Скачать 0.64 Mb.
|
7.4. Банктің төлем терминалдары арқылы және Банкомат арқылы ұсынылатын, қосымша қызметтер. 7.4.1. Карточка Ұстаушысы Банкоматтар және Банктің төлем терминалдары арқылы Карт-шот бойынша ағымдағы сұраудың қалдығын және қолма-қол ақшаны алудан басқа келесі операциялар түрлерін өндіре алады: K–Mobile, Dalacom, Pathword ұялы байланыс қызметі үшін төлемдер; Алма-ТВ, Digital TV кабельдік теледидар қызметі үшін төлемдер; Соңғы 2 аптадағы операциялар туралы Карт-шот бойынша шағын үзінді көшірмені алу, бірақта он карточкалық операциялар санынан көп болмауы керек. Банкте үшінші тұлғаға ашылған Карточкаға өзінің Карточкасынан ақшалай аударымдарды жүзеге асыру 7.4.2. Карточка Ұстаушының Карт-шотынан Банкпен акцептсіз ақшаны алу мезетінде бекітіліп, Банктің Тарифымен келісіп ұсынылған қызмет құны Карточка Ұстаушымен төленеді. 7.4.3. Карточкалы аударымдар және кабельді теледидар және ұялы байланыс қызметі үшін Карточка Ұстаушының Карт-шоттағы ақшаның жеткілікті болған жағдайда өндіріледі 7.4.4. Егер Карточка Ұстаушының Карт-шотынан алынған ақша Бенефициардың пайдасы үшін түспеген жағдайда, Банкке жазбаша Өтініш түрінде қаралуына, Карточка ұстаушысы Карт-шоттағы ақшаны қайтадан қалпына келтіруін талап ете алады. 8. Карточкалық іс-қимылдарды жүргізу тәртібі. 8.1. Карточкалық іс-қимылдарды жасағанда Карточка Ұстаушы өз қалауына қарай осы Шарттың талаптарына және Карточканы пайдалану Ережесін ескере отырып, Карт-шоттағы ақшаны жұмсайды. 8.2. Банк Бенефициардың пайдасына ақшаны Карточка Ұстаушының Банкке түскен аударымы/ электронды құжаты жазбаша өтініші негізінде Карточка Ұстаушының жазбаша Өтініші жазылған а күннен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе Банкке Карт-шотта ақша жеткілікті болған жағдайда Банк электронды құжатты алған жағдайда аударады. 8.3. Банк Карт-шоттар бойынша ақшаны есепке алу/есептен шығару іс-қимылдарын жүргізуге мына жағдайларда құқығы жоқ болады, егер:
8.4. Егер Банкке оны жасағанша тежеу немесе Карточканы жою туралы Өтініш жіберілмеген болса, Карточка Ұстаушы Карточкалық іс-қимылдар бойынша расталған PIN- код және/немесе «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесін дегі Авторлау параметрлерін (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі мен Есте сақтау сөзі) дұрыс тергенде және/немесе Негізгі/Қосымша Карточка Ұстаушының қойылған қолы расталғанда сөзсіз есеп айырысуға міндеттенеді. Жүргізілген Карточкалық іс-қимылдар бойынша Карточка Ұстаушы Карточкалық іс-қимылдар жасалған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде ол жөніндегі наразылықтарын бар құжаттардың қосымшасымен бірге (Слиптер, Түбіршектер және тағы басқалар) беруге құқығы бар. Карточка Ұстаушы білдірген наразылықтың негізі бар болған жағдайда, Банк жүргізілген тексеру негізінде тиісті Карточкалық іс-қимылдарды, егер қайтару мүмкін болса, қайтаруына болады. 8.5. Банктің Төлем жүйелерімен есеп айырысу валютасы АҚШ/доллары мен евро болып табылады. Төлем жүйесі арқылы жасалған Карточкалыр сомасы АҚШ доллары/евродан өзгеше валютада болса, АҚШ доллары/евроға осы Карточкалық іс-қимылдар бойынша Банкпен есеп айырысатын күнгі Төлем жүйесі белгілеген курс бойынша айырбасталады.
9. Карточкалық операциялар бойынша лимиттер мен шектеулер 9.1. Негізгі Карточканы Ұстаушы Карт-шотбойынша Қосымша Карточка Ұстаушының пайдаланатын Лимитін белгілеуге құқылы. 9.2. Банк Карточкалардың барлық түрлері үшін қолма-қол ақшасыз нысанда шығындық операцияларды жүзеге асыру және күніне қолма-қол ақшаны алу үшін 1 000 000 (бір миллион) теңге көлеміндегі Тәуліктік лимитті белгілейді, олардың ішінде:
Карточка ұстаушы Лимитті өзгерту күніне кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда Банкті алдын-ала жазбаша хабардар ете отырып, қолма-қол ақшаны алудың немесе Карточка бойынша шығындық операцияларды жүргізудің Лимит шамасын өзгертуге құқылы. 9.3. Банк Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Карточка/Карт-шот бойынша қолма-қол ақшаны алуға Лимит белгілеуге құқығы бар. 9.4. Карточка Ұстаушыға Карточканы Қазақстан Республикасының (оның ішінде жүрген елінің заңнамаларымен) қолданыстағы заңнамалары тыйым салған заңға қарсы мақсатта, тауарлар мен қызметтерді қоса пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының (оның ішінде жүрген елінің заңдарымен) заңдарына сәйкес Карточка пайдаланумен жүргізуге болмайтын іс-қимылдарды жүргізуге тыйым салынады. 9.5. Карточка ұстаушыға жаһандық Интернет желісінің сыртқы ортасында тауарлар мен қызметтер үшін кез келген есеп айырысуларды жүргізу кезінде осы Шарт аясында шығарылған Карточкаларды (Visa Virtuon карточкасынан басқа) пайдалануға тыйым салынады. 10. Тараптардың Жауапкершілігі. 10.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/ орындауға ниет білдірмегені үшін Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, егер осындай орындамағаны/ орындауға ниет білдірмегені тараптардың күші жетпеген, оларға байланысты болмаған жағдайлардың салдарынан, олар Тараптардың түсінігі бойынша – табиғат апаттары, әлеуметтік катаклизмалар, өкімет органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттың Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігінің Шарттың мәніне тікелей қатысты қызметтерге тыйым салған және шектеген шешімдері мен әрекеттері, басқа да техниканың жұмыс істемеуі, Тараптарға қатысы жоқ себептер бойынша бағдарламалық қамтамасыз етулердің және деректерді беру жүйесінің бұзылуының салдарынан басқа жағдайларда, жауап береді. Шарттың осы тармағында қарастырылған күш жетпейтін жағдайлар болғанда, Шарт бойынша Тараптардың міндеттерді орындау мерзімі, осындай жағдайлардың әрекет ету уақытына тең мерзімге шегеріледі. 10.2. Карточка Ұстаушының жауапкершілігі: 10.3. Карточканы пайдаланбағаны үшін, және/немесе толық көлемде Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залалы үшін, осы Шарттың кез келген басқа талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/ орындауға ниет білдірмегені үшін. 10.4. Қосымша Карточкаларды Ұстаушының/лардың толық көлемде Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залалы үшін, Карточканы пайдалану бойынша талаптарды, осы Шарттың кез келген басқа талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/ орындауға ниет білдірмегені үшін. 10.5. Банктің Карточка Ұстаушысы және/немесе Қосымша Карточка Ұстаушылар Карточканы жоғалту немесе оны уәкілеттенбеген тұлғаның пайдаланғаны мен Карточканы Банктің тежеген фактісі туралы ескерткенге дейін, Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға Карточканы заңсыз пайдалану нәтижесінде келтірілген шығындар үшін. 10.6. Осы Шарттың талаптарын Карточка Ұстаушы сақтамағаны нәтижесінде Банкке келген залал – Банкке келген залалдың толық көлемі үшін; 10.7. Үшінші тұлғаларға PIN-код нөмірін, Кодтық сөзді, «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінің авторлау параметрін (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі мен Есте сақтау сөзі) жариялағаны үшін, - Банкке және/немесе үшінші тұлғаға келген залалдың толық көлемі үшін; 10.8. Осы Шартқа сәйкес, Банкке берген ақпараттарының толықтығы мен растығы үшін. Карточка Ұстаушы 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Банкке осы Шарттағы, Карточка Ұстаушының Өтінішіндегі кез келген өзгерістер туралы, не оның Банкке берген құжаттарындағы ақпараттардың, мәліметтердің, деректемелердің, есіматтардың және т.б. өзгергені туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Карточка Ұстаушы берген ақпараттар дұрыс емес болған жағдайда, сондай-ақ өз уақытынан тыс уақытта бергені үшін Карточка Ұстаушы Банкке осыған байланысты болған залалдардың орнын толық төлейді; 10.9. Осы Шарттың талаптарына сәйкес, осы Шарт бойынша несиені, есептелген сыйақыны, айыппұлдарды, комиссиялар мен/және кез келген басқа Борыштарды жабу үшін; 10.10.Ұрланған/жоғалған Карточкаларды өз уақытында тежемегені үшін, сондай-ақ Карт-шотқа заңсыз қол жеткізгенде, Банкке және/немесе басқа Негізгі/Қосымша Карточкаларды Ұстаушыға келген толық көлемді залаладар үшін; 10.11. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесіне қол жеткізуді өз уақытынан басқа уақытта тежегені үшін, - Банкке және/немесе үшінші тұлғаға келген залалдың толық көлемі үшін; 10.12. Карт-шотқа қателесіп аударылған ақшаны Банкке қайтармағаны/кешіктіріп қайтарғаны үшін, - қайтармаған/кешіктіріп қайтарған сома көлемінде, сондай-ақ әр күнгі кешіктірілгені үшін Банкке қайтарылмаған сомадан 0,1 % көлемде төлемақы өсімін есепке аған көлемде өтеу үшін; 10.13. Осы Шартты жасау мен орындауға байланысты Карточка Ұстаушыға мәлім болған Банк туралы құпия ақпараттарды ашқаны үшін, - осындай ақпараттарды жариялағаны салдарынан Банкке келген шығынның толық көлемі тәртібінде. 10.14. Осы Шартта қарастырылған Банкке келген шығынның толық көлемі тәртібінде, Карточка Ұстаушының берген Өтінішіне сәйкес, Карточка бойынша Тәуліктік лимитті Банктің көбейтуі/алып тастауы нәтижесінде Банкке келген шығындар үшін. 10.15. Тауарлар және/немесе Интернет арқылы қызметті пайдалануды төлеу үшін Карточкаларды (деректемелерді) пайдаланғаны үшін, пошта және/немесе телефон тапсырыстары жолдарымен жүргізілген барлық Карточкалық іс-қимылдар үшін. 10.16. Банктің жауапкершілігі: 10.17. Банк үшінші тұлғаларға Карточканы Ұстаушының Борышты өтеуі бойынша құқығын (шартын) беруді ойлағанда, немесе үшінші тұлғаларға Карточка Ұстаушыдан Борышты өтеуді талап еткізгенде (оған Карточка Ұстаушы банкке өзі келіп Өтініш бере отырып, келісімін береді), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген жағдайлардан басқа жағдайларда Карт-шоттар бойынша үшінші тұлғаларға ақпараттарды жариялағаны үшін жауап береді; 10.18. Карт-шотқа Карточка Ұстаушының пайдасына түскен ақшаларды аударуды кешіктіргені үшін (Банк барлық қажетті және тиісті түрде ресімделген төлем және басқа құжаттарын алған жағдайда), сондай-ақ осы Шартқа сәйкес, Банкке ұсынылған Карточка Ұстаушының нұсқауларын орындағанды кешіктіргені үшін жауап береді. 10.19. Банктің жауапкершілігінде жоқтар: 10.20. Егер Карточка қандай да бір үшінші тұлғамен төлеуге қабылданбаса. 10.21. Егер Карточка Ұстаушы болған елдің валюталық шектеулері, сондай-ақ банкоматтардағы немесе жеке банктердегі қолма-қол ақшаны алу сомасына шектеулер Карточка Ұстаушының мүддесіне қандай да бір деңгейде әсер етсе. 10.22. Карточка Бойынша алынған, сонан соң сауда және қызмет көрсету кәсіпорынына қайтарылған тауар үшін, Банк сауда және қызмет көрсету кәсіпорыны ресімдеген несиеленген түбіршек/слип негізінде Карточка Ұстаушының Карт-шотына ақша аудару жолымен қолма-қолсыз, яғни аудару жолымен тауардың құнын өтейді. 10.23. Егер PIN-код немесе кодтық сөз Банктің кінәсінсіз үшінші тұлғаларға белгілі болса. 10.24. Төлем Жүйесі мен Карточкаға қызмет көрсету пунктісінің арасындағы байланыстың болмауы салдарынан Банкке Карточкалық іс-қимылдарды жүргізуге сұраныс түспей қалғаны үшін; 10.25 Ашық байланыс каналдары бойынша, оның ішінде SMS, e-mail, факс, телефон және т. б. жолдар арқылы Карточка Иесіне жіберілген мәліметтердің құпиялығы үшін, бірақ Карточка Иесі көрсетілген байланыс каналдары бойынша сұрау жасаған немесе аталмыш мәліметтердің көрсетілген байланыс каналдары бойынша берілуі бойынша тапсырма берген жағдайда ғана; 10.26. Карточкаларға қызмет көрсету Пункттерінің Авторлау туралы Банктен жауабын алмағаны үшін; 10.27. Жоғалған/ұрланған Карточканы, сондай-ақ Карт-шотқа рұқсат етілмеген үшінші тұлғалар қол жеткізгенде Карточка Ұстаушы уақытынан тыс тежеуі салдары үшін; 10.28. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесіне кіруді Карточка Ұстаушы уақытынан тыс тежеуі салдары үшін; 10.29. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың кесімі негізінде Карт-шот бойынша ақша беруге тыйым салынғанда, не іс-қимылдар тоқтатылғанда, Карт-шоттар бойынша Карточкалық іс-қимылдарды жасау мүмкін болмауы үшін; 10.30. Карточка Ұстаушыға Карточка Ұстаушының үшінші тұлғаларға Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы, PIN-код нөмірін, Коддық Сөзін, «Дербес ЕКБ» Интернет-банкингі жүйесінің авторлау параметрлерін өткізуде болған залалы үшін; 10.31. Егер, банкілік құпия Ұстаушы мен/немесе Қосымша Карточка Ұстаушы осы Шарттың талаптарын және заңнамаларды орындамау және/немесе орындауға жатқызбау салдарынан жариялан жағдайда; 10.32. Нәтижесінде, тікелей бақылауда жоқ, төлем жүйелерінің және электронды қондырғылардың қызметтерінің істен шығуы үшін: ▪ Эквайер жасаған авторланған сұранысты Банк алмаған;
10.33. Банк қызмет көрсететін жүйеге жатпайтын, Карточка бойынша қолма-қол ақша беру үшін қандай да бір қосымша сыйақымен (тарифке жатпайтын) қолма-қол ақша беру пункттері алу үшін. 10.34. Банк тауарлар және/немесе қызметтерді төлеу үшін Интернет арқылы, пошта және/немесе телефон тапсырысы арқылы Карточканы қолдану арқылы жүргізілген Карточкалық іс-қимылдар бойынша наразылықтарды қарауды мойнына алмайды және қарауға қабылдамайды. 10.35. Банк үшінші тұлғалармен қамтамасыз етілген, пайдаланылатын және/немесе қызмет көрсетілетін жабдықтаумен, электроэнергияны берумен және/немесе байланыс желісіне немесе торабына байланысты қызмет көрсету жүйесіндегі кез келген апаттарға, ақауларға жауап бермейді. |
![]() | Жеке тұлғамен «бта банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге Жеке тұлғамен «бта банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге №1 қосымша | ![]() | Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады |
![]() | Мемлекетік жеке меншік әріптестіктің даму бағыттары Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (ағылшын.: Public Private Partnership (ppp) қоғамдық міндеттерін неғұрлым тиімді орындау мақсатында... | ![]() | Кредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды.... |
![]() | 2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi | ![]() | 2010-2011 оқу жылына 050801-Агрономия мамандығы бойынша бакалаврлар үшін Студенттің жеке жоспары міндетті пәндер компонентінен тұрады. Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі... |
![]() | Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы Жеке басқа қол сұғылмаушылық 15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу | ![]() | «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы... |
![]() | Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру Азақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) жоғалған немесе жарамсыз құжаттарын... | ![]() | Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ... |