Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
страница9/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish530029_8697.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
53-3-бап. Санкциялар

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануды уәкілетті орган не сот осы Заңға сәйкес жүргізеді.

2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;

2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;

3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруды;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды ;

5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы.

 

54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;

2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;

2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;

3) қатарынан екi ай бойы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi табыс етпеген;

4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін   тексеруге байланысты уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының , басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;

6)  2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды   

7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;

8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған ;

8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;

9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады;

10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.

1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

Мұндай шешiм  лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

4. Осы баптың 1-тармағының  2) тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.

 

55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру

1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;

2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;

2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөнiндегi жазбаша нұсқамасын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;

2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;

3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетi болмаған ;  

6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.

1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.

2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.

3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.

4. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.

 

56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары

1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешiмi оны уәкілетті орган қабылдаған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензиядан айыру туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.

2. Лицензиядан айырған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.

3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқару органдарының өкiлеттiгi көшедi.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.

4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.

Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы ic материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiк тағайындалған кезеңдегi жұмыс тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

 

57-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды

58-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды

 

59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;

1-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, актуарий қызметін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;

3) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;

4) актуарий осы Заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған;

5) лицензияланған қызметтi сақтандыру рыногында соңғы екi жыл бойы жүзеге асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.

2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

 

60-бап. Актуарийді лицензиясынан айыру

1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;

2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;

3) актуарий есептеулерiн жүргiзу барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi органнан басқасына) берiлген;

4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;

5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.

2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.

 

61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.

2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

11-тарау. Қайта құру

 

62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуы

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуы Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргізіледі.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асыруға болады.

Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға ретінде өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алу үшiн өтiнiш беруге акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiз болады.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының icon2002 жылғы 3 маусымдағы №211 қаулысымен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница