«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын




Скачать 26.42 Kb.
Название«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
Дата конвертации08.02.2016
Размер26.42 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish823620_6715.doc



Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы №351 бұйрығына 48-қосымша


«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

(коды 7612205, индексі ТБЗ-1, кезеңділігі бір жолғы) толтыру жөніндегі нұсқаулық


1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» статистикалық нысанын (коды 7612205, индексі ТБЗ-1, кезеңділігі бір жолғы) толтырудың тәртібін нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар осы зерттеу сауалнамасын толтыру мақсатында қолданылады:

1) еншілес кәсіпорын – жарғылық капиталының 50 % астамы басқа заңды немесе жеке тұлғаға тиесілі болатын дербес заңды тұлға;

2) иеленуші – осы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын немесе қатысушылар дауыстарының жалпы санының (бұдан әрі – жарғылық капитал) он және одан көп пайызын иеленген тұлға;

3) Қазақстан Республикасының резиденттері:

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың осы тармақшасының екінші абзацында және
4) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген азаматтар басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

4) Қазақстан Республикасының резидент еместері:

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацында және осы тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады;

5) қауымдастырылған (тәуелді) кәсіпорын – жарғылық капиталының
10 %-дан 50 %-ға дейін басқа заңды немесе жеке тұлғаға тиесілі болатын дербес заңды тұлға;

6) өкілдік – заңды тұлғаның оның толық иелігінде тұрған және осы заңды тұлғаның мүдделерін қорғауды және өкілдігін білдіруді жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер және өзге де құқықтық іс-қимылдар жасайтын дербес заңды тұлға болып табылмайтын бөлімшесі;

7) филиал – заңды тұлғаның оның толық иелігінде тұрған және осы заңды тұлғаның функцияларының барлығын немесе бір бөлігін жүзеге асыратын, дербес заңды тұлға болып табылмайтын бөлімшесі.

3. Нысанның 3-7-бөліктері филиалдарын және өкілдіктерін қоса алғанда тұтас кәсіпорын бойынша толтырылады.

Похожие:

«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын icon«Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
Наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент...
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын icon«Резидент еместерге берілген кредиттер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7591202, 17-тб индексі, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Резидент еместерге берілген кредиттер туралы есеп» ведомстволық...
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын iconРезидент еместерден тартылған қаржылық заемдар және коммерциялық кредиттер туралы есеп ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын коды 7451202, индексі 11-об, кезеңділігі тоқсандық
«Резидент еместерден тартылған қаржылық заемдар және коммерциялық кредиттер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық...
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын icon«Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп»
Зақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместермен...
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын iconТақырып Болжамдарды статистикалық тексеру
Статистикалық болжамдардың алып тұрған орны ерекше. Статистикалық болжам дегенде кездейсоқ шаманың (белгінің) не үлестірілуі, не...
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын icon[gl]Тақырып Статистикалық қортынды: болжамдарды бағалау және тексеру. [:]
Статистикалық әдістер белгінің сандық түріндегі ғана қолданылады. Ал белгі мәні болса санмен өлшенуі де мүмкін, сапалық болуы да...
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын iconВедомстволық статистикалық есептілік

«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын iconВедомстволық статистикалық есептілік

«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын icon2013 жылдың қаңтарда жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаулар бойынша бастапқы статистикалық мәлеметтерді респонденттердің тапсыру кестесі
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет кӨрсету саласында кӨрсетілген қызметтердің кӨлемі туралы есеп
«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын iconКәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы
Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы «27» сәуірдегі №97 бұйрығына 4-қосымша
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница