Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница5/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/26/41/publish41-976116379..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6-1 –тарау. «Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын өтеу және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша резервті қалыптастыру» пруденциалдық нормативі

72-1. Егер салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын агрессивті инвестициялық портфельден зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың осы агрессивті инвестициялық портфеліне осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналарының сомасына қарағанда аз шаманы құрайтын болса, Ұйымда зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың алдында осы айырманы өтеу бойынша нақты міндеттеме пайда болады.

Айырманы өтеу мынадай формула бойынша жүзге асырылады:

егер: PAt < (PA1 + St),

онда: Cm = (PA1 + St) – PAt, мұнда

t – салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күнінен зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезең;

Cm – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы нақты өтеу сомасы;

PAt – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен күнінің және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезеңдегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты;

РА1 салымшылардың (алушылардың) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен сәтіндегі жинақталған зейнетақы қаражаты;

St – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне жарналардың бастапқы келіп түскен сәтінен бастап және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі кезеңде инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы:

t

St =  Sn n = 2, 3, …, t болған кезде, мұнда Sn = (Sn-1 * In + Pn), мұнда

n = 2

n – есепті ай (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);

Sn – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін n айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы;

Sn-1 – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n-1 айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);

In – n айда пайыздардағы инфляция;

Рn - n айда міндетті зейнетақы жарналарының келіп түсуі.

Бірінші айда салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне келіп түсуі:

S1 = P1

Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы ықтимал өтеудің орнын толтыру үшін Ұйым мынадай формула бойынша есептелетін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде резервті қалыптастырады:

егер: PAn <( PA1 + Sn),

онда: Arn = (PA1 + Sn) – PAn, мұнда

Arn – n айдағы бағалау резервтерінің (провизияларының) сомасы;

PAn – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылар (алушылар) жарналарының бастапқы келіп түскен күнінен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n айдағы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай).

72-2. Ұйым резервті ай сайын есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына есептейді.

72-3. Бұдан бұрын қалыптастырылған резервтің сомасы ағымдағы сәтте қалыптастыруға қажетті резервтің сомасынан асқан жағдайда Ұйымның резервті (резервтің бөлігін) қалпына келтіруіне жол беріледі.


7-тарау. Пруденциалдық нормативтердің есебін және пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді ұсыну тәртібі

 

73. Ұйым әрбір жұмыс күні осының алдындағы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша, сондай-ақ тікелей ағымдағы жұмыс күнінің алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңына мыналарды:

1) К1 коэффициентінің мәнін;

2) жүзеге асырылған инвестициялардың 4-пруденциалдық нормативке сәйкестігін есептейді.

Ұйым ай сайын, есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша К2 коэффициентінің мәндеріне есептеулер жүргізеді.

74. Осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларына сәйкес К1 коэффициенті, 12, 13-қосымшаларға сәйкес К2 коэффициенті мәндерін есептеулерін және осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтерді Ұйым уәкілетті органға ай сайын осы Нұсқаулықтың қосымшаларының мынадай нысандары бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей береді:

2010 жылғы 1 қаңтарға дейін:

қағаз жеткізушіде – осы Нұсқаулықтың 9, 12, 13-қосымшасы.

Электрондық жеткізушіде – осы Нұсқаулықтың 1, 2 (2-кесте), 3, 4, 5, 12, 14-қосымшалары;

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:

қағаз жеткізушіде – осы Нұсқаулықтың 9, 12, 13-қосымшасы;

электрондық жеткізушіде – осы Нұсқаулықтың 1, 2 (2-кесте), 6, 7 (1, 2-кесте), 8, 12, 14-қосымшалары.

Ағымдағы айдың басында зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір қор бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны жөніндегі анықтама өткен ай бойынша осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасындағы нысанға сәйкес ұсынылады.

Осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес нысандағы ағымдағы айдың басында зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір қор бойынша номиналды кіріс коэффициенттері туралы мәліметтер ұсынылады.

Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Оларды жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан асатын сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

75. Қағаз жеткізушідегі КК2 коэффициенті мәндерін есептеулерге және пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтерге Ұйымның бірінші басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырады және Ұйымда сақталады.

76. Пруденциалдық нормативтердің есебіне арналған қосымша мәліметтер және есептеулер электрондық жеткізушіде ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.

77. Электрондық жеткізушіде ұсынылатын деректердің қағаз жеткізушідегі деректермен сәйкестігін Ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

78. Ұйымның пруденциалдық нормативтерінің мәндері осы Нұсқаулықта белгіленген мәндерге сәйкес келмеген жағдайда, Ұйым бір жұмыс күнінің ішінде мұндай сәйкес келмеу фактісі және себептері туралы оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен қоса, уәкілетті органға хабарлайды.

Ұйымның осы Нұсқаулықтың 4-тарауымен белгіленген талаптарды орындамауы пруденциалдық нормативті орындамау болып табылады.

79. Ұйым бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған жағдайда, пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесіне сәйкес анықталады.




Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың
1-қосымшасы



 

ұйымның атауы

 

200__ жылғы «____» __________

кредиттік тәуекел 

 

(мың теңгемен)

р/р


Баптардың атауы

Сомасы

Пайыздардағы тәуекел деңгейі

Есеп айырысу сомасы

I топ

1

Қазақстан Республикасы кастодиан банкінің инвестициялық шотындағы және төлем шотындағы қалдық

 

0

 

2

Жол үстіндегі ақша

 

0




3

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарын қосқанда) мемлекеттік бағалы қағаздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар

 

0

 

4

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

0

 

5

«Кері репо» операциялары

 

0

 

6

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

 

0

 

7

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

 

0

 

8

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-дан төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

0

 

9

Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар, оның ішінде «Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-дан төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі 12 айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттер

 

 

0

 

 

 

II топ

10

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А+»-тен «А-» дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

 

20

 

11

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А+»-тен «А-» дейінгі рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

20

 

12

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар

 

20

 

13

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша  »kzА-»-тен төмен емес рейтингтік

бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

 

20

 

14

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес бас банкінің резидент еншілес банктеріндегі салымдары




20




15

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

20

 

16

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша  »kzА-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағадары, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

20

 

17

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар ұйымдардың:

  • айналыс мерзімі үш жылдан аспайтын;

  • principal protected notes шығарылымының талаптарында қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

деген сияқты талаптарына сәйкес шығарған Principal protected notes

 

20

 

18

Мөлшері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін, ол бойынша мемлекеттің кепілдемесі бар екендігі № 77 қаулымен көзделген, эмитент «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санаты талаптарына сәйкес болатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары

 

20

 

III топ

19

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ+»-тен бастап «ВВВ-» дейінгі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

 

50

 

20

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ+»-тен бастап «ВВВ-» дейінгі рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

50

 

21

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ+»-тен бастап «ВВВ-» дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzА-» бастап «kzBBB» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

 

50

 

22

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А+»-тен «А-» дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес бас банкінің резидент еншілес банктеріндегі салымдар




50




23

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А+»-тен «А-» дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

50

 

24

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған және «Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ+»-тен бастап «ВВВ-» дейінгі рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzА-» бастап «kzBBB» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

50

 

25

«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

50

 

26

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А+»-тен «А-» дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар ұйымдардың:

  • айналыс мерзімі үш жылдан аспайтын;

  • principal protected notes шығарылымының талаптарында қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің міндеттемелері бойынша дефолт жағдайы көзделмеген

деген сияқты талаптарға сәйкес шығарған Principal protected notes

 

50

 

IV топ

27

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ+»-тен бастап «ВВВ-» дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB-» бастап «kzBB» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

 

100

 

28

«Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ+»-тен бастап «ВВВ-» дейінгі рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

100

 

29

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған және «Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ+»-тен бастап «ВВ-» дейінгі рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB-» бастап «kzBB» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

100

 

30

Мөлшері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының толық емес көлеміне сәйкес келетін, ол бойынша мемлекеттің кепілдемесі бар екендігі № 77 қаулымен көзделген, эмитент «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санаты талаптарына сәйкес болатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары

 

100

 

V топ

31

Осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 3) тармақшасының 4- абзацына сәйкес «Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен бастап «В-» дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-» бастап «kzB+» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

 

130

 

32

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған және «Standard & Рооr's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен бастап «В-» дейінгі рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар, немесе «Standard & Рооr's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-» бастап «kzB» дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ эмитентінің осыған ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған айырбасталмайтын артықшылықты акциялар

 

130

 

VI топ  

33

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, эмитент № 77 қаулымен көзделген «бірінші шағын санаттың рейтинг бағасынсыз борыштық бағалы қағаздар (аса жоғары санат)» санатқа сәйкес келетін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

200


 

34

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының (аса жоғары) талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының айырбасталмайтын артықшылықты акциялары










35

«№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдары

 

200


 

35-1

Осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған борыштық бағалы қағаздар




200




36

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, эмитенті №77 қаулымен көзделген «екінші шағын санаттың рейтинг бағасынсыз борыштық бағалы қағаздар___ (аса жоғары санаттан кейінгі)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

 

300


 

37

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының екінші санатының (аса жоғары) талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының айырбасталмайтын артықшылықты акциялары










38

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер сомасының жиынтығы

 

х

 


Кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:

Кестенің 4 бағанындағы 33 реттік нөмірлі жолы үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап -150.

Кестенің 4 бағанындағы 35, 36, 38 реттік нөмірлі жолдары үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап -200.

Зейнетақы активтерін кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау кезінде егер борыштық бағалы қағаздың арнайы борыштық рейтингі болса, онда бұл бағалы қағаз осы рейтинг бойынша есепке алынады.

Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар кредиттік тәуекелдің есебіне көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны мен олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы қосымшада көрсетілген контрагенттің санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту арқылы енгізіледі.

Фьючерс, опцион, своп және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналды құнының осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген және көрсетілген қаржы құралдарының өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Осы тармақта көрсетілген Қаржы құралдарының нарықтық құны (өтеу құны) мыналарды білдіреді:

сатып алу мәмілелері бойынша – осы қаржы құралының номиналды келісімді құнынан қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнның асқан шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды келісімдік құнынан кем немесе оған тең болса, онда өтеу құны нөлге тең болады;

сату мәмілесі бойынша – осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан қаржы құралының номиналды келісімдік құнның асу шамасын білдіреді. Егер қаржы құралының номиналды келісімдік құны оның ағымдағы нарықтық құнынан кем немесе оған тең болса, онда өтеу құны нөлге тең болады.

Бивалюталық қаржы құралдары (талап ету мен міндеттеме әртүрлі шетел валюталарында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша - өтеу құны есептілікті жасау күніндегі бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асқан шегі ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік баламасының шегі міндеттемелердің теңгелік баламасынан кем немесе оған тең болса, онда өтеу құны нөлге тең болады.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды келісімдік құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасасу күні көрсетілген қаржы құралдарының құнын білдіреді. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды келісімдік құны ретінде Ұйымда сұраныс қалыптасатын валюта алынады.     

Сатылған опциондар бойынша өтеу құны есептелмейді.

  Кредиттік тәуекел бойынша борыштық бағалы қағаздарды мөлшерлеу кезінде principal protected notes ескерілмейді.

Бірінші басшы немесе есепке қол

қоюға уәкілетті тұлға   ___________________________________________

  (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

 

Бас бухгалтер _____________________________________________

  (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

 

Мөр орны


Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесіне 2-қосымша


 

 1-кесте

(Ұйымның атауы )

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница