«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі




Скачать 193.41 Kb.
Название«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі
Дата конвертации08.02.2016
Размер193.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/emi/stocks/A4027/stocksA4027$-$4648$-$..doc


«Промышленно-торговая компания «Асыл»

Акционерлік қоғамының


АКЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ ПРОСПЕКТІСІ


қысқартылғанда: «Промышленно-торговая

компания «Асыл» АҚ


Өкілетті органның жарияланған акцияларды шығаруын мемлекеттік тіркеу проспектіде көрсетілген акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір нұсқауды ұсынуды білдірмейді. Жарияланған акцияларды шығарудың мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы өкілетті орган осы құжатта мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқармайды. Акцияларды шығару проспектісі Қазақстан Республикасының заңының талаптарына сәйкес қана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқарады, және де бұнда ұсынылған барлық ақпарат расталған болып табылатынын және инвесторларды қоғам мен оған орналастырылатын акцияларға қатысты қателесулерге алып бармайтынын бекітеді.



  1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәлімет


1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәлімет:

«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамы (бұдан ары мәтін бойынша – Қоғам) Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға болып табылады. Қоғамның қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің негізгі қызметінен таза табыс алу болып табылады.


2. Акционерлік қоғамның атауы:

Қоғамның толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлiк қоғамы

орыс тілінде – Акционерное общество «Промышленно-торговая компания «Асыл»

Қоғамның қысқартылған атауы:

«Промышленно-торговая компания «Асыл» АҚ

орыс тілінде – АО «Промышленно-торговая компания «Асыл»


Қоғамның бұрынғы атауы:

мемлекеттік тілде – «Асыл» жабық акционерлiк қоғамы

орыс тілінде – закрытое акционерное общество « »

Қоғамның қысқартылған атауы:

«Асыл» ЖАҚ

орыс тілінде – ЗАО «Асыл»


«Асыл» жабық акционерлiк қоғамы 1999 жылы 18 тамызда «Сұңқар» ААҚ-ның активтерінің бір бөлігін бөлу арқылы қайта құрудың нәтижесінде құрылған.


3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәлімет.


Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркелген, 2005 жылғы 12 мамырда берілген № 28068-1910-АҚ заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік.


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі:

СТН 600700193756


5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланысу телефондары мен факстың номерлері, электронды почтаның адресі туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Алмалы ауданы, Түркебаев көш., 92

телефон: (8 3272) 41-46-04 факс: (83272) 55-97-79

E-mail: asy12000@mail.ru


6. Акционерлік қоғамның банктік реквизиттері:

ИИК 3467513 “Еуразиялық банк» АҚ-да

БИК 190501948 , Кбе 17


7. Акционерлік қоғамның қызметінің түрлері:

- Полимерлі материал өнімдерін өндіру,

- Терезе мен есік құрастырмаларының ПВХ-профилін өндіру,

– терезе мен есік құрастырмаларын дайындау,

– сауда - сатып алушылық және делдалдық қызмет,

– автомобилдерге техникалық қызмет көрсету,

– халық тұтынатын тауарларды өндіру және сату,

– ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру, дайындау, қайта өңдеу және өткізу,

- құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құрастырмаларын өндіру, жөндеу, әрлеу құрылыс жұмыстарын орындау,

– мебель және фурнитураны өндіру,

– өз атынан немесе үшінші тұлғалардың тапсырмасы бойынша жылжымайтын – мүлікке байланысты мәмілелерді жасасу,

– қонақ үй бизнесі,

– азық-түлік өнімдерін өндіру және сату,

– лак-бояу өнімдерін өндіру,

– металды құрастырмалар мен машина жасау құралдарын өндіру.


8. Акционерлік қоғамға берілген рейтингтердің немесе оның шығарған бағалы қағаздарына халықаралық рейтингтік агенттіктердің және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттіктерінің берген рейтингтерінің бар болуы туралы мәлімет:

Қоғамға және оның шығарған бағалы қағаздарына рейтинг берілген жоқ.


9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атауы, тіркелген уақыты, орналасқан жері және почталық мекен-жайлары.

Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.


10. Акционерлік қоғамның қаржылық есебінің аудитін жүзеге асырған аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (бар болса аудитордың аты-жөні, әкесінің аты):

«Дана-Консалтинг» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖШС директоры – Балыбердин Сергей Витальевич

1999 жылғы 27 желтоқсанда ҚР ҚМ-мен ҚР-ның аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға берілген № 0000022 мемлекеттік (бас) лицензиясы.


2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)


11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі:


  1. төраға мен қоғамның директорлар кеңесінің мүшелерінің аты-жөні, тегі, әкесінің аты туған жылы:

Директорлар кеңесінің Төрағасы:

Тортаев Серік Әбілұлы, 1957 жылы туған


Директорлар кеңесінің мүшелері:

Межибовский Геннадий Владимирович, 1960 жылы туған

Басенко Сергей Александрович, 1966 жылы туған


2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішіндегі және осы уақыттағы, сонымен бірге қосымша атқарған лауазымдары, тізбелік тәртіппен:


Тортаев Серік Әбілұлы – Директорлар кеңесінің Төрағасы

2002 жылғы 15 қазаннан 2004 жылғы 08 қазанға дейін – «Сұңқар» ААҚ-ның Бас директоры

2004 жылғы 08 қазаннан осы уақытқа дейін «Сұңқар КZ» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы


Межибовский Геннадий Владимирович, - соңғы үш жылда және осы уақытта «Асыл ПТК» АҚ-ның Бас директоры.


Басенко Сергей Александрович, - соңғы үш жылда және осы уақытта «Асыл ПТК» АҚ-ның Бас директорының Бірінші орынбасары


3) директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың жалпы санының акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық қатынасы:

директорлар Кеңесінің мүшелеріне қоғам акцияларының 333 045-і тиесілі, бұл қоғамның орналастырылған акцияларының 44,32 пайызын құрайды.


4) еншілес және тәуелді ұйымдардағы директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) жалпы санының акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық қатынасы:

директорлар Кеңесінің мүшелері еншілес және тәуелді ұйымдарда акцияларға ие емес.


5) алдыңғы екі жыл ішіндегі Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгеріс:

алдыңғы екі жыл ішіндегі Директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс болған жоқ.


12. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.

1) акционерлік қоғамның бар болса жеке дара атқарушы органының қызметін жүзеге асырушы тұлғаның аты-жөні, тегі, әкесінің аты, туған жылы не акционерлік қоғамның бар болса алқалы атқарушы органының әрбір мүшесінің, сонымен бірге басқарма төрағасының аты-жөні, тегі, әкесінің аты, туған жылы;


Қоғамның Жарғысына сәйкес Бас директор атқарушы орган болып табылады.

Межибовский Геннадий Владимирович, 1960 жылы туған


2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішіндегі және осы уақыттағы, сонымен бірге қосымша атқарған лауазымдары, тізбелік тәртіппен, өкілетілігі көрсетілуімен:

соңғы үш жылда және осы уақытта «Асыл ПТК» АҚ-ның Бас директоры.


3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) жалпы санының акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық қатынасы (жарғылық капиталдағы үлесі):

қоғаммен орналастырылған акциялардың 12,2 пайызы


13. Қоғамның соңғы қаржылық жылда лауазымды тұлғаларына төленген сыйақылардың және жалақының жалпы сомасы.


Жарғымен лауазымды тұлғаларына сыйақылар қарастырылмаған

Соңғы қаржылық жылда қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген жалақы - 1 416 000 теңгені құрады.


14. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрылымы.

1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері:

өткізу және жабдықтау бөлімі

энергетика қызметі

құрылыс телімінің қызметі

ПВХ-профилін өндіру жөніндегі зауыт

«Асыл» сауда орталығы

«Асыл» қонақ үйі


2) акционерлік қоғамның қызметкерлерінің, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің жұмысшыларының жалпы саны:

Қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны – 146 адам.

Филиалдары мен өкілдіктерінің қызметкерлері – жоқ.


3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленуші акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы пайыздық көрсеткіштегі жиынтық үлесі:

Акционерлік қоғамның акцияларын иеленуші акционерлік қоғамның қызметкерлерінің саны – 6 адам, жиынтық үлесі 71,5058 пайызды құрайды


4) акционерлік қоғамның бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет

(аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы):

мәліметтері көрсетілсін:

Өткізу және жабдықтау бойынша директордың орынбасары – Ким Феликс Анатольевич, 1962 ж.т.

Энергетика және құрылыс телімі қызметінің бас инженері – Калиниченко Григорий Иванович, 1950 ж.т.

ПВХ-профил зауытының директоры – Хиврич Владимир Васильевич, 1950 ж.т.

«Асыл» сауда орталығының директоры – Кутырина Нина Петровна, 1956 ж.т.

«Асыл» қонақ үйінің директоры – Квашнина Валентина Викторовна, 1949 ж.т.


5) филиалдары мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы).

Филиалдары мен өкілдіктері жоқ.


15. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).


Межибовский Геннадий Владимирович, 1960 жылы туған, қоғамның орналастырған акцияларының 12,2223 пайызын иеленген.


Кенжебеков Бауыржан Өмірбекұлы, 1970 жылы туған, қоғамның орналастырған акцияларының 52,9083 пайызын иеленген.


Тортаев Серік Әбілұлы, 1957 жылы туған, қоғамның орналастырған акцияларының 25,8995 пайызын иеленген.


Қоғамның дауыс беруші акцияларын сатып алуға опциондарды бекіту жүргізілген жоқ.


16. Акционерлік қоғам ірі акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәлімет – ұйымның орналастырған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесіндегі) он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда – бес және одан да көп) пайызды иеленеді:

Қоғам ірі акционер болып табылмайды және басқа ұйымдардың жарғылық қорында үлеске ие емес.


17. Қоғамның қатысатын өндірістік, банктік, қаржылық топтары, холдингтер, концерндер, бірлестіктер, консорциумдар:

Қоғам өндірістік, банктік, қаржылық топтарға, холдингтерге, концерндерге, бірлестіктерге, консорциумдарға қатыспайды.


18. Акционерлік қоғамның басқа да үлестес тұлғалары туралы анықтама:

Тортаев Серик Абільевичтің жеке тұлғадағы жақын туыстары:

- шешесі Ахметова Бубихан 31.12.1922 ж.

- әпкесі Тортай Шолпан Абілқызы 15.12.1955ж.

- әйелі Тортаева Тасима Баюловна 12.12.1957 ж.

- баласы Тортаев Алмас 04.07.1982ж.

Әйелінің туыстары:

- әкесі Көлжанов Баю Күленович 01.010.1922 ж.

- шешесі Көлжанова Мумина Дарақұловна 25.12.1925 ж.

- ағасы Көлжанов Бекнұлы Баюлович 19.10.19692 ж.

- әпкесі Көлжанова Сауле Баюловна 30.11.1954 ж.

Мажибаевскиий Геннади Владимировичтің жеке тұлғадағы жақын туыстары:

- әйелі Мажибековская Ирина Владимировна 03.01.1959 ж.

- қызы Мажибековская Раиса Геннадьевна 15.01.1984ж.

- баласы Мажибековский Леон Геннадьевич 18.03.1998 ж.

Кенжебаев Бауыржан Өмірбековичтің жеке тұлғадағы жақын туыстары:

- шешесі Смағұлова Зубайра Смағұловна 15.10.1926 ж.

- әйелі Бисембаева Гүлжамал ам зеевна 08.09.1971 ж.

- қызы Өмірбековна Мадина Бауыржановна 020.08.1997 ж.

- Өмірбеков Рүстем Бауыржанович 11.02.2000 ж.

2. «Сункар KZ» ЖСШ-дегі АҚ ПТК «Асыл» Акционерлік қоғамың есептік үлесі:

- Тортаев Серік Абильевич 12,2 %

- Межибовский Геннадий Владимирович 8.8 %

- Кенжебеков Бауржан Өмірьекович 10.3 %

3. «Евразийский Банк» АҚ-мен екі несие жүесіне шарт жасалды

- шарт № 48 10.12.2003 ж. бастап

- шарт №28 05.11.2002 ж. бастап

18-1. Қоғамның кіріккен тұлғалармен мәмілелері:

Қоғам кіріккен тұлғалармен мәмілелер жүзеге асырған жоқ.


ІІІ. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты


19. Акционерлік қоғамның негізгі қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы:

Қоғамның өндірістік базасы полимерлі материалдардан жасалған бұйымдарды шығаруға мамандандырылған, қазақстандық нарықты тауарлармен қамтамасыз ететін сәйкесінше өндірістік қуаттылық пен үлкен ұстанымдардың тізіміне ие, пластмассаларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі бірлестігі болып табылады. Қоғам сертификатталған және тауарлардың сапасын бағалаудың №9001 стандарттарының базасында бағаланған ПВХ профилі өндірісінің құрал-жабдығын іске қосты және орнатты. Әлемдік үздік үлгілерден кем түспейтін және Қазақстанның континеттік қатаң климатына мейлінше бейімделген ПВХ профилінің жаңа жүйесін құру Австрияның жетекші фирмаларымен тығыз ынтымақтастықта дайындалды.

акционерлік қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәлімет: «PARKER” ЖШС, Алматы қ., «Алматыгорстрой» ЖШС, Алматы қ., «ТЕХНОПЛАСТ» ЖШС, Алматы қ.


20. Акционерлік қоғамның негізгі қызмет түрлері бойынша сатудың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) табыстылығына оң және теріс әсерін тигізуші факторлар:


Қызметтің табыстылығына оң әсерін тигізуші факторлар өндірістің үнемі дамуы, жаңа технологияларды ендіру болып табылады.


Қызметтің табыстылығына теріс әсерін тигізуші факторлар ұқсас өнімдердің импорты болып табылады.


21. Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты құрылғаннан бергі мерзімінде өткізілген өнімдердің (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) көлемдері:


2003 жылы – 90,2 миллион теңге.

2004 жылы – 118,6 миллион теңге.


Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты құрылғаннан бергі мерзімінде өткізілген өнімдердің (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) көлемдеріндегі өзгерістерді талдау.


2004 жылы табыс 2003 жылғымен салыстырғанда ғимараттарды қайтадан құрастыруды жақсарту мен өнімнің сапасын жақсартудың есебінен 28 000 000 теңгеге артты. Қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайдалануға берілді - автожуу, терезе жақтауларын, есіктерін және басқа да пластмассадан жасалған бұйымдарды дайындауға арналған ПВХ профилін шығару.


22. Қоғамның өз өнімдерін (жұмыстарды, қызметтерді) сатуды ұйымдастыруы жөніндегі қызметі.


Тұтынатын өнімдердің жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегі негізгі тұтынушыларының тізімі:


Кәсіпорынның атауы


(ЖК – сауда алаңдарын жалдаушылар)

Орналасқан жері


Сатудың жалпы

көлеміндегі сатып

алатын өнімінің үлесі

«Книга торг» ЖШС


Алматы қ., Түркебаев көш., 92

65,6%
«Радос-Ривет» ЖШС

Алматы қ., Түркебаев көш., 92

15,8%

«АБР Ломбард» ЖШС

Алматы қ., Түркебаев көш., 92

11,9%


Өндірілетін қызметтердің жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегі негізгі материалдарды жеткізушілердің тізімі:


Жеткізушілердің атауы

Орналасқан жері


Жеткізілетін материалдар

Жеткізудегі үлесі, %

Сибменеджент Групп АОО

Ресей

Смола ПВХ

37

Фирма Г.М.

Ханделсгезельшафт м БХ

Австрия

Аддитивтер – смола ПВХ-ға қоспалар

60


23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсерін тигізуші факторлар:


1) маусымдық сипаттағы қызмет түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы табысындағы үлесі:

қоғам маусымдық сипаттағы қызмет түрлерімен айналыспайды.


2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және акционерлік қоғамның жалпы өткізілетін өнімдердің көлеміндегі экспортқа шығарылатын өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) үлесі:

шикізаттағы импорттың үлесі – 76,8 пайыз

экспортың үлесі – жоқ


3) Акционерлік қоғамның сот процестеріне қатысқандығы туралы мәлімет.

Осының нәтижесі бойынша акционерлік қоғамның қызметін тоқтату немесе өзгерту, одан ақшалай немесе басқа да міндеттемелер алудың жүргізілуі мүмкін сот процестерінің мәнінің сипатын ұсыну қажет:

Қоғам сот процестеріне қатыспайды

4) соңғы жылдың ішінде өкілетті мемелекеттік органның және (немесе) соттың акционерлік қоғам мен оның лауазымды тұлғаларына салынған барлық әкімшілік жауапқа тартулар туралы мәлімет:

әкімшілік жауапқа тартулар болған емес.


5) қауіптілік факторлары.

бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығындағы немесе биржадан тыс нарықтағы акцияның бағасына әсерін тигізетін, сонымен бірге қоғамның акциясының бағасына әсерін тигізетін нарықтағы өнім құнының өзгеруі:

инфляциямен, девальвациямен және банктік пайыздардың мөлшерлемесімен байланысты:

өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттігімен байланысты;

мемлекеттегі саяси жағдайдың өзгеруі мен заңның өзгеруімен байланысты;

әлеуметтік факторлармен және т.б. байланысты.

Қоғамның акциялары бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналмайды;

Қоғамның қызметінде инфляциямен және басқа да экономикалық, саяси тәртіптегі процестермен бірдей байланысты қоғамның акцияларының құнына әсерін тигізетін қауіптілік факторлары байқалмайды.

Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттігімен байланысты – Қоғамның қызметінің өзіндік құнының артуының қауіптілігі бар.

Қоғамның кадрлық саясаты жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған.


4. Қаржылық емес ұйымдардың қаржылық жағдайы.


24. Инвестициялар.


Қоғам басқа ұйымдардың капиталына инвестициялар салған жоқ.


25. Дебиторлық қарыздар.


  1. акционерлік қоғамның алдында қоғам активтерінің баланыстық құнының бес және одан да көп пайыздық мөлшеріндегі дебиторлық қарызы бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;

  2. дебиторлық қарыздарды өтеу мерзімдері бойынша;

  3. жақын арадағы он екі ай ішіндегі өтеу сомалары тоқсан бойынша бөлінеді, қалған сомалар жылдар бойынша бөлініп көрсетіледі.


Акционерлік қоғамның алдында қоғам активтерінің баланыстық құнының бес және одан да көп пайыздық мөлшеріндегі дебиторлық қарызы бар ұйымдар жоқ.


25-1. Активтер.

Қоғамның активтері – 358 217 мың теңгені құрайды

құны оның активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын мүліктің сипаты:


Қонақ үйдің ғимараты – 3 қабатты, кірпіштен, құны – 9 031 702 теңге,

Сауда орталығының ғимараты – панелді , 4 қабатты, құны – -69 213 467 теңге,

Халық тұтынатын тауарлар цехының ғимараты – 2 қабатты, кірпіштен, құны – 6 531 333 теңге,

өндірістік ғимарат – 2 қабатты, кірпіштен, құны – 13 494 510 теңге,

Экструзивті желісінің құрал-жабдығы, құны - 194 229 580 теңге.


26. Қоғамның жарғылық капитал.

Қоғамның төленген жарғылық капиталы - 51 000 000 теңге.


27. Займдері:

Бұл тармақта қолданыстағы облигацияларды шығару, банктік займдер және несиелік желілер туралы ақпарат ашып көрсетіледі. Займдер туралы ақпарат валюталық міндеттемер мен олардың орындалу мерзімдерінің кезеңінде көрсетіледі. Валюта түрлері бойынша олардың жылдық өлшемдегі орташа мөлшерлемесі, жақын арадағы он екі ай ішіндегі өтеу сомалары тоқсан бойынша бөлінеді, қалған сомалар жылдар бойынша бөлініп көрсетіледі.


Қоғам облигациялық займдерді жүзеге асырған жоқ.


«Еуразиялық банк» АҚ-да «ПТК Асыл» АҚ үшін екі несие желісі ашылған:

- 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 48 келісім-шарты бойынша

- 2002 жылғы 05 қарашадағы № 28 келісім-шарты бойынша

№ 48 келісім-шарты бойынша несие жалпы сомасы 1845 мың евромен 5 жыл мерзімге берілген

Міндеттемелер валюталары келесідей:

  • 1155000 евро

  • 875482,82 АҚШ доллары

Банкке сыйақыларды төлеу:

Еврода – займның сомасынан жылдығы 9,5 пайызбен

АҚШ долларында – займның сомасынан жылдығы 10 пайызбен

Несиелерді қайтару келесі мерзімдерде болуы керек:

2005 жыл: ІІ тоқсан : 44515,76 евро+2371,46 АҚШ доллары

ІІІ тоқсан : 61359,26 евро + 3268,80 АҚШ доллары

ІҮ тоқсан : 28875 евро + 1538,25 АҚШ доллары


2006 жыл: 360937,54 евро + 19228, 15 АҚШ доллары

оның ішінде: І тоқсан: 24062,5 евро + 1281,88 АҚШ доллары

2007 жыл: 360937,47 евро + 19228,15 АҚШ доллары

2008 жыл: 288749,97 евро + 824585,29 АҚШ доллары


Жылдар бойынша төлемдерге валютаның түрлері бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме:

2005 жыл – 180859,18 евро + 98559,55 АҚШ доллары

2006 жыл – 82472,43 евро + 85538,41 АҚШ доллары

2007 жыл – 48183,36 евро + 83615,60 АҚШ доллары

2008 жыл – 16603,09 евро + 48388, 13 АҚШ доллары


№ 28 келісім-шарты бойынша несие 3 жылға жалпы сомасы 170 000 АҚШ долларымен жылдығы 11 пайыздық мөлшерлеме ұсынылды.

Несиелерді қайтару келесі мерзімдерде болуы керек:

2005 жыл – 60 746, 11 АҚШ доллары

2005 жылға төлем бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме – 3 347,75 АҚШ доллары.

Қоғам банкпен негізгі қарызы мен сыйақыларын өтеулері бойынша есептесулерін кестеге сәйкес жүзеге асырады.


28. Қоғамның негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруына байланысты (жеткізушілердің алдындағы қарыздары, алдын-ала алған төлемдері) несиелік қарыздары:


1) солардың алдындағы қоғам активтерінің баланыстық құнының бес және одан да көп пайыздық мөлшеріндегі несиелік қарызы бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері, сонымен бірге сомасы көрсетіледі;

  1. несиелік қарыздарды өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішіндегі өтеу сомалары тоқсан бойынша бөлінеді, қалған сомалар жылдар бойынша бөлініп көрсетіледі.


Қоғамның жеткізушілердің алдында активтердің баланыстық құнының бес және одан да көп пайызынан асатын қарыздары жоқ.


5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы


Акционерлік қоғам қаржылық ұйымдарға жатпайды.

30-42 тармақтар толтырылмаған.


6. Бағалы қағаздарды шығару туралы мәлімет


43. Барлық тіркелген бағалы қағаздарды шығаруға қатысты көрсетіледі:

Бағалы қағаздардың 1 шығарылымы: 1999 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясымен А4027 номерімен тіркелген. Шығару түрі құжатсыз.

Номиналды құны 50 (елу) теңгеден саны 751 432 (жеті жүз елу бір мың төрт жүз отыз екі) дана 37 571 600 (отыз жеті миллион бес жүз жетпіс бір мың алты жүз) теңге сомасындағы жай атаулы акциялар.

2) Акцияларды орналастырудың басталған уақыты: 1999 жылғы 26 қараша


Акцияларды орналастырудың аяқталған уақыты: 1999 жылғы 29 қараша


3) Қоғамның бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін орындамағаны туралы мәліметтер: жоқ.

4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналдыру тоқтатылған немесе бағалы қағаздарды шығару орындалмаған деп таныған жағдайларда, осы шешімді қабылдаған мемлекеттік органды, шешімді қабылдаудың уақыты мен негізі көрсетілуі керек: бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналдыру тоқтатылған жоқ, және бағалы қағаздарын шығару орындалмаған деп танылған жағдайлар болған жоқ.


5) Облигациялар бойынша өтеудің уақыты мен төлемдердің жалпы сомасы:

облигациялар шығарылған жоқ;


6) бір акцияға (жай, артықшылық берілген) дивидендтің сомасы және соңғы қаржылық екі жылдағы әр жылға акцияның әрбір түріне берілетін дивидендтердің жалпы сомасы:

тенге




Жай акцияларға дивидендтер







1 акцияға

барлығы

2003 ж

-

-

2004 ж

17,870412

13 428 400


7) қоғамның бағалы қағаздарымен сауда жасауды жүзеге асырған негізгі нарықтар, сауданы ұйымдастырушылардың атауын қоса алғанда:

Қоғамның бағалы қағаздарымен нарықта сауда жасау жүзеге асырылмайды.

7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет.



44. Акциялар туралы мәлімет:

1) акциялардың саны, түрлері;

1 020 000 жай акциялар


2) құрылтайшылардың арасында орналастырылған акциялардың саны мен түрлері:

751 432 жай акциялар


3) құрылтайшылармен төленген акцияның номиналды құны:

50 теңге


4) артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері: артықшылық берілген акциялар шығарылған жоқ.


45. Қоғамның еркін айырбасталатын бағалы қағаздары:

Еркін айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылған жоқ.


45-1. Төлеу агенті туралы мәлімет:

Төлеу агентінің қызметі пайдаланылған жоқ.


46. Қоғамды тіркеуші туралы мәлімет:

Қоғамның тәуелсіз тіркеушісі: «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі» акционерлік қоғамы,

заңды мекен-жайы: ҚР, Алматы қ., Мұратбаев көш. 75,

байланыс телефондары: 53-57-90, 53-71-77.

Лицензия № 0406200345, Қазақстан Республикасының қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша Агенттігі 2005 жылғы 10 наурызда берген.

2004 жылғы 13 сәуірдегі бағалы қағаздарды ұстаушыны тіркеуді жүргізуге арналған № 000 – В – 2343 келісім-шарт.


8. Қосымша ережелер



47. Акцияларды шығаруға кеткен шығындардың сомасы: жоқ.


48. Инвесторларға арналған ақпарат.

Инвесторлар Қоғамның Жарғысының, акцияларды шығару проспектісінің көшірмесімен, сонымен бірге қоғамның инвесторлардың арасында мына мекен-жай бойынша: Алматы қ., Түркебаев көш., 92 тарататын басқа да қажетті ақпараттармен таныса алады.


Бас директор Г.В. Межибовский


Бас бухгалтер Л.В. Саттарова


Похожие:

«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі iconАкцияларды шығару проспектісі «Полиграфия» Акционерлік қоғамы
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалатын ақпараттың растылығы үшін жауап береді, және мұнда ұсынылған...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі iconАкционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісіне
Акционерлік қоғамның лауамызды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың растығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі icon«Greenwich cm» ҚК» АҚ акцияларды шығару проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді және онда берілген барлық...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі icon«ТрансОйл» ск ақ акцияларды шығару проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқарады, және де бұнда...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі icon«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару саясаты астана, 2009
«Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі iconАкцияларды шығарудың проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді және онда берілген барлық...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі icon«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы
Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №485-ц бұйрығына сәйкес құрамынан Қоғамды бөліп шығару арқылы «Локомотив» акционерлік қоғамын...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі icon1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер
Акционерлік қоғамының толық және қысқартылған атауы: «Астана Сити Палас» акционерлік қоғамы
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі iconАкцияларды шығару бағыттамасы
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы бағыттамадағы ақпараттардың дұрыстығына жауап береді және ондағы берілген барлық ақпараттардың...
«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі iconТрансэнерго” акционерлiк қоғамының акцияларды шығару проспектiсi
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетiнi бойынша тексерiлген. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдары осы проспектiдегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница