік проблема алкогольді пайдаланудың, маскүнемдік пен нашақорлықтың, әсіресе жастар арасында артуы болып табылады. Бұл проблеманы спирт сусындары бөгетсіз және барлық жерде бөлшектеп және құйып сату күрделендіреді.

Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында есірткіні медициналық емес жолмен пайдаланудың таралуы ерекше абыржытады. Есірткі пайдаланушылардың 60,0% шамасы -30 жасқа дейінгі тұлғалар. Балалар мен жасөспірімдер нашақорлығы артуда.

Маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен қолданылатын шаралар, осы санаттағы аз санды тұлғаларды күштеп емдеуді жүзеге асыру бойынша бар мекемелер жеткіліксіз.

Ішкі істер органдарының, әсіресе полицияның учаскелік инспекторларының алдын алу қызметінің басым бағыттары құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауы мүмкін адамдарды анықтау, олардың асоциалдық мінез-құлықтарын түзеу, әкімшілік-құқықтық шаралар әсерін үйлестіруде жалпы және жеке алдын алу әдістерімен қылмысты болдырмау болып табылады.

Бас бостандығынан айырылғандар орнында болып табылатын адамдарды кәсіби даярлауды және жаңа кәсіпке оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ аталған адамдардың бас бостандығынан айырылғандар орындарында өндірістік және өзге де еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қазіргі кезде салауатты өмір салтын насихаттауда жұртшылық пен мемлекеттік органдар қатысының үлесі әлі де төмен.

Осыған байланысты маскүнемдік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың жағдайына атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру қажет және маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу бойынша бірқатар ұйымдастыру-практикалық шаралар қабылдау керек:

маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтан зардап шеккен тұлғаларды күштеп емдеу үшін наркологиялық диспансерлердің төсек-орындарын арттыру;

оқушылар арасында есірткі мен психоактивті заттардың таралуына жол бермеуде жоғары және орта оқу орындары әкімшілігінің жұмысын жандандыру;

спирттік сусындар мен есірткі құралдарын пайдаланушы тұлғаларды анықтау үшін жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын жүйелі тексеруді қамтамасыз ету.

  1   2

Похожие:

Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған

Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы icon2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconАудандық ішкі саясат бөлімінің 2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы анықтама
Дайға үнемі зерттеу жасалып отырады. Осы уақыт аралығында «Зайсан ауданның қоғамдық-саяси жағдайы», «Жемқорлық індет» атты, тіл мәселесі...
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconШығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан
Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске...
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconАудандық ішкі саясат бөлімінің
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Әйелдер істер және демографиялық...
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница