Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
страница1/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economy.kz/blog/ONIRLERDIDAMITU.doc
  1   2   3   4   5   6
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 және «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

4. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi                                                                                    К. Мәсiмов 




№ исх: 862 от: 26.07.2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы « » 
№ қаулысымен


бекітілген

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

  1. Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары.

Бағдарламаны әзірлеуге және жауапты іске асыруға мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлердің перспективада өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу

Бағдарламаның міндеттері

1. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу;

2. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.

Іске асыру мерзімі

1-кезең – 2011-2012 жылдар (пилоттық)

2-кезең – 2013-2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2015 жылға қарай:

ЖӨӨ-ның нақты мәнде алдыңғы жылға өсуін қамтамасыз ету:

Облыс/қала

2011

2012

2013

2014

2015

Ақмола

108,2

107,4

107,2

108,5

107,2

Ақтөбе

108,1

108,3

108,7

107,4

105,8

Алматы

105,8

105,8

106,0

106,1

106,4

Атырау

104,0

104,4

103,8

107,2

111,6

Батыс Қазақстан

106,1

105,6

104,0

104,6

104,4

Жамбыл

108,8

106,6

106,4

106,9

105,7

Қарағанды

106,4

106,0

105,2

105,3

106,5

Қостанай

105,8

107,0

106,7

106,9

108,2

Қызылорда

104,1

105,2

104,3

105,5

105,4

Маңғыстау

106,1

105,7

106,9

107,0

107,9

Оңтүстік Қазақстан

108,1

108,1

108,0

109,2

109,7

Павлодар

106,0

105,7

105,1

104,9

105,8

Солтүстік Қазақстан

107,0

105,6

105,6

106,1

104,6

Шығыс Қазақстан

108,0

106,9

106,7

108,0

107,4

Астана қаласы

108,5

108,1

106,8

107,0

106,1

Алматы қаласы

108,2

108,8

108,4

107,9

107,1

Бағдарлама шеңберінде бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;

өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің жиынтық индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кемінде 0,70 мәніне дейін жақсарту;

өзін өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің санын 19,0 пайызға (2009 жылғы деңгейге шаққанда) азайту;

2020 жылға қарай:

Бағдарлама шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты көлемінің тартылған жеке инвестициялар көлеміне ара қатынасы кемінде 1/2 құрайды;

өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің жиынтық индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын инфрақұрылымдық даму индексінің көрсеткішін кем дегенде 0,75 мәніне дейін жақсарту;

өзін-өзі қамтамасыз етпейтін елді мекендердің санын 38,5 пайызға (2009 жылғы деңгейге шаққанда) азайту;

дамыған инженерлік-көліктік және өнеркәсіптік инфрақұрылымы бар, маятникті көші-қоны орнықты және жұмыспен қамтылуы тиімді, халқының жалпы саны 5,3 млн. адам болатын агломерация құру.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заңнамасында тыйым салынбаған басқа да есебінен және көздер шегінде жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі _______** млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

республикалық бюджеттен:

2011 жылы – 1 000,0* млн. теңге;

2012 жылы – _______** млн. теңге;

2013 жылы – _______** млн. теңге;

жергілікті бюджеттерден:

2011 жылы – 75,0* млн. теңге;

2012 жылы – _______** млн. теңге;

2013 жылы – _______** млн. теңге.

*Бағдарламаның 2011 жылға арналған қаржыландыру көлемі 2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде түзетілетін болады.

**Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталатын болады.

2. Кіріспе

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының маңызды бөлігі жаңа өңірлік саясат болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа аумақтық ұйым қалыптастырылып жатқанын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар, яғни агломерациялардың (Астана мен Алматы қалалары) және елдің батысындағы (Атырау, Маңғыстау облыстары) экономикалық өсудің шикізат орталықтарының үдемелі өсуінен айқын көрінеді. 2009 жылы он алты өңірдің төртеуі (республикалық маңызы бар қалалар Алматы, Астана және Атырау және Қарағанды облыстары) елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын (47,2%) қамтамасыз етті. Дәл осы өңірлерде негізгі инвестициялар мен экономиканың басқа да ресурстары шоғырланған.

Басқа жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың (мысалы, моно-қалалар, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ) ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына алып келді және қоғамда қиын әлеуметтік үдерістерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.

Алайда, елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан үдерістерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрыңғы тәсілдер сақталуда. Мәселен, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау, практикасы жалғасуда.

Мемлекет ресурстарын өңірлердегі іс жүзінде қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі.

Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда белгіленген негізгі басымдықтарға тікелей байланысты. Бағдарламаның іс-шаралары мен жобалары жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді арттыруға, экономиканың барлық салаларына қазіргі заманғы инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде өңірлерде әлеуметтік-рекреациялық сала объектілерін, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт, саябақ аймақтарын және басқаларды салу және қайта жаңғырту бойынша жобалар («Жұмыспен қамту 2020», «Өнімділік 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ-Бұлақ» салалық бағдарламалары, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы) қарастырылады.

Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды мыналар жүзеге асырады:

Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары (бұдан әрі – Бағдарламаның үйлестірушілер);

Уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;

Жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Өңірлік саясат орталығы;

Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) – құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы;

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық кеңесші орган;

Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Елде үдемелі индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру бағытына бет алуы «экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жоспарларымен» тікелей байланысты. Республиканың өңірлік дамуына жаңа серпін беру қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында да ерекше айтылған, онда «индустриялизация өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын құрайды» делінген.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты өңірлердің ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту, еңбек пен капитал ресурстарының экономикалық өсу орталықтарында (аумақтық) шоғырлануы, республика тұрғындарының өңірлік жұмыспен қамтылуын және өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай мен факторлар қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған.

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі өңірлерде халыққа тұрақты және тиімді жұмыс орындарын құратын өнеркәсіптерді құру және іске қосу үшін өңірдің (табиғи, шикізат, еңбек, инфрақұрылым) әлеуетін қолдану дәрежесімен және тиімділігімен анықталады. Өңірлер бір-бірінен өз әлеуеті арқылы әр түрлі болатындықтан, әр өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясаты да әр түрлі болады.

Өңір жұмыс істеп тұрған немесе жаңа кәсіпорындарда олардың бәсекеге қабілеттілігін іске асыруға және арттыруға жағдай жасай алғанда ғана бәсекеге кабілетті бола алады. Оның үстіне, өңір тек кәсіпорындар үшін ғана емес, сонымен қатар ең маңызды ресурстарының бірі болып табылатын жергілікті халыққа да тартымды болуы тиіс.

Жергілікті атқарушы органдарының өңірдегі іскерлік және инвестициялық ахуалға әсер ететін ең шешуші міндеттерінің бірі инфрақұрылымды дамыту мен қолдау және соның негізінде жекелеген кәсіпорындар мен өндірістердегі орын алған шектеулерді алып тастау болып табылады. Сонымен қатар, аумақтың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторларға қоршаған ортаның тартымдылығы мен қолайлы экологиялық жағдай да жатады.

Жаңа өңірлік саясаттың тағы бір маңызды бағыты өңірлік аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру болып табылады, ол ұлттық экономиканың экономикалық өсуінің ең маңызды орталықтары болып табылатын урбанизациялануы үдерістері мен агломерациялардың дамуын ынталандыруды және реттеуді, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтиды.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ірі агломерациялық орталықтар Алматы және Астана болып табылады. Жылдам өсуші агломерация елдің оңтүстігінде Шымкент қаласының айналасында қалыптасуда. Республиканың батысында орталығы Ақтөбе қаласындағы агломерация перспективалы болып табылады.

«Екінші деңгейдегі» қалаларда да халықтың шоғырлануының өсуі (ауыл тұрғындары мен қалалар тұрғындарының ағыны есебінен, бірақ агломерацияларға қарағанда аз қарқынмен) және қала маңы аймағын дамыту жоспарлануда. Перспективалы индустриялық дамыту есебінен келешекте оларды бәсекелестік басымдығы бар бейінді қызмет түрлеріне мамандандыру күшейеді. Қалалардың осы топтарының дамуын мемлекеттік қолдау экономикалық өсу орталықтары рөліне үміткерлердің екінші құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа өңірлік саясат міндеттерінің бірі даму әлеуеті жоғары қалаларды және ірі АЕМ-ді дамыту және қолдау болып табылады. Осыған байланысты келешекте барлық деңгейдегі қоныстар олардың даму перспективасының мәніне кешенді зерттеу жүргізуді қажет етеді.

Жаңа өңірлік саясатты іске асыру бара-бар және пәрменді, оның ішінде қаржы құралдарын талап ететінін атап өту қажет.

Қазіргі уақытта республикада өңірлерді қаржыландыру қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесі шеңберінде іске асырылады, ол донор өңірлерден реципиент өңірлерге (экономикалық тұрғыдан артта қалушы облыстарға бюджеттік субвенциялар беру) бюджет қаражатын қайта бөлуге негізделген. Республикадағы осындай бюджетаралық қатынастар жүйесі өздерінің аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынын ұлғайтуға жергілікті атқарушы органдарды (донор өңірлерді де сондай-ақ реципиенттерді де) ынталандырмайды. Осы жағдай көбінесе трансферттерді (жалпы сипаттағы трансферттерді қоспағанда) есептеудің бірыңғай жүйесінің және нысаналы трансферттерді қалыптастырудағы айқын басымдықтардың болмауынан қалыптасты.

Әлемдік тәжірибеде өңірлік саясатты іске асырудың маңызды қаржы құралдары: құрылымдық қорлар (Еуропалық Қоғамдастықта белсенді қолданылады), инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары (Канада), өңірлік/муниципиалдық дамыту қорлары (Ресей Федерациясын, Бразилияны, Үндістанды, Латвияны қоса алғанда 50-ден астам ел) болып табылады. Бұл қорлар, атап айтқанда ЕО құрылымдық қорлары, ұзақ мерзімді перспективада олардың табыстылығын ұлғайту үшін бәсекеге қабілеттілік пен өңірлік экономикалардың өнімділігін арттырудың негізгі құралдары болып табылады.

Шет елдерде мемлекеттің қамқорлығымен құрылған жоғарыда көрсетілген қорлар мен бағдарламалар инфрақұрылымға, адами капиталға инвестицияларды, инновациялық мүмкіндіктерді іске асыру мен өңірлердегі қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуды қолдайды. Бұл ретте, қаржыландырудың: мемлекет пен өңірлік билік арасындағы бірнеше жылға арналған келісімшарттар (Франция, Германия); Еуропалық Одақтың гранттары мен қоса қаржыландыруы; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (Ресей) сияқты түрлі схемалары қолданылуда.

Осындай қорлардың қызметі негізінде қол жеткізілген оң нәтижелер Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын іске асыру үшін осыған ұқсас құралдарды әзірлеу мен қолдануды өзекті етеді.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасының бюджеттік практикасына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы сияқты арнайы қаржылық құралды енгізу ұсынылады, ол өсу әлеуеті мен жоғары экономикалық белсенділігі бар аумақтарды қолдауға бағытталатын болады. Бұл «тар жерлерді» айқындауға және даму әлеуеті бар өңірлерді одан әрі дамытуға қарқын беруге мүмкіндік береді. Осындай өңірлер өз ерекшелігіне байланысты осы құралды пайдаланудан ең үлкен жиынтық мультипликативті әсер бере алады. Түпкі нәтижесінде өңірлердің перспективада әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді, өңірлік даму мен өсу әлеуетін жандандыру бойынша жергілікті бастамаларды қаржылық қолдауды көздейтін бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары өңірлер арасындағы дамуда диспропорцияның азаюына әкеледі.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы icon2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница