«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті




Скачать 317.39 Kb.
Название«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер317.39 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish704150_7503.doc
  1   2   3


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген


«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларының мемлекеттік тізілімі – құрылған, қайта тіркелген, таратылған және аккредиттелген заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтер;

өтініш беруші – осы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы;

АӨҚО Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы;

БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер – осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі және уәкілетті қызметкерлері.

 


2. Жалпы ережелер

 

2. «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) – өтініш беруші ұсынған құрылтайшы және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, БСН, тіркеу нөмірін тағайындай отырып, Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын (бұдан әрі – АӨҚО қатысушы) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті беру мәліметтерді заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне, АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізу рәсімі.

3. Қызметтерді Комитет көрсетеді.

4. Қызметтер ішінара автоматтандырылған.

5. Қызметтер «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Қызметтер көрсету нәтижесі өтініш берушіге осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі АӨҚО қатысушысына мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру, мәліметтерді заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу болып табылады

Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге осы Регламенттің 11-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру және бас тарту туралы жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартылған ретте өтiнiш, кемшiлiгi бар құжаттар және заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн төленген алым қайтарылмайды.

7. Осы қызметтерді көрсету барысына мыналар қатысады:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы АӨҚО қатысушысын есепке алу және оған БСН тағайындау;

Алматы қаласының салық органы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну.


3. Қызметтер көрсету тәртібіне талаптар

 

8. Мемлекеттік қызметтерді Комитет мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын-ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.

9. Қызметтер көрсету туралы ақпаратты www.nationalbank.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсынан не Комитетке жеке келу арқылы алуға болады. Өтініш беруші қызметтер көрсету барысы туралы 8(727) 244-95-00 телефоны бойынша біле алады.

10. «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасына байланыс арналары арқылы электрондық хабарламалар түскен күні Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі АӨҚО қатысушысын есепке алуды және оған БСН тағайындауды автоматты түрде жүзеге асырады. Осы хабарлама Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну үшін Алматы қаласының тиісті салық органына түседі.

11. Қызметтер қажетті құжаттар қоса берілген өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетіледі.

12. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

13. Қызметтер көрсету кезеңдері:

қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

Комитеттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;

БСН тағайындау және мәліметтерді Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін АӨҚО қатысушысын тіркеу туралы электрондық хабарламаны жасау және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы жіберу;

АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрықтың жобасын дайындау;

АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті ресімдеу;

Алматы қаласының тиісті салық органынан Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін алу;

АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрыққа және куәлікке Комитет төрағасының қолын қойғызу;

АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу;

өтініш беруге АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті және Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру.

Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты, өтiнiшті қоспағанда, ұсынылған құжаттар, кемшiлiгi бар құжаттар және заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алымды бюджетке төлеуді растайтын құжат өтініш берушіге беріледі.

14. Құжаттарды Комитеттің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің бір мемлекеттік қызметшісі қабылдайды.


4. Қызметтер көрсету процесіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау


15. Қосымша құжаттары бар өтінішті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін осы Регламенттің 8-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды және тіркейді.

Өтініш берушіге оның өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдауды растайтын Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде белгіленген нысан бойынша талон беріледі.

16. Өтініш беруші қызметтерді алу үшін осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес белгiлеген үлгідегі, құрылтайшының немесе құрылтайшының уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi тиісті өтiнiшті Комитетке ұсынады.

Өтінішке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

Осы қызметтер бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

өтініш беруші ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

өтініш беруші туралы конфиденциалды ақпаратты пайдалануға жол бермеу;

тіркелген АӨҚО қатысушыларының ісін қалыптастыруға «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі қойылады.

18. Қызметтер көрсету барысында мынадай ҚФБ қатысады:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы – өтінішті қабылдау және тіркеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеуді құқықтық қамтамасыз ету;

2) Комитет басшылығы – ілеспе құжаттарға қол қою;

3) «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі АӨҚО қатысушысын есепке алу және оған БСН тағайындау;

4) Алматы қаласының салық органы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушысының 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін берілетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну.

ҚФБ іс-әрекетінің бірізділігі және ҚФБ-нің қызметтер көрсету барысында өзара байланысын көрсететін диаграмма осы Регламенттің 3, 4-қосымшаларында келтірілген.


5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


19. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

20. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.


«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының

өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын

мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-ҚОСЫМША


1-үлгі


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы

өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

 


Заңды тұлғаны - Алматы қаласының

өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысын

мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік


___________________________

бизнес-сәйкестендіру нөмірі


___________________

тіркеу нөмірі


 

Алматы қаласы

20 __жылғы «___»_____________

 


Заңды тұлғаның атауы _____________________________

 

Тұрған жері __________________________________________

 


Куәлiк Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының

Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберiнде

құрылтайшы құжаттарға сәйкес

қызметтi жүзеге асыруға құқық бередi

_______________________  ________________ _________________

басшысы қолы                    аты-жөні


М.О.


2-үлгі


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы

өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

 

  1   2   3

Похожие:

«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconЗаңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі,...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconАзаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш берушiге азаматтық...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconҚазақстан Республикасының
Мемлекеттiк санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау нысандарының тiзiмiн тiркеу журналы
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын
Оспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница