Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі




Скачать 377.23 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер377.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kirovreg.ru/publ/AkoPR.nsf/62bd0840256f32bcc3257149006da49f/3ddc6f052e286b1444257a330
  1   2   3





Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі


2013 жылғы «21» қаңтар

37

Астана қаласы




Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігі


2013 жылғы «7» ақпан

26

Астана қаласы


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі


2013 жылғы «20» ақпан

71

Алматы қаласы


БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалауды және 2013-2015 жылдарға арналған болжамын бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 203-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалау және 2013-2015 жылдарға арналған болжамы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Қ.Б.Әкежанов), Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті (А.Д.Әбенов) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу (Н.Н. Дюгай), Зерттеу және стратегия (Г.Ж. Шайқақова) және Монетарлық операциялар (А.М. Баймағамбетов) департаменттеріне:

жыл сайынғы негізде бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының шеңберінде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалауды және алдағы жоспарлы кезеңге болжауды жүзеге асырсын;

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-сайттарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі


_______ Б. Жәмішев


Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі


_________Е. Досаев

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы


________Г. Марченко



Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2013 жылғы «21» қаңтар37,

Қазақстан Республикасы Экономика және

бюджеттік жоспарлау министрінің

2013 жылғы «7» ақпан26

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Төрағасының

2013 жылғы «20» ақпан71

бірлескен бұйрығымен

бекітілген


Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалау және 2013-2015 жылдарға арналған болжамы


  1. Кіріспе

  2. Мемлекеттік борышты басқару мақсаттары

  3. Мемлекеттік борышты басқарудың ағымдағы моделі және борыштың ағымдағы жағдайын бағалау

  4. Шығындар мен тәуекелдерді есепке ала отырып, қаржыландырудың ықтимал көздері

  5. Базалық макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары

  6. Негізгі ұзақ мерзімді құрылымдық факторларды талдау

  7. Борышты басқарудың ықтимал модельдерін құрастыру

  8. Үкіметтің шартты міндеттемелері

  9. Қорытынды


1. Кіріспе


Мемлекеттік борыштың пайда болуы елдің салықтық-бюджет саясатының табиғи салдары болып табылады. Берешектің пайда болуының арқасында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, шаруашылық жүргізуші субъектілер өзінің тұтынушылық және өндірістік артықшылықтарын іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер алады және сонымен қатар экономикалық өсімге ықпал етеді.

Республикалық бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік қарыз алу мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және қарыз шарттарын жасасу жолымен ішкі және сыртқы нарықта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен ішкі қарыз алуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекет Басшысы қойған отандық қор нарығын дамыту жөніндегі міндеттерді шешеді. Бұл борыштық құралдардың ішкі нарығында баға бағдары (бенчмарк) ретінде МБҚ бүкіл ұзақтығында теріс кірістілікті жасау, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларын сапалы құралдармен қамтамасыз ету. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бюджет тапшылығын қаржыландырумен қатар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару борыштық құралдар нарығын қолдау үшін жүзеге асырылады.

Сыртқы қарыз алу саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердің, шетелдік коммерциялық банктердің және фирмалардың қарыздарын тартуды жүзеге асырады.

Жыл сайын республикалық бюджет тапшылығының көлемі өсіп отырған фактіні қабылдай отырып, үкіметтік борыштың өсуі заңдылық.

Борыштың пайда болуы қарыз алушы борышқа уақтылы қызмет көрсету және өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындайды деген болжамға сүйенеді. Алайда егер қарыз алушының кірістері жеткіліксіз болса, бұл жағдайда борыштық проблемалар туындайды: жинақталған борыш қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға жетеді. Демек республика деңгейінде тәуекелді басқару және борышты экономикалық қолайлы деңгейде ұстаудың тиімді рәсімдерін жасауға қажеттілік туындайды.

2008-2009 жылдары Еуропа елдерінде болған борыштық дағдарыс әлемдік экономика үшін дамыған елдің мемлекеттік қарызы әрқашан сенімді бола бермейді деген ескерту болды.

Соңғы жылдар ішінде көптеген елдердің үкіметтері банктердің банкроттығына жол бермеуге және несие капиталдарының нарығында белсенді қарыз алушыларға айналған экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталған фискалдық саясатты қолданды.

Мемлекеттік борыш өсімінің жоғары қарқыны қарыз алу есебінен бюджеттің елеулі тапшылықтарын қаржыландыру салдары болды.

Талдамашылардың пікірі бойынша егемен борыштардың проблемасы нарықта ұзақ уақыт ішінде қалады және кез келген уақытта жаңа қаржы дағдарысын туғызуы мүмкін.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық бағыттарының бірі мемлекеттік борышты тиімді басқаруды қамтамасыз ету болуы тиіс. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесін шеше отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет көрсету, валюталық, пайыздық және қарыз алуға байланысты өзге тәуекелдер құнын барынша азайту мақсатында борыштық қоржынды әртараптандыруды қамтамасыз етуі тиіс.


2. Мемлекеттік борышты басқару мақсаттары

Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік борышты басқару деп борышты басқару стратегиясын әзірлеу және орындау процесі ұғынылады, ол қажетті қаржыландыру сомасын тартуға, тәуекел мен шығындардың деңгейіне қатысты үкіметтің нысаналы тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару саласында үкімет қойған кез келген басқа міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Осылайша мемлекеттік борышты басқарудың негізгі мақсаты үкіметтің қаржыландыруға қажеттіліктерін қанағаттандыруды және ақылға қонымды тәуекел деңгейінде орта және ұзақ мерзімді перспективада барынша аз шығындарда төлемдер бойынша оның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге негізделеді.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік борышты және шартты міндеттемелерді (мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты) басқару:

1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда соған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен қызмет көрсетудің көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып, жыл сайынғы бағалауды;

2) республикалық бюджет туралы заңда үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін ұсыну лимиттерін бекітуді;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу және қызмет көрсету көлемін анықтауды;

4) қарыздарды тіркеуді жүзеге асыруды, қарыздарды алу, пайдалану, борышты өтеу және оған қызмет мониторингін;

5) борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, қарыз алу мен борыш тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шараларды дайындауды және іске асыруды;

6) борыш тәуекелдерін басқару өзіне рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа да мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды қамтиды.

Халықаралық практика өтеу мерзімі, валюталары мен пайыздық ставкалары және елеулі резервтермен қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер тұрғысынан борыш құрылымы экономикалық дағдарыстардың туындау немесе таралуының маңызды факторлары болғанын көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік борышты басқарудың 2013-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді саясатының мынадай мақсаттарын өз алдына қояды:

1) оның төлем міндеттемелері мен қаржылық қажеттіліктерін орындау үшін үкіметті қаржы құралдарымен іркіліссіз, тұрақты және уақтылы қамтамасыз ету;

2) борыш құрылымын реттеу жолымен борышқа қызмет көрсету тәуекелдерін және борышқа қызмет көрсетуге байланысты ықтимал шығындарды барынша азайту;

3) борыштық құралдардың ұлттық нарығын дамыту;

4) инфляцияға индекстелген ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қолдау.


3. Мемлекеттік борышты басқарудың ағымдағы моделі және борыштың ағымдағы ахуалын бағалау


Соңғы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышының деңгейі асып кетуі елдің дамуына қауіп төндіретін шектен шықпайды. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы шекті борыш деңгейі бар бір тұрғынына орташа кіріс деңгейі бар елдер тобына жатады. 2012 жылдың басындағы жағдай бойынша орташа алғанда Қазақстанның бір тұрғынына 1,3 мың АҚШ

доллары мемлекеттік борышы тура келеді.






Борыш индикаторлары.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың контекстінде борышты сипаттайтын көрсеткіштер кеңінен пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер борышпен байланысқан ықтимал тәуекелдерді анықтауға жәрдемдесу және сонымен бірге борышты сенімді басқару үшін негіздерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышқа қатысты мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:

1) ЖІӨ-ге шаққанда борыштың ара қатынасы – мемлекеттің төлем қабілеттілігінің көрсеткіші. Көрсеткіш мәні ЖІӨ-ге шаққанда 50%-дан аспауы тиіс («Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы);

2) бюджет кірістеріне шаққанда борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың ара қатынасы – бюджетке борыштық жүктеме көрсеткіші. Көрсеткіш мәні 10-15%-дан аспауы тиіс («Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысы);

3) үкіметтік қарыз алудың баламалы деңгейінің Ұлттық қордың жинақталған активтерімен сәйкес келуі. Үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың жыл сайынғы тіркелген шартты инвестициялық кірісінің 4,5%-ынан аспауы тиіс. («Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығы).

2011 жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік борыш деңгейі және оған қызмет көрсету мен өтеу жөніндегі ағындар рұқсат етілетін және қауіпсіз шектерде. ЖІӨ-ге шаққанда Үкіметтің борышы 10,0%-ды құрады.




Инфляция мен пайыздық ставкалардың ағымдағы деңгейінде бюджетке борыштық жүктеме, борышты өтеу мен оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың бюджет кірістеріне шаққанда ара қатынасы қолайлы деңгейде болып отыр, ол 2011 жылы 8,9% деңгейінде қалыптасты.



Ұлттық қор қаражатын үкіметтік қарыз алумен ауыстырудың алдын алу мақсатында үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың жыл сайынғы тіркелген шартты инвестициялық кірісінің 4,5%-ынан аспауы тиіс деп көзделген.

Аталған шектеу бүгінгі таңда сақталады, орта мерзімді кезеңде оның асып кетуі болжанбайды.

Сондай-ақ борыштың өсуін ұстап тұратын шектеуіштердің бірі тиісті қаржы жылына арналған «республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленетін борыш лимиттері және мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру лимиттері болып табылады.

2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының көлемі белгіленген шектеулерден асып кеткен жоқ.

2011 жылы мемлекеттің кепілгерліктері берілген жоқ, ал мемлекеттік кепілдіктер белгіленген лимит шегінде берілді.

Үкіметтің күш-жігері үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың абсолюттік көрсеткіштерін қысқартуға емес, оны қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға және борышқа қызмет көрсетудің нақты деңгейін төмендетуге және оның серпінін экономикалық өсу қарқынымен келісуге шоғырландырылған.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш (өзара талаптарды есепке алмағанда) 3 267,0 млрд. теңгені (22,0 млрд. АҚШ долл.) немесе ЖІӨ-нің 12,4%-ын құрады, оның ішінде:

- үкіметтік борыш - 2 741,7 млрд. теңге (18,5 млрд. АҚШ долл.) немесе ЖІӨ-нің 10,4%-ы.

- Ұлттық Банк борышы - 509,8 млрд. теңге (3,4 млрд. АҚШ долл.).

- жергілікті атқарушы органдар борышы - 125,1 млрд. теңге (0,8 млрд. АҚШ долл.), оның ішінде республикалық бюджет алдындағы борыш – 109,6 млрд. теңге (0,7 млрд. АҚШ долл.).

Мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үкіметтік борыш үлесіне 84% тура келеді.

Тұтастай алғанда Үкімет валюталық тәуекелдерді азайту мақсатында мемлекеттің сыртқы міндеттемелерінің үлесін азайту жөніндегі саясатты жүргізуде. Өз кезегінде елдің ішкі нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемі елеулі ұлғайды. Нәтижесінде сыртқы міндеттемелер үлесі 24,1%-ды, ішкі борыш үлесі – 75,9%-ды құрайды.

Үкіметтік борыштың валюталық құрылымын қарау кезінде теңгенің үлесіне 76%, долларға – 19%, жапон йеніне – 5% және өзге валюталарға - 0,8%, еуроны есепке ала отырып - 0,1%.

Бүгінгі таңда үкіметтік қарыз алудың негізгі көздері сыртқы кредит берушілерден, басымдықпен халықаралық қаржы ұйымдарынан және шет мемлекеттердің үкіметтерінен, сондай-ақ банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын, сақтандыру ұйымдарын және т.б. қоса алғанда ішкі инвесторлардан алынатын қарыздар болып табылады.

Сыртқы үкіметтік борыш

2012 жылғы 1 қаңтарға Үкіметтің сыртқы борышы 661,2 млрд. теңгені (4,5 млрд. АҚШ долл.) құрады. Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер үкіметтік сыртқы борыштың жалпы көлемінен 72,9%-ды, шет мемлекеттердің үкіметтері алдындағы — 22,6%-ды, шетелдік коммерциялық банктер алдындағы – 4,5%-ды құрады.



ХҚДБ – Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі

ЖХЫА – Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі

АДБ – Азия Даму Банкі

ШКБ – шетелдік коммерциялық банктер

ЕҚДБ – Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі



Ішкі үкіметтік борыш

2012 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі борышы 2 080,5 млрд. теңгені (14,0 млрд. АҚШ долл.) құрады.

Қаржы министрлігі тіркелген және индекстелген купон ставкалары бар өтеу мерзімі 1 жылдан 20 жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығаруды жүзеге асыруда. 2012 жылғы 1 қаңтарға айналымдағы МБҚ негізгі бөлігін ұзақ мерзімді МБҚ (37%) және ұзақ мерзімді индекстелген МБҚ (34%) құрайды, МБҚ қалған бөлігі орта мерзімді МБҚ (24%), қысқа мерзімді МБҚ (5%) түрінде берілген.

01.01.2012ж. МБҚ қоржынының құрылымы




Бүгінгі таңда ішкі бағалы қағаздар нарығында МБҚ үлесі шамамен 28%-ды немесе 2,080,5 млрд. теңгені, корпоративтік эмитенттер үлесі – 72%-ды немесе 5 266,3 млрд. теңгені құрайды. МБҚ негізгі ұстаушылары жинақтаушы зейнетақы қорлары (49%), банктер (24%), МБ нарығының өзге қатысушылары (27%) болып табылады, бұл ретте банктер РЕПО операцияларын жүзеге асыру үшін негізінен МБҚ сатып алады. МБҚ кірістілігі соңғы үш жылда әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы, сондай-ақ ЖЗҚ тарапынан инвестициялау үшін құралдар тапшылығы салдарынан соңғы үш жылда елеулі төмендеді. Құлдырау кезеңінде инвесторлар өз активтерін сақтау мақсатында кірістілігі төмен сенімді бағалы қағаздарға («flight to quality») салуды жөн көреді.

МБҚ қоржынының құрылымы жеткілікті фрагменттелген. МБҚ орналастыру соңғы уақытқа дейін негізінен жаңа шығарылымдар (эмиссиялар) құру жолымен жасалды, бұл қайталама нарықтың өтімділігін азайтуға ықпал етті (салымдардың қолда бар көлемі МБҚ шығарымының салыстырмалы көп санының арасында бөлінеді).


2009-2012 жылдары бастапқы нарықта МБҚ кірістілігі



МБҚ борыштық қоржыны негізінен тіркелген кірістілігі бар борыштық құралдардан тұрады; шамамен 30%-ын инфляцияға индекстелген МБҚ құрайды. Индекстелген МБҚ инфляция индексінің ауытқуынан анағұрлым құбылмалы және қызмет көрсетілуі қымбат құралдар болып табылады. Индекстелген МБҚ (МЕУЖКАМ) шығару инфляция деңгейін есепке ала отырып, іс жүзінде енгізілген жарналар мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларында міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы жөнінде мемлекеттің кепілдігіне байланысты екенін атап өткен жөн («Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы).

Жергілікті атқарушы органдардың борыштық қоржыны бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінен инвестициялық жобаларды және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды іске асыруға алынған қарыздардан тұрады.

Бүгінгі таңда қарыз қаражаты жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасында 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, Жұмыспен қамту бағдарламасы және т.б. шеңберінде беріледі. Айналымда 2010 жылы Алматы қаласында жергілікті атқарушы орган шығарған атаулы құны 1000 теңге 13 млн. орта мерзімді облигациялар бар.

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелері бойынша деректер базасын қалыптастыру және салыстыру үдерісі аяқталған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың реттелмеген және танылмаған борыштарының мониторингі мәселелері шешілмей қалып отыр, олардың көлемі 5 млрд. теңгені немесе жергілікті атқарушы органдар борышының жалпы көлемінен 4%-ды құрайды.

1990 жылдары әкімдердің кепілдігімен тартылған бюджет кредиттері мен кредиттер бойынша борыштарды растау және өтеу проблемасы туралы сөз болып отыр. Бұдан басқа, кредиттер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау мәселелері орын алады. Борыштың негізгі сомасын өтеуді жүйелі қайта құрылымдау және мерзімдерін ұзарту республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына теріс әсер етеді.

Жергілікті билік органдарының қарыздарын реттеу проблемасы дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Халықаралық практика көрсетіп отырғандай, реттеу мақсатына қол жеткізу үшін жергілікті билік органдарының қарыздарын реттеу мақсатына қол жеткізу үшін орталық үкімет бірқатар міндеттерді шешеді, оның ішінде:

  • қолайлы деңгейде борыштық жүктемені шектеу;

  • қарыз қаражатын тиімді пайдалану;

  • кредиторлар алдында жауапкершілікті қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айтылған нормалар әлемдік практикада таралған жергілікті атқарушы органдар қарыздарын реттеу тетіктерінің бірі болып табылады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілейтін тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борышының лимитімен, және

- тиiстi жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемімен шектеледі, ол тиiстi қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің 10%-ынан аспауы тиіс.

Жергiлiктi атқарушы органдар жергілікті бюджеттер қаражатымен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер алады. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергілiктi атқарушы органдар бір бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Новая система государственного планирования, ориентированного на результаты
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница