Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница3/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/26/41/publish41-976116379..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге шарт талаптары бойынша мерзімі өткен берешек;

90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге шарт талаптары бойынша мерзімі өткен берешек.

16. Осы Нұсқаулықтың 15-тармағында көрсетілген өтімді активтер есебіне мыналар енгізілмейді:

Ұйымның меншік құқығы шектелген активтері (бағалы қағаздарды қайта сатып алған немесе кепілге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге ауыртпалықтары болған жағдайларда Ұйымның бағалы қағаздарын сату);

Ұйымға және (немесе) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалармен шығарылған бағалы қағаздар;

Ұйымның және (немесе) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушылар және Ұйымның және (немесе) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың ірі акционерлеріне тиесілі акцияларды сенімгерлік басқарушылардың аффилиирленген тұлғалары шығарған бағалы қағаздар;

Ұйымға және (немесе) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қорға қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар.

17. Басқа активтер ретінде Ұйымның мынадай активтері танылады:

Ұйымның негізгі қаражаты, оның ішінде:

жеке меншігіндегі немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер;

жеке меншігіндегі ғимарат пен құрылыс;

көлік құралдарын қоспағанда, меншігіндегі машина мен жабдық.


17-ТАРМАҚТЫҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ 01.01.2011Ж.БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ

17. Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Ұйымның жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.


3-тарау. «Зейнетақы активтерінің кірістілігі»

2-пруденциалдық норматив

 

18. Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың зейнетақы активтерінің кірістілігі мына формула бойынша есептелетін К2 номиналды кіріс коэффициентімен – Қордың номиналды кірістілік көрсеткішімен сипатталады:                                     __

  Сt

К2 (12, 36, 60) = (---------- -1) х 100, мұнда:

  __

  СО

 

__

Ct - есептi күнтiзбелiк айда Ұйымның инвестициялық басқаруында болған, осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес есептелген Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің орташа құны;

__

Cо - он екі, отыз алты және алпыс ай бұрын Ұйымның инвестициялық басқаруында болған, осы Нұсқаулықтың 19-тармағына сәйкес есептелген Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің орташа құны.

19. Ұйымның инвестициялық басқаруында қандай да бір айда болған Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің орташа құны осы айдың әрбiр күнтiзбелiк күнiнің соңында осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған, осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес есептелген осы Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгінің орташа арифметикалық мәнi ретiнде есептеледi.

20. Ұйымның инвестициялық басқаруында қандай да болмасын күннің соңында болған Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгінің құнын Ұйым мына формула бойынша есептейдi:

ПАi

Сі = ---------, мұнда:

УЕi


Ci - Ұйымның инвестициялық басқаруында осы күннің соңында болған Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің құны;

ПАі - Ұйымның инвестициялық басқаруында осы күннің соңында болған, осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес есептелген Қордың «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны;

УЕі - Ұйымның инвестициялық басқаруында осы күннің соңында болған, осы Нұсқаулықтың 22-тармағына сәйкес есептелген Қордың зейнетақы активтерiнің шартты бiрлiктерiнің жалпы саны.

21. Қордың қандай да бір күннің соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледi (осы Нұсқаулықта белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып):

ПАі = ПА (і-1) + Bi + Ti + Д + Иі + Пі1 + Пі2 - Hi1 - Ні2 - Кві, мұнда:

ПА (і-1) - Қордың өткен күнтiзбелiк күннің соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны;

Bi - осы күнi Қорға түскен зейнетақы жарналары;

Ti - осы күнi Қорға түскен басқа Қорлардан аударылған зейнетақы активтерi;

Ді - Қордың зейнетақы активтерi бойынша осы күнi есептелген инвестициялық кірісі;

Иі - Қордың инвестициялық шотындағы ақша қалдығы бойынша осы күнi кастодиан банк төлеген сыйақы (мүдде);

Пі1 - зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін Қордың осы күнi алған өсiмi;

Пі2 - зейнетақы активтерiн уақытында инвестицияламағаны үшін Қордың осы күнi алған өсiмi;

Hi1 - осы күнi Қордан есептелген зейнетақы төлемдерi, Қордан басқа Қорларға жасалған аударымдар және Қордың инвестициялық шотына қателесiп түскен сомалар бойынша мiндеттемелер (Қор және оған қызмет көрсететiн кастодиан банк түскен күнi қателесiп түскен деп танылған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және Қордың салымшыларының (зейнетақы) төлемдерiн алушылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);

Ні2 - анықталғанға дейiн осы күнi есептелген сомалар;

КBi - Қордың және Ұйымның осы күнi есептелген комиссиялық сыйақылары.

22. Қордың күннің соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнің шартты бiрлiктерiнің жалпы саны мына формула бойынша есептеледi (осы Нұсқаулықтың 23-тармағымен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып):


Bi + Ti + Пі1 - Hi1 - Hi2

УЕі = УЕ(і - 1) + -------------------------------, мұнда:

C(і - 1)


УЕ(і-1) - Қордың осы күннің алдындағы соңғы күнтiзбелiк күннің соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнің шартты бiрлiктерiнің жалпы саны;

С(і-1) - Қордың осы күннің алдындағы соңғы күнтiзбелiк күннің соңына Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің құны.

23. Қордың зейнетақы активтерi Ұйымның инвестициялық басқаруына бастапқы түскен кезде (осы Нұсқаулықтың 24-тармағымен белгiленгендерді қоспағанда) осы Қордың зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруда болған бiрiншi күннің соңына Сi, ПАi және УЕi көрсеткiштерiнің есебi мынадай мәндерге сүйене отырып жүзеге асырылады:

C (і-l) - жүз теңге;

ПА (і-1) - Қордың Ұйым инвестициялық басқаруға қабылдаған «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны;

УЕ (і-1) - Қордың Ұйым инвестициялық басқаруға қабылдаған «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құнын жүз теңгеге бөлудiң нәтижесi.

24. Қордың зейнетақы активтерiн бiр Ұйымнан екiншiсiне инвестициялық басқаруға берген кезде осы Қордың зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің құнын есептеу үзiлмейдi және оның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға қабылдаған Ұйым жүзеге асыруды жалғастыра бередi.

25. К2 коэффициентін Ұйым тек зейнетақы активтерi осы немесе басқа Ұйымдарда соңғы он екі, отыз алты, алпыс және одан көп ай ішінде инвестициялық басқаруда болған Қорларға ғана қатысты аталған мерзiм iшiнде есептейдi.

26. Ұйымдар ұсынған К2 коэффициенті есептеулерiнің негiзiнде уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 27-тармағына сәйкес ай сайын мына мәндерді есептейдi және ағымдағы айдың он бесiнші күнінен кешiктiрмей уәкілетті органның web-сайтында мыналардың мәндерін жариялайды:

1) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының талаптарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша К2 коэффициентінің;

2) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының талаптарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша соңғы өткен толық он екі, отыз алты, алпыс күнтізбелік айдағы орташа номиналды кіріс коэффициентінің;

3) осы Нұсқаулықтың 27-тармағына сәйкес есептелген түзетілген орташа мөлшерленген номиналды кіріс коэффициенттi жариялайды.

27. Орташа мөлшерленген номиналды кіріс коэффициентi осы немесе басқа Ұйымдарда  он екі, отыз алты, алпыс және одан көп ай ішінде инвестициялық басқаруда болған «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны бойынша (К2 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңнің бiрiншi айының бiрiншi күнтізбелік күнiндегі жағдай бойынша) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша бiр кезеңдегi К2 коэффициенттерiнің орташа мөлшерленген шамасы ретiнде есептеледi.

Түзетілген орташа мөлшерленген номиналды кіріс коэффициенті осы немесе басқа Ұйымдардың инвестициялық басқаруында алпыс және одан да көп айлар (К2 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңнің бiрiншi айының бiрiншi күнтізбелік күнiндегі жағдай бойынша) болған «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны бойынша орташа алынып, К2 коэффициенттерiнің шамасы сол кезеңге Қорлардың номиналды кіріс коэффициентінің мәні осы немесе басқа Ұйымдардың инвестициялық басқаруында алпыс және одан да көп айлар болған, «таза» зейнетақы активтерiнің ағымдағы құны бойынша есептелген тиісті кезеңде орта номиналды кіріс коэффициенті мәнінің жүз отыз пайызынан аспайтын Қорлар бойынша есептеледі.

28. Зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке Қор бойынша К2 коэффициентінің ең төменгі мәні тиісті кезеңнің түзетілген орташа мөлшерленген номиналды кіріс коэффициентінің мәнінің жетпіс пайызынан кем болмауы тиіс.

29. Ұйым зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қорға К2 коэффициенті мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы кері айырманы Қорға оның Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банкіндегі банк шотына мына формула бойынша есептелген тиісті ақша сомасын енгізу арқылы өтейді:

S = (Сср - Сt)* Yei, мұнда: Сср > Сt

Сср – Қордың Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің қажетті орташа құны;

Ct - Қордың есеп айырысу күнінде Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің орташа құны;

Yei - Қордың есеп айырысу күніне Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнің шартты бiрлiктерінің жалпы саны.

Сср мәні мына формула бойынша есептеледі:

Сср > = ((Кср - (Кср*30 %)+100)/100)*Со, мұнда:

Кср - есеп айырысуды жасау күніне сәйкес келетін Қорлардың зейнетақы активтері бойынша орташа мөлшерленген номиналды кіріс коэффициентінің түзетілген мәні;

Со - Қорда есеп айырысуды жасау күнінің алдында алпыс және одан да ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.

30. Көрсетілген сома зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициенті мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы кері айырманы өтеу туралы Қор Ұйымға талапты қойған күннен бастап, он күнтізбелік күннің Қордың шотына есептеледі.

Осы тармақтың талабы Ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы және зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бір мезгілде болған жағдайларға қолданылмайды.

31. Ұйым зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 коэффициенті мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы кері айырманы өтеу сомасын есептеген күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің растамасымен бірге осы соманы есептеу туралы ақпаратты жібереді.

 31-1, 31-2, 31-3, 31-4, 31-5, 31-6, 31-7-тармақтар 01.01.2012ж. бастап күшіне енеді:

 31-1. Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны мен орташа құны, шартты бірліктерінің саны 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Нұсқаулықтың 19–22-тармақтарына сәйкес Қордың консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдерi бойынша жеке есептеле бастайды.

31-2. Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны 100 (жүз) теңгеден бастап Қордың консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдерi бойынша жеке есептеледі.

31-3. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап К2 номиналды кіріс коэффициенті зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың консервативті (К2.1) және (немесе) қалыпты (К2.2) инвестициялық портфельдерi бойынша жеке есептеледі.

31-4. Он екі, отыз алты, алпыс және одан астам ай осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдер бойынша номиналды кіріс коэффициенттері консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдерді қалыптастырған күннен бастап толық он екі, отыз алты, алпыс және одан астам ай өткен соң есептеле бастайды.

31-5. Номиналды кірістің орташа мөлшерленген коэффициенттері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он екі, отыз алты, алпыс және одан астам ай (К2 коэффициентін есептеу жүзеге асырылған кезеңнің бірінші айының бірінші күнтізбелік күніндегі жағдай бойынша) осы Ұйымның немесе басқа Ұйымдардың инвестициялық басқаруында болған консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдер бойынша «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша осы Нұсқаулықтың 26-28-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін барлық Қорлар бойынша К2 коэффициенттерінің орташа мөлшерленген шамасы ретінде бірдей кезең үшін есептеледі.

31-6. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың жеке консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдер бойынша К2 коэффициентінің және портфельдің тиісті түрі бойынша кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар жылдың қорытындылары бойынша қолданысқа енгізіле бастайды және осы Нұсқаулықтың 29–31-тармақтарына сәйкес есептеледі.

31-7. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың жеке консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдері бойынша К2 коэффициентінің және портфельдің тиісті түрі бойынша кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырманы өтеу 12 (он екі) айдағы номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициентінің негізінде есептеледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница