«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы




Скачать 308.24 Kb.
Название«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
страница3/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер308.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://shieli-akorda45.narod.ru/gw/Norkujattar/Gilim.doc
1   2   3

мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (сфераларында) мемлекеттік ұйымдарды немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (сфераларында) отандық және әлемдік ғылымның, білімнің, өндіріс пен ғылымның интеграциясын қамтамасыз ету;

ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру жатады.

19-бап. Жергілікті атқару органдарының құзыреті

Жергілікті атқару органдары:

өз құзіреттері шегінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған аймақтық бағдарламаларды әзірлейді, іске асырады және оларды құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге қолдаумен қамтамасыз етеді;

аймақтардың мамандандырылуына сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;

тиісті аймақтарда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттік немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді.


20-бап. Ғылыми ұйымдарды аккредитациялау


Ғылыми және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымдарды аккредитациялау олардың негізгі ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің тиімділігін және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды, ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстар тиімділігін бағалауды айқындау үшін жүзеге асырылады.

Барлық ғылыми және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымдар кем дегенде бес жылда бір рет аккредитацияланады.

Ғылыми ұйымның халықаралық танымал шетелдік агенттік жүзеге асыратын халықаралық аккредитациядан өтуге құқығы бар.

Аккредитацияланған ғылыми ұйым және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және ғылыми-техникалық салада мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс жүргізуге құқығы бар.

Ғылыми ұйым және мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ұйымның мемлекеттік акредитациялануы туралы куәлік Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен қаралған салықты төлеуге ғылыми ұйымға жеңілдік жасалу үшін негіз болады.

21-бап. Ғылыми ұйымды басқару


Мемлекеттік ғылыми ұйымның ғылыми қызметкерлері ұжымының келісімімен мемлекеттік ғылыми ұйымның басшысын уәкілетті орган оған қатысты мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыратын органның келісімі бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Мемлекеттік ғылыми ұйымда ғылыми мекеменің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет жөніндегі консультациялық-кеңесші органы ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңесі құрылады.

22-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама


Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың негізгі қағидаттары:

сараптау жұмысының, оның нормативтік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырудың жүйелілігі;

мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүзеге асырудағы тәуелсіздік, объективтілік және кешенділік;

коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа құпияның сақталуы;

сарапшылардың (сараптаушы ұйымдардың) құзіреттілігі және жоғары кәсіби деңгейі;

сараптама қорытындыларының шындығына, толықтығына және негізділігіне жауаптылық.

Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері:

бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары мен жеке жобалары, сондай-ақ қалыптастыру, орындалу және аяқтау кезеңіндегі инновациялық жобалар;

ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі болып табылатын жаңа технологиялар мен технологиялық шешімдерді қолдану және енгізу арқылы Қазақстан Республикасында салынатын өндірістік-технологиялық кешендердің жобалары;

мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық (секторалдық) ғылыми-техникалық бағдарламалар, қалыптастыру, орындалу және аяқталу кезеңіндегі бюджет қаражаты есебiнен іске асыруға жататын іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары мен жобалары, тәжірибелі-конструкторлық және тәжірибелі технологиялық жобалар;

мемлекеттік ғылыми және мемлекеттік акциясы (бөлігі) бар ғылыми ұйымдардың жекешелендіру кезіндегі материалдары (пайдаланылатын ғылыми зияткерлік меншік объектілері бөлігіндегі);

мемлекеттік қажеттіліктер үшін техника мен технологияларды трансферттеу (импорттау) жөніндегі жобалар;

ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстар болып табылады.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін конкурстық негізде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиісті саласынан сәйкес біліктілігі және сараптамалық қызметті жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшылар (сараптаушы ұйымдар) тартылады (ғылыми қызметкерлер мен ғылыми ұйымдар, оның ішінде шетелдік).

Сарапшыларға біліктілік талаптары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастырады.

Міндетті Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері болып табылмайтын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет материалдар бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын қызмет шеңберінде туындайтын міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша ақылы негізде жүргізіледі.

Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге арналған қаражат, осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа, уәкілетті мемлекеттік органға ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражаттары шегінде көзделеді.


23-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті

ақпараттық қамтамасыз ету


Ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттік ақпараттық ресурсты қалыптастырудың елдің ғылымын дамыту үшін стратегиялық мәні бар.

Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектілерінің ғылыми-техникалық ақпарат алуға құқығы бар. Конфиденциалды болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган мемлекеттік ақпарат ресурсының қалыптасуын, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, талдамалық өңдеу, сақтау және тұтынушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығының құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.


24-бап. Ғылым мен білімнің ықпалдасуы


Ғылым мен білімнің ықпалдасуы жаңа ілімді генерациялау, мамандар дайындау үшін қолдану, білімді кеңейту, оларды дайын коммерциялық өнімге айналдыру мен мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саладағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті қазіргі ғылыми білім беру қоғамдастығын қалыптастыру үшін қажетті жағдай.

Ғылым мен білімді ықпалдастырудың негізгі мақсаттары:

білім беру процесіне ғылымның озық жетістіктерін енгізу және жаңа білім беру бағдарламаларын ашу, сонымен қатар ғылыми ұйымдар мен жеке ғалымдарды оқыту үдерісіне тарту жолымен жоғары білімнің сапасын жақсарту;

іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарында ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының күштерін шоғырландыру;

ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын пайдалану тиімділігін арттыру;

ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру үшін университеттік инновациялық құрылымдарын (бизнес-инкубаторлар мен технопарктер) ұтымды пайдалану;

ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту;

ғылыми зерттеулерге студенттерді, магистранттарды және докторанттарды тарту, болашақ ғалымдар даярлау үшін дарынды жастарды іріктеп алу және мамандардың ғылымға тұрақты ағымын қамтамасыз ету болып табылады.

Ғылым мен білімді біріктіру мақсатында өзара тиімді және тепе-теңдік негізінде ғылыми инфрақұрылымның мынадай нысандары құрыла алады: ғылыми-білімдік консорциумдар, ғылыми қалашықтар, университеттік және жоғары оқу орындық зертханалар.

5-тарау. Ғылымды қаржыландыру


25-бап. Ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті

қаржымен қамтамасыз ету

Мемлекет ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 1-%-дан кем емес өлшемде бюджеттік қаржыландырылуын (қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулерге арналған шығыстардан басқа) қамтамасыз етеді.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті бюджеттік қаражат есебінен қамтамасыз ету мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

бюджеттік қаражатты тарту арқылы іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ғылыми ұйымдарды тікелей базалық қаржыландыруға сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру;

қаржыландырылуы бюджеттік қаражатты тарту арқылы жүзеге асырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидатына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру;

басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік технологиялық әзірлемелерді және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар беру жолымен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру;

Бағдарламалық-мақсатты қағидатқа сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс туралы заңнама нормаларының қолданымынсыз мемлекеттік ғылыми сараптаманы міндетті түрде жүргізу арқылы конкурстық негізде ғылыми қызметкерлердің ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерде мемлекеттік тапсырыстарын кіргізуді айқындайды. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жобаларды сараптаудың негізгі критерийі болып табылады.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты қағидатынын сәйкес жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаржыландырылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асыру ережелерінде айқындайды.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттар беру жолымен қаржыландыруды ұйымдастыру негізінде жүзеге асырылады. Басым қолданбалы ғылыми зерттеулерді және бастамашылық сипаттағы тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді дамыту үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттар беру жолымен қаржыландыруды уәкілеттік органдар жүзеге асырады.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттар беру жолымен қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қолдауды және дамытуды, қолданбалы ғылыми зерттеулерді және бастамашылық сипаттағы тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қаржыландыруды, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді практикалық іске асыру үшін жағдайлар жасауды, ғылыми-техникалық өнім мен қызмет көрсетулер нарығында инвестициялық белсенділікті ынталандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Ғылым қорын құрады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ғылым қорының инвестициялық мүмкіндіктерін қолдау үшін жыл сайын оның жарғылық капиталын толықтыру үшін республикалық бюджеттен ақшалай қаражаттың бөлінуін көздейді.

26-бап. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды жекешелендіру


Жекешелендіруге жататын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

Іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ғылыми ұйымдар жекешелендіруге жатпайды.


6-тарау. Ғылыми зерттеулерді кадрлармен қамтамасыз ету


27-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық кадрлар даярлау


1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті кадрлармен қамтамасыз ету осы саладағы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Мемлекет білім беру ұйымдарында және ғылыми ұйымдарда ғылыми кадрлар даярлауды ұйымдастырады, осы мақсат үшін қажетті қаржы ресурстарын бөледі.

3. Жоғары білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ғылыми ұйымдар белгіленген тәртіппен диссертациялық кеңестер (2011 жылға дейін), магистратура, докторантура ашуға, әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми қызметкерлердің тағылымдамасын ұйымдастыруға және біліктілік арттырудың басқа нысандарын пайдалануға құқығы бар.


28-бап. Ғылыми кадрларды аттестаттау


1. Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау


1. Ғылыми мекемелерде ғылыми қызметкерлерді аттестаттау мына мақсатпен жүзеге асады:

- ғылыми қызметкерлердің дайындығының кәсіптік деңгейін, оның жұмыс нәтижелілігін бағалау;

- ғылыми қызметкер біліктілігінің атқарып отырған қызметімен сәйкестігін анықтау;

- ғылыми қызметкердің қабілеттілігін қолданудың, оның кәсіптік деңгейін көтерудің болашағын айқындау;

ғылыми қызметкердің кәсіптік дайындығын, біліктілігін көтерудегі қажеттілікті анықтау;

2. Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау туралы ереже Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді.


7-тарау. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қызмет


29-бап. Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық


1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды, шетелдік ғылыми ұйымдардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

3. Басқа мемлекеттерде берілген ғылыми және академиялық дәрежелер Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады.


8-тарау. Қорытынды ережелер


30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді

осы Заңмен сәйкестікке келтіру туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің нормативтік құқықтық актілерін осы Заңмен сәйкестікке келтірсін.


31-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі


1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев


Соңғы жаңалу ( Friday, 22 May 2009 )
1   2   3

Похожие:

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconКөлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-3 тармақшасына...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Бұл тұрғыда мынадай мәселелерді айтқан абзал. Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңы көптеген міндеттерді...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы icon1. Жалпы ережелер
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница