«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы




Скачать 442.34 Kb.
Название«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер442.34 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.lsc.kz/userfiles/file/Ustav_kz.doc
  1   2   3


“Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы”

Акционерлік қоғамы Президентінің

  1. жылғы «25» желтоқсандағы

1209-Ц_____ бұйрығымен

бекітілген


«Локомотив сервис орталығы»

акционерлік қоғамының

ЖАРҒЫСЫ


1-бап.

Қоғамның заңды мәртебесі


1. «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-11 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 акпандағы №145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқармасының шешіміне (2004 жылғы 15 қыркүйектегі № 10 хаттама) және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №485-Ц бұйрығына сәйкес құрамынан Қоғамды бөліп шығару арқылы «Локомотив» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру жолымен кұрылған (2004 жылғы 1 карашадағы № 17532-1901-АҚ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі).

2. Қоғам бөлу теңгеріміне сәйкес «Локомотив» акционерлік қоғамының (2003 жылғы 14 қазандағы №14689-1901-АҚ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагері болып табылады.

3. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңыңа және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының заңнамасы), сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.

4. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.

5. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі бар.


2-бап.

Қоғамның атауы, орналасқан жері және қызмет ету мерзімі


1.Қоғамның атауы:

1) мемлекеттік тілде:

толық атауы - «Локомотив сервис орталығы»

акционерлік қоғамы;

қысқартылған атауы - «ЛСО» АҚ;

2)орыс тілінде:


толық атауы - акционерное общество «Локомотивный

сервисный центр»;

қысқартылған атауы - АО «ЛСЦ»

2. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 37.

3. Қоғамның қызмет ету мерзімі шектелмеген.


3-бап. Қоғамның кұрылтайлык кұжаты


1. Жарғы - Қоғамның кұрылтайлық құжаты болып табылады.

2. Барлық мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жарғымен танысуға құқылы.


4-бап. Қоғам қызметінің мақсаты мен түрлері


1. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты табыс алу болып табылады.

2. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Қоғам қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады:

1) пайдаланудағы локомотивтердің техникалық жарамды жағдайы мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;

2) локомотивтік тартым қызметтерін көрсету;

3) локомотив бригадаларының демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;

4) локомотивтерге жанар-жағармай материалдарын құю;

5) локомотивтерді маймен, сумен, құммен жарақтау;

6) темір жол жылжымалы құрамын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

7) темір жол жылжымалы құрамының жабдықтарын жөндеуді жұзеге асыру;


8) темір жол жылжымалы құрамының доңғалақ жұптарын куәліктендіру бойынша қызметтер көрсету, доңғалақ жұптарын жөндеуді және оларға техникалык қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

9) темір жол жылжымалы құрамын қысқы (жазғы) кезендегі жұмысқа дайындау бойынша қызметтер көрсету;

10) локомотив радиостанцияларын, АЛСН қауіпсіздік аспаптарын, машинист қырағылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызмет керсету;

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын лицензия немесе рұқсаттың өзге түрінің бар болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензия немесе рұқсаттың басқа түрі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.


5-бап

Қоғамның құқықтары мен міндеттері


1. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерді атқарады.

2. Қоғам оның Жалғыз акционерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке иелік етеді және Жалғыз акционердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады.

3. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

4. Қоғам өз атынан мәмілелер жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алады, сотта қуынушы немесе жауапкер бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыра алады.

5. Қоғам күзет құжаттарын, технологияларды, «ноу-хау» және басқа да ақпаратты иелену және пайдалану құқықтарын сатып алуы және ұсынуы мүмкін.

6. Қоғам бағалы қағаздарды шығара алады және оларды тарата алады, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің қаржылық қатерлерін туынды қаржылық құралдар арқылы сақтандыра алады.

7. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сөйкес оларды мүлікпен қамти алады және олардың қызмет тәртібін белгілей алады.

8. Қоғам өз филиалдары мен өкілдіктерінің Қоғам тағайындайтын қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасын, сондай-ақ жылдық еңбекақы қорының мөлшерін бекітеді. Филиалдың басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғам берген сенімхаттар негізінде әрекет жасайды.

9. Қоғам өндірістік қызметті жоспарлаумен, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен, материалдық-техникалық жабдықтаумен, Қоғамның әлеуметтік

дамуымен, кадрларды таңдауды, орналастыруды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырумен байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді.

10. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа да қаржылық ұйымдарда ұлттық та, шетелдік те валютада шоттар ашады.

11. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілгер

болуға, қазақстандық та, шетелдік те заңды және жеке тұлғалардан теңгемен және шетелдік валютамен заемдар алуға және кредиттерді пайдалануға құқылы.

12. Қоғам Қоғамның барлық бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

13. Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты білетін қоғам қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді.

14. Қоғам уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салықтық және статистикалық есептерді белгіленген тәртіппен ұсынады.

15. Қоғам қоршаған ортаны ластанудан және Қоғамның кызметі нәтижесінде пайда болатын басқа зиянды әсерлерден қорғау үшін жауапты болады.

16. Қоғам бұйрықтармен және өкімдермен ресімделген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің, Бірінші Вице-президентінің, Вице-президенттерінің, Аппарат басшысының, басқарушы директорларының және Бас инженерінің кадр, қаржы және экономика мәселелері, қозғалыс қауіпсіздігі, қысқы және көктемгі кезеңдегі жұмысқа дайындау, азаматтық қорғаныс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмылдыру дайындығы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды бақылау және мониторингтеу мәселелері бойынша тапсырмаларын орындауға міндетті.

17. Қоғам сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген басқа да құқықтар мен міндеттемелерді жұзеге асыра алады.


6-бап Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері


1. Жалғыз акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қоғамның қызметіне байланысты шығындар қатерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде тартады.

2. Жалғыз акционер:

1) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) Қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, соның ішінде Жалғыз акционермен немесе Жарғымен белгіленген тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;

4) Қоғамның тіркеушісінен немесе номиналды ұстаушыдан Қоғамның бағалы қағаздарына оның меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға:

5) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот аркылы даулауға;

6) Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұрау жіберуге және Қоғамға сұрау түскен күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде уәжді жауаптар алуға;

7) Қоғам таратылған кезде оның мүлкінің бір бөлігін иеленуге;

8) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қоғамның акцияларын немесе оның акцияларына айырбасталымды басқа да бағалы қағаздарын басымдылықпен сатып алуға;

9) Директорлар кеңесі отырысының шақырылуын талап етуге;

10) Қоғамның өз есебінен Қоғам аудитін жүргізуін талап етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген басқа да құқықтарды иеленуге құқылы.

3. Жалғыз акционер:

1) акцияларды төлеуге;

2) 10 (он) күннің ішінде Қоғамның тіркеушісін және Жалғыз акционерге тиесілі акциялардың номиналды ұстаушысын Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу үшін қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге;

3) қызметтік, коммерциялык немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын Қоғам туралы немесе оның қызметі туралы ақпаратты жария етпеуге;

4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

4. Қоғам және Қоғамның тіркеушісі Жарғының осы бабындағы 3-тармақтың 2) тармақшасында белгіленген талабын Жалғыз акционердің орындамауының салдарлары үшін жауапты болмайды.


7-бап Қоғамның акциялары мен басқа бағалы қағаздары


1. Қоғам жай акцияларды құжатсыз нысанда шығарады.

2. Қоғам шығару, орналастыру, айналу және өтеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген басқа да бағалы қағаздар, соның ішінде айырбасталымды қағаздар шығаруға құқылы,

3. Жай акция Жалғыз акционерге Қоғамның дауысқа салынатын барлык, мәселелерді шешу кезінде дауыс беру құқығын, Қоғамда таза кіріс болған кезде дивидендтер, сондай-ақ Қоғамды таратқан кезде оның мүлкінің бір бөлігін

Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіппен алуға құқык береді.

4. Жарияланған акцияларды немесе жай акцияларға айырбасталымды басқа да бағалы қағаздарды орналастыруға, сондай-ақ бұрын сатып алынған көрсетілген бағалы қағаздарды сатуға ниет білдіргенде, Қоғам бұл туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жазбаша хабарлау немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы бағалы қағаздарды Қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған органы белгілеген орналастыру (сату) бағасы бойынша сатып алуды Жалғыз акционерге ұсынуға міндетті.

5. Жалғыз акционердің Қоғамның бағалы қағаздарын басымды сатып алу құқығын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

6. Қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту Жалғыз акционердің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Қоғамның акцияларын оның жарияланған акцияларының саны шегінде орналастыру туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.

7. Қоғам өз акцияларын оларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден кейін орналастыруға құқылы.

8. Қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқыктар) және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан баска өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.

Ақшадан басқа, өзге мүлікпен ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жұмыс істейтін бағалаушы белгілейтін баға бойынша жүзеге асырылады.

Егер Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құкығы енгізілсе, мүндай кұқықты бағалау, Қоғам оны пайдаланатын бүкіл мерзім бойына осы мүлікті пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін негізге ала отырып жүргізіледі. Жалғыз акционердің келісімінсіз мұндай мүлікті көрсетілген мерзім аякталғанша алуға тыйым салынады.

9. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдерін жүргізуді Қоғамның тіркеушісі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауы тиіс.

10. Өзінің жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастырғанда оларды Қоғамның сатып алуына жол берілмейді.

11. Орналастырылатын акцияны толық төлемейінше Қоғам осы акцияны Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі оны алушының есеп шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.

12. Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу Қоғамның бастамасы бойынша Жалғыз акционердің келісімімен «Акционерлік қоғамдар

туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген, Қоғам оларды сатып алғанда акциялардың құнын белгілеу әдістемесіне сәйкес, оларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жарғыға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда жүргізілуі мүмкін.

Қоғамның бастамасы бойынша Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу, егер өзгесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленбесе, Директорлар кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.

13. Қоғам өзінің орналастырылған акцияларын:

1) акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекіткенге дейін;

2) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде Қоғамның меншікті капиталының мөлшері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең аз жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болатын болса;

3) егер акцияларды сатып алу мезетінде Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттык туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіздік немесе дәрменсіздік белгілеріне сәйкес келсе не болмаса көрсетілген белгілер барлық талап етіліп отырған немесе сатып алуға болжанып отырған акцияларды сатып алу нәтижесінде пайда болатын болса;

4) егер сот немесе Жалғыз акционер Қоғамды тарату туралы шешім қабылдаса, сатып алуға құкығы жоқ.

14. Қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын Қоғамның орналастырылған акцияларының саны олардың жалпы санының 1 (бір) пайызынан асатын болса, акцияларды сатып алу-сату мәмілесін (мәмілелерін) жасасқанға дейін Қоғам мұндай сатып алу туралы Жалғыз акционерге хабарлауға міндетті.

Қоғамның өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы туралы хабарландыруы Қоғам сатып алатын акциялардың саны, бағасы, оларды сатып алудың мерзімі мен шарттары туралы мәліметтерден тұруы тиіс және бұқаралык ақпарат кұралдарында жариялануы тиіс.

15. Жалғыз акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

16. Қоғамның акцияларға айырбасталымды бағалы қағаздары Қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырмашылық шегінде шығарылады. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарты мен тәртібі айырбасталымды бағалы қағаздарды шығару анықтамалығымен белгіленеді.

Қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын Директорлар кеңесі белгілейді.


17. Қоғам Қоғамның бағалы қағаздарын кепілдікке беруге құқылы.

Жалғыз акционердің өзі кепілдікке берген акция бойынша, егер кепілдік шарттары бойынша өзгеше көзделмесе дауыс беру құқығына және дивидендтер алу құқығына ие.

18. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:

1) кепілдікке берілетін бағалы кағаздар толық төленгей болса;

2) Қоғамнын сатып алынған акцияларың қоспағанда, Қоғамға кепілдікке берілетін және онда кепілдіктегі бағалы қағаздардын жалпы саны Қоғамның орналастырылған акцияларың 25 (жиырма бес) пайыздан аспайтын мөлшерін кұраса;

3) кепілдік туралы шартты Директорлар кенесі мақұлдаған жағдайда ғана кепілдікке қабылдай алады.

19. Егер кепілдіктің шарттарымен өзге белгіленбесе, Қоғам орналастырған және онда кепілдіктегі акциялар бойынша дауыс беру құқығы Жалғыз акционерге тиесілі болады. Өзінде кепілдікте тұрған өз акцияларымен дауыс беруге Қоғамның құқығы жок.

20. Қоғамның бағалы кағаздары кепілдігін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

21. Жалғыз акционердің оған тиесілі акциялары бойынша Қоғам төлейтін кірісі дивиденд болып табылады.

Жалғыз акционер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған жағдайда Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер ақшалай немесе бағалы қағаздармен төленеді.

22. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жылдың, тоқсанның немесе жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Жалғыз акционердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

23. Қоғамның Жалғыз акционері Қоғамның жай акциялары бойынша қандай да болмасын кезеңнің дивидендтерін төлемеу туралы шешім кабылдауға құқылы, шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

24. Дивидендтерді төлеу туралы шешім мынадай ақпараттан тұруы тиіс:

1) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де деректемелері;

2) дивидендтер төленетін кезең;

3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;

4) дивидендтерді төлеу басталатын күн;

5) дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны.

25. Орналастырылмаған немесе Қоғамның өзі сатып алған жай акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе Жалғыз акционер Қоғамды тарату туралы шешім қабылдаса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді.

26. Дивидендтер есептеуге:

1) Қоғамның меншікті капиталының мөлшері теріс немесе оның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде меншікті капитал мөлшері теріс болатын болса;

2) егер Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіздік немесе дәрменсіздік белгілеріне жауап берсе немесе Қоғамда оның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде көрсетілген белгілер пайда болатын болса, жол берілмейді.

27. Жалғыз акционер толық алынбаған дивидендтерді Қоғамның берешегі пайда болуы мерзіміне қарамастан төлеуді талап етуге құқылы.

Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде олар төленбеген жағдайда, Жалғыз акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне қарағандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептелетін төлемақы өсімі төленеді.

  1   2   3

Похожие:

«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған
Президенті (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі –...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже
«Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесі туралы осы ереже (бұдан әрі Ереже) ҚР «Акционерлік қоғамдар...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару саясаты астана, 2009
«Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Жарғысы
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер
Акционерлік қоғамының толық және қысқартылған атауы: «Астана Сити Палас» акционерлік қоғамы
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы iconАкционерное общество «Локомотив» (далее ао «Локомотив») объявляет
Акционерное общество «Локомотив» (далее – ао «Локомотив») объявляет об итогах проведенных в филиалах ао «Локомотив» 17 апреля в 12-00...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Павлодар әуежайы» акционерлік қОҒамының жарғысы 1-бөлім. Жалпы ережелер
Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленді және оның атауын, мекенжайын, қалыптасу тәртібі мен органдардың құзыретін, қайта...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Астанаэнергосервис» АҚ жалғыз акционердің шешімімен бекітілген «Астана-Теплотранзит»
«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының осы Жарғысы (бұдан әрі Қоғам) оның атауын, орналасқан жерін, оның органдарының қалыптасу...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншiлес ұйымдар және тәуелді акционерлік қоғамдар, сонымен бiрге бiрге бақыланатын ұйымдар

«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы icon16 мая 2011 года в 12-00 часов
Акционерное общество «Локомотив» (далее – ао «Локомотив») объявляет итоги закупок проведенного 16 мая 2011 года в 12-00 часов в филиалах...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница