Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница4/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/26/41/publish41-976116379..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4-тарау. «Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу бойынша Ұйымның шартты міндеттемесі бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру»

3-пруденциалдық норматив

 

32. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициенті өткен есепті кезеңде номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициенті мәнінен он бес пайыздан көп теріс ауытқыған жағдайда, Ұйымда зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша болашақта шартты міндеттемелер туындайды.

Ұйым шартты міндеттемелерді жабу үшін шартты міндеттемелер бойынша жүз пайыз мөлшерінде резервті (провизияны) қалыптастырады және оны «Міндеттемелер» бөліміндегі меншікті қаражат бухгалтерлік баланста көрсетеді.

33. Ұйым ай сайын ықтимал өтеу сомасын мына формула бойынша есептейді:

S1 = (Сср1 - Сt)* Yei, мұнда: Сср1 > Сt

S1 - номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициенттен теріс ауытқу барысында ықтимал өтеу сомасы;

Сср1 - ықтимал өтеуді номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициентінен теріс ауытқу барысында есептеу үшін зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің қажетті орташа құны;

Сt - есепті күнге зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;

Үеі – есепті күнге зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

Сср1 мәні мына формула бойынша есептеледі:

Сср1 = ((Кср - (Кср*15 %)+100)/100)*Со, мұнда:

Кср – өткен есепті кезеңге Қорлардың зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициентінің мәні;

Со – есепті күннің алдындағы алпыс және одан көп айлар бұрын Ұйымда болған Қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.

34. Есепті жылы өткен айларға зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициентін өтеу бойынша Ұйымның шартты міндеттемесі бойынша резервтер (провизиялар) сомасы мына формула бойынша есептеледі:


n

ОS1 = -------*S1, мұнда:

12


ОS1 - зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициентін өтеу бойынша Ұйымның шартты міндеттемесі бойынша резервтер (провизиялар) сомасы;

n – есепті жылға өткен айлардың саны.

S1 – осы Нұсқаулықтың 33-тармағының үшінші абзацында көрсетілген ықтимал өтеу сомасы.

35. Резервті (провизияны) Ұйым ай сайын әрбір есепті күнге есептейді.

36. Есепті күндегі резервтерден (провизиялардан) қалыптастырылған резерв (провизиялар) асып түскен жағдайда, Ұйымның резервті (провизияны) (резервтердің (провизиялардың бөлігін)) қайта қалпына келтіруге рұқсат беріледі.

Активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициенті мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы кері айырманы нақты өтеген жағдайда, Ұйым К2 коэффициентін өтеу бойынша резервті біруақытта шығынға жазады.

Уәкілетті органның Web-сайтында жарияланғандардың нәтижелері бойынша соңғы өткен толық алпыс ай үшін ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициентінің мәндері және активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициенті мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы кері айырманы нақты өтеу қажеттілігі болмағанда Ұйымның К2 коэффициентін өтеу бойынша резервті (провизияларды) шығынға жазуға жол беріледі.

36-1. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдері бойынша К2.1 және (немесе) К2.2 номиналды кіріс коэффициентін ықтимал өтеу бойынша резерв 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап және осы Нұсқаулықтың 32-36-тармақтарына сәйкес есептеледі.


5-тарау. «Инвестициялау лимиттері» 4 пруденциалдық норматив

   

37. «Инвестициялау лимиттері» 4 пруденциалдық нормативін есептеуді Ұйым зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қорға қатысты күн сайын жүзеге асырады.

38. «Инвестициялау лимиттері» 4 пруденциалдық нормативін есептеу барысында:

1) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің меншікті капиталы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының талаптарына сәйкес жарияланған соңғы тоқсандық баланстың негізінде анықталады;

2) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының меншікті капиталы қор биржасының Web-сайтында орналастырылған соңғы тоқсандық баланстың негізінде анықталады;

3) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің меншікті капиталы Reuters немесе Bloomberg ақпараттық талдау жүйелерінде, қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының сауда жүйелерінде осы бағалы қағаздарға баға белгіленетін Web-сайтында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің Web-сайтында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансының негізінде анықталады;

4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының дауыс беретін және орналастырылған акцияларының жалпы саны уәкілетті органның ресми Web-сайтында ай сайын орналастырылатын деректердің негізінде анықталады;

5) пайлары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны уәкілетті органның ресми Web-сайтында тоқсан сайын орналастырылатын деректердің негізінде анықталады;

6) «BBBm-»-тен төмен емес «Standard & Poor's principal stability fund ratings» не «BBBf-»-тен төмен емес «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қордың активтерінің мөлшері Reuters немесе Bloomberg ақпараттық талдау жүйелерінде, қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының сауда жүйелерінде осы пайларға баға берілетін web-сайтында немесе осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының Web-сайтында орналастырылған деректердің негізінде анықталады;

7) Ұйымның меншікті активтерінің мөлшері Ұйымның меншікті активтер бойынша күн сайынғы бухгалтерлік балансының деректерінің негізінде анықталады;

8) зейнетақы активтерінің мөлшері зейнетақы активтері бойынша күн сайынғы бухгалтерлік баланстың деректерінің негізінде анықталады;

9) борыштық бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшері борыштық бағалы қағаздардың ағымдағы құны бойынша анықталады.

39. Инвестициялау лимиттерін есептеу барысында:

1) осы Нұсқаулықтың 45, 59-тармақтарымен белгіленген, бір-біріне қатынасы бойынша аффилиирленген банктер бір банк есебінде танылады;

2) осы Нұсқаулықтың 49-тармағымен белгіленген, бір-біріне қатынасы бойынша аффилиирленген, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын эмитенттер Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын бір эмитент ретінде танылады.

Осы тармақтың қолданылуы кредиттік бюролардың қатысушылары (акционерлері) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акцияларының (қатысу үлестері) мемлекеттік пакеттері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген заңды тұлғаларға таралмайды.

40. Осы тараумен белгіленген инвестициялау лимиттері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасының талаптарын ескере отырып, есептеледі.

41. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің отыз бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді және ипотекалық облигацияларды қоспағанда).

42. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының үлесі банктің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызының кем мәнді құрайды.

43. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған дауыс беретін акциялардың үлесі осы банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

44. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған орналстырылған акциялардың үлесі осы банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды

45. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және осы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылатын эмитенттері, сондай-ақ осы банктің ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) осы банктің ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.

Егер, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктің аффилиирленген тұлғасы – эмитенті, сондай-ақ осы банктің ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) осы банктің ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы ипотекалық облигациялардың шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, онда осы ипотекалық облигацияларға Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері осы Нұсқаулықтың 46 және 47-тармақтарымен белгіленген мәндерден аспайды.

46. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигациялар эмитенттері мен инфрақұрылымдық облигацияларды және мемлекеттің немесе қаржылық агенттіктің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда).

47. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

48. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған дауыс беретін акцияларының үлесі осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

49. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы және оның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының осы ұйымының ірі акционерлерімен шығарылған акцияларды және (немесе) оның ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.

50. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем.

51. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

52. Ұйымның жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, бір Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті шығарған акциялар үлесі осы эмитенттің акцияларының жалпы санының он пайызынан кемді құрайды.

ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚ 52-1 ТАРМАҚПЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ,БІРАҚ ОЛ 01.01.2011ж.БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ

52-1. Шетел валютасында номинирленген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына Ұйым инвестицияларының мөлшері мынадай мәндерді құрайды:

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің қырық пайызынан кем, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – меншікті активтердің жалпы мөлшерінің он пайызынан кем;

зейнетақы активтері есебінензейнетақы активтері мөлшерінің қырық пайызынан кем, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің он пайызынан кем.

53. Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының пайларына Ұйым инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің он пайызынан кем.

54. Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын бір басқарушы компанияның басқаруындағы аралық инвестициялық пай қорының пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері мына мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.

55. «BBBm-»-тен төмен емес «Standard & Poor's principal stability fund ratings» не «BBBf-»-тен төмен емес «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық пай қорына Ұйым инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем;

жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы инвестициялық қордың активтерінің он пайызынан кем.

56. Бір басқарушы компанияның басқаруындағы «BBBm-»-тен төмен емес «Standard & Poor's principal stability fund ratings» не «BBBf-»-тен төмен емес «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері мына мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.

57. Бір шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған (ұсынған) мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға Ұйым инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.

58. Бір халықаралық қаржы ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының мөлшері мынадай мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.

59. Ұйым кассасындағы күннің соңындағы ақша қалдығының мөлшері Ұйымның меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

Қазақстан Республикасының бір екінші деңгейіндегі банкіндегі Ұйымның ағымдағы шоттарындағы ақшаның барынша көп қалдығы Ұйымның меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

60. Тазартылған қымбат металдарға және метал депозиттеріне Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерді құрайды:

зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан кем;

меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтері көлемінің он пайызынан кем.

61. Осы тараумен белгіленген инвестициялау лимиттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.

62. Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банкінің, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының және Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің меншікті капиталы төмендеген жағдайда, осы Нұсқаулықтың 41, 46 және 50-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Ұйым уәкілетті органға осы сәйкес келмеу фактісі мен себептері туралы бір жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап төрт ай ішінде оны жою бойынша іс-шаралар жоспарын қоса беріп, хабарлайды.

63. Ұйымға қатыссыз себептер нәтижесінде осы Нұсқаулықтың 43, 44, 48 және 52-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Ұйым уәкілетті органға осы сәйкес келмеу фактісі мен себептері туралы бір жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап екі ай ішінде оны жою бойынша іс-шаралар жоспарын қоса беріп, хабарлайды.

63-1. Қордың зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы тарауда белгіленген инвестициялардың мөлшерінен аспайды.


 


6-тарау. Зейнетақы активтерін құнсызданудан ықтимал шығындарды жабуға резервтерді (провизияларды) қалыптастыру


64. Ұйым ай сайын осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың зейнетақы активтерінің құнсыздануына тест жүргізеді және эмитент қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамағандығының салдарынан құнын жоғалту кезінде зейнетақы активтерінің құнсыздануына байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастырады.

65. Құнсыздану тестілеріне «өтелгенге дейін ұсталатын» санатына енгізілген, сондай-ақ дефолт не делистинг жарияланған «саудаға арналған» және «сату үшін қолда бар» санаттарына енгізілген және эмитент банкрот болған жағдайда осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың зейнетақы активтері жатқызылады. Осындай қаржы құралдары құнсызданғанда олардың әділ құнын анықтау Ұйыммен келісілу бойынша Қор әзірлеген құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.

66. Бағалы қағаздардың құнсыздануы жөніндегі тестісінде құнсызданды деп танылған мынадай критерийлер анықталады:

1) эмитенттің қаржылық ахуалы;

2) төлемдердің кез келгенін өтеу кезіндегі мерзімді өткізіп алу;

3) кепілдіктің болуы;

4) белсенді нарықтың болуы;

5) рейтингтің болуы.

Акциялардың құнсыздану тестілері кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.

Борыштық бағалы қағаздарды құнсыздану тестісі барысында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген критерийлер қолданылмайды.

Әрбір критерий бойынша осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Балл сомасы бағалы қағаздардың біліктілік санатын анықтау кезінде пайдаланылады. Актив бойынша жиналған баллдардың санын негізге алып, осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес оның біліктілік санаты және қажетті резервтердің (провизиялардың) мөлшері белгіленеді.

67. Эмитенттің қаржылық ахуалы Қордың осы Нұсқаулықтың талаптарын ескеріп, Ұйымның келісімі бойынша әзірлейтін Әдістемесіне сәйкес бағаланады және оған қаржылық ахуалға баға берудің тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттардың тізбесін және эмитенттің қаржылық ахуалын анықтауға мүмкіндік беретін өзге қолайлы ақпаратты енгізеді. Әдістемені Қордың және Ұйымның басқару органы бекітеді.

Әдістемеде эмитенттің қаржылық ахуалын сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштер болуы тиіс:

1) төлем қабілеттілігі - Әдістемемен белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негізге алып есептелетін, өз міндеттемелеріне қызмет жасаудағы эмитенттің қабілеттілігін ашады;

2) қаржылық тұрақтылық - Әдістемеде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негізге алып есептелетін, капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасы бойынша), тиімділікті (динамикасындағы) ашады;

3) эмитенттің өз қаржылық ахуалын жақсарту үшін қабылдаған шаралары.

Қаржылық ахуал былайша жіктеледі:

тұрақты – эмитенттің қаржылық ахуалы тұрақты:

эмитент төлемге қабілетті;

Әдістемеге сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні жалпы қабылданған нормалар шегінде;

бизнесті дамытудың оң нарықтық талаптары, сондай-ақ нарықта жақсы бәсекелестік позицияны иемденеді;

ресурстарға және капитал нарығына еркін ену мүмкіндігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі аралығында эмитенттің қаржылық ахуалын елеулі төмендетуге қабілетті сыртқы немесе ішкі факторлар анықталмаған;

эмитенттің өз міндеттемесі бойынша есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;

эмитенттің активтері және міндеттемелері бойынша мерзімдерін салыстыруға келеді;

2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық ахуалы «тұрақты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұруы жөнінде болжал жасау төмен болып табылады;

3) тұрақсыз – эмитенттің мынадай факторларға байланысты өзінің міндеттемелері бойынша есептесе алмайтындығы жөнінде белгілі бір болжам бар:

эмитенттің қаржылық ахуалының тұрақты және елеулі түрде нашарлау белгілері бар (эмитенттің қолданып отырған шараларының қаржылық ахуалды тиімді тұрақтандыра алатындығына сенім жоқ);

эмитентке материалдық зиян әкеліп отырған төтенше жағдайлар, сондай-ақ өзге де жағдайлар бар, бірақ ол оның қызметін тоқтатуға душар етіп отырған жоқ;

4) сыни сәт – эмитенттің қаржылық ахуалының тұрақты төмендеуі сыни деңгейге душар болды:

төлем қабілетсіздігі, эмитенттің банкрот болу мүмкіндігі немесе өзге қайта ұйымдастырылу мүмкіндігі;

шарт талаптарының бұзылуы (пайыздардың немесе борыштың негізгі сомасының төленбеуі немесе төлем жасау мерзімдерінің бұзылуы);

қағазды ұстаушының басқаша жағдайда жасалмауы мүмкін мүмкіндікті эмитентке жасауы;

эмитентте оған материалдық зиян әкеліп отырған және (немесе) оның қызметін жалғастыруына мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлар бар.

68. Ашық сауданы тоқтату нәтижесінде қаржы құралы үшін белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануды растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі өзінен-өзі құнсыздануды растау болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе тозу құнынан әрі төмендеуі міндетті түрде құнсыздануды растау болып табылады. Жоғарыда аталған жағдайлардың бәрін жиынтықты түрде басқа қол жетімді деректермен бірге алып қарау қажет.

69. Ықтимал шығындарға қарсы резервтер (провизиялар) зейнетақы активтері бойынша шығыстар есебінен қалыптасады.

70. Ұйым осы Нұсқаулықтың 10 және 11-қосымшаларына сәйкес ықтимал шығындарға қарсы барлық қажетті, лайықты резервтер (провизиялар) мөлшерін бухгалтерлік есепте ескереді және оны толық көлемде тиісті шоттардағы шығыстарда көрсетеді.

71. Осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес ықтимал шығындарға қарсы резервтер (провизиялар) мөлшері ең төмен мөлшерде қалыптасады.

Ұйым қажет болған жағдайда осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында белгіленген ең төмен мөлшерден асатын мөлшерде ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) құруға құқылы. Ұйымның резервтерінің (провизияларының) мөлшері айдың соңғы жұмыс күніне дейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен ерте емес мерзімде қалыптасады.

72. Бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар) мөлшері осы бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығындардың орнын толтыру үшін бұдан бұрын қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) ескермегенде, бағалы қағаздардың ағымдағы (баланстық) құны бойынша есептеледі.


6-1-ТАРАУ 01.01.2012Ж. БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница