Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
страница6/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish530029_8697.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар

1. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды    

2. Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:

1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;

2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;

3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.

 

36-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды  

 

7-тарау. Лицензиялау

37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау

1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;

5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;

9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;

10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;

11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;

12) міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауды растайтын құжаттарды табыс етеді.

Осы тармақта жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;

3) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;

4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.

3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

1) мыналардың:

сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;

сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;

сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);

сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.

4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезінде бизнес-жоспарда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.

5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.

6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.

7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;

3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;

4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.

8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;

3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;

5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;

6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;

7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;

8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

 

37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.

2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.

Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.

Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.

4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

 

38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі

қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге

асыру құқығына лицензия беруден бас тарту

1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):

1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;

2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін  жүгінбеуі;

3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

4) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;

5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.

2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:

1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;

2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;

3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.

 

39-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды

40-бап. Актуарийдiң қызметiн лицензиялау

1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру рыногындағы актуарий қызметін жүргізуге лицензия беру жөнiндегi бiрден-бiр лицензиар болып табылады.

2. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.

3. Актуарий екi жыл сайын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырып отыруға мiндеттi.

4. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

 

8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру iсiн

қадағалауды жүзеге асыру

41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi

1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;

2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;

3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;

4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.

2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актiлерiнде көзделуi мүмкін.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының icon2002 жылғы 3 маусымдағы №211 қаулысымен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница