Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының




НазваниеСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
страница2/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish530029_8697.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасалуына тыйым салу

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасауына тыйым салынады.

2. Жеңілдікті жағдайлар жасау:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәмілеге келуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің табиғаты, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын клиенттермен оның мүддесі үшін мәмілеге келмеуін;

2) сақтандыру тарифін төмендетіп қолдануды не басқа сақтанушыларға қарағанда жоғары сақтандыру төлемін жүзеге асыруды білдіреді.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай да бір тұлғамен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы алдындағы міндеттемесін төлеу мүмкіндігін оған беру мақсатында мәмілеге келе алмайды.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап құқықтарынан бас тарту кейіннен акционерлердің жалпы жиналысын хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және:

өзі;

өзінің кез келген жақын туыстарының бірі;

өзі немесе жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәмілені қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспауға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысандар бойынша беруге міндетті.

 

16-бап. Сақтандыру ұйымына сақтанушыларға ақпарат беру жөнiнде қойылатын талаптар

1. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.

Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына тиiстi екi облыстық газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.

2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi.

3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан оның қызметінің кірістері мен шығыстары пайдалары мен шығындары туралы бухгалтерлік баланс пен есептен тұратын жылдық қаржы есебін және аудиторлық ұйым куәландырған аудиторлық есепті сұратып алуға құқығы бар.

  

4-тарау. Сақтандыру делдалдығы

16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру

1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.

2. Сақтандыру брокерінің атауы "сақтандыру брокері" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.

3. Сақтандыру брокеріне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.

4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

 

16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын

талаптар

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.

2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлеріне бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызмет атқаруға болмайды.

 

16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын

қалыптастыру

1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестерін не акцияларды ұлттық валютадағы ақшамен ғана төлеуге міндетті.

2. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін толық төлеуге тиіс.

3. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне және сақтандыру брокері қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын

талаптар

1. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.

Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.

2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін:

1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін;

3) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздеу мен тартуды;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасауды;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырма талдау жасау мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;

6) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемдерін әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;

7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;

8) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;

9) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болғанда, оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауды;

10) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;

11) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда шағымдарды қарау кезіндегі құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;

12) консультация өткізуді және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесуді;

13) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеуді;

14) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін оларды кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;

15) мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығынды қарау және реттеу жөніндегі құжаттар дайындауды;

16) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сарапшылар қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

3. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.

4. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерінде айқындалуға тиіс.

 

18-бап. Сақтандыру агентiнiң қызметi

1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру рыногында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарымен белгiленедi.

Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.

2. Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.

3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолмақол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.

4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.

 

18-1-бап. Сақтандыру агентіне қойылатын талаптар

1. Жеке тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, ол сақтандыру агенті бола алмайды.

2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:

1) сақтанушыға агенттік келісімді немесе сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің сақтандыру шартын жасасуға құқығын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуге;

2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымы (сақтандыру ұйымдары) лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі соның (солардың) сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы (барлық сақтандыру ұйымдары) туралы ақпарат беруге;

3) сақтанушының талап етуі бойынша жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен таныстыруға міндетті.

 

5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит

19-бап. Актуарийлiк қызмет

1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.

2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.

4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.

5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.

6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.

20-бап. Аудит  

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықтық өкілеттігі бар аудиторлық ұйым жүргізеді.

1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің аудитін қатарынан жеті жылдан астам бір аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда жүргізуге құқылы емес.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігін тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.

3. Аудиторлық ұйым, жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық есептің көшiрмесiн, уәкiлеттi органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;

2) пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуға әкеп соқтырған;

3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.

6. Iшкi аудит жүргiзу тәртiбi, уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.

7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.

7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.

Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.

7-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының icon2002 жылғы 3 маусымдағы №211 қаулысымен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconӨсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
Республикасының Азаматтық кодексi және "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы...
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница