МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар




НазваниеМҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
страница1/7
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.03 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.library.psu.kz/fulltext/transactions/525_ahmetov_g.b._tekjanov_m-h.a._ahmadieva_a.t._
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Ахметов Ғ. Б., Текжанов М-Х. А.,

Ахмадиева А.Т., Иманқұлов Р.Қ.


МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫғы


Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы


Павлодар

Кереку

2009

УДК 348.97(075.8)

ББК 67я73

М86


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

Ағыбаев А.Н. – заң ғылымдарының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Исаев А.А. - заң ғылымдарының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Олжабаев Б.Х. – заң ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.


Құрастырушылар: Ахметов Ғ.Б., Текжанов М-Х.А.,

Ахмадиева А.Т., Иманқұлов Р.Қ.

М86 Мұсылман құқығы : юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / құраст. : Ғ.Б. Ахметов,

М-Х.А. Текжанов, А.Т. Ахмадиева, Р.Қ. Иманқұлов. –

Павлодар : Кереку, 2009. – 70 б.


ISBN 9965-573-27-1


Оқу құралында мұсылман құқығының пәні, жүйесі, қайнар көздері, мұсылмандық мектептердің құқығы мен отбасының құқығы және қылмыстық құқық, жалпы ислам құқығының басқа салаларына тигізетін әсері қарастырылған.

Студенттерге (бакалаврларға), магистранттарға, оқытушыларға және мұсылман құқығының мәселелерін зерттейтін барлық адамдарға арналған.


УДК348.97(075.8)

ISBN 9965-573-27-1 ББК67.я73


© Ахметов Ғ.Б. және т.б., 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ., 2009


Материалдардың дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауап береді


Кіріспе


Кеңестер Одағы кезінде мұсылман құқығы пән ретінде еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқытылмады. Сол кездегі идеологияны уағыздаушылар: Ислам діні халықты аяусыз езіп қанауға бағытталған, олай болса, құдайға сену керектігін және Аллаһ тағаланы мойындау- әдепсіздік деп көрсетуге тырысқан. Осының салдарынан біздер мұсылман діні мен мұсылман құқығы ұғымын түсіне білмедік. Жалпы, мұсылман құқығы – бұл жекеленген құқықтық жүйе, оны көптеген ғасырлар бойы әлемге кеңінен тарап өмір сүріп келе жатқан басты діндердің бірі екендігін қазіргі дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Аллаһ тағала кезең – кезеңдерде өзі жаратқан тіршілік иелеріне қалайша, қайткенде бақытты өмірге жетуге болатындығын көрсететін түрлі мекендер мен уақыттарда сан алуан қауымдарға әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберіп отырған. Құран Кәрімде көрсетілген осындай діни кітаптың жалпы саны төртеу: Тәурат, Інжіл, Зәбур, Құран. Мұсаға – Тәурат, Ғайсаға – Інжіл, Дәуітке – Зәбүр, Мұхаммедке – Құран түсірілген.

Қазақстан Республикасы егемендік алуына байланысты жоғарғы оқу орындарында мұсылман құқығы пәні оқытыла бастады (1суретті қараңыз).





1сурет - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Ислам - мұсылмандық дін, Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа салам – аллахтың оған салауаты болсын) пайғамбар дінге жол салушы. Басты пікірі – бір Құдайға бас ию, Ахирет күнінің келетініне сендіріп, бес парызды өтеу:

- дін оқуының негізгі постулаттарын мойындау;

- күніне бес уақыт намаз оқу;

- игілікке жұмсауға қаржы ( зекет) беру;

- рамазан айында ораза ұстау;

- Меккеге қажылыққа бару.

Қазіргі кезде Ислам діні дүние жүзіндегі 67 мемлекетте таралған. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың желтоқсанынан ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достығы) елдерінің қатарына қосылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елінде 130 ұлттың өкілі тұрады [1]. Осы ұлттардың әрқайсысының қайталанбайтын материалдық және діни мәдениеттері, тарихы, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бар.

Келтірілген ұлттардың ішінен 46 ұлт пен ұлыс өкілдері ислам дінін уағыздашылар. Мұсылмандар ішінде - сүнниттер тобына 37-сі кіретін болса, ал қалған 9 тобы – шииттер қатарына жатады.

Павлодар қаласында ұлт өкілдерінің достық үйі (Здание дома дружбы) жұмыс істейді (2 суретті қараңыз) [2].





2 сурет - Достық үйі


1 тақырып. Мұсылман құқығының пәні

Мұсылман құқығы Кеңес Одағы кезеңінде жоғарғы оқу орындарында оқытылған жоқ. Мұсылман құқығы әлемдік мәдениет құқығының бір бөлігі, көптеген ғасырларды басынан өткізген тарихы бар және қазіргі уақытта өзіне тән ерекшелігімен әлемдік құқық жүйесінде белсенді түрде тіршілік етуде [3]. Ислам діні жетінші ғасырда Аравияда өмірге келді. Ислам дінінің негізін жарыққа шығарушы – Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа салам). Ислам дінінің басты қағидалары Құранда жазылған. Негізгі қағида – Аллаһтың жалғыз екенін мойындау және Аллаһтың өкілі - Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа салам) екенін тану [3, б.4].


2 тақырып. Мұхаммед пайғамбар және Мұхаммед - мемлекет қайраткері

Мұхаммед (570 - 630) – біздің ғасырда өмір сүрді. 12 жасынан бастап өзінің әке жағынан нағашысы Абу Талибке еріп, Сирия және Сауд Аравия елдеріне сауда сапарымен барып жүрді. Жасы қырыққа келгенде дін туралы іздене бастады. Мекке маңайындағы Хира үңгірінде періштені көрді және періште оған Аллаһ атынан халыққа үгіт айтуды ұсынды. Әуелінде Мұхаммедтің пайғамбар екені және оның Аллаһтың өкілі екенін оның тек жақын туыстары мен меккенің саудагері Абу Бакр, ал кейін Осман және Тальха, барлығы 50 – дей ғана кісі мойындады. Ал 610 және 620 жылдары арасында Меккенің пұтқа табынушыларымен жаңа дінді – ислам дінін қабылдағандар арасында күрес басталды. Мұхаммед пен оны жақтаушыларды жазалау немесе өлтіру шараларын курейшиттер бастаған кезде, сол адамдардан құтылу үшін жасырын түрде Ясриб қаласына көшу басталды, кейін ол қала Мәдине қаласы (немесе Пайғамбар қаласы) деп аталынды. Сонымен, 53 жастағы Мұхаммед – Аллаһтың пайғамбары аталды, ол халықтарға құдайдың барлығын түсіндірді және оның заңдарын өмір сүруде қолданулары керек екенін уағыздады.

Мұхаммед пайғамбарды жақтаушылар «умма» қоғамын құрды. Мәдиненің араб тіліндегі халықтары мұсылмандық сенімді қолдады. Мұхаммед хиджраның екінші жылдығында мұсылмандар Иерусалим жағына емес, енді Мекке жағына және меккенің Кааба ордасына қарап намаз оқуларына болатынын бекітті [3, б.7].

Мұхаммед 630-шы жылы Мекке қаласын жаңа Ислам дінінің орталығы деп мәлімдеді. Хиджраның 10-шы жылында Мұхаммед өзінің жанұясымен Мекке қаласына маңызды қажылық жасады, осы қажылық тарихқа « аль-ж-хадж аль – акбар » деген атпен енді. Мекке қаласы мұсылмандардың қасиетті қаласы, ал мұсылман емес адамдарға орын жоқ. Мұхаммед пайғамбар қажылық жасағаннан кейін 3 ай өткен соң қайтыс болды. Оның орнына өзінің жақын із басушысы Абу Бакр халиф болып сайланды – ол Мұхаммедтің сенімді серігі болған. Осы XXI ғасырда Меккеге барушы мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың айтқан үлгісі бойынша қажылыққа барады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылық жасау сапарына Сауд Аравиясының Джидда мен Мәдина қалаларына тек ұшақпен баруларына рұқсат етілген.

Қажылықтан жиырма күн бұрын қажылық уақыты тәртібін немесе ережелерін ұстанулары қажет.

Қазақстан мұсылмандары қажылыққа бару сапарының құрамында дінді басқарудың бір өкілі, бес дәрігер мен төрт бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.


3 тақырып. Мұсылман құқығының негізгі теориялары

Мұсылман құқығы көптеген жағдайда шариат деп аталады. Шариат мұсылмандық құқықтың және діннің нормативті ережесі.

Мұсылман құқығы – исламның әлеуметтік-дін дүниесін тануы –Аравия елінде VI –VII ғасырда пайда болды. Мұхамед Пайғамбардың төңірегіне: Аббас, Хамза, Абу Бакр, Омар, Осман, Әли - барлығы қырық шақты адам топтасады. Құранның ажырамас бөлігі Хадис бар. Ол Мұхамед Пайғамбардың айтқан сөзі және оның істеген істері туралы хабар береді. Хадистердің жиынтығы құраннан кейінгі қайнар көз болып табылатын сүнналарды құрайды. XI – XII ғасырдың жартысынан бастап мұсылмандарда сүнниттер және шииттер деген екі бағыт пайда болды [3, б. 13].


4 тақырып. Мұсылман құқығының тарихы

Араб елінде VII ғасырда өмірге келген әлемге әйгілі діндердің бірі – Ислам діні. Оның негізін салушы Алла тағала, ал оны уағыздаушы, насихаттаушы Мұхаммед Пайғамбар. Ең бірінші пайғамбарлар қатары: Адам, Нұқ, Ибраһим, Мұса, Иса,…, ал 25-ші пайғамбарымыз – Мұхаммед [3, б.25].

«Ислам» араб сөзі, қазақшаға аударғанда «көнгіштік, өзін құдайға тарту» дегенді білдіреді. Ислам дінінің ерекшелігі - тек жалғыз Құдайға сену, Аллаһ Тағалаға және оның қайратына сену. Осылай деп қасиетті кітап құранда жазылған. Құран – мұсылмандардың басты кітабы (жалғыз кітап). Мұхаммед пайғамбардан кейінгі Халифтар саны төртеу: Абу Бакр, Омар, Осман, Әли. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Омар Ибн Әл Хатап ( б.ғ.634 - жылы) Халиф Абу Бакрден құранды жеке кітап түрінде шығаруға кеңес береді. Халифтың ресми идеологиясы Ислам – араб мемлекеттерінің барлық құқығына жауапты болды. Сол себепті құранның алғаш жазылған редакциясы «Зейді Осман» түп нұсқасы төрт кітап қолжазбасы Халифаттың басты орталық қалалары Мекке, Дамаск, Куфа мен Басыраға жіберілді. Құранда 144 сүре мен дәлірек айтсақ 6226 аяттан тұрады, орыс тіліне аударылған құранда 6346 аят бар.

1991 жылы Ратбек қажы мен Халиф Алтай Құранды қазақшаға аударған [4, б.5]. Дербісәлі Әбсаттар қажы Қасиетті Құран туралы кітабын шығарды [6].

Дүние жүзіндегі басқа діндердің әр қайсысының өз діни кітаптары бар, олардың қайсысы болсын, құрметті діндарлар үшін қасиетті кітаптар болып саналады. Сондай қасиетті кітап мұсылмандар үшін - Құран кітабы. Бұл кітаптың басқа діни кітаптардан ерекшелігі, оның мәңгілік кітап екендігінде. Оны ғасырлар бойы дәлелдеп келе жатыр, кімде – кім қай сұраққа жауап іздесе: өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, махаббат пен қызғаншақтыққа ма?.. Осы кітапта жауабы берілген.

Ислам дінін ақиқат, шын мәнінде зерттеймін деген ғалымдарға негіз болатын бірден-бір еңбектерді атайтын болсақ, олардың қатарына Құран Кәрімнің өзін және VIII ғасырдың екінші жартысында жазылған мәдинәлік ибн Сқақтың, «Сират расул Аллах» (Житие посланника Аллаха) деген кітаптарды жатқызуға болады.

Бүкіл мұсылман ғалымдарының осы мәселеге байланысты еңбектері – осы аты аталған еңбектерге негізделген.

Құран ең бірінші XII ғасырда латын тіліне аударылған. Оның тәржімешісі монах Роберт Кетененизис. XII ғасырдың орта кезінде Батыс Еуропада Ислам дініне арналған еңбектер жарық көре бастайды. Солардың ішінен ғылыми тұрғыдан құнды еңбек болып саналатын белгілі еуропаның шығыстанушысы Алоис Шпрингердің «Мұхаммедтің өмірі және оның уағызы» (учение) деген 3 томдық еңбегін айтуға болады («Жизнь и учение Мухаммеда 1861 – 69 гг»), бірақ бұл еңбек еуропалық зерттеушілердің көңілін селт ете қоймады. Өйткені, ол шындыққа жүгініп: «Ислам күннің толық сәулесінде» өмірге келген бірден бір әлемдік дін деген тұжырым жасайды (Ислам как религия «возникла при полном дневном свете»). А. Шпрингерден кейін де ислам тарихына арналған бірнеше сәтті еңбектер шығады. Кейбір аздаған кемшіліктері болғанымен жалпы дұрыс көзқараспен жазылған шығармалар қатарына Оксфордта (1956–61 жж.) шыққан Уильям Монтгомери Уоттың «Мұхаммед Меккеде» («Магомед в Мекке») және «Мұхаммед Мәдинеде» («Мухаммед в Медине») деген екі кітабын жатқызуға болады.

Бүгінде батыс – шығыс ғалымдарының көбі құранды құдайдың кітабы екенін мойындап, таң қалуда.

М.Р. Родвел: «Құранды оқыған сайын таңғалам» десе, С. Харт «Құран Кәрімнің Алла тарапынан пайғамбарымызға періштелер арқылы жіберілгені ахихат», - дейді. Ал Виктор Имбердес болса, ол: «Құран бүтін заң негіздерінің қайнар көзі болатыны ахихат». Доктор Бухайле: «Құранның көптеген ғылыми жетістіктерінің негізін қамтығандарын толық зерттеп және одан басқа да ахихаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын айтады».

Ресей империясы Құранды ең алғаш славян (белорусс) тіліне аударады, алайда (Құран араб әрпімен жазылған), татарлар Литва елінде орныққан және өздерінің ана тілін ұмытқан, олар XV – XVII ғасырларда аударған болатын. Құранның толық түрде аударылуы Петр I – нің бұйрығымен П. Постников француз тілінде Андре дю Рие жазған Құранды орысшаға Петербургте 1716 жылы аударды және басып шығарды.

Ерекше көп дау мен қарсылық тудырған (Казань, 1878 жылы) бірінші орысшаға түп нұсқасы арабшадан аударылған және осы күнге дейінгі толық аударылым жалғыз екені белгілі. Оны аударған белгілі шығыс танушы Г.С. Саблуков (1804–1880), ол Саратов қаласында сабақ беруші, ал кейін Қазанның Дін академиясының профессоры және барлық өмірін Құранды аударуға арнады. Ол өз кезінде аударылған Құранның мінсіз емес екеніне сенді. Саблуков өлгеннен кейін аударылған Құран 1894 және 1907 жылдары қайта баспада басып шығарылды [7].

Осы ерекше Құранды Қостанай мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, ішкі қызмет полковнигі Әміржан Алпыс ұлының жеке меншіктегі кітапханасынан жұбайы Роза Хамит қызы Ғалым Бейсенұлына ескерткіш ретінде сыйлады.

Бұдан басқада аудармалардың бар екені белгілі. Араб тіліндегі құранды Режи Блашер (1900–1973) француз тіліне аударды. Арабтанушы Ресейлік А.П Шубининнің (1867–1937) «Куфический Куран» еңбегі Санк - Петербургта 1892 жылы орыс тілінде жария етілді. Советтік арабтанушы К.С. Кашкелева құранның терминологиялық еңбегін жариялады. Арабтанушы Н. Давид құранды ағылшын тіліне аударғанда сүрелер мен аяттарға бөлген.


Құран тарихы


«Құран» деген сөздің шығу тарихы жөнінде әзірше ғалымдардың арасында қалыптасқан бірауыздылық көзқарас жоқ.

Кейбір зерттеушілердің (Әбул – Хасан әл - Әшқари) тұжырымында «Құран» сөзі бір нәрсені бір нәрсеге жақындату, жалғау мағынасындағы (қарана) етістігінен туындаған делінген. Өйткені құрандағы сурелер мен аяттар бір – бірімен жалғасып келеді. Осыған сәйкес оны «Құран» деп атаған дейді. Ал қажылық пен Умраны жалғағандықтан «Қиран» делінген (Зәркәши, Бурһан, 1 том, б.277).

Ал Әбу Зәкәрия Яхия ибн зияд әл - фәррә құран сөзі «Қарина» сөзінің көпше түрі «Қараин» сөзінен шықты деп дәлелдейді. Құран аяттары мазмұн, ұйқас, ырғақтық жағынан бір-біріне ұқсас, бірін-бірі дәлелдеп тұрады ( Суюти, Итқан, 1 том, б.68).

Келесі бір көзқараста «Құран» деген сөз еш түбір сөзден шықпаған (Имам Мұхаммед ибн Идрис әш –Шафағи ) делінеді. Мысалы, Алла тағала Мұсаға түсірген кітабын «Тәурат», ал Дәуітке түсірген кітабын «Зәбур» деп атап түсірсе, сол сияқты Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген кітабын «Құран» деп атаған. Бұл Алла сөзі Әбу Убәйд - әл - Қасым ибн сәлләм, Әбу Исқақ Әззәжаждар ойынша, «Құран» сөзі «Қар» сөзімен байланыстырады. Өйткені, құрандағы әңгімелер жарлық – бұйрықтар, сүре мен аяттар бұрын – ерте жарық көрген кітаптардың уақиғаларын жинақтағандықтан осы ат берілген деп қортындылайды. Енді біреулердің пікірінше Құран сөзі «Сыртқа шығару» - «Қараә» етістігінен шығарады. Өйткені, құран оқыған адам сөз бен әріптерді оқып, аузынан сыртқа шығарады дейді. Құранның «Қиямет» суресінде (17 -18 аят) «Расында, оны жинау, оқу бізге міндет. Ал оны біз оқығанда, оның оқылуына ілес» делінген. Бұл аятта құран сөзі «Оқу» мағынасында қолданылған. Осы соңғы тұжырым Ислам ғұламалары арасында көбірек қолдау тауып отыр. Шын мәнінде қай тұжырымның нақты дұрыстығын Алланың өзі ғана біледі. Олай болса, Алла тағаланың Құран Кәрімде келтірілген сөздеріне құлақ түрейік. Тәкбір сүресінің 19-шы аятында: «Құран – құдай сөзі. Қарғыс атқан шайтан сөзі емес», - делінсе, Хаққа сүресінің 40-52-ші аяттарында да осы пікірі өз жалғасын тапқан: «Күдіксіз, бұл құран - .. бір ақынның сөзі емес, сондай-ақ ол бақсының да сөзі емес. Ол әлемдердің раббысынан түсірілген», - делінген. Алланың сөзіне сенбеске болмайды. Ол тек шындықты айтады. «Сенбеген адамды қарғыс атсын» (Ғаббас сүресі, 17), - деп шындыққа шақырады.

Инновациялық Еуразия университетінің профессоры және акбар ҚАЖЫ Мұхаммед-Хафиз Ахметұлы Текжанов (3суретті қараңыз) тасбих туралы пікірін ұсынамыз. Адамның көзі жұмылғаннан кейін о дүниеге тасбих тартып, «Ләйләһи иллалаһ» деп Алланың атын 99 рет атап аттандырады. Ал тасбихта Алланың 99 аты түгел бар. Жай уақытта тасбих тартқанда «Сұбыхан Алла», «Әлхәмділиләһи», «Аллаһу акбар» деген сөздердің әрқайсысын 33 рет қайталап айтады. Бұл Аллаға айтылған мадақ. Міне, осындай асыл сөздерді арқалаған тасбихты дін жолында жүрген, жүрегіне имандылық ұялаған, Аллаға шын берілген адамдар ғана ұстауы керек, - дейді.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconДахно З. Н., Тлеуленова Г. Т., Сапенова Д. К. ҚҰрылыс үрдістерінің технологиясы құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
Оқу құралы дәрісте берілген материалдарды терең игеру үшін арналған. Тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін мысалдар келтірілген
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconКӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, пмпи, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconЭкономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы Павлодар
...
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconТайжанов Шарапат Таурбайұлы Топырақтану Экология мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы іі-ші бөлім Павлодар-2004 ббк 40. 3 Я73
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Биология, экология, география, туризм мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconПавлодар мемлекеттік университеті О.Қ. Жармакин > Қ. Х. Рақымжанов л ингвистикалық ілім тарихы филологиялық мамандықтар студенттеріне арналған оқу құралы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconОрганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының сырттай оқу түрінің студенттеріне арналған бақылау тапсырмаларының әдістемелік нұсқаулары Павлодар
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721– «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының сырттай оқу...
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар iconКолледж Айдарбаева Ғ. Б. “Қаржы” мамандығы бойынша оқитын оқушыларға арналған кәсіби қазақ тілінен ОҚУ ҚҰралы павлодар
Оқу құралы экономика бөлімінде оқитын студенттерге арналған. Бұл басылымда қаржы саласында кездесетін лексика негізінен берілген....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница