Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 145.94 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
Дата конвертации08.02.2016
Размер145.94 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish658171_8731.doc




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі






Национальный Банк

Республики Казахстан

______________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 24 тамыз



№ 261


Алматы қ.


г. Алматы



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің және оның

ведомстволарының қызметшілерін

лауазымға тағайындау және

олармен еңбек шартын тоқтату

қағидаларын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 тамыздағы

№ 261 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және

оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға

тағайындау және олармен еңбек шартын

тоқтату қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді.

2. Қағидалардың нормалары тағайындалуы және босатылуы мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) саяси мемлекеттік қызметшілеріне қолданылмайды.


2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) біліктілік талаптары - Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидат тұлғаларға олардың кәсіби дайындық деңгейін, құзыреттілігін және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына сәйкестігін айқындау мақсатында Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен бекітілген талаптар;

2) ведомстволар – Ұлттық Банктің Комитеттері;

3) кадр қызметі – Ұлттық Банктің қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі (филиалдарда – қызметкерлермен жұмыс жүргізу маманы);

4) кадр резерві – конкурстан ойдағыдай өткен және Ұлттық Банктің кадр резервіне есептеу үшін конкурстық комиссия ұсынған адамдарының тізімі;

5) конкурс – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін жүргізілетін рәсімдер;

6) конкурстық комиссия – Ұлттық Банктің алқалы органы, ол конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайды, кандидаттармен әңгіме жүргізеді және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады;

7) конкурсқа қатысушылар – конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін Ұлттық Банкке құжаттарын тапсырған адамдар;

8) құжаттар – конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың кадр қызметіне ұсынатын құжаттары;

9) мүдделі бөлімше – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімше;

10) Ұлттық Банк – Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары, өкілдігі және ведомстволары;

11) Ұлттық Банктің қызметкерлері – саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Ұлттық Банкте қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Ұлттық Банктің бюджеті қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен төленетін адамдар;

12) Ұлттық Банктің қызметшілері – мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар;

13) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі - кандидаттар) – конкурстық комиссияның шешімі негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар;

14) филиалдар – Ұлттық Банктің филиалдары.


3. Ұлттық Банктің қызметшісінің бос лауазымына орналасу тәртібі


4. Ұлттық Банктің қызметшісінің бос лауазымына орналасу:

1) конкурстан тыс;

2) конкурс арқылы жүзеге асырылады.

5. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына:

 1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

5) Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

 6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.

6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кірістер мен мүлік туралы декларацияны және мәліметтерді тұрған орны бойынша салық органдарына тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.


4. Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына

конкурстан тыс орналасу


7. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мыналар орналасады:

1) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына тиісті біліктілік талаптарымен ауысқан Ұлттық Банк қызметкерлері;

2) кадр резервінде тұрған тұлғалар;

3) Ұлттық Банк Магистратурасының түлектері;

4) жоғары біліктілігі бар тұлғалар (шет тілін білетін, ғылыми дәрежесі бар және (немесе) шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған, және (немесе) қаржы нарығында және/немесе қаржы ұйымдарында жұмыс стажы және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкес нақты қызметтің функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс стажы бар).


5. Конкурс жүргізу талаптары мен тәртібі


8. Конкурсқа қатысуға құқығы бар адамдар:

1) он сегіз жастан төмен емес;

2) біліктілік талаптарына сәйкес.

9. Конкурсқа мынадай бір жүйедегі кезеңдер кіреді:

1) конкурс жүргізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) құжаттар қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға және керісінше жүру жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен төлейді.


1-параграф. Конкурс өткізу туралы хабарландыру


11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілінде орналастырылады (жарияланады).

12. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болады:

1) Ұлттық Банктің атауы, орналасқан жері, почта мекенжайы, кадр қызметінің телефондары мен факсының нөмірлері (сыртқы конкурс өткізген кезде);

2) негізгі функционалдық міндетін көрсете отырып Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының атауы;

3) біліктілік талаптары;

4) құжаттарды қабылдау мерзімі. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

5) конкурсты өткізу мерзімдері мен орны.


2-параграф. Конкурстық комиссияның құрамын бекіту


13. Конкурстық комиссияны Ұлттық Банктің Төрағасы (филиалдарда – филиалдың басшысы, ведомстволарда – ведомствоның басшысы) не оның орнындағы адам бекітеді.

14. Конкурстық комиссия конкурстық комиссияның төрағасынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

Конкурстық комиссияның құрамына кадр қызметінің басшысы (филиалдарда – филиалдың басшысы айқындаған тұлға), Ұлттық Банктің қызметшісі бос лауазымы бар бөлімшенің, сондай-ақ заң бөлімшесінің басшысы не оның орынбасарлары кіреді.

Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан, кемінде үш адамнан тұрады. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері конкурстық комиссия мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

15. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде даусы болмайды.


3-параграф. Құжаттарды қабылдау


16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) Еңбек кодексіне сәйкес нотариат растаған (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін), еңбек қызметін растайтын құжат;

6) белгіленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

17. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар және т.с.) болса, оны ұсынады.

18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қағидалардың 12-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қарау үшін қабылданады.

19. Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.


4-параграф. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау


20. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.

21. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың Қағидаларда ұсынылған талаптарға және біліктілік талаптарына сәйкес келуін талдай отырып, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

22. Әңгімелесуге жіберу туралы шешім хаттама түрінде ресімделеді және конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

23. Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, конкурс өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.

24. Конкурсқа қатысушылардың, кандидаттардың құжаттары және конкурстық комиссияның материалдары конкурс өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде кадр қызметінде сақталады.




5-параграф. Кандидаттармен әңгімелесу


25. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

26. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Кандидаттарға әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы кадр қызметі электрондық почта және/немесе телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

27. Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия белгіленген біліктілік талаптарын және Ұлттық Банк қызметшісінің тиісті бос лауазымының лауазымдық нұсқаулығын негізге алады.

28. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі. Жазбалардың тасымалдауыштар конкурстық комиссияның хатшысында сақталады. Конкурстық комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы белгі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасында жүргізіледі.

29. Әңгімелесуден өткен кандидаттардың құжаттарын конкурстық комиссия оның қорытынды отырысында қарайды.


6-параграф. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы


30. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы әңгімелесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

31. Конкурстық комиссия қорытынды отырысында кандидаттарды ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде бағалайды және олардың арасынан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін іріктейді.

32. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 қатысса, өкілетті болады.

33. Кандидат, егер ол үшін конкурстық комиссияның құрамынан қатысқандардың көпшілігі дауыс берсе, оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде конкурстық комиссияның төрағасының даусы шешуші болып табылады.

34. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері және хатшысы қол қояды.

35. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған және кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, конкурс өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде орналастырылады.

36. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

37. Егер конкурстың нәтижесінде конкурстық комиссия Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ұсынылған кандидаттарды анықтамаса, Ұлттық Банк бір айдың ішінде қайтадан конкурс жариялайды. Бұл ретте қайта өткізілетін конкурс рәсімдері Қағидалардың 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.


7-параграф. Кадр резервін қалыптастыру


38. Кадр резервіне конкурстық комиссияның шешімі негізінде әңгіме жүргізуден ойдағыдай өткен кандидаттар алынады.

39. Кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімі конкурстық комиссияның қорытынды хаттамасында көрсетіледі.

40. Кадр резервіне алынған кандидаттар қайтадан конкурстық рәсімдерден өтпей жыл ішінде тең немесе төмен тұрған лауазымға тағайындалулары мүмкін.

41. Кадр резервінен кандидаттарды алып тастау мына:

1) кадр резервіне алынған кандидаттың Ұлттық Банктің қызметшісінің бос орнына орналасуы;

2) Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталған жағдайларда жүргізіледі.

42. Ұлттық Банктің кадр резервін қалыптастыру және одан алып тастау жөніндегі жұмыс кадр қызметіне жүктеледі.


8-параграф. Шағымдану тәртібі


43. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне Ұлттық Банк Төрағасының (филиалдарда – филиал басшысының, ведомстволарда – ведомство басшысының) атына не оның орнындағы тұлғаға, не сот тәртібінде шағымдануға құқылы

44. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлікте конкурстық құжаттармен, әңгіме жүргізудің нәтижелерімен танысуға құқылы.


6. Ұлттық Банк қызметшілерінің ант беру тәртібі


45. Әр азамат Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына алғашқы орналасқанда ант береді.

46. Антты Ұлттық Банктің қызметшілері Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына тағайындалған күннен бастап бір ай ішінде қабылдайды.

47. Ант Ұлттық Банктің Төрағасы (филиалдарда – филиал басшысының, ведомстволарда – ведомство басшысының) не оның орнындағы тұлғаның, сондай-ақ мүдделі бөлімшелердің басшылары қатысуымен салтанатты жағдайда қабылданады.


7. Еңбек шартын тоқтату


48. Ұлттық Банктің қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.


8. Қорытынды ережелер


49. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

және оның ведомстволарының

қызметшілерін лауазымға тағайындау

және олармен еңбек шартын

тоқтату қағидаларына

1-қосымша


Нысан


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі


ӨТІНІШ


Мені Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ___________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(лауазымның, бөлімшенің атауы)

орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.


Берілген құжаттардың тұпнұсқалығына жауап беремін.


__________________ _______________________________

қолы Тегі мен инициалдары


20___ жылғы «_____» _____________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

және оның ведомстволарының

қызметшілерін лауазымға тағайындау

және олармен еңбек шартын

тоқтату қағидаларына

2-қосымша


Нысан


САУАЛНАМА

(өз қолынан толтырады)


Тегі ___________________________________________________________________________

Аты ____________________________________________________________________________

Әкесінің аты_____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз ____

_______________________________________________________________________________

Азаматтығы ____________________________________________________________________

Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _____________________________

________________________________________________________________________________

Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _______________________________

Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________________________

________________________________________________________________________________

Шетелде оқу не жұмыс істеу

Барған елі _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Болу уақыты ____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Жұмыс және оқу орны ____________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлерімен жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, жұбайы-зайыбы, аға-інілері, апайы-сіңлілері, жұбайы-зайыбының ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________


20___ жылғы «_____» _________________ _______________


Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница