Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі




Скачать 377.23 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
страница3/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер377.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kirovreg.ru/publ/AkoPR.nsf/62bd0840256f32bcc3257149006da49f/3ddc6f052e286b1444257a330
1   2   3

6. Негізгі ұзақ мерзімді құрылымдық факторларды талдау


2000 жылдың ортасында Қазақстанның экономикалық ахуалы неғұрлым жақсы көрінді – жақсы әлемдік конъюнктура, елде қолайлы макроэкономикалық ахуал, сондай-ақ елдің оң егеменді кредиттік рейтингтері байқалды. Бұл екінші деңгейлі банктерге әлемдік нарықта қарыз капиталына кең қол жеткізуді ашуға мүмкіндік берді, ол өз кезегінде тұтынушылық дүрбелең мен тұрғын үй дүрбелеңін қоздырды.

Мемлекеттік борыштың тұрақты жағдайы бейнесінде мемлекеттің кепілімен қамтамасыз етілмеген Қазақстан резиденттерімен мемлекеттік емес сыртқы қарыз алудың өсуі байқалды. Аталған өсу, көбінесе, Қазақстан аумағында іс-әрекет ететін шетелдік компаниялар филиалдарының негізгі компаниялар алдындағы міндеттемелерінен тұратын фирмааралық берешектің көбеюі есебінен орын алды. Бұл ретте фирмааралық берешекке негізгі қарыз және/немесе проценттерді өтеу мерзімдері қарыз алушының операциялық іс-әрекеті нәтижелеріне тәуелділігін білдіретін шарттылықтың анықталған деңгейі тән. Сәйкесінше, фирмаарлық берешекке тән тәуекелдің деңгейі төмен бағаланады.

Ерекше назар елдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында маңызды қарыздар тартқан квазимемлекеттік сектор (қарызы мемлекеттің шартты міндеттемелеріне жататын) субъектілеріне аударылады.

2000 жылдың аяғындағы жаһанды қаржы-экономикалық дағдарыс Қазақстанды да жай қалдырған жоқ. Еуро аймағындағы дағдарыс жалпы борышты басқару саласында соңғы жылдары терең тамырланған проблемаларды анықтады. Қарыз алудың маңызды және ұстатпайтын өсуінің нәтижесінде банктік сектордың мол борышты міндеттемелерінің жинақталуы неғұрлым қысқа уақыт аралығында жоғарғы сыртқы борыштың себебі болды.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің мүмкін болатын экономикалық даму дағдарысын ескерту мақсатында әлемдік қауымдастықпен танылған белгілі бір шаралар (дағдарысқа қарсы шаралар) қолданылған болатын.

Алайда, бүгінгі таңда Қазақстанмен қатар басқа да елдер көрсететін оң нәтижелерге қарамастан, қазіргі жаһанды қаржы-экономикалық дағдарыс әлі де аяқталған жоқ.

Әлемдік экономиканың негізгі тәуекелдері арасынан фискалдық дағдарыстың басталуы мүмкіндігін, яғни егеменді дефолттар серияларының іске асырылуын атап айту қажет. Әлемдік қаржы дағдарысы мен ауқымды дағдарысқа қарсы саясаттың салдарынан әлемде мемлекеттік борыштың бірден өсуі оның күрт өсуіне әкеп соқты.

Сөйтіп, Дүниежүзілік Банк сарапшылары Қазақстанның экономикасының қалпына келуіне ықпал еткен екі факторды бөлді:

  • мұнай бағасының жоғары болуы;

  • атап айтқанда жауапты фискалдық және монетарлық саясатқа ықпал еткен жақсы экономикалық басқару нәтижесі.

Сонымен қатар, бұл көлегейленген үш проблемалы аймақты қысқа мерзімді жеңіс болып табылатындығын айтты, мұнда, егер шешілетін болса, экономикалық даму нәтижелерінің неғұрлым сенімді, тұрақты және ұзақмерзімді мүмкіндіктерін береді:

  • экономиканың мұнай емес маңызды бөлігінде өнімділіктің төмендеуі;

  • банктік және корпоративтік қаржылық дәрменділікке байланысты проблемалар;

  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының қысқамерзімді кезеңіндегі маңызды өсуі.

Осылайша, жалпы республиканың экономикасы үшін мынадай тәуекелдерді бөлуге болады.

Әлемдік шикізат нарығындағы бағалар негізгі тәуекел болып табылады және солай болып қалуы да ықтимал. Бұл анық, өйткені Қазақстанның экономикасы әлемдік шикізат нарығындағы ауытқуларға байланысты.

Қосымша тәуекел тұрақсыз болуы мүмкін және нарықтың өзгеріп жатқан жағдайына тез ден қоя алатын (инвесторлардың көңіл күйінің өзгеруі немесе дамыған елдерде монетарлық саясаттың қатаюы сияқты) қоржын инвестицияларының ағымын көрсетеді.

Бұдан басқа, Қазақстанға ықпал етуі мүмкін екі негізгі жаһанды тәуекелдер бар: еуроаймақтағы борышты дағдарыс және дамыған экономиканың ақша-кредиттік саясаты.

7. Борышты басқарудың мүмкін болатын модельдерін құрастыру


Мемлекеттік борышты басқару саласында теңгерімделген саясатты жүргізу елдің макроэкономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып табылады. Борышты тұрақтылықты талдау борыштық көрсеткіштерді, сондай-ақ қарыз алуға байланысты негізгі тәуекелдерді қолайлы деңгейде тұрақтандыратын кездегі жағдайды анықтау мақсатында экономикалық ауыспалы және басқа да факторларды көздейтін мінез-құлықты ескере отырып орындалған моделдерді жасау мәтінінде жүргізіледі.

Осы Бағалау төрт модельді талдайды:

1-модель (S1): бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлемінде маңызды үлесін ішкі қарыз алу құрайтын болады (2012-2013 жылдары 75% және 2014-2015 жылдары 70%);

2-модель (S2): бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлемін де маңызды үлесін ішкі қарыз алу құрайтын болады (өсу 2012 жылғы 25%-дан 2015жылғы 60%-ға дейін);

3-модель (S3): 1- модельге сәйкес келеді. Осы ретте ұзақмерзімді ішкі қарыз алуға басымдық берілетін болады.

4-модель (S4): 1-модельге сәйкес келеді. Осы ретте қысқамерзімді ішкі қарыз алуға басымдық берілетін болады.

Қарастырылып жатқан модельдердің сенімділігі стресс-тест шеңберінде бағаланды, мұнда 2013 жылғы АҚШ долларына қатысты 30%-ға теңгенің құнсыздануына жол берілген.





Baseline

30% FX Shock

2011ж.

148,4

148,4

2012ж.

149,9

149,9

2013ж.

152,1

197,1

2014ж.

155,2

201,0

2015ж.

159,1

206,1






Болжамды есептеулер 2013-2015 жылдары ағымдағы жылды ескере отырып жүзеге асырылды. 2015 жылдың аяғындағы борыштың шығындары мен тәуекелдерінің нәтижелері S1 және S2 модельдері қалған модельдермен салыстырғанда шығындар мен тәуекелдерге қатысты неғұрлым оңтайлы болып табылатынын көрсетті.

Үкіметтік борыш бойынша тәуекелге ұшырау көрсеткіштері мынадай түрде көрсетіледі:

Қайта қаржыландыру тәуекеліне ұшырау іс жүзінде ағымдағы борыштық ахуалдың деңгейі сияқты деңгейде.

S4 моделіндегі пайыздық ставканың өзгеру тәуекеліне бейімдігі (ішкі қысқа мерзімді қарыз алуды жөн көру) барынша жоғары, өйткені ағымдағы борышты жыл сайынғы негізде қайта қаржыландыру қажет.

S2 моделін қолданған жағдайда (сыртқы қарыз алуды жөн көру) валюталық тәуекел ұлғаюы көрініп тұр. Бұл шетелдік валюталардың кросс бағамдарының құбылмалылығымен байланысты.

Соңғы жылдар бойында үкіметтік қарыз алу саласындағы саясат S1 моделі бойынша іске асырылып келеді, оған сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлемінде негізгі үлесті ішкі қарыз алу құрайды.




Тәуекелдердің көрсеткіштері

2012ж.

басы

S1

S2

S3

S4

Атаулы борыш, ЖІӨ-ге қатысты %-да

10,0

13,4

13,3

13,5

13,2

Орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме, %-да

4,7

5,5

5,0

6,0

4,6

Қайта қаржыландыру тәуекелі:

сыртқы борышты өтегенге дейінгі орташа мерзім-ОӨМ (жыл)

10,2

10,7

10,5

10,5

10,8




ішкі борышты өтегенге дейінгі орташа мерзім-ОӨМ (жыл)

7,1

6,4

6,4

7,1

3,9




Барлық борышты өтегенге дейінгі орташа мерзім-ОӨМ (жыл)

7,9

7,8

8,4

8,1

6,4

Пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі:

пайыздық ставканы қайта қарағанға дейінгі орташа мерзім – АТR (жыл)

3,8

3,6

4,0

3,4

2,6

1 жылдан кейін қайта қаралатын пайыздық мөлшерлеме, борыш (жалпы борыштың пайызы ретінде)

51,7

56,9

55,3

60,0

69,6

тіркелген пайыздық ставкасы бар борыш (жалпы борыштың пайызы ретінде)

57,3

53,2

52,5

46,0

55,4

Валюталық тәуекел:

шетелдік валютадағы борыш (жалпы борыштың пайызы ретінде)

24,5

32,2

45,9

27,7

38,5


Борышты басқарудың балама модельдеріне жүргізілген талдау Үкіметтің алдымызда тұрған орта мерзімді кезеңде ағымдағы модельді ұстанатынын көрсетіп отыр.

Ішкі қарыз алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде Қаржы министрлігі мыналарға:

- кірістіліктің қисық сызығын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу мақсатында айналымда қажетті құрылымы бар МҚБ-ның жеткілікті көлемін ұстауға;

- неғұрлым ұзақ мерзімді МҚБ-ларды кезең-ңезеңмен енгізуге;

- инфрақұрылымдық облигацияларды қоса алғанда, қор нарығы қатысушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін баламалы борыштық құралдарды дамытуға бағдарланатын болады.

Өтімділікті арттыру үшін МҚБ шығару стратегиясы МҚБ орналастыру бойынша қайталама аукциондарды белсенді өткізуге шоғырландырылған. Қайталама ашулар МҚБ-ның айналымға іріленіп шығуына мүмкіндік береді, сондай-ақ МҚБ шығарылым санының қысқаруына ықпал ететін болады. Осы мақсатта қайталама нарықта МҚБ (ұзақ мерзімді өтеулер) және басқа да міндеттемелерді басқару құралдарын сатып алуды қоса алғанда, міндеттемелерді басқару бойынша операциялар жүргізілетін болады.

Жалпы алғанда, борыштық бағалы қағаздардың ұлттық нарығын одан әрі дамыту орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік борыштық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Бұдан басқа, МҚБ-ның бастапқы нарығының жұмысын жақсарту және инвесторлық базаны әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.


8. Үкіметтің шартты міндеттемелері


Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асырып жүрген Қазақстан Республикасы резиденттерінің қарыздарын қамтамасыз ету ретінде мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін береді.

2012 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттің мемлекет кепілдік берген (шартты) міндеттемелері 112,6 млрд.теңгені, одан тиісінше: мемлекет кепілдік берген борыш – 72,5 млрд. теңге, кепілгерліктер бойынша борыш – 40,1 млрд. теңгені құрады. Мемлекет кепілдік берген қарыздар есебінен қаржыландырылып жатқан инвестициялық жобалардың үлкен бөлігі энергетика және көлік саласына жатады.

Кепілдіктер шығару кезінде кепілдіктерді атқару тәуекелінің жоғары болмауы салдарынан тиісті шығыстар (немесе резервтер) бюджетте көзделмейді. Осыған байланысты кепілдіктерді қоғамның «бюджет салдары» болмайтын шығыстарды ынталандырудың арзан тәсілі ретінде қабылдауы сияқты тәуекелдер туындап жатады. Алайда, шартты міндеттемелерді қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша мемлекетке қойылған ықтимал талаптар екені туралы есте сақтау қажет. Мұндай талаптар мемлекеттің фискалдық ұстанымына күрделі қауіп төндіруі мүмкін.

Кепілдіктер мен кепілгерліктер, қамтамасыз ету түрінде банктік кепілдіктер, сондай-ақ кепілдіктер мен кепілгерліктер беру лимиттерін алған қарыз алушылардың қаржылық ахуалы мониторингінің қазіргі жүйесі мемлекет тарапынан кепілдіктер мен кепілгерліктердің атқарылуы бойынша тәуекелдерді азайтудың негізгі құралдары болып табылады. Мәселен, тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңда мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру лимиттері белгіленеді. Кепілдіктер мен кепілгерліктерді алуға үміткер қарыз алушыларға банктік кепілдік немесе сақтандыру шарты түрінде қамтамасыз ету бөлігінде талаптар қойылады.

Қазақстанда мемлекеттің кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру бойынша орта мерзімді стратегия жоқ. 1990-ыншы жылдарда мемлекет мемлекеттік кепілдіктердің атқарылуына байланысты зиян шеккеннен кейін бюджет заңнамасында кепілдіктер беруге қатысты, жобаларды кешенді бағалау мен кепілдік алушыға қойылатын қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талабын қанағаттандыратын банктік кепілдік беру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, қосымша нормалар көзделетін болды. Мемлекеттің кепілгерлігін алуға үміткер қарыз алушылар сонымен қатар, мемлекет кепілгерлігінің атқарылуына оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын беруі тиіс. Осылайша, кепілдіктердің атқарылуының ықтимал тәуекелдері контр кепілдік берген банктерге көшеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру үдерісін одан әрі жақсарту бағыты, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңнамалық негізді жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштарына байланысты орын алып отырған тәуекелдер туралы да атап өткен жөн. Бұл субъектілер міндеттемелердің бақылаусыз өсуі, мерзімдері өткен төлемдер, дефолт, сондай-ақ мемлекеттің ықтимал субсидиарлық жауаптылығы мен мемлекеттік бюджет тарапынан көмек көрсету қажеттігі себебінен фискалдық тәуекел көзі болуы мүмкін.

Мемлекеттік борыштың төмен деңгейі аясында осы сектордың борышы, атап айтқанда, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың борыштары өсіп келеді. Егер мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш 22 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 12% -ын құраған болса, онда квазимемлекеттік сектордың тек сыртқы борышының өзі 21 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 11,5% -ын құрады.

Уақыттың осы кезеңінде квазимемлекеттік сектордың борышы ахуалын мемлекет тарапынан бақылаудың, қарыз алудың өсуін шектеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, әсерлі тетіктерін іздестіру мәселелері қарастырылуда.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ағымдағы жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасының Парламентінде өткен «Үкіметтік сағат» шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы үшін шектеулер белгілеу жөніндегі жоспарлары туралы жариялады. Атап айтқанда, әңгіме мыналар:

  • мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштарының жиынтық көлемі үшін ЖІӨ-нің 60%-ы деңгейінде жоғары шегі белгіленуі;

  • «Самұрық-Қазына» тобын, «ҚазАгро» тобын және «ҚДБ» АҚ-ны қоса алғанда, кәсіпорындардың тізбесін шектеу үшін сыртқы қарыз алу бойынша өкілеттіктерді шектеу;

  • жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын ішкі және сыртқы қарыз алулар (белгіленген деңгейден жоғары) жөнінде барлық шешімдерді ҚР Үкіметінің келісімі бойынша талапты енгізу туралы болды.


9. Қорытынды


Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару мәселелерін регламенттейтін заңнамалық негіз қалыптастырылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған іс-шаралар мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты мемлекет үшін қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Ішкі және сыртқы қарыз алу саясатын іске асырған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджет заңнамасының нормаларын басшылыққа алады.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару шеңберінде үш жылдық кезеңге арналған Республикалық бюджет туралы заңда үкіметтік борыштың лимиттері, мемлекеттік кепілдіктер беру, үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау көлемдері бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару бойынша тұжырымдама мақұлданған, оның мақсаты ел борышын басқарудың, елдің жалпы сыртқы борышының қазіргі деңгейін орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-нің 65-70%-ы деңгейіне дейін төмендетуге және елдің жалпы сыртқы борышының қазіргі деңгейін ұзақ мерзімді келешекте ел үшін қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының мақсаттарының бірі бюджеттің атқарылу сапасын арттырумен, шығыстардың тиімділігі мен қаржылық тәртіп, сондай-ақ мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстап тұрумен тұжырымдалады. Нысаналы индикаторлар Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіндегі «Елдің төлем қабілеттігінің рейтингі» және «Мемлекеттік борыш» индикаторлары болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіндегі «Мемлекеттік борыш» индикаторы бойынша 14 орында (ДЭФ 2012-2013 есебі) тұр.

Жалпы, Қазақстан Республикасының борыштық саясаты үкіметтік қарыз алуды ел бюджетінің тапшылығын қаржыландыру, сондай-ақ борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға ықпал ету үшін қолайлы шарттарда жүзеге асыруға бағытталатын болады.

1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Новая система государственного планирования, ориентированного на результаты
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница