Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
страница4/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish530029_8697.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
26-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:

1) осы Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;

2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;

3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

4) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;

6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

7) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздейтін қаржылық салдарларды талдау;

9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада  осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы;

11) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табыл­ған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.

Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негізі уәкілетті орган елінің қадағалау органымен ақпарат алмасу туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайларға қолданылмайды.

2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;

2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;

3) аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;

5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;

6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.

3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

 

27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар табыс етiледi:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;

2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi;  аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;

5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;

6) құрылтай­шылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар.

Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі , уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуе­келдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;

6-1) 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен алып тасталды  

7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.

1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы баптың 1-тармағында тізбектеліп көрсетілген құжаттардан басқа, осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.

2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.

7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.

 

28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден:

1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес болмауы;

2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;

3) уәкiлеттi органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу ;

4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;

5) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды

6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;

7) құрылтайшы-жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.

2. Уәкiлеттi орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

 

29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi

Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:

1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;

3) уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш бермеген жағдайларда керi қайтарып алуға құқылы.

 

30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеу

1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның оны құруға берген рұқсаты және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi органмен келiсiлгенiн растайтын деректер болған жағдайда жүзеге асырады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.

 

31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзiлгенге дейiн уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге не әдiлет органдарына хабарлануға тиiс.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды алдын ала келiсу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

 

32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес

ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық

капиталдарына қомақты қатысуы

1. Осы Заңның 48-бабының 1-тармағында аталған шектеулерді ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.

Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде осы баптың талаптары ескеріле отырып айқындалады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.

Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атын пайдалануға міндетті.

3. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы екі жыл ішіндегі залалдары (олар болғанда) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асып кетпеген және өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті табыс етеді және оған мынадай құжаттарды:

1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;

4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді;

5) бизнес-жоспарды табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

6) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

7) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;

8) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

9) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;

10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде қоса:

заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;

акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;

заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;

акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;

11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;

12) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.

5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:

1) рұқсат алуға қажетті, осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;

2) еншілес ұйым басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш берген күнге дейінгі үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көзделетін еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

5) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;

6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;

7) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі көзделетін қаржылық салдарлар талдауы негіздер болып табылады.

6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.

Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

.8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептер бойынша еншілес ұйымды бақылауды иемде­ніп алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті ор­ган­ның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.

9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып беріледі.

Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алу үшін осы тармақта көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.

10. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын, табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

11. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы рейтингтік агенттіктердің біреуінің ең аз талап етілетін рейтингісі болған кезде Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

12. Уәкілетті орган:

1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;

2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;

3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған;

4) еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның қызметі осы Заңның 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты өзі белгілеген тәртіппен кері қайтарып алады.

Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғы­лық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы сақтан­дыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының icon2002 жылғы 3 маусымдағы №211 қаулысымен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница