Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
страница7/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish530029_8697.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
42-бап. Уәкiлеттi орган

1. Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Уәкiлеттi органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.

 

43-бап. Уәкiлеттi органның функциялары және өкiлеттiгi (құқықтары)

Уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;

2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат  бередi;

3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;

3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді;

3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;

3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;

3-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;

4-1) сақтандыру портфелін берудің тәртібін айқындайды;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;

9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;

9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;

9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

11) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды

11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;

12) 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алынып тасталды

13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн , сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін    тексеру iсiн жүргiзедi;

15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;

16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;

17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;

18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;

19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;

20) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды

21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;

22) міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді;

22-1) ертерек ден қою шараларын қолданады;

23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;

24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;

25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;

27) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.

 

44-бап. Тексеру

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру)  ұйымының, сақтандыру брокерінің және олардың оқшауланған бөлімшелерінің қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган жүргiзедi.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға жәрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау үшiн қажеттi барлық құжаттар мен өзге де ақпарат көздерiне қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Инспекциялауды жүзеге асыратын адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауап бередi.

4. Өздерiне заң актiлерiнде берiлген өкiлеттiк шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының  , сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінің қызметiн тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықтағы анықталған жолсыздықтар жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

 

9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымдарының қызметін реттеу

 

45-бап.  2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  алып тасталды 

 

46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті

өзге де нормалар мен лимиттер

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.

2. Пруденциялық нормативтерді:

1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;

2) кепілдік қорының ең аз мөлшері;

3) төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;

4) төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;

5) жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;

6) активтерді әртараптандыру нормативі құрайды.

Уәкілетті орган қосымша пруденциалық нормативтер белгілеуге құқылы.

3. Төлем қабілеттігі маржасы активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асуы болып табылады.

4. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасын белгіленген ең аз мөлшерден төмендету нәтижесінде құрылады.

5. Жекелеген сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалуының ең көп мөлшері актуариймен есептеледі және төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспауға тиіс.

Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы тармақта көрсетілген нормативтен асатын сақтандыру тәуекелінің тек қана бір бөлігін қайта сақтандыруға беруге құқылы.

Өздігінен ұстап қалудың ең көп мөлшері есептік күнге, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын жасасу күнінің алдында екі ай бұрын есептеледі және осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты қолданыста болған барлық кезең ішінде әрбір келесі есептік күнге сақталуға тиіс.

6. Топтап сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір сақтандырылушыға жеке есептеледі.

7. Ортақ сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір ортақ сақтандырушының сақтандыру сомасынан түскен үлес негізінде есептеледі.

8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру жөніндегі және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.

9. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымдарының цеденттің алуы үшін есептеген сақтандыру сыйлықақыларының олардан цеденттің алуына есептелген комиссиялық алымдар шегерілгендегі жиынтық мөлшері толық қаржы жылы аяқталғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінің сексен бес процентінен аспауға тиіс.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есеп беруіне кірмейтін туынды қаржылық құралдардың болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.

11. Пруденциялық нормативтерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелері, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу үшін сапасы және өтімділігі бойынша сыныптамасын ескере отырып, активтер құнын есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

11-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептілікке деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде, пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

12. Қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

 

46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері

1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (басқаруға құқығы бар) ірі қатысушысы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерге ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.

 

47-бап. Сақтандыру резервтерi

1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.

2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.

3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және  олардың құрылымына, соның ішінде қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдарға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының icon2002 жылғы 3 маусымдағы №211 қаулысымен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница