«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы




Скачать 308.24 Kb.
Название«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер308.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://shieli-akorda45.narod.ru/gw/Norkujattar/Gilim.doc
  1   2   3
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері

3-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелеріне зияткерлік меншік құқығы

4-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару

5-тарау. Ғылымды қаржыландыру

6-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті кадрмен қамтамасыз ету

7-тарау. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қызмет

8-тарау. Қорытынды ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

аккредиттеу жөніндегі орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

ғылым докторы - iзденушi көпшiлiк алдында диссертация қорғағаннан кейiн, диссертациялық кеңестiң жасаған ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми дәреже. Ғылым докторы ғылыми дәрежесi жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында iргелі проблемаларды әзiрлегенi, iрi және аса маңызды теориялық және қолданбалы проблемаларды шешкенi үшiн, сондай-ақ енгiзiлуi қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге елеулi үлес қосатын техникалық, экономикалық және технологиялық шешiмдердi ғылыми негiздегенi үшiн берiледi;

ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиже – жаңа ілім немесе шешімдерден тұратын және кез-келген ақпарат тасымалдаушыда сақталған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет өнімі;

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнім - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиже, оның ішінде кез-келген ақпарат тасымалдаушыда, сонымен қатар модельдерде, макеттерде, жаңа өнім үлгілерінде, материалдар мен заттар белгіленген жаңа ілім немесе шешім түрінде іске асыруға бағытталған зияткерлік қызмет нәтижесі;

ғылыми зияткерлiк меншік - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелерге мүліктік құқық ретінде ұсталмайтын активте белгіленген меншік;

ғылыми кадрларды аттестаттау – ғылыми қызметкерлердің белгілі лауазымы бойынша ғылыми ұйым қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес бағалау жұмыстарының жүйесi;

ғылыми қызметкер – жоғары кәсіби білімі бар, қажетті ғылыми біліктілікке ие, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмысты кәсіби орындайтын және ғылыми ұйымда сәйкес ғылыми немесе әкімшілік лауазым атқаратын жеке тұлға;

ғылыми-техникалық ақпарат – ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет барысында алынатын, отандық және шетелдік ғылымның, техниканың, технологияның және өндірістің жетістіктері туралы мәліметтерден тұратын ақпарат;

ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтiк-саяси және өзге проблемаларды шешу үшiн ғылым мен техниканың барлық салаларында жаңа бiлiм алу мен қолдануға, ғылымның, технологияның және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс атқаруын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

ғылыми ұйым – ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына тәуелсіз заңды тұлға, сондай-ақ құрылтайлық құжаттарына сәйкес қызметінің негізгі түрі ретінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, ғылыми қызметкерлерді даярлауды жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлердің қоғамдық бірлестігі;

ғылыми ұйымды аккредиттеу – аккредитеттеу органының ғылыми ұйымның ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен бюджет қаражатын ұтымды пайдалану дәрежесін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану процедурасы;

iргелi зерттеулер - табиғат, қоғам, адам дамуының және олардың өзара байланысының негiзгi заңдылықтары туралы жаңа ғылыми бiлiм алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттiк зияткерлік зерттеулер;

қолданбалы зерттеулер – ғылыми өнімнен алынған, жетістікке жеткен ғылыми нәтижелерді тікелей практикада қолдану мақсатында орындалатын ғылыми зерттеулер;

мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама - ғылыми-техникалық үдерістiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiк деңгейiн айқындау үшін сараптама объектісiне объективті талдамалық баға алу үшін уәкілетті мемлекеттiк орган ұйымдастыратын бағалау жұмыстары мен қорытындылар жүйесі;

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – жаңа қондырғылар мен құрылғылар, жаңа заттар мен материалдар жасауға, жаңа процестер мен модельдер әзірлеуге, техника мен құрал-жабдықты жаңғыртуға, технологиялар мен басқару жүйелерін жетілдіруге, өнімдердің тәжірибелік үлгілерін дайындауға және өнімдердің эксперименттік топтамаларын өндіруге, конструкторлық және технологиялық құжаттарды жасауға бағытталған жұмыстар кешені;

тәжірибелі өндірістер - әртүрлі дәрежедегі шаруашылық дербестіктің әртүрлі ұйымдық және құқықтық формаларын – зауыт, цех, шеберхана, тәжірибелі сараптамалы бөлім, тәжірибелі бекет ұйымдастыру негізгі қызметі жаңа өнімдер мен технологиялық үдерістердің тәжірибелі үлгілерін жасау және өтеу болып табылатын ғылыми ұйым балансында немесе құқықтық тұлға және т.б. болуы мүмкін;

уәкiлеттi мемлекеттiк орган - ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен әкімдестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.


2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы


1. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.


2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері


3-бап. Ғылыми қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi


1. Ғылыми қызметкердiң:

республика азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары кепілдік беретін құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға;

оның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiнiң авторы деп танылуына және өнертабыс пен зияткерлiк қызметтiң басқа да нәтижелерiне өтінім беруге, сондай-ақ зияткерлiк меншiгiн қорғауға;

біліктілігіне, сапасына, тәжірибесіне және осы Заңмен белгіленген өзге де негіздерге сәйкес еңбегін ынталандыру және төлеуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi қолдау қорлары мен өзге де көздер есебiнен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру конкурстарына қатысуға;

сәйкес республикалық қаржы есебінен жетекші отандық және шетелдік ғылыми-зертеу мен білім беру орталықтарында кәсіптік деңгейін арттыру;

ғылыми және ғылыми-техникалық салада кәсіби қызметті жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзі авторы болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін іске асырудан роялти, кіріс алуға;

ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бос лауазымын алу үшін конкурстарға қатысуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытушылық қызметпен айналысуына, кеңесшілік көмек көрсетуіне, сондай-ақ өз құзіреті шегіндегі ғылым саласында сараптамалық жұмыс жүргізуге;

Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында көзделген тәртіпте ғылыми ұжымдарға және басқа да ерiктi негізде ғылыми қоғамдық бірлестіктер (оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-ағарту қоғамдарын, қоғамдық ғылым академияларын) құруға;

республикалық және шетелдiк ғылыми қоғамдастықтарға кiруге не сайлануға;

халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпаратқа қол жеткiзуге;

егер ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерінің мемлекеттiк, қызметтiк немесе коммерциялық құпияға жататын мәлiметтерi болмаса, онда оларды баспасөзде жариялауға;

тиісті бюджет қаражаты есебінен ғылыми бiлiктiлiгін арттыруға;

адамға, қоғамға және қоршаған ортаға терiс ықпал жасайтын ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық және инновациялық өңдеулер жүргізуге қатысудан дәлелдi себептермен, сондай-ақ моральдық пайымдаулары бойынша бас тартуға;

еңбегін, денсаулығын қорғауға, өнімділігі жоғары жұмыс үшін қауіпсіз және қажетті еңбек жағдайына;

әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыздыққа;

ғылыми зерттеулер мақсаттарына қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Ғылыми қызметкер:

ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай, олардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiрмей, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

мемлекеттiк, қызметтiк немесе коммерциялық құпияға жататын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жария етпеуге;

жасалған келісім-шарттарға (контракттар) сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;

лауазымына сәйкес белгіленген тәртіпте аттестациядан өтуге мiндеттi.

4-бап. Ғылыми қызметкерлердің қызметін әлеуметтік қамтамасыз ету және мемлекеттік кепілдіктер


Ғылыми қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу:

ғылыми қызметкерлердің еңбегіне төленетін ақы тиімді өзіндік шығармашылық қызметі үшін жеткілікті материалдық жағдайларды және ғылыми қызметкер мамандығының мәртебесін арттыруды қамтамасыз етуі, ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруына мүмкіндік беруі, олардың шынайы және бастамашылық еңбектерін ынталандыруы қажет;

ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі еңбек заңнамасымен айқындалады;

ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы лауазымдық қойылымдардан (жалақыдан), сыйақыдан, ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаттары, философия док¬тор¬лары (РһD), бейіні бойынша докторлар үшін бір айлық минималды жалақы және ғылым докторлары үшін екі айлық минималды жалақы мөлшерінде), ғылыми атақтары, ғылыми (ғылыми-педагогикалық) жұмыс өтілі үшін үстемеақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақыдан, қосымша ақыдан, сыйақыдан тұрады;

мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбекақысы және өзге де төленімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте индекстеуге жатады.

Ғылыми қызметкерлердің еңбек демалыстары:

мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекет акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерi - ғылым докторларына жыл сайын ұзақтығы 56 күнтiзбелiк күн, ғылым кандидаттарына және философия док¬тор¬ларына (РһD) және бейіні бойынша докторлар үшін - 42 күнтiзбелiк күн, басқа ғылыми қызметкерлерге - 35 күнтізбелiк күн ақы төленетін еңбек демалысы беріледi;

ғылыми ұйымның жыл сайын төленетін еңбек демалысы ғылыми қызметкерлер қалауы бойынша бөліктеп берілуіне болады;

осы Заңда көрсетілмеген ғылыми қызметкерлердің еңбек демалысы туралы жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте реттеледі.

Ғылыми қызметкерлерді көтермелеу:

ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтегі ірі жетістіктері үшін ғылыми қызметкерлер Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсыныла алады;

ғылыми қызметкерлер ерекше қызметі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен марапатталады.

ғылым мен техниканың дамуына қосқан маңызды үлесі үшін ғылыми қызметкерлер мемлекеттік ғылыми степендияға, сыйлыққа, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да мадақтау түрлеріне ұсынылуы мүмкін.

Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары:

кез-келген меншік нысанындағы ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға құқы бар;

тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін ғылыми қызметкерлерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін басым тәртіпте жер учаскелері беріледі;

мемлекеттік ғылыми ұйымның немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымның аты, ведомствалық қарастылығы өзгертілгенде, мүліктің меншік иесі алмастырылғанда, таратылған немесе қайта құрылған жағдайда олардың ғылыми қызметкерлері біліктілігіне сәйкес жаңадан құрылған басқа мемлекеттік ғылыми ұйымда немесе мемлекеттік акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымда жұмыспен қамтамасыз етіледі.

штат қысқартылуы бойынша, меншік формасынан тәуелсіз ғылыми ұйым таратылған немесе қайта құрылған жағдайда жұмыстан босатылған ғылыми қызметкерге жылдық еңбекақы мөлшерінде ақшалай өтем төленеді.

5. Ғылыми қызметкерлердің зейнетақымен қамтамасыз ету.

1) ғылым жұмысында қажетті стажы бар ғылыми қызметкер үшін мемлекет ғылыми еңбектің беделділігін қамтамасыз ететін және ғылыми кадрлардың жүйелі жаңаруын ынталандыру деңгейінде зейнетақы белгілейді;

2) ғылыми қызметкерге зейнетақы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалады:

ер адамдарға – 25 жылдық стажы болғанда, оның ішінде ғылыми жұмыстағы стажы 20 жылдан кем болмауы керек;

әйел адамдарға - 20 жылдық стажы болғанда, оның ішінде ғылыми жұмыстағы стажы 15 жылдан кем болмауы керек;

3) ғылыми қызметкерлерге зейнетақы зейнетақы тағайындау бойынша өтініш білдірмей тұрып, 2 жыл бұрын белгіленіп, ғылыми қызметкердің еңбекақысының 75 пайызын құрауы керек ;

4) осы баптың 4-тармағының 2-тармақшасында анықталған ғылыми жұмыс стажынан басқа жұмыстың әр толық жылы үшін зейнетақы еңбекақының бір пайызына артады, бірақ орта еңбекақының 80 пайызынан аспауы керек;

5) ғылыми қызметкерлерге зейнетақы бөлу тәртібі Қазақстан Ресбубликасының Үкіметімен белгіленеді.


5-бап. Ғылыми ұйымдар және олардың құқықтары


Ғылыми ұйымдар ғылыми-технологиялық холдингтер, технопарктер, технополистер, ғылыми орталықтар, ғылыми-өндірістік орталықтар, университеттер, ғылым академиялары, ашық түрдегі ғылыми зертханалар, ғылыми-зерттеу институттары, жобалық-конструкторлық институттар, тәжірибелік-конструкторлық бюро, кәсіптік жоғары білімнің біліми мекемесінің ғылыми ұйымдары, технологиялық бизнес-инкубаторлар, республикалық, облыстық және қалалық бағыттағы мұражайлар, ғылыми кітапханалар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, корпорациялардың және компаниялардың ерекшелендірілген ғылыми құрылымдық бөлімшелері болып бөлінеді.

Мемлекеттік меншікке негізделген ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылады.

Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың немесе мемлекет акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдардың құрамынан оның эксперименталдық базасы болып табылатын тәжірибелік өндірістер бөліп шығаруға болмайды.

Мемлекеттiк ғылыми ұйымдар немесе мемлекет акциялары (бөлігі) бар ғылыми ұйымдар қайта құрылған кезде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң технологиялық бiрлiгi қамтамасыз етiлуі тиiс.

Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық басымдықтарына сәйкес ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің негізгі бағыттарын өз қарауы бойынша айқындауға құқығы бар жеке меншікке негізделген ұйымдар Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар болып табылады.

Ғылыми ұйымдардың:

ғылыми, ғылыми-технологиялық, инновациялық қызметтiң негiзгi бағыттарын белгiлеуге;

ғылыми зерттеулердi қаржыландыру конкурстарына қатысуға, оның ішінде ғылыми ұйымның бейініне сәйкес мемлекеттік, салалық (секторлы) ғылыми-техникалық бағдарламалар, инновациялық жоба, тәжірибелі конструкторлық және тәжірибелі технологиялық жұмыстар т.б. ;
  1   2   3

Похожие:

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconКөлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-3 тармақшасына...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Бұл тұрғыда мынадай мәселелерді айтқан абзал. Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңы көптеген міндеттерді...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы icon1. Жалпы ережелер
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница