Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
страница3/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economy.kz/blog/ONIRLERDIDAMITU.doc
1   2   3   4   5   6

Бағдарлама шеңберінде бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;

өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің жиынтық индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кемінде 0,70 мәніне дейін жақсарту;

өзін-өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің санын 19 пайызға (2009 жылғы деңгейге шаққанда) азайту;

2020 жылға қарай:

Бағдарлама шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;

өңірлердің бәсекеге қабілеттігінің жиынтық индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кем дегенде 0,75 мәніне дейін жақсарту;

өзін-өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің санын 38,5 пайызға (2009 жылғы деңгейге шаққанда) азайту;

дамыған инженерлік-көліктік және өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар, маятникті көші-қоны орнықты және жұмыспен қамтылуы тиімді халқының жалпы саны 5,3 млн. адам болатын агломерация құру.

3. Міндеттер

Бағдарламаның алдағы онжылдық кезеңге арналған мақсаттарын негізге ала отырып, оны іске асыру мынадай екі негізгі міндет бойынша жүзеге асырылатын болады:

1. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу.

2. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.

Бұл ретте, Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең (2011 – 2012 жылдар) қолда бар резервтер мен пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтай отырып өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуды перспективалы талдау көзделетін пилоттық болып табылады. Осы кезеңде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлерді перспективалы дамыту жөніндегі іс-қимылдарының нақты тетіктеріде әзірленетін болады.

Екінші кезеңде (2013-2020) Бағдарламаны толық ауқымда іске асыру жүзеге асырылатын болады, оның шеңберінде осы Бағдарламада белгіленген тәртіппен өңірлерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық бағдарламалар іріктеліп, іске асырылатын болады. Екінші кезеңде де ұлттық компаниялар аумақтар мүддесі іске асырылатын мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларын үйлестіру көзделеген.

1-міндет. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу;

Осы міндетті іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) айналымға қолда бар резервтер (оның ішінде қаржылай) мен пайдаланылмаған шаруашылық активтерін (оның ішінде айналымнан шығарылған, тұрып қалған өндірістер және ауыл шаруашылығы алқаптары) тарту жолымен өңірлердің экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету;

2) жұмыс істеп жатқан өндірістерді кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін әкімдіктердің жанынан Инвесторлардың өңірлік кеңесін құру жолымен өңірлерді перспективалы әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешу үшін отандық және шетелді инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу. Бұл ретте, осы міндеттерді шешу бойынша облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің қызметін бағалау үшін жобалар санының ұлғаюы, тартылған инвестициялардың сомасы, өңірлерде іске асырылын жатқан жобалардың жобалық қуатына шығуы сияқты көрсеткіштер ескерілетін болады;

3) инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау (жоғары технологиялық өндірістерді, мысалы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы сияқты шағын инновациялық компанияларды дамыту);

4) өңір экономикасының барлық салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (әкімшілік рәсімдерді, рұқсат беру жүйесін және басқаларды жеңілдету);

5) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлердегі ірі жүйе құраушы (мысалы, аграрлық компанияларға, шикізат өндіруші компаниялар және басқалар) кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне тиімді экономикалық бақылауы;

6) өңір экономикасының барлық салаларында энергия,- ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу және энергияның балама көздерін қолдану;

7) республика қалаларының айналасында азық-түлік белдеулерін құру.

2-міндет. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.

Екінші міндет мына екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мен қолдау;

2) Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына ықпал ету.

Бірінші бағыт агломерацияларды реттелетін дамуы мен тұтастай елдегі урбандалу үдерістері, сондай-ақ ішкі көші-қон ағымдарын реттеу арқылы ұтымды аумақтық ұйымдастыруды және тиімді таратып орналастыру жүйесін қалыптастыру аспектілеріне көбірек бағытталған. Екінші бағыт өңірлердің бәсекеге қабілетілік әлеуетін жандандыру бойынша міндеттерге тікелей байланысты.

Бағдарламаның қаражаттары есебінен қаржылық қолдаудағы басымдық жылдам өсуші және перспективалы, яғни экономикалық дамудың үлкен әлеуеті бар, сондай-ақ халық санының тұрақты өсуіне ие іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларға (бұдан әрі – БИЖ) берілетін болады. Өңірлердің перспективалылығын 2011 жылдың аяғында Қазақстан Республикасындағы қалалардың, аудандар мен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын зерттеу нәтижелерінің негізінде Уәкілетті органның ұсынысы бойынша ВАК ақындайтын болады.

Көрсетілген екі бағыт бойынша қаржыландыру көлемін Уәкілетті орган тең үлесте анықтайды. Бұл ретте, бір бағыт бойынша өтінімдердің жетіспеушілігі мен басқасы бойынша ең үлкен қажеттілік болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағыттары арасында қаражат жедел қайта бөлінуі мүмкін.

Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын БИЖ-дың құны 10,0 млрд. (он миллиард) теңгеден аспауы тиіс, іске асыру кезеңі 3 жылдан аспауы тиіс («Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына жәрдемдесу» деген 2-бағыттың «Өңірлерде мемлекеттік-жеке меншік тетігін енгізу» 3-басымдығын қоспағанда).

Қаражатты бөлу (жобаларды қаржыландыру) өтінілген республикалық және/немесе өңірлік басымдықтарға сәйкес, конкурстық негізде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес қаржыландыру принциптерінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының тиісті жылға шығыстық міндеттемелері көзделген жобаларды іске асыруға ұсынылмауы мүмкін.

Жобаларды бағалау мен іріктеу шарттары 2011 жылдың ішінде Бағдарламаның Жұмыс органы әзірлейтін әдіснамалық ұсынымдарда көзделетін болады.

Бірінші бағыт:

Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру мен қолдау.

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу елді мекендердің (аумақтардың) мынадай санаттары үшін жүзеге асырылады:

1. Агломерациялар[1].

2. «Екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары).

3. Даму әлеуеті жоғары қалалар мен ірі АЕМ.

4. Шекара маңындағы аумақтар (жобаларды қарау жергілікті атқарушы

органдардың ұсыныстарын есепке ала отырып, 2011 жылдан кейін жүзеге асырылатын болады).

«Өсу полюстері» саясатының контектінде Қазақстан үшін инновациялық өндірістерді қалыптастыру мен дамыту үшін ғылыми, зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие агломерациялардың дамуын қолдау барынша өзекті міндеті болып табылады. Сондықтан агломерациялардың дамуын қолдау жөніндегі міндеттер басым және бөлінетін қаражаттың үлкен көлемін талап етеді.

Елді мекендердің жоғарыда көрсетілген санаттарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін кешенді шешуге бағытталған БИЖ-ді іске асыруда мынадай басымдықтар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.

1-басымдық.Көліктік қол жетімділікті арттыру және халықтың «маятникті» еңбек көші-қоны мен тиімді жұмыспен қамтылуы үшін жағдай жасау.

Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қоныстардың жоғарыда көрсетілген санаттарында іске асырылатын БИЖ жатады:

1) халықтың «маятникті» еңбек көші-қонын қалыптастыру (жәрдемдесу) үшін агломерациялық құрылымдар ішінде жол желілерін дамыту бойынша;

2) облыс ішілік көлік коммуникацияларын салу мен жаңғырту бойынша.

2-басымдық.Коммуналдық-инженерлік (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері) және әлеуметтік-рекреациялық (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілері, саябақ және көңіл көтеретін аймақтар) инфрақұрылымдарды дамыту.

Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қоныстардың жоғарыда көрсетілген санаттарындағы коммуналдық-инженерлік объектілері (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен қамтамасыз ету жүйелері) мен әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымын (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт объектілері, саябақ және көңіл көтеретін аймақтар) салу мен қайта құру бойынша БИЖ жатады.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Уәкілетті орган қарауы кезінде агломерацияларға, екінші деңгейдегі қалаларға, қалалар мен ірі АЕМ-ге көліктің қол жетімділігін арттыруға және оларда коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1 және 2-басымдықтар бойынша мынадай өлшемдер негізге алына отырып, артықшылық берілетін болады:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің:

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;

жүру уақытын қысқартуда;

қозғалыс жылдамдығын ұлғайтуда;

коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруда;

жұмыссыздық деңгейін төмендетуде көрсетілген жиынтық мөлшері.

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

3-басымдық.Қалалардағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту.

3-басымдық бойынша қаражатты бөлу қалаларда қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін жоғарылату бойынша іске асырылатын, оның ішінде:

қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;

суды кешенді тазалау бойынша;

атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту бойынша;

салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Уәкілетті органның қарауы кезінде 3-басымдық бойынша жобаға жоғары баға мынадай өлшемдер негізге алына отырып артықшылық берілетін болады:

1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің жиынтық мөлшері, олар мыналарда көрініс тапқан:

бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;

атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын төмендету пайызы;

ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендету;

қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайту;

энергия үнемдейтін технологиялар енгізу;

өнім өндіру көлемінің өсімі;

бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы.

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

4-басымдық.Шекара маңындағы аумақтарды дамыту.

Аталған басымдық бойынша қаражат бөлу шекара маңындағы аумақтарда іске асырылатын БИЖ-ге бағытталатын болады.

Бағдарлама шеңберінде:

көлік инфрақұрылымын дамытуға;

әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс объектілерін) жақсартуға;

бизнес-жоспарларды іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылымды (су құбыры, кәріз, газбен-, жылумен-, электрмен жабдықтау, ирригациялық жүйелер) жүргізуге;

сауда-сатып алу қызметін дамыту үшін инфрақұрылым құруға қолдау көрсетілетін БИЖ.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді Уәкілетті орган қараған кезде 4-басымдық бойынша жобаға мынадай өлшемдер негізге алына отырып, артықшылық берілетін болады:

1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің:

шекара маңындағы аудандарда құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санында;

шекара маңындағы аудандағы халық санының өсімінде/тұрақтандыруда;

өндіріс көлемінің (ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, қызметтер) өсімінде;

өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрсетілген жиынтық мөлшері.

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

Екінші бағыт:

Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамытуға жәрдемдесу.

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі оның аумағындағы экономикалық құрылымдар мен қоныстандыру құрылымдарын қалыптастыру үшін жағдай жасайтын оның сипаттамаларының физика-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жиынтықтары ретінде түсіндіріледі. Өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар мыналар: табиғи ресурстардың, білікті мамандардың, дамыған инфрақұрылымның, институционалдық дамудың деңгейінің (мемлекеттің бизнесті дамыту үшін жасайтын жағдайларының) және басқаларының бар болуы. Республиканың индустриялық-инновациялық даму жағдайында бірінші орынға зерттеулер мен технологиялық даму салаларында өңірлердің әлеуетін, инновацияны енгізуші кәсіпорындарды қаржылық қамтамасыз етуді нығайту бойынша мәселелер шығады.

Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті және өңірлердің экономикалық дамуын арттыру мақсатында Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытының басымдықтары мыналарға байланысты болады:

1) туризм саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешеннің (оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оның ішінде өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы оларды дайындау және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен қалалар мен агломерациялар айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша) өңірлік жобалары үшін инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту және өңірлерде инновациялық қызмет пен кәсіпкерлікті ынталандыру;

2) энергияның балама көздерінің инфрақұрылымын дамыту;

3) өңірлерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігін енгізу.

Жоғарыда атап көрсетілген үш басымдық мынадай схема бойынша қаржыландыруға жатады:

1-басымдық – 2-бағытқа бөлінген бюджет қаражаты көлемінің 60%-ы;

2-басымдық – 2-бағытқа бөлінген бюджет қаражаты көлемінің 20%-ы;

3-басымдық – 2-бағытқа бөлінген бюджет қаражаты көлемінің 20%-ы.

1-басымдық. Туризм және кәсіпкерлікті қолдау саласында индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенінің (оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оның ішінде, өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы оларды дайындау және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, оның ішінде, көкөніс шаруашылығы саласындағы нақты жобаларды іске асыру жолымен, қалалар мен агломерациялар айналасында азық-түлік белдеуді құру бойынша) өңірлік жобалары үшін өңірлерде инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.

1-басымдықтың шеңберінде Бағдарлама қаражаты есебінен қаржылық қолдау көрсетуде тез өсетін және перспективалы, яғни даму әлеуеті жоғары, сондай-ақ халық санының өсуі тұрақты өңірлерде іске асырылатын БИЖ-ге артықшылық берілетін болады. Аталған өңірлерде жобаларды іске асыру республика үшін барынша мультипликативті тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға перспективалы бизнес жобаларды, сонымен қатар ескірген өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар аймақтарды конверсиялау бойынша БИЖ-ді іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырын, темір жолдың тұйық жерлерін, шағын электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және кайта жаңғырту) салу және жүргізу бойынша БИЖ жатады.

Инфрақұрылымды салу мен жүргізу бірнеше бизнес-жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым салу және жүргізу бойынша БИЖ-ді қарау кезінде мынадай өлшемдер негізге алына отырып жобаларға артықшылық беріледі:

1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің, олар:

өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санында;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шарушылығы, қызметтер) көлемінің өсуінде;

өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында;

БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санында көрініс тапқан мөлшері;

2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;

3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.

2-басымдық.Баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту.

2-бағыт бойынша қаражат бөлу шалғай АЕМ-дерде және туристік рекреациялық әлеуеті бар жерлерде іске асырылатын БИЖ-дерге бағытталатын болады (баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту).

Бағдарлама шеңберінде

мыналар:

1) коммуналдық және өндірістік мақсаттарға электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында фермерлік шаруашылықтар (қолданыстағы және жаңадан құрылатын);

2) шалғайдағы энергиямен жабдықтаудың негізгі және/немесе резервті көздері ретінде АЕМ;

3) вахта (уақытша) кенттері;

4) туристік-рекреациялық әлеуеті бар алыс жерлер, үшін жаңартылатын энергия көздерінің бір түрінен көп энергия өндірісі үшін пайдаланылатын гибридті қондырғыларды қоса алғанда, бастапқы жаңартылатын энергия көздерінен (су ағыны, жел, күн және басқа да энергиясы) электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін қондығылар сатып алу мен монтаждауға (қоса қаржыландыру түрінде көмек) қолдау көрсетілетін БИЖ.

Уәкілетті органдардың жергілікті атқарушы органдардың 2-бағыт бойынша БИЖ-ді қарауы кезінде мынадай өлшемдерді негізге алына отырып, жобаларға артықшылық беріледі:

1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің:

өңірде құрылған тұрақты /уақытша жұмыс орындарының санында;

өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер)көлемінің өсуінде;

өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюында көрініс тапқан мөлшері;

2) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі;

3-басымдық. МЖӘтетігін өңірлерде енгізу.

1. МЖӘ жобаларын дайындау бойынша консультативтік және техникалық көмек көрсету.

МЖӘ жобаларын дайындау бойынша консультативтік және техникалық көмек көрсету қызметтерін жобалар бойынша концессиялық ұсыныстар және қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖӘ жобаларын іске асыруға жергілікті бюджеттер қатысуының қаржылық даярлығы болғанда (мүмкіндігі) экономикалық өсу орталықтары (қалыптасып келе жатқан агломерациялар, екінші деңгейдегі қалалар, қалалар және даму әлеуеті жоғары ірі АЕМ) көрсетеді.

Бағдарламаның осы бағыты шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың және МЖӘ саласындағы бизнес-ортаның білім әлеуеті көтеріледі.

2011 жылы Бағдарлама шеңберінде өңірлерде МЖӘ жобаларын дайындау кезінде консультативтік көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

2. МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру мүмкіндігі.

МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру экономикалық өсу орталықтарында (қалыптасып келе жатқан агломерациялар, екінші деңгейдегі қалалар, қалалар және даму әлеуеті жоғары ірі АЕМ) әлеуметтік (білім беру және денсаулық сақтау) және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылым (сумен, жылумен, газбен, кәрізбен қамтамасыз ету жүйесі) объектілерінің құрылысы саласы бойынша көрсетіледі.

МЖӘ жобаларын қаржыландыру тетігі құрылыс салу сатысында жобаларды қоса қаржыландыруға негізделеді.

Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық жобаларды іріктеу тетігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес МЖӘ сипаттайтын негізгі элементтердің бірі жобаларды мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі уақытта қызметті қолдау мақсатында концессионерге мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін, оның ішінде:

1) құрылыс салу сатысында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;

2) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;

3) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде онда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.

Уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдар ұсынған МЖӘ жобаларын қарауы кезінде мынадай өлшемдер негізге алына отырып, жобаларға артықшылық беріледі:

1) жобаны экономикалық өсу орталықтарында (қалыптасып келе жатқан агломерацияларда, екінші деңгейдегі қалаларда, қалалар және әлеуеті жоғары ірі АЕМ-де) іске асыру;

2) мемлекеттік және жеке қаржы көздері арасындағы қоса қаржыландыру арақатынасы;

3) елді мекеннің әлеуметтік және коммуналдық–тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу дәрежесі (тапшылық және/немесе тозуының жоғары болуы);

4) өңірде құрылған тұрақты /уақытша жұмыс орындарының саны;

5) мемлекеттік бюджетке жүктемені қысқарту;

6) жаңа технологиялар енгізу және қызметтердің тұтынушының қажеттіліктеріне барынша нақты бағытталуы;

7) жобаны іске асыру мерзімін қысқарту;

8) тәуекелдердің бір бөлігін жеке секторға беру;

9) қызметтерге тариф деңгейі.

4. Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың

өзара іс-қимылы

1. Аудан және қала әкімдері, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Бағдарлама басымдықтарының өлшемдерін есепке алып, инвестициялық ұсыныстар тізімін, БИЖ қалыптастырады және жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушілеріне ұсынады.

2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушілері:

1) барлық инвестициялық ұсыныстарды қарастырады және олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді;

2) БИЖ-дің ТЭН-ін қарастырады және олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді;

3) ТЭН әзірлеу талап етілмейтін БИЖ-ге және БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстарға оң экономикалық қорытындыны есепке ала отырып, аудандар және қалалар әкімдері, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері (Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес) әзірлеген құжаттар негізінде БИЖ іріктеуді жүзеге асырады;

4) облыс, Астана және Алматы қалаларының бірінші басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғалардың қолы қойылған хатпен мақұлданған БИЖ құжаттарының толық пакетін Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынады.

Талап етілген тиісті құжаттары мен жобаны таңдау негіздемесі жоқ жобалар қарастырылмайды.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушілері жобаларға теріс қорытынды берілген жағдайда аудан және қала әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бас тарту себептерін көрсете отырып дәлелді жауап жібереді.

3. Уәкілетті орган:

1) құжаттардың толық пакеті бар БИЖ-ді тиісті орталық мемлекеттік органдарға салалық сараптама әзірлеуге жолдайды;

2) тиісті орталық мемлекеттік органның салалық сараптамасын ескере отырып, әр жоба бойынша қорытынды дайындау үшін Жұмыс органына құжаттардың толық пакеті бар БИЖ жолдайды;

3) әр БИЖ бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді;

4) іріктелген жобалардың тізбесін осы бөлімнің 3-бөлімінде көрсетілген қорытындының негізінде Жұмыс тобының қарауына енгізеді.

Теріс қорытынды алған жобаларға бас тарту себептерін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органдарға дәлелді жауап жібереді.

4. Жұмыс тобы:

1) Уәкілетті орган іріктеп алған жобаларды қарайды;

2) шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.

Жобаны инвестициялық жобалар тізбесінен алып тастаған жағдайда Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептерін көрсете отырып дәлелді жауап жолдайды.

5. Жұмыс тобы мақұлдаған жобалар ВАК-тың қарауына енгізіледі, ол:

1) жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, инвестициялық жобалардың тізбесін қарайды;

2) Бағдарламаның бағыттар бойынша қаржыландыру лимиттерін келіседі;

3) шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.

ВАК-тың оң қорытындысы БИЖ-ді Уәкілетті органның бюджеттік өтініміне қосу үшін негіз болып табылады.

Жоба алынып тасталған жағдайда Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себебтерін көрсете отырып дәлелді жауап жолдайды.

6. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім береді.

7. Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келісімге қол қояды.

8. Бағдарламаны тиімді іске асыру, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің іс-қимылдарын бақылау мақсатында тиісті аумақтардың әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Уәкілетті органға Бағдарламаны іске асыру туралы есепті жылына екі рет ұсынуы тиіс.

5. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өңірлік дамуға және өсу әлеуетін жандандыру жөніндегі өңірлік бастамаларды ілгерілетуге қаржылық қолдау көрсетуді ұлғайту көзделген.

Бағдарламаның негізгі нәтижелері мыналар болады:

1. Инженерлік-көліктік инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту жолымен өңірлерде экономикалық белсенділікті арттыру.

2. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

3. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, кеңістіктік дамуды қамтамасыз ету.

4. Агломерациялар мен перспективалы қоныстарды дамытуды қолдау арқылы елдегі аумақтық шоғырлануды арттыру.

5. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің деңгейі төмен және жоғары өңірлер арасындағы айырмашылықты 2009 жылғы 10 еседен 2020 жылы 8 есеге дейін азайту.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1- кезең – 2011 – 2012 жылдар – пилоттық болып табылады.

Пилоттық жылы Бағдарламаның бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің шарттары, тетігі және тәртібі анықталатын болады, Бағдарламаны іске асыруға қатысты мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондай-ақ әлеуметтік сектор мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жобаларын дайындау кезінде өңірлерге консультативтік көмек көрсетіледі.

2-кезең – 2013 – 2010 жылдар.

Бұл кезеңде өткен жылдары жиналған тәжірибені ескере отырып, өңірлерді дамыту бойынша толық ауқымда тиімді жұмыс жүзеге асырылатын болады.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға арналған бюджеттік шығыстарды кезең кезеңмен арттыру жоспарланып отыр.

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік бюджет есебінен Бағдарламаны қаржыландыру____** млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

республикалық бюджеттен:

2011 жылы – 1 000,0* млн. теңге;

2012 жылы – ______** млн. теңге;

2013 жылы – _______** млн. теңге;

жергілікті бюджеттерден:

2011 жылы – 75,0* млн. теңге;

2012 жылы – _______** млн. теңге;

2013 жылы – ________** млн. теңге.

* Бағдарламаны қаржыландырудың 2011 жылға арналған көлемі 2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде түзетілетін болады.

** Қаржы көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталатын болады.

__________________





7. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница