Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
страница8/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish530029_8697.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәмiлелер жасауына қойылатын шектеулер

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:

1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне  қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттары бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алудан;

3) сақтандыру қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

4) сақтандыру агентінің қызметін қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

5) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алудан;

7) сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру шарттары бойынша мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу бір эмитенттің орналастырылған акциялары жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.

1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:

1) 1), 3)-5) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он бес процентінен;

2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, олардың құны негізге алынып есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он процентінен аспауға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының алпыс процентінен аспауға тиіс.

1-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акциялары санының оның дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасының;

заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі қатысу үлесінің он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен көбею немесе азаю фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

1-3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметіне қолданылады.

2. 2005.23.12  № 107-III ҚР  Заңымен алып тасталды    

3. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен   алып тасталды     

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бес күн мерзiмде өз мүлкiнiң кепiлi, кепiлдiк беру немесе басқа да баланста көрсетiлмеген мiндеттемелердi қабылдағаны туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепiлдiгi тiзiлiмiн жүргiзуге және өзге де мiндеттемелерiне байланысты қосымша талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

 

49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершiлiк лимитi (сақтандыру сомасы немесе өздiгiнен ұстап қалу) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.

2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiмдi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi актуарийдiң алдын ала қорытындысы негiзiнде бекiтуге тиiс.

 

50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция  шығаруға құқығы жоқ.

 

51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.

1) мәмiленiң нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары жинақталымының жиырма бес процентiнен астамын бiр тұлға немесе қосылма тұлғалар тобы иеленетiн, басқаратын немесе кепiлге иеленетiн болса;

2) осы Заңның 35-бабының 2-тармағындағы тармақшалардың бiрiне қатысы бар тұлға мәмiле тараптарының бiрi болып табылса уәкiлеттi органының алдын ала рұқсатын алуға мiндеттi.

2. алып тасталды

3. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесiне ие заңды тұлғаның немесе оффшорлық аймақта тiркелген жарғылық капиталына заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары санының бес проценттен астам мөлшерiндегi дауыс беретiн акцияларды иеленуге құқығы жоқ.

4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.

 

52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт оны жасаған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, онымен және оның құрылтайшыларымен қосылма тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау ынтымақтасқан негiзде жүзеге асырылады. Ынтымақтасып қадағалау ережелерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

10-тарау. Санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары

 

53-бап. Ертерек ден қою шаралары

1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:

1) төлем қабілеттігі маржасы жеткіліктілігінің нормативін төмендетуді;

2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеуді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеуді;

3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;

6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін азайту жолымен қысқартуды қолданады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген әсер ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.

4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

53-1-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі  қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына:

1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;

3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;

4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;

5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін, ірі қатысушы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасын­дағы ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, сондай-ақ ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.

Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.

Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.

Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның ак­ция­ларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақ­тандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады

 

53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:

1) жазбаша міндеттеме талап етуді;

2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;

3) жазбаша ескерту шығаруды;

4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.

Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің жазбаша міндеттемесі орын алған кемшіліктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған кемшіліктерге және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.

3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.

Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.

Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.

Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.

4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.

5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.

6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

7. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.

8. Ұлттық Банк реттелуі өз құзыретіне кіретін мәсе­лелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокерлеріне осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттеменің, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің оларда көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етуге міндетті.

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының icon2002 жылғы 3 маусымдағы №211 қаулысымен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница