Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары




Скачать 457.83 Kb.
НазваниеХалилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер457.83 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/abdalieva.doc
  1   2   3
ӘОЖ 332.33:338.436.33 Қолжазба құқығында


Абдалиева Наргиз ибрахим - халилаевна


Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары

(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)


6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты


Кызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды




Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының кандидаты

Г.Е.Талапбаева


Ресми оппонент экономика ғылымдарының

кандидаты, доцент Р.Қ.Сабирова



Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. ( бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, № 308 дәрісхана)


Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы “Жа­ңа онжылдық – жаңа эконо­ми­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағыт­талған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті – ұлттық экономи­каны әртараптандыруға баса назар ау­дарылды. Жолдауда әртараптан­ды­рудың басты бір сегменті ре­тін­де агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­тудың негізгі үш бағыты атап көр­сетілді, яғни оның біріншісі – 2014 жылға аталған салада өнім­ді­лікті кем дегенде екі есе арт­ты­ру, екіншісі – елдің азық-түлік қау­іпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – экспорттық әлеуетті іске асыру.

Аталмыш міндеттерді іске асы­рудағы аграрлық-индустрия­лық әртараптандыру арқылы ау­ылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құ­рал-жабдықтар мен жаңа техно­ло­гияларды енгізу, ауыл шаруашы­лы­ғында заман талабына сәйкес, са­палы өнім өндіруге жаңа көз­қарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өзді­гінен шеше алатын істер. Бұл рет­те, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып са­налатын жер ресурстарын тиімді пай­далану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отыр­ған үлкен бәсекелестікте ау­ыл шаруашылығы өндірісінде же­тіс­тіктерге жету үшін де жерді ти­ім­ді пайдалану басты шарт болып та­былады. Қазіргі кезде рес­пуб­ликамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қос­танай, Ақмола, Солтүстік Қа­зақ­стан және Павлодар облыс­та­рында шоғырланған. Сонымен қа­тар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Ал­ма­ты, Оңтүстік Қазақстан, Жам­был, Қызылорда және Шығыс Қ­а­зақ­стан облыстарында орналасқан.

Дегенмен, Ауыл шаруашы­лығы министрлігінің Су ресурс­тары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жер­лердің 37%-ы пайдаланылмаған. Он­ың басты себептері, көп жыл­дар­дан бері суару жүйелерінің тех­ни­калық төмен жабдықталуы, су тар­ту мен су бөлу жүйелерінің ес­кі­руі және алаптардың қайта сор­лануы топырақ сапасын нашар­латып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау барысында, аталған мәселені келесі ғалымдар: Г.А.Қалиев, Ж.Б.Балапанов, М.С.Тонкопий, Е.Б.Байбарақов, Е.М.Үпішев, М.А.Тлеуберген, С.Мұқаұлы, Т.И.Есполов, О.А.Абралиев, С.А.Абдильдин, В.Г.Кошелев, А.Б.Молдашев, Ж.Т.Сейфуллин, Қ.Б.Жарекшев, Г.Акимбекова, А.М.Шаменов, А.К.Ералы т.б. өз еңбектерінде қарастырған. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер: жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін артыру, ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланудың ипотекасын дамыту, жалға беруді және ауылшаруашылығы жерлерін пайдалануды бағалау әдістемесін жетілдіру қосымша зерттеулерді және аграрлық саладағы жерлерді ұтымды пайдаланудың тиімділігін арттыруды талап етіп отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар енгізу.

Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешу көзделген:

- аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерделеу;

- ауылшаруашылық жерлерін пайдалануды экономикалық бағалау;

- мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингінің маңыздылығын айқындау;

- Қызылорда облысының аграрлық сектордағы жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін талдау;

- аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың басым бағыттарын жетілдіру;

- ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беруді дамыту;

- ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің ипотекасын дамыту жөніндегі ұсыныстар және жердің нарықтық айналымын зерттеу.

Зерттеу нысаны. Қызылорда облысы ауылшаруашылығы саласындағы шаруашылықтардың жерлері алынды.

Зерттеу пәні. Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігінің әдістемелік және іс-тәжірибелік мәселелері зерттеудің пәні болып табылады.

Зерттеудің теория - әдістемелік негізі болып осы зерттеуге байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері танылады. Зерттеудің ақпараттық базасын Қызылорда облысының бағдарламалық құжаттары, Қызылорда облысының Ауылшаруашылығы департаментінің, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері және ҚР статистика бойынша Агенттік материалдары мен Қызылорда облыстық Статистика Департаментінің мәліметтері құрайды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:

- ауылшаруашылығында жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігінің теориялық аспектілері негізделді;

- аймақтағы ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланудың экономикалық тиімділігіне жүйелі түрде талдау берілді;

- ауылшаруашлығы жерлерін тиімді пайдаланудың басым бағыттары айқындалды;

- жер ресурстарын пайдаланудың ипотекасын дамыту жолдары анықталды;

- ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалаудың әдістемесін жетілдіру жолдары ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың қорғауға шығарылатын тұжырымдары:

- аграрлық секторда жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығы айқындалды;

- Қызылорда облысының аграрлық сектордағы жер ресурсын пайдалану жағдайына терең талдау жүргізілді;

- ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жолдары анықталды;

- ауылшараушылығы жерлерінің экономикалық тиімділігін бағалау әдістері ұсынылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысы ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық-әдістемелік негізін жасау. Зерттеудің әдістемелік қағидалары, қорытындылар мен ұсыныстары жер ресурстарын тиімді пайдалануды экономикалық негіздеу мәселелері Қызылорда облысы Ауылшаруашылығы Департаментінде пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда: «Актуальные проблемы обеспечения качества и конкурентоспособности товаров и услуг в условиях глобализации» (Қарағанды қаласы, 2012 ж); «20 жыл: Экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» Экономика факультетінің 20 жылдығына арналған облыстық ғылыми тәжірибелік конференция (Қызылорда қаласы, 2012 ж) баяндалып талқыланды.

Дисертацияның зерттеу нәтижелері Қызылорда облысы ауылшаруашылығы департаментінде облыстың ауылшаруашылығы саласының дамуының перспективалық жоспарын әзірлеу барысында пайдаланылды.

Басылымдар. Диссертация тақырыбы 2 мақала басылымдарда шығарылған.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1 Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері.

Материалдық молшылықты жасаудың маңызды алғы шарты және табиғи негізі жер ресурстары болып табылады. Жердің ролі шын мәнінде зор және алуан түрлі. Ол адамзат қоғамының тіршілік етуінің сөзсіз шарты болып табылады.

Жер ресурстарын тиімді пайдаланудың ауыл шаруашылығы экономикасы мен жалпы ел экономикасында маңызы зор. Адамның өндірістік қызметі салаларында жердің ролі бірдей емес. Өнеркәсіпте ол өндірісті орналастыру үшін іргетас немесе кеңістіктік операциялық базис сияқты жұмыс істейді. Өнеркәсіптің кен өндіру салаларында жер ерекше маңызға ие. Бұл жерде өнімді өндіру мен алу үдерісі топырақ, жер бедері сапасына және жерге тәне көптеген басқа да қасиеттерге тәуелді емес. Ауыл шаруашылығында өнімді алу жердің сапалық жағдайына, оны пайдалану сипаты мен ахуалына байланысты. Ол ауыл шаруашылық өндірісі онсыз мағынасыз болатын маңызды өндіруші күш болып табылады.

Қазақстан республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер біздің елімізде мемлекет меншігі, барлық халықтың ортақ байлығы болып табылады, тек мемлекет меншігінде тұрады және тек пайдалануға беріледі.

Бірыңғай мемлкеттік жер қорының құрамына жердің мынадай сипаттары кіреді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер; өнеркәсіптік, көліктік, тау-кен және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ курорттар мен қорықтардың жерлері; қалалардың, кенттердің, басқа да елді мекендердің жерлері; мемлкекттік орман қорының жерлері; мемлекеттік су қоры жерлері; мемлекеттік қор жерлері.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында  аса көлемді аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында Еділ (Волга) өзенінің сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін 3 мың километрге дейін және солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте  Солтүстік Тянь-Шянь тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге созылып жатыр. Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен құрылықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 13 392,6  км, оның ішінде Ресей Федерациясымен – 7 591,0 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1 241,6 км, Қырғыз Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен 425,8 км. құрайды.

Қазақстан Республикасы жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудандар, 231 облыстық, аудандық маңыздағы қалалар мен кенттер және 6789 селолық ауылдық елді мекендер және 2453 ауылдық (селолық) округтер кіреді.  

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес нысаналы мақсаты бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері;

6) су қорының жері;

7) босалқы жер.


Кесте 1 – Қазақстан Республикасында жер қорының жер санаттар бойынша динамикасы, мың га

Көрсеткіштер

1991 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Өзгерістер +,-

2011 – 1991 ж.ж

2011 - 2010 ж.ж

1. Ауыл шарашылығы мақсатындағы жерлер

218 375,8

93 387,6

93 727,4

-124 648,4

+339,8

2. Елді мекендер жері

3 747,2

23 217,0

23 684,1

+19 936,9

+467,1

оның ішінде:

 

 

 

 

 

қалалар және кенттер

2 053,5

1 789,7

2 311,0

+257,5

+521,3

селолық ауылдық округтер

1 693,7

21 427,3

21 373,1

+19 679,4

-54,2

3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер

18 796,8

2 663,8

2 688,0

-16 108,8

+24,2

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

775,1

5 651,6

5 755,7

+4 876,5

+104,1

5. Орман қорының жері

10 179,2

23 048,4

23 029,0

+12 849,8

-19,4

6. Су қорының жері

819,9

4 096,1

4 108,5

+3 288,6

+12,4

7. Босалқы жер

18 952,3

109 109,3

108 181,1

+89 228,8

-928,2

Барлық жерлер

271 646,3

261 173,8

261 173,8

-10 472,5

-

Оның ішінде, республика аумағынан тыс пайдаланылатын жер

149,8

0,9

0,9

-148,9

-

Басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер

993,7

11 317,3

11 317,3

+10 323,6

-

Республика аумағы

272 490,2

272 490,2

272 490,2

-

-

Ескерту – Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері негізінде
  1   2   3

Похожие:

Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconЗайсан ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын
Бағдарлама атауы: Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын...
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары icon2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы Жер жағдайы мен ресурстарын пайдалану
Пайымдауы-Ауданның кәзіргі жер ресурстарына байланысты, жер қорының жағдайын көрсететін жердің сапалық және сандық жағдайын көтеру...
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары icon«Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбына жазылған Күндізгі оқу бөлімінің
Кіріспе
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары icon1 Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы...
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақЫ
Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың...
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconАуыл аруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы анықтама
«Тарбағатай ауданының жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау туралы 2008-2012 жылдарға арналған...
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconАршалы ауданы әкімдігінің
Ауданның экономикалық дамуына мүмкіндік туғызатын, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconБұл дипломдық жоба “Жаңажол кен орында электрлі ортадан тепкіш сораптардың тиімділігін арттыру” тақырыбына сай жазылған
Бөлімде Жаңажол кен орынның географиялық, экономикалық жағдайы және геологиялық зерттеулері, сонымен қатар ботэс – пен жабдықталған...
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconТұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру
Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу
Халилаевна Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары iconСу ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас схемасын бекіту туралы
Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас схемасы бекітілсін (бұдан әрі – сркпқБС)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница