Жеке тұлғамен




НазваниеЖеке тұлғамен
страница3/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.bta.kz/files/person_cards_types_kz.doc
1   2   3   4   5   6

6. Несиелер.

6.1. Қарыздар/ Несиелік Лимиттер.

6.1.1. Банк осы Шарттың және Карточка Ұстаушының Өтініші негізінде, Несиелік Лимитті белгілеуге және Карточка Ұстаушыға ақы төлеу, жылдамдылық, қайтару және қамтамасыз ету жағдайында Несие ұсынуға құқылы.

6.1.2. Банктің Карточка Ұстаушыға Карт-шот бойынша Несиелік лимитті белгілеу үшін ұсынатын қажетті талаптары, Банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді. Карточка Ұстаушыға Несие беру туралы Банктің құптаған шешімі қабылданғаннан кейін, Несие беру жүргізіледі.

6.1.3. Несиелік лимиттің мөлшері, Несие пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі, және Несиені қайтаруды созу, жеңілдік берілген мерзім, қамтамасыз ету түрі, сондай-ақ Несие берілетін мерзім Карточка Ұстаушының Осы Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын Өтінішінде көрсетіледі.

6.1.4. Карточка Ұстаушы осы Шартқа Карточка Ұстаушының Өтінішінде көрсетілген мерзімде Несиені қайтаруға, Банктің есептеген сыйақысын төлеуге, сондай-ақ сыйақыны төлегенді созғаны үшін Банк есептеген барлық сыйақыны төлеуге міндеттенеді.

6.1.5. Несиені қайтарудың ең соңғы мерзімі осы Шартқа Карточка Ұстаушының Өтінішінде/Банк және Карточка Ұстаушы арасында жасалған шарттарда көрсетіледі.

6.1.6. Карточка Ұстаушы Несиені қайтармаған және/немесе қайтару мерзімін кешіктірген сонымен бірге Карточка Ұстаушы төлеу қабілеттігін жоғалтқан жағдайда Банк акцептісіз тәртіпте, Карточка Ұстаушының қосымша келісімінсіз Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде банкілік жеке іс-қимылдарды жүзеге асыратын банкілер мен ұйымдарда Карточка Ұстаушының ашылған барлық Банкілік шотынан Борыш сомасын алуға құқылы.

6.1.7. Карточка Ұстаушының банкілік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Несиені қайтару, оны пайдалану үшін сыйақыны төлеу және есептелген комиссиялар мен айыппұлдық жазалауларды қайтару үшін, Банк Карточка Ұстаушының қандай жерде болмасын және қандай болмасын басқа мүлкінен ұстап қалуға құқысы бар.

6.1.8. Банк Карточка Ұстаушыға берілген Несие туралы ақпаратты Несиелік бюроға, құқыққорғау органдарына Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес беруге құқылы.

6.1.9. Карточка Ұстаушы төлем қабілеттігі жоқ болғанда жағдайда, сонымен бірге Несиені қайтару бойынша және есептелген сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындамаған жағдайда, есептелген сыйақыны төлегенде, Банк бір жақты тәртіпте өз таңдауы бойынша, келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы:

• берілетін Несиенің көлемін өзгертуге (жаңғыртылған жағдайда);

• осы Шарттың 6.1.12. тармағына сәйкес Несие бойынша сыйақы мөлшерін өзгертуге;

• Несие бойынша мерзімін және өзге маңызды шарттарын қарастыруға.

6.1.10. Несиені жабу сұлбасы және ол бойынша есептелген сыйақыларды Карточка Ұстаушы банкінің келісімі бойынша анықтайды, және ол берген осы Шартқа Карточка Ұстаушының Өтінішінде/ Банк және Карточка Ұстаушы арасында жасалған шарттарда көрсетіледі.

6.1.11. Несиені қайтару, есептелген сыйақыны төлеу, айыппұлдық жазалар, осы Шарттың басқа талаптарын бұзу бойынша міндеттерді орындамаған жағдайда және/немесе дұрыс емес орындауға Банк Карточка Ұстаушыдан Несиенің барлық сомасын және Несиенің барлық мерзімі үшін есептелеген сыйақылар сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

6.1.12. Банк Несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемесін ұлғайтылу жағына, алдын ала Карточка Ұстаушыға ескерту арқылы, бір жақты өзгертуге құқылы:

• 2008 жылдың 24 қазанына дейін осы Шартқа қосылу жағдайында – 2011 жылғы 24 қарашадан кейін;

• 2008 жылдың 24 қазанына дейін осы Шартқа қосылу жағдайында – егер басқа жағдай Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылмаса, осы Шартқа қосылу сәтінен 3 (үш) жыл өткеннен кейін,

Несиелендіру шаттарына сонымен бірге Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту кезінде өзгерістерді енгізу туралы Карточка ұстаушыны алдын-ала хабарлау осы Шартта бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

6.1.13. Карточка Ұстаушы Несиені қайтаруды және Несие бойынша есептелген сыйақыны Банкке төлеуді Өтініште белгіленген, және осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде қайтаруға міндеттенеді.

6.1.14. Банктің валюталық іс-қимылдарын қаржыландыру көздерін, Несиелік ресурстарды қалыптастыру жағдайларын өзгерткен жағдайда, Несиелік тәуекелдерді кеміту мақсатында Банк осы Шарттың әрекет етуінің кез келген уақытында осы Шарттың талаптарын, оның ішінде Несиелік Лимитті, оның әрекет ету мерзімін, осы Шартта белгіленген тәртіпте Карточканы Ұстаушының кейінгі ескертуімен сыйақылар мөлшерлемесін өзгертуге құқылы.

6.1.15. Банктің талабы бойынша, Карточка Ұстаушы Банктің талабына сәйкес келетін, Несие бойынша қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті;

6.1.16. Карточка Ұстаушы Несие бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін Банк талап еткен, мөлшерде және жағдайда, Несие бойынша ұсынылған қамтамасыз етуді қолдауға міндеттенеді.

6.1.17.Сыйақы Несиені пайдаланған нақты күн санынан, жабудың бірінші күнін қоса және жабу күнін шығара отырып, бұл жағдайда жылдағы күн саны 360 (үш жүз алпыс) күнтізбелік күнге, ал айдағы күн саны 30 (отыз) күнтізбелік күн санына ең деп алынғанда, Несие бойынша негізгі сомаға есептеледі.

6.1.18. Карточка Ұстаушы өтіп бара жатқан Есеп беру кезеңінде алған Несиені, Несиені қолданғаны үшін есептелген сыйақыны Жеңілдік кезеңінде жабуына болады. Несиені жабу есебіне Карточка Ұстаушы жасаған жарнаның минималды сомасы, осы Шартқа Карточка Ұстаушының Өтінішінде көрсетілген төлемнің минималды сомасына тең болуы керек.

6.1.19. Егер Карточка Ұстаушы Жеңілдік кезеңінде Несиені жаппаса, онда Несиені қолданғаны үшін сыйақы мына мерзімге есептеледі:

▪ Есеп беру айының 1-күнінен бастап, Жеңілдік кезеңінің аяқталғанына дейін, жедел қарыз үшін белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізіледі;

  • Несие бойынша Жеңілдік кезеңінің аяқталуы бойынша және Борыштардың толық жабылу уақытына дейін кешіккен борыш үшін белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.


7. Карточка Ұстаушының Карт-шоты бойынша Банк көрсететін қосымша қызметтердің тізбесі.

7.1. Банк Карточка Ұстаушының жазбаша Өтінішінің негізінде осы Шарт бойынша карточка Ұстаушыға мынандай қосымша көрсететін қызмет тізбесін ұсынуға құқылы:

  • «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінің қызметтері;

  • СМС-банкингтің қызметтері;

  • Банктің Банкоматтары және Банктің төлем терминалдары арқылы ұсынылатын қосымша қызметтер;

Жоғарыда көрсетілген тізбе соңғы тізбе емес және Банк жаңа қосымша банктік қызметтерді енгізген кезде Банк оны бір жақты тәртіпте толықтыруы мүмкін.


7.2. «СМС-банкингтің қызметтері»:

7.2.1. Карточка Ұстаушысы оның Карточкасы/лары бойынша операциялардың жүргізілгені туралы, сонымен бірге СМС-сұрауларының жүзеге асырылғаны туралы хабарлайтын СМС-хабарламаларды оның ұялы телефонына жіберілу арқылы «СМС-банкинг» банктік қызметіне қосылуына құқы бар. Банк бөлімшелерінде және Банктің ресми сайтында www.bta.kz мекенжайы бойынша СМС-сұрауларына кіру мүмкіндігінің тізбегі көрсетілген.

7.2.2. Карточка Ұстаушысы «СМС – банкингке» қосылу үшін осы Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын, белгіленген үлгідегі Өтінішті Банкке ұсынады.

7.2.3. Карточканы қолданудың аяқталу мерзіміне дейін 30 (отыз) күнтүзбелік күн қалғанда Карточка Ұстаушысы Карточканы қолдану мерзімінің аяқталуы туралы еске салатын СМС-хабарламаны алады.

7.2.4. Карточка Ұстаушының Өтінішінде таңдалған қызмет түрлері көрсетіледі

7.2.5. Карточка Ұстаушының жазбаша Өтініш негіздемесінде операциялар түрлері өзгеруі мүмкін.

7.2.6. Карточка Ұстаушысы «СМС-банкинг» қызметіне қосылу кезінде, оның Карт-шотына ашылған, барлық қосымша Карточкалары бойынша СМС-хабарламаны алатын болады. Қосымша Карточка Ұстаушысы қызметіне қосылу кезінде, Негізгі Карточка Ұстаушының жазбаша рұқсатын алуы қажет.

7.2.7. Мәтіндік хабарламада шығын операциялары бойыша орындалған операциялардың мән-жайы көрсетіледі:

операция сомасы және валютасы;

          операцияның өтілу мекенжайы, уақыты және датасы;

          Карточка нөмерінің соңғы төрт саны;

          операция мәртебесі;

Кіріс операциялары бойынша мәтіндік хабарламада орындалған операциялардың бөлшектері көрсетіледі:

операция сомасы және валютасы;

          операциялар датасы және уақыты;

          Карточка Ұстаушының Карт-шот нөмерінің соңғы 4 саны.

7.2.8 Банк ай сайын «СМС банкингті» қолданғаны үшін Карточка ұстаушының Карт-шотынан белгіленген Банк Тарифтеріне сәйкес ақшаны акцептсіз алу жолымен төлемді өндіріп алады.

7.2.9. Карточка Ұстаушысы «СМС-банкингке» қосылу үшін белгіленген үлгідегі Өтінішті Банкке беруімен және Банкте өзінің қатысуымен Банкке Карточка Ұстаушының карточкасы/лары бойынша операциялары туралы оның ұялы телефонына СМС-хабарламаларының Банкпен жіберілуіне ресми жазбаша келісімді береді, бұл келісім мынаны да білдіреді, Карточка Ұстаушының банктік операциялары, Карт-шоттағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметті құрайтын банктік құпия үшінші тұлғаларға, телекоммуникациялық байланыс қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға жария болуы мүмкін.

7.2.10. Қабылдап алынған СМС-хабарламалар бойынша үзінді көшірмелер Карточка Ұстаушының талап етуі бойынша Банкпен қағаз бетінде, факс немесе электронды пошта арқылы берілуі мүмкін.

7.2.11. Карточка ұстаушысы орналасқан мекенжайы, ұялы телефонының нөмері, Карт-шотының нөмері өзгерген жағдайда, Банкке дереу жазбаша түрде хабарлау қажет.

7.2.12. Карточка Ұстаушысы арасында жарнама-ақпараттық СМС-хабарламаларды Банк жаппай жіберуді жүзеге асыра алады. Карточка Ұстаушысынан осындай хабарламаларды ұсынғаны үшін төлем жасалмайды.

7.2.13. Карточка ұстаушының «СМС-банкингті» қолданудан бас тартқан кезде, Карточка Ұстаушысы бұл жайында Банкке бас тартуды болжанған күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей міндетті түрде жазбаша ескертуі қажет.

7.2.14. «СМС-банкинг» қызметіне ақы төлеу Карточка Ұстаушының Карт шоттарынан ақшаны акцептсіз алу жолымен Банк тарифтеріне сәйкес Карточка Ұстаушымен жүргізіледі.

7.2.15. Карточка ұстаушысы ұялы телефонын жоғалтқан/ ұрлатқан кезде «СМС-банкинг» қызметін тежеу үшін Банкке дереу баруы тиіс. Банктің Байланыс Орталықтарына Клиенттің қоңырау шалуына байланысты қызметін тежеу мезетіне дейін, ұялы телефонның жоғалуы/ ұрлануы жағдайларындағы айлакерлік және басқа әрекеттер кезінде үшінші тұлғаларға банктік құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуы мүмкіндігіне Банк жауапты болмайды. Банк клиенттің «СМС-банкинг» қызметін тежеу туралы ауызша талабын алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде осы қызметті 30 (отыз) күнтізбелік күннен көп емес мерзімге оқшаулауға міндеттенеді. Клиент 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банктің бөлімшесіне Банк белгілеген нысан бойынша өзінің қолы қойылған өтінішті (қызметті және/немесе қызметті басқа телефон нөмірлеріне қайта ресімдеу) беруге міндетті. Керісінше болған жағдайда банк 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін қызмет көрсетуді жаңғыртады.

7.1.16. Карточка Ұстаушысында өзгеше жағдайлары пайда болған кезде көрсетілген қызметке қол қойылған барлық телефон нөмірлері бойынша «СМС-банкинг» қызметін Карточка Ұстаушысы уақытша тежеуге құқы бар, бірақ мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен және 12 (он екі) ай ішінде бір реттен көп болмауы керек. Уақытша тежеу мерзімі өткеннен кейін Банк Карточка Ұстаушысын алдын-ала хабарлама жасамай-ақ «СМС-банкинг» қызметін көрсетуді жаңғыртуға құқылы.

7.1.17. Карточка ұстаушысы ұялы байланыстың операторымен байланысқа шығу үшін ұялы телефондағы СМС қызметін өз бетінше күйге келтіруге міндеттенеді. Карточка ұстаушысы мен ұялы байланыс операторы арасындағы болатын даулар, келіспеушіліктер СМС-банкинг қызметін ұсынуға қатысты болмаған жағдайлардың бәрінде де Банк жауапты болмайды.


7.3. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйелерінің қызметтері

7.3.1. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкингтің жүйесі – Интернет жүйесінің мүмкіндіктерін қолданумен Банктің Карточка Ұстаушылары үшін қашықтан өзіне-өзі қызмет көрсетудің банктік жүйесі. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкингтік жүйе htt//my.bta.kz мекенжайы бойынша Банктің Карточка Ұстаушысына кіруге мүмкіндігі бар және өзінің банктік шоттарын қашықтан басқару және оларға кіру мүмкіндігін Банктің Негізгі Карточка Ұстаушысына ұсынатын жүйе.

7.3.2. Негізгі Карточканың ұстаушысына «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесі мынаған мүмкіндік береді:

өзінің барлық банктік шоттарының жағдайын бақылау (ағымдағы, карт-шоттар, жинақтаушы);

          ұялы байланыс операторларының, кабельді теледидар, телефон қызметтеріне төлем жасау;

          карточкалық аударымдарды жасау (банк ішіндегі)

          ипотекалық несиелендіру бойынша төлемдерді жасау;

  • интернетке, қалааралық, халықаралық байланыстарға кіру мүмкіндігі қызметіне төлеу үшін алдын-ала төлеу Карточкаларын сатып алу;

          «ТӘБ Өмірді сақтандыру» АҚ сақтандыру жарналары бойынша төлемдерді жүргізу;

          коммуналдық төлемдерге төлем жүргізу (Алматы қ. бойынша)

         таңдалған банктік шот бойынша өзінің электронды мекенжайына ақшаның қозғалысы және жағдайы туралы үзінді көшірмені жіберу;

         Интернет-банкинг жүйесін қолдау Қызметі менеджерінің біліктілік көмегін алу. Банк кез келген уақытта Интернет-банкинг қызметінің жоғарыда көрсетілген тізбесін толықтыра алады. Банк жаңа сервистердің шығарылғаны туралы хабарламаны Карточка Ұстаушының электронды мекенжайына тиісті мәліметті жіберу арқылы жасайды, сонымен бірге Карточка ұстаушысын осы Шартта бекітілген басқа тәсілдермен хабардар етеді.

7.3.3. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесі http://my.bta.kz: мекенжайы бойынша тіркеулерден өткеннен кейін Негізгі Карточканың Ұстаушысы қолдану үшін кіруге мүмкіндігі пайда болады: банктік жүйедегі Карточка Ұстаушысын сәйкестендіру және электронды тіркелген нысандарын толтыру, бұл нысандарда оларға жүйедегі авторландыру Параметрлері көрсетіледі (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі және Есте сақтау сөзі)

7.3.4. Тіркеу Карточка Ұстаушының электронды мекенжайына пайдаланушының қабылданған аты-жөні көрсетілген тиісті хабарламаны жіберу жолы арқылы Жүйені қолдау қызметінің менеджерімен расталуға жатады.

7.3.5. Кіру Паролі Банкке белгісіз және ол жүйеге қосылу үшін пайдаланылады. Есте сақтау сөзі операцияны жүргізу кезінде қосымша авторландыру параметрі ретінде және телефон немесе басқа байланыс каналдары бойынша байланысқа шыққан кезде Карточка Ұстаушысын сәйкестендіру үшін қолданылады.

7.3.6. Банк Карточкалық операциясы жүргізілген кезде Карточка Ұстаушының Карт-шотынан ақшаны акцепсіз түрде алу жолымен Банктің белгілеген Тарифтеріне сәйкес «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесі арқылы аударымдар және төлемдер және басқа да қызметтерді жүзеге асырғаны үшін төлемдерді өндіріп алады. Банк осы Шарттың 4.4. тармағында белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметтерге Тарифтердің өзгергені туралы хабарламаны жіберуге міндеттенеді.

7.3.7. Авторландыру Параметрлерінің (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі және Есте сақтау сөзі) дұрыс терілуімен расталған Карточкалық операциялар, Карточкалық деректерді пайдаланумен жүзеге асырылған Карточкалық операциялары болып табылады.

7.3.8. Карточка Ұстаушысы авторландыру Параметрлерінің (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі және Есте сақтау сөзі) дұрыс терілуімен расталған Карточкалық операциялар бойынша сөзсіз есептесуге міндеттенеді, егер Банкке олардың жүзеге асырылуына дейін жүйеге кіруді тежеу туралы Өтініш жіберілмесе.

7.3.9. Авторландыру Параметрлерінің құпиялығы: Пайдаланушының аты-жөні, Паролі және Есте сақтау сөзі жария болған жағдайда, Карточка Ұстаушысы «Дербес ЕКБ» жүйесіне кіруді тежеу мақсатында Банкті тез арада хабардар етуге міндеттенеді. Банк «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесіне кіруді Карточка Ұстаушының уақытылы емес тежегені үшін жауапты болмайды.

7.3.10. Карточка Ұстаушының «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесіне кіруге мүмкіндікті тежеу қажеттілігі немесе ағымдағы тіркеуді жою туралы тапсырмасы Қолдау қызметінің келесі телефондары арқылы беріледі: 8(3272) 50-02-52, 66-42-60, немесе электронды пошта арқылы мына мекенжайға: prko@bta.kz. Жұмыс тәртіптемесі: жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейінгі Алматы уақыты бойынша.

7.3.11. Банкпен тиісті авторландыру Параметрлерінің (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі және Есте сақтау сөзі) пайдаланылуымен «Дербес ЕКБ» Интернет-Банкинг жүйесі арқылы алынған электронды құжаттар (тапсырмалар) Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген, қағаз бетіндегі құжаттарды алумен заңды түрде балама болып келетінін Карточка ұстаушысы мойындайды. Карточка Ұстаушысы Банкке көрсетілген электронды құжаттарды қағаз бетіндегі құжаттармен бірдей түрде пайдалануға рұқсат береді. Бұл орайда Карточка Ұстаушысы Банкке орындалу үшін жіберілген электронды құжаттардың мазмұны үшін толығымен жауап береді.

7.3.12. Банк Карточка Ұстаушысы бірнеше Карточканының Ұстаушысы болып табыла ма жоқ па оған байланыссыз жүйені пайдаланушы болып есептелетін Карточка Ұстаушысына «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінде Айлық Шек қояды. «Дербес ЕКБ» Интернет-Банкинг жүйесін пайдаланумен Карточкалық операцияларды жүргізуге шектеу, кез келген Карточка Ұстаушыларының Карт-шоттары арасында ақшаны аудару кезінде айына 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.

7.3.13. Егер Карточка Ұстаушысының Карт-шотынан алынған ақша Бенефициар пайдасына түспесе, Карточка Ұстаушысы Банкке жазбаша түрде Өтінішпен өзінің Карт-шотына ақшаны қалпына келтіруді талап етуге құқылы.

7.3.14. Бенефициардың ішкі нормативтік құжаттарына қарама-қайшы келетін және тұлғаны куәландыратын құжаттарды ұсыну кезінде Өтінішкердің Бенефициармен жазбаша хабарласуын талап ететін төлемді қайтару жөніндегі Бенефициардың бас тартуын алу жағдайында, Банк «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінде жүргізілген Карточкалық операция сомасын Карточка Ұстаушысына қайтарудан бас тартуға құқылы.

7.3.15. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жүйелік жаңылысу жағдайында осы проблеманы жоюдың болжанған мерзімін көрсетумен web-сайттағы http://my.bta.kz жүйесінде тиісті хабарламаны орналастыру жолы арқылы «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы болып есептелетін Карточка Ұстаушысын Банк хабардар етеді.

7.3.16. Алдын алу шараларын өткізген жағдайда, Банк «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушысы болып есептелетін Карточка Ұстаушының электронды мекенжайына жұмыс жүргізу және web-сайттағы http:// my.bta.kz. жүйесінде тиісті хабарламаны орналастыру мерзімі туралы хабарламаны алдын ала жіберу жолымен хабардар етеді.

7.3.17. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесін пайдаланушы болып есептелетін, Карточка Ұстаушының электронды мекенжайына Банк жарнама-ақпараттық хабарламаларды жаппай жіберуді жүзеге асыруға құқылы.

7.3.18. «Дербес ЕКБ» Интернет-банкингтің пайдаланушысы болып есептелетін Карточка Ұстаушының электронды мекенжайының деректері және байланыс деректері өзгерген жағдайда, Карточка Ұстаушысы «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінде белгіленген ережелер мен талаптарға сәйкес өзгертулерді өз бетінше енгізу қажет.

1   2   3   4   5   6

Похожие:

Жеке тұлғамен iconЖеке тұлғамен «бта банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге
Жеке тұлғамен «бта банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге №1 қосымша
Жеке тұлғамен iconЖеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады
Жеке тұлғамен iconМемлекетік жеке меншік әріптестіктің даму бағыттары
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (ағылшын.: Public Private Partnership (ppp) қоғамдық міндеттерін неғұрлым тиімді орындау мақсатында...
Жеке тұлғамен iconКредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Жеке тұлғамен icon2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Жеке тұлғамен icon2010-2011 оқу жылына 050801-Агрономия мамандығы бойынша бакалаврлар үшін
Студенттің жеке жоспары міндетті пәндер компонентінен тұрады. Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі...
Жеке тұлғамен iconҚазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы
Жеке басқа қол сұғылмаушылық 15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
Жеке тұлғамен icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Жеке тұлғамен iconҚазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру
Азақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) жоғалған немесе жарамсыз құжаттарын...
Жеке тұлғамен iconКөлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница